Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет2/29
Дата12.10.2023
өлшемі85,01 Kb.
#184998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
кіші циклограмма қазан Бато2
111, 2020-2021 КТЖ, бато, Баланың жеке даму картасы
Таңертенгі жаттығу

Қазан айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).
1.Еденде (жерде) сызылған шеңбер боймен жүріп (10 сек) тоқтаған соң, балалар тәрбиешіге қарап көрсеткен қимылдарын орындайды. Бұрылу (оңға-солға)
2.Бастапқы қалып: Шарды екі қолмен кеуде алдына ұстап тұрып, жоғары көтеру «Ұшты, Ұшты, шар ұшты».
3.Бастапқы қалып: Тік тұрып, аяқтарды қатар қойылған, шар ұстаған кеуделерінің алдына қолдарын алға созып, оларды бүгіп, жазу.
4.Бастапқы қалып: Жоғарыдағыдай еңкейіп шарларын ортаға домалату және соны ұстап өз орнына оралады.
5.Бастапқы қалып: Оңға бұрылып шеңбер бойымен тәрбиешінің соңынан шарды оң бүйіріне қойып, оң қолдарымен ұстап жүру.
6.Бастапқы қалып:алға, жанына, артқа қадам жасау
7.Бастапқы қалып:аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу)



Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру.
Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәденигигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)
Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету

Ұйымдастырылған ісәрекетке дайындық

Таңғы жиын.
Көңілді музыканы видео арқылы тамашалап, қимылдарын бірге жасау. Сөздерін қайталау.
Балалар қандай ойындар ойнағысы келетінін айтуын қалыптастыру.
«Бұл қай жануар» тақырыбында жеке әңгімелер. Сөзді тыңдай білуге, ересектермен және құрдастарымен тілдік қарымқатынас жасауды дамыту, қарапайым Кім? Не? Не істейді? сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау және т. б. (сөйлеуді дамыту)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет