Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Көркемсөзді жаттау жаттығуы



бет3/17
Дата04.10.2023
өлшемі29,89 Kb.
#183723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4)
1ЛД-2 журнал список, АйгерімР кейс маркетинг, АйгерімР кейс маркетинг, Договор(ПР-3509 от 25082023 Версия 1), ЛФ 5 курс госпитальная терапия, клин.фармакология КФ антигипертензивных, антиангинальных, антиромбоцитарных...
Көркемсөзді жаттау жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Тақпақтың мазмұнын есте сақтап, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; көркемсөзге қызығушылықты арттыру.
Б. Кірісбаев "Бақшада".
Көңілді бар бала,
Бақшаға, баққа енсек.
Ойнаймыз аулада,
Төбеміз әткеншек.
Шешеміз жұмбақ та,
Жаңылтпаш айтамыз.
Кешкілік үй жаққа
Үлкейіп қайтамыз.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

"Менің жанұям" фотосуреттерді қарастыру.
Мақсат-міндеттері. Байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіру, сөздік қорын молайту; туыстарға сүйіспеншілікті арттыру.
Фотосуретте бейнеленген отбасы жайлы әңгімелеу,


Саусақ жаттығуы. "Ыдысты қалай жуамыз?"
Мақсат-міндеттері. Көркемсөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; қолдың ұсақ моторикасын дамыту; балалардың қарапайым дағдыларын жетілдіру.
Біз көмекші болып жүреміз, (бас бармақтарды көрсету)
Жеңімізді кезекпен түреміз. (жеңді түруді көрсету)
Қолға табақшаны алып, (саусақтарды созып, екі алақанды, айқастыра, бірі-біріне уқалау)
Уқалап, жуып береміз.

Кесе екі қос алақандай, (саусақтарды қосып, бірыңғай бүгіп, екі қолды қырынан қосып "тербету")


Шұңғыл алтын айдай.
Қолға кесені алып, (жұдырықтармен, қолдарды алмастырып, алақан ортасына басып айналдыру)
Айналдырып жуып береміз.
Д. Ахметова.
(сөйлеуді дамыту, сурет салу)

"Үй құрастырамыз" құрастыру ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың зейінін, ойлау, елестету қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; отбасына сүйіспеншілігін дамыту.
Балалар құрылыс материалдарынан әртүрлі үйлерді кұрастырады.
Құралдары: құрылыс материалдары жинақтамасы: текшелер, кірпіштер, білеулер, призмалар.
"Лего" немесе ағаш құрастырғыш ойыншықтары.


"Қандай көлік қайда жүреді?" дамытушы жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Балалардың көліктер туралы ұғымдарын пысықтау, қызығушылығын арттыру; зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құралдары: жүк мәшинесі, кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл мәшине және тағы басқа.
Балаларға суреттер көрсетіледі:
- Балалар, көрсетілген суретке қарап, көліктердің қайда жүретінін қимылмен көрсетейік. Жерде жүрсе, аяқтарымызды топылдатамыз. Суда жүзсе, қолымызбен суда жүзгендей қимылдар жасаймыз. Аспанда ұшс, қолдарымызды қанат сияқты сермейміз.
Ойынды екі топқа бөлініп, ойнауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет