Тәлімгер журналы академиялық топ білім алушыларының ОҚУ, ТӘрбие және ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру мен есебін жүргізуге арналғАН


Топ студенті Бимырзақызы Ұ өз кезегінде мынадай әсерлі сөздерімен бөлісті



бет12/13
Дата04.10.2022
өлшемі2,52 Mb.
#151703
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Тәлімгерлік журнал 2020-2021ж 1502-19 оқу тобы

Топ студенті Бимырзақызы Ұ өз кезегінде мынадай әсерлі сөздерімен бөлісті: «Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын. Мысалы, сол кезде Қазақстанда басшы болған Голощекиннің «Кіші октябрь» саясатының өзі халықты осыған итермеледі. Ол бастапқыда малмен ғана күнін көріп отырған байларға, кейін орташаларға, ең соңында астық екпейтін малшыларға астық салығын салды. Астықты тауып бере алмағандарын шұбыртып, қаңғытып жіберді. Сөйтіп 1933 жылға дейін қазақ даласында болған 40 миллион малдың, 1933 жылдан кейін 15 миллионы ғана қалды».
Топ тәлімгері Серікбаева Ф.Б. тәлімгерлік сағатты қорытындылады: «Отандық тарихтағы ең қатал және жаппай кісі өлтіру кампаниясы нәтижесінде қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, О.Жандосов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Асфендияров құртылған. Қазақстанда саяси қуғын-сүргін 40 және50- жылдары да жалғасты, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, А.Жұбанов, Е.Бекмаханов және басқалар соның құрбандары болды.Басқаша ойлау тоқырау жылдарында да қатаң қуғындалды сол кезеңнің шарықтау шегі көтеріліске шыққан жастарды аяусыз басуға, қатысушылар мен жанашырларын жаппай ату мен қуғын-сүргіндеуге айналған 1986 жылдың қанды желтоқсаны болды... Уақыт бәрін де орны-орнына қояды және өз аттарымен атайды.Өткен ғасырдың 30-жылдарында «халық жаулары» ретінде атылған сталиндікҮлкен террордың құрбандары тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт батырлары болды, «тәркіленген бай-кулак шаруашылықтары»- бостандықтың азап шеккендері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар «қазақ ұлтшылдары», ал арасында көбісі ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары және медицина қызметкерлері мен қарапайым дұрыс адамдар олардың «астыртын дем берушілері» көтеріліс жасаған студенттерге көмектескен, қорғаған және сол үшін өздерінің мансабынан айрылғандар -нағыз патриоттар болған.»
Қорытынды: Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатқаны баршамызға мәлім. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Бұл кураторлық сағат арқылы, студенттер өткен тарихты еске түсіріп, 31 мамыр тек қайғылы күн ғана емес, біздің ендігі жерде борышымыз — осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет