Тәлімгер журналы академиялық топ білім алушыларының ОҚУ, ТӘрбие және ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру мен есебін жүргізуге арналғАН


Соның ішінде Әзімхан А.Х. репрессияларға қазақшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болғанын айтып, құрбан болғандарды тілге тиек ете кетті



бет10/13
Дата04.10.2022
өлшемі2,52 Mb.
#151703
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Тәлімгерлік журнал 2020-2021ж 1502-19 оқу тобы

Соның ішінде Әзімхан А.Х. репрессияларға қазақшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болғанын айтып, құрбан болғандарды тілге тиек ете кетті: «1937-38 жылдары құрбан болған: «Алашшыл» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов және т.б.; большевизмды Қазақстанда құрылуына ат салысқан халықшыл: С. Сейфуллин, Н.Нұрмақов, І.Жансүгіров, Б. Майлин және т.б., түркшіл Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов және т.б. олардың көздерін көріп, тағылымын бойларына сіңірген жаңа «Қазақшыл» азаматтар келді. Қазақ халқының қазіргі руханиятын осы «нағыз қазақшыл» азаматтар құрады, ал, 40-шы жылдардың екінші жартысынан жаппай белең алған Сталиндік репрессияларының үшінші кезеңі тікелей қазақ руханиятына бағытталғаны, тіпті, көзге басылады. Себебі, қазақшылдар саяси тұрғыдан өзге көзқарастарды ұстанбаған, тек қандайда болмасын руханияттың діңін құрайтын тіл, әдебиет және тарих саласында қызмет атқарған азаматтар. Репрессияларға қазақшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болды. Ал, ол ақиқаттар, қазақ халқының тәуелсіз ел болғандығын, теңдессіз тарихы, әдебиеті және өркениеті бар ұлт екенін көрсетті. «Ұлы державалық мүддені» қорғаған сырты социалистік, кеңестік, ал, ішінден «ұлы державалық шовенизм» үстемдік құрған заманда қазақшылдардың бұл істері қылмысқа парапар еді. Рухани тұрғыдан ең ауыр тиген соққы осы үшінші саяси-қуғын кезеңі болды.»

Топ студенттері сонымен қатар, саяси қуғын сүргін құрбандарының қазақ халқы үшін атқарған ерен еңбегін бағалай отырып, тәуелсіздіктің сақталып, одан әрі нығаюы үшін де орны бөлек игі істерін атап өтті. Алмасқан мәліметтер мен айтылған орында сөздер топ студенттерінің одан әрі халқына, еліне деген патриоттық сезімін аша түскендей болды.




Осыған сәйкес, топ студенттері жалынды өлең жырларын да айта кетті:
Тұрғынбай А.Д.
Ойсыраған орның толмаса да,
Күтті сені қанша жыл-Ел босаға.
Амал нешік?!
Дәстүрден тайды халқым,
Аққуларды атуға болмаса да!
Әлде кімге білгің жақпады ма?
Әлде кімге ұлы ұғым жақпады ма?
Отызға жасы жеткен ағаларды,
Ақ-құрасын айырмай атқаны ма?

Оралхан Ұ.С.


Қанатымды самғатып қақтырмады,
Жан отымды лаулатып жзақтырмады.
Керек болған халқыма арыстарды,
Көзден қайып қылды да таптырмады!
Жұт кетпейді айналып аймағынан ,
Көңілге дақ орынды ойға күмән.
Сүттей таза халқымды іркіт қылып,
Алдымен айырды қаймағымнан.

Сапарбекова М.Е.


Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
Ағайыннан алыс кетті арамыз.
Үш миллион аштан өлген бабамыз,
Қалғанымыз қайда кетіп барамыз.
Шұбарала болып кеткен тілдерің,
Айтатұғын келді бүгін күндерің,
Тілің кетсе, күнің қоса кетерін,
Қайран елім, қалай ғана білмедің.
1938 жылғы (Ішкі істер халық комиссариаты – орысша нұсқасы НКВД) №00486 бұйрығына сәйкес, «халық жауы» атанғандардың жанұя мүшелері де (ата-аналары, әйелдері, балалары, өзге де отбасы мүшелері) қуғын-сүргінге ұшырады. Көптеген лагерьлер ашылып, жала жазаларын өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет