Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


12
13
11

60
Меншіктіктікті білдіру
Қазақ тілінде бір заттың екінші бір затқа тəуелді болуын тəуелдік жалғауларынан 
басқа -нікі, -тікі, -дікі формалары да білдіреді. Олардың жіңішке нұсқалары ғана 
қолданылады.
Бұл формалар ілік септіктің -ның/нің, -дың/дің, -тың/тің жалғауы мен -қы/кі, -ғы/гі 
формаларының бірігуінен пайда болған.
Бұл формалар заттың кімге меншікті, тиісті екенін білдіргенде сол зат атауынан 
кейін қойылады: еңбек балалардікі, бұл ақша сендердікі, мына орын менікі т.б.
Қолданылу ерекшеліктеріне қарай сөйлемнің əртүрлі мүшесінің қызметін 
атқарады: Бұл пəтер Гүлсімдікі. Біз бүгін Айнұрдікіне барамыз. Сенікінен көшірді.
♦ Қажетті қосымшаны жалғаңыз.
   Вставьте соответствующий 
суффикс.
Көзілдірік атам....
A) -тың
B) -нікі
С) -тікі
D) -дікі 
1) -тың қосымшасының алғашқы дыбысы  - қатаң , 
ал атам сөзінің соңғы дыбысы - үнді;
2) -нікі қосымшасы дыбыс үндестігіне сəйкес 
келмейді;
3) -тікі қосымшасының алғашқы дыбысы  - 
қатаң , ал атам сөзінің соңғы дыбысы – үнді 
болғандықтан  жалғанбайды;
4) -дікі қосымшасы дыбыс үндестігі бойынша 
сəйкес келеді: қосымша ұяң дыбыстан, атам сөзі 
үнді дыбысқа аяқталған.
♦ Меншік иесін көрсетіңіз.
   Укажите принадлежность лицу.
А) Оң жақтан көкпен боялған үй көрінді. 
В) Оң жақтағы көкпен боялған үй Асандікі.
С) Көкпен боялған бір қабатты үлкен үйді таптық.
D) Асан оң жақтағы көкпен боялған үйге кіріп кетті.
1) -тың қосымшасының алғашқы дыбысы  - қатаң , ал атам сөзінің соңғы дыбысы - үнді;
2) -нікі қосымшасы дыбыс үндестігіне сəйкес келмейді;
3) -тікі қосымшасының алғашқы дыбысы  - қатаң , ал атам сөзінің соңғы дыбысы – үнді 
болғандықтан  жалғанбайды;
4) -дікі қосымшасы дыбыс үндестігі бойынша сəйкес келеді: қосымша ұяң дыбыстан, атам сөзі 
үнді дыбысқа аяқталған.
♦ Диалогті толықтырыңыз.
   Дополните диалог.
– Мынау тіркелмеген құжат кімдікі?
– ... .
А) Менікі 
В) Сенде 
С) Оның 
D) Сізден 
1) менікі сөзі сұраққа нақты жауап береді;
2) сенде сөзі қойылған сұраққа жауап бере 
алмайды;
3) оның – сұраққа жауап бере алмайды, бұл 
сөзден кейін тəуелді сөз айтылуы керек;
4) сізден сөзі кімдікі? сұрағына жауап ретінде 
қолданыла алмайды.
14
Тиісті қосымшаны жалғаңыз.
Вставьте соответствующий аффикс.
Мынау көк автомобиль ағам..., оны жақында ғана сатып алды.
А) -тікі
В) -ікі
С) -нікі
D) -дікі

61
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Тиісті қосымшаны жалғаңыз.
Вставьте соответствующий аффикс.
Мына жеңіл көлік көршім..., ал менің автокөлігім жоқ.
А) -тікі
В) -нікі
С) -дікі
D) -нің
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Ұсынылып отырған идея кімдікі?
– ... .
А) Мамандар көп
В) Бас мамандікі
С) Басшының қалауы
D) Олардың айтуынша
Меншіктілікті білдіретін нұсқаны көрсетіңіз.
Укажите вариант, в котором выражена принадлежность. 
А) Талапкерлер ерте келді. 
В) Бұл байқау талапкерлердікі.
С) Талапкерлер көп дайындалуда.
D) Университет жас талапкерлермен толыға түсті.
15
16
17
Барыс септігінің мақсат мəнін білдіруі
Барыс септігіндегі сөз баяндауышпен тікелей немесе жанама түрде байланысып, 
іс-əрекеттің бағытын (олар Атырауға кетеді), мақсатын (мен оқуға келдім) білдіреді.
Барыс септігінің жалғаулары (-ға/-ге, -қа/-ке, -на/-не, -а/-е) сөзге үндестік заңына 
сəйкес жалғанады.
Іс-əрекеттің мақсатын білдіргенде барыс септігі қайда? неге? деген сұрақтарға 
жауап береді. Мысалы: Ажар кітапқа кетті. Асылай ақшасына келді. Мақсат мəнін 
білдіргенде көбінесе тұйық етістікке жалғанып қолданылады: Мен құжатымды 
тапсыруға келдім. Айнұр тапсырмасын тексертуге кетті.
♦ Диалогті аяқтаңыз.
   Дополните диалог.
– Балалар, ауылға не мақсатпен келдіңдер?
– Ауылдың тіршілік-тынысымен ... келдік.
А) танысу
В) танысуға
С) таныссақ
D) таныспақшы
1) танысу сөзі келдік сөзімен тіркесе алмайды;
2) танысуға сөзі келдік сөзімен тіркесіп, мақсатты білдіреді;
3) таныссақ сөзі келдік сөзімен тіркеспейді, шарт мəнін білдіреді;
4) таныспақшы сөзі мақсатты білдіргенмен, келдік сөзімен тіркеспейді.

62
♦ Сөйлемдегі барыс септігіндегі сөздің мəнін көрсетіңіз.
   Укажите значение слова, употребленного в предложении в дательном падеже.  
Əкем дауыс беруге кетті.
A) мезгіл
B) құрал
С) мекен
D) мақсат
1) сөйлем мағынасы мезгілге қатысты емес;
2) сөйлемде құралды білдіретін сөз жоқ;
3) сөйлемде іс-əрекеттің орны туралы айтылмайды;
4) дауыс беруге тіркесі барыс септігінде қолданылған, мақсат мəнін білдіреді.
♦ Студенттердің мақсатын білдіретін сөйлемді табыңыз.
   Найдите предложение, выражающее значение цели студентов.
А) Студенттер конференцияға кетіп қалды.
В) Студенттеріміз білімдерін сынауға келіпті.
С) Студенттер қоғамдық шараларға қатысуда.
D) Студенттердің өмірі қызықты өтуде.
1) сөйлем студенттердің мақсатын емес, бару бағытын білдіреді;
2) сөйлемде студенттердің мақсаты туралы айтылады;
3) сөйлемде студенттердің мақсаты туралы айтылмайды;
4) сөйлемде студенттердің мақсаты туралы баяндалмайды.
19
20
18
Мақсат мəнді қатарды көрсетіңіз.
Отметьте вариант, выражающий значение цели действия.
A) бір сағатқа кетті
B) мұражайға кетті
С) кітап өткізуге кетті
D) кітапханаға кетті
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Адам сөйлеп жатқанда сөзін ... болмайды.
А) алуға
В) бөлуге 
С) беруге
D) көруге
Диалогті аяқтаңыз.
Дополните диалог.
– Ағай, балаңызды қалаға не үшін жібердіңіз?
– Балам биыл мектепті бітірді. Енді қалаға ... түссін деп жібердім.
А) оқу 
В) оқуды
С) оқуын
D) оқуға

63
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
21
Мақсат мəнді сөйлемді көрсетіңіз. 
Укажите предложение, выражающее значение цели. 
A) Бұл жерге адамдар көбіне емделуге келеді.
В) Шипалы сулардың құрамына талдау жасау керек.
С) Мұндай емдік сулардың тазалығын сақтауымыз қажет.
D) Бұлақтың емдік қасиеті туралы халық бұрыннан біледі.
Табыс септігі
Табыс септігі іс-əрекеттің обьектісін білдіреді. Кімді? нені? деген сұрақтарға 
жауап беріп, сабақты етістіктермен мағыналық байланыста болады. Мысалы: Мұрат 
есептерді тексерді. Айнаш хабарландыруды оқыды.
Жалғаулары: 
сөздің соңғы дыбысы дауысты болса: -ны/-ні;
сөз қатаң дауыссызға бітсе: -ты/-ті; 
сөз үнді жəне ұяң дауыссыздарға бітсе: -ды/-ді;
тəуелдік жалғауының ІІІ жағынан кейін -н жалғанады (ағасы-н, əжесі-н).
Табыс септігінің жалғаулары кейде жасырын тұрады: 
Мен кітап оқыдым. – Мен кітап+ты оқыдым. 
Табыс септігі сөйлемде өз алдында табыс жалғаулы сөзді керек етіп тұратын 
сабақты етістіктермен байланыса тіркеседі. Мысалы: Ол хатты оқыды. Ол хатты 
алды.
♦ Қажетті сөзді қойыңыз.
   Вставьте нужное слово.
Сіз бос ... дұрыс пайдаланасыз ба?
A) уақыт
B) уақытта
С) уақытты
D) уақытында 
1) уақыт сөзі пайдаланасыз сөзімен тіркесе 
алмайды;
2) уақытта сөзі жатыс септігінде тұрып, 
пайдаланасыз етістігімен байланыспайды;
3) уақытты сөзі табыс септігінде тұр, 
пайдаланасыз етістігімен тіркеседі;
4) уақыттан сөзі пайдаланасыз сабақты етістігімен 
тіркес түзе алмайды.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Əсел бауырдан жасалған ... жемейді.
А) тағамды 
В) тағамнан
С) тағамның 
D) тағаммен
1) тағамды сөзі табыс септігінде тұр, жемейді 
сабақты етістігімен тіркеседі;
2) тағамда сөзі жатыс септігінде тұр, жемейді 
сөзімен тіркеспейді;
3) тағамның сөзі ілік септігінде тұр, жемейді 
сөзімен тікелей тіркес түзе алмайды;
4) тағаммен сөзі көмектес септігінде тұр, жемейді 
сөзімен тіркесе алмайды.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Олар орталық мұражайдағы «Алтын адам» ... 
тамашалады.
А) газетті 
В) мүсінін 
С) радионы
D) журналды
1) газетті сөзі «Алтын адам» 
тіркесіне мағыналық жақтан 
үйлеспейді;
2) мүсінін сөзі «Алтын адам» 
тіркесімен тіркеседі жəне сөйлем 
мазмұнына сəйкес келеді;
3) радионы сөзі «Алтын адам» 
тіркесімен жəне тамашалады 
сөзімен байланыспайды;
4) журналды сөзі «Алтын адам» 
сөзімен байланыспайды.

64
22
23
24
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бұл ... теледидардан көрсетті.
A) жарнамаға 
B) жарнамада 
С) жарнаманы
D) жарнамадан 
Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Мен көркем əдебиетті ұнатамын, əсіресе «Абай» ... сүйіп оқимын.
А) роман
В) романды 
С) романын
D) романның
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. 
Вместо многоточия вставьте нужное слово. 
Мен І. Есенберлиннің … ұнатамын, əсіресе тарихи романдарын сүйіп оқимын.
А) туындылар 
В) туындылары
С) туындыларын
D) туындыларды
Көмектес септігі
Көмектес септігі кіммен? немен? сұрақтарына жауап беріп, іс-қимылдың құралын, 
амалын жəне іс-əрекетке ортақтықты, бірлесуді білдіреді.
Көмектес септігінің жалғаулары: -мен, -пен, -бен; жуан дауысты сыңары жоқ, 
буын үндестігіне бағынбайды. Мен, бен, пен шылауларына ұқсас айтылады, бірақ 
шылаулар бірыңғай мүшелердің арасына жазылады (қағаз бен қалам, теледидар мен 
радио), ал көмектес септігінің жалғауы көбіне толықтауыш, пысықтауыш қызметінде 
қолданылып, сөйлемде баяндауышпен (етістікпен) тіркеседі. Шылауларды басқа 
сөзбен ауыстыруға болады (қағаз жəне қалам), ал көмектес септігі жалғаулары 
ауыстырылмайды. 
Мысалы: Театрға достарыммен барамын. Теледидарды баламмен бірге барып, 
таңдаймын. Айнұр кешке сіңлісімен келді.
Бұл мысалдардағы көмектес септігіндегі сөздер іс-əрекетке ортақтықты, бірлесуді 
білдіреді.
♦ Мақалды толықтырыңыз.
   Дополните пословицу.
Бауыр шырын, бас тəтті,
Көп... ішкен ас тəтті.
A) -пен
B) -бен
C) -мен
D) -бенен
1) -пен қосымшасы дыбыс үндестігіне сəйкес көп сөзіне 
жалғанады, көп адаммен бірге деген мағынаны білдіреді;
2) көп сөзі қатаң дауыссызға біткендіктен, оған ұяң 
дауыссыздан басталатын қосымша (-бен) жалғана 
алмайды;
3) көп сөзі дауыссызға біткендіктен, оған үнді дауыссыздан 
басталатын қосымша (-мен) жалғанбайды;
4) дыбыс үндестігіне сəйкес -бенен қосымшасы қатаң 
дауыссыздан кейін қолданылмайды.

65
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
27
25
26
♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
   Дополните предложение.
Ғалымдар ... бұл құпияның сырын 
ашты.
A) қазбалар үшін 
В) зерттеу туралы
С) тапқаннан бұрын
D) археологтармен бірге
1) қазбалар үшін тіркесі сөйлем мағынасына 
сəйкес емес;
2) зерттеу туралы тіркесі сөйлемді толықтыра 
алмайды;
3) тапқаннан бұрын тіркесі сөйлем мағынасына 
үйлеспейді;
4) археологтармен бірге тіркесі ғалымдардың  
іс-əрекеті олармен бірлесіп орындалғанын 
білдіреді.
♦ Бірлескен əрекетті білдіретін көмектес септігіндегі сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
   Укажите предложение, в котором есть слово в творительном падеже, выражающее   
   значение совместного действия.  
A) Ол Астанаға ұшақпен барады.
B) Біз əкімшілікпен сөйлестік.
С) Оқу инемен құдық қазғандай.
D) Саяхатты кемемен жасау керек.
1) ұшақпен сөзі құралдық мағынаны білдіреді;
2) əкімшілікпен сөзі - ортақ əрекетті білдіретін 
көмектес септігіндегі сөз; 
3) инемен сөзі құралдық мағынада қолданылып 
тұр;
4) кемемен сөзі құралдық мағынаны білдіріп тұр.
Бірлесіп жасалған əрекетті білдіретін көмектес септігіндегі сөзі бар сөйлемді 
көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово в творительном падеже, 
выражающее значение совместного действия.  
A) Ол – өнерлі жігіт.
B) Өнерлі өрге жүзер.
С) Өнерлі жастар жиналды.
D) Ол Р. Рымбаевамен бірге өнер көрсетті.
Бірлесіп атқарған іс-əрекетті білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. 
Укажите предложение, в котором есть слово, выражающее значение 
совместного действия.  
А) Мен жаңа инновациялық əдістемемен таныстым.
В) Біздің мектеп инновациялық əдістерді кеңінен пайдалануда.
С) Ұстаздар əдіскерлермен бірге жаңа əдістемені меңгере бастады.
D) Оқу бағдарламасына инновациялық технологиялық əдістер енгізді. 
Бірлесіп жүзеге асырған іс-əрекетті білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово, выражающее значение 
совместного действия.  
А) Ұстаздар əдістемелік семинар өткізді.
В) Ұстаздар республикалық семинарға барды.
С) Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. 
D) Ұстаздар оқушылармен бірге семинар ұйымдастырды.

66
Күрделі атаулардың тəуелдік жалғауы арқылы берілуі
Қазақ тілінде күрделі жалқы есімдер, яғни бір географиялық обьект, қала, көше, 
мекеме атауы өздері анықтайтын сөзге ілік септігінің жалғауы арқылы тіркеседі 
(жалғау көбіне жасырын тұрады), анықталатын сөз тəуелдік формасында тұрады. 
Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қазақ(тың) ұлттық университеті, Абай көшесі, 
"Парасат" журналы.
Мұндай атауларға септік жалғауларының тəуелдік жалғауларының  ІІІ жағынан 
кейін қойылатын нұсқалары жалғанады. Мысалы:
Атау с.        Қазақстан Республикасы
Ілік с.          Қазақстан Республикасының 
Барыс с.     Қазақстан Республикасына
Табыс с.     Қазақстан Республикасын
Жатыс с.    Қазақстан Республикасында
Шығыс с.    Қазақстан Республикасынан
Көмектес с. Қазақстан Республикасымен
♦ Көп нүктенің орнына қажетті күрделі атауды қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте соответствующее наименование. 
Ол – Алматы қаласы Түрксіб ауданы ... төрағасы.
А) «Қазақ тілі» қоғамы 
В) «Қазақ тілі» қоғамын
С) «Қазақ тілі» қоғамымен
D) «Қазақ тілі» қоғамының
1) «Қазақ тілі» қоғамы тіркесі төрағасы сөзімен тіркесе алмайды, бұл сөз ілік 
септігіндегі сөзді керек етеді;
2) төрағасы сөзі өзінен бұрын ілік септігіндегі сөзді керек етеді, сондықтан «Қазақ 
тілі» қоғамын тіркесі сөйлемді толықтыра алмайды;
3) төрағасы сөзі ілік септігіндегі сөзді керек ететіндіктен, «Қазақ тілі» қоғамымен 
тіркесімен тіркесе алмайды;
4) «Қазақ тілі» қоғамының тіркесі ілік септігінде тұр, сондықтан төрағасы сөзімен 
байланыса алады.
♦ Дұрыс жазылмаған атауды белгілеңіз.
  Отметьте вариант с неверным написанием. 
А) Болжау институты 
В) «Егемен Қазақстан» газет
С) Халықаралық келісім басқармасы
D) «Ғажайып əлем» телебағдарламасы
1) болжау институты тіркесі ережеге сай мекеме атауы ретінде тəуелдік жалғауымен 
берілген;
2) «Егемен Қазақстан» газет тіркесіндегі газет сөзінде тəуелдік жалғауы түсірілген;
3) халықаралық келісім басқармасы тіркесінде басқарма атауы толық, тəуелдік 
жалғауы арқылы берілген;
4) «Ғажайып əлем» телебағдарламасы тіркесінде мекеме атауы тəуелдік 
жалғауымен ережеге сай берілген.

67
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
29
30
31
♦ Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте соответствующий вариант.
... деректері бойынша, 280 орындық балалар бақшасын салу керек. 
A) Қазақ ұлттық университетіне
В) Білім жəне ғылым министрлігінің
С) «Қазақстан Темір жолы» Акционерлік қоғамы
D) Қазақстан Республикасы Ғылым академиясында
1) деректері сөзі өзінен бұрын ілік септігіндегі сөзді керек етеді, сондықтан көп 
нүктенің орнына Қазақ ұлттық университетіне тіркесі қолданыла алмайды;
2) деректері сөзі өзінің алдында ілік септігіндегі сөзді керек ететіндіктен, Білім жəне 
ғылым министрлігінің тіркесі қолданылады;
3) "Қазақстан Темір жолы" Акционерлік қоғамы тіркесі атау септігінде болғандықтан 
«деректері» сөзімен тіркеспейді;
4) Қазақстан Республикасы Ғылым академиясында тіркесі деректері сөзінен бұрын 
келе алмайды, себебі ол сөз өзінің алдында ілік септігіндегі сөзді керек етеді. 
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Білім жəне ғылым ... тапсырмасын орындадық.
А) министрлігін
В) министрлігіне
С) министрлігінің
D) министрлігімен
Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ... болып табылады.
А) қазақ тілі
В) қазақ тілің 
С) қазақ тіліңіз
D) қазақ тілінде
Қате нұсқаны көрсетіңіз.
Укажите неверный вариант.
A) М. Əуезов мұражайы 
В) Опера жəне балет театр
С) "Егемен Қазақстан" газеті
D) «Ұлттық қауіпсіздік» комитеті
Мекеменің атауын көрсетіңіз.
Найдите наименование учреждения.
А) Əлемдік валюта нарығы 
В) Дүниежүзілік даму банкі
С) Банк салымдарын қорғау
D) Дүниежүзілік банктер жүйесі
28

68
Жинақтық сан есімдер
Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге 
-ау/-еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, 
жетеу. Олар нешеу? сұрағына жауап беріп, заттың санын жинақтап көрсетеді: дəптер 
үшеу, қыздар алтау т.б. 
Жинақтық сан есімдерге тəуелдік жалғауы семантикалық ерекшеліктеріне қарай 
ғана жалғанады. Олар: екеуіміз, екеуің, екеуіңіз, екеуі болып түрінде тəуелденеді.
Жинақтық сан есімдердің жіктелуі:
Біз үшеуміз
Сендер үшеусіңдер
Сіздер үшеусіздер
Олар үшеу
♦ Жинақтау мағынасындағы сан атауын көрсетіңіз.
   Укажите предложение с собирательным числительным. 
A) Ел құлағы – елу.
B) Жігітке жеті өнер де аз.
С) Ақыл – алтау, ой – жетеу.
D) Бірінші байлық – денсаулық.
1) елу сөзі заттың санын білдіреді, жинақтау мəнінде 
жұмсалмаған;
2) жеті сөзі заттың санын білдіреді, жинақтап 
көрсетпейді;
3) алтау, жетеу сөздері заттың санын жинақтап 
көрсетіп тұр;
4) бірінші сөзі заттың ретін білдіреді, жинақтау мəнін 
білдірмейді.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті санды жазыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужное число.
Ол ... Қапшағай көліне шомылуға кетті. 
А) екеуі
В) біреуі
С) үшеуі
D) бесеуі
1) екеуі сөзі жинақтау мағынасында жұмсалып тұр, 
сөйлем мағынасына сəйкес келеді;
2) біреуі сөзі сөйлемнің мағынасына сəйкес келмейді;
3) үшеуі сөзі сөйлемді мағыналық жақтан толықтыра 
алмайды
4) бесеуі сөзі сөйлемнің мағынасына үйлеспейді.
♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
   Дополните предложение.
Үстелде отырған ... өзгелерге сөз берер емес.
А) төрт 
В) төртеу
С) төрттей 
D) төртінші
1) төрт сөзі заттың санын білдіреді, сөйлем 
мағынасына үйлеспейді;
2) төртеу сөзі адамның санын білдіріп, сөйлемнің 
мағынасына сəйкес келеді;
3) төрттей сөзі заттың санын шамалап білдіреді, 
сөйлем мағынасына сəйкес келмейді;
4) төртінші сөзі заттың ретін білдіреді, іс-əрекет 
иелерінің санын көрсетпейді.
Жинақтау мəнді сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.
Укажите предложение с собирательным числительным.
A) Ел құлағы елу.
B) Ерінген екі істейді.
С) Ердің екі сөйлегені – өлгені.
D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
32

69
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
33
34
Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын жазыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное число.
Əскери киімдегі ... бізге қарай келе жатыр.
А) екеу 
В) біреуі
С) алтауды
D) жетеуге 
Адам санын көрсетіп тұрған сөзі бар сөйлемді табыңыз.
Укажите предложение, в котором есть слово, обозначающее количество людей.
A) Жиналыс екіде басталады. 
В) Жиналысты екіге ауыстырды.
С) Жиналысқа екінші рет кешіктім.
D) Жиналысқа екеуміз ғана қатыстық.
Топтау сан есімдері
Топтау сан есімдері заттың санын топтап көрсетіп, нешеден? қаншадан? деген 
сұрақтарға жауап береді. -дан/-ден, -тан/-тен қосымшаларының жалғануы арқылы 
жасалады. Топтау сан есімдері дара түрде: бестен, жетіден, қырықтан т.б.; күрделі 
түрде: жиырма екіден, он бестен т.б.; қосарланған түрде: екі-екіден, алты-алтыдан, 
бір-бірден т.б. болып қолданылады.
♦ Топтау мағынасындағы сан есімі бар сөйлемді белгілеңіз.
   Укажите предложение с собирательным числительным. 
A) Маған бесеуі қажет.
B) Беске қарай келуі тиіс.
С) Кітапты бес-бестен тарату керек.
D) Екінші нұсқасын алу керек.
1) бесеуі сөзі жинақтау мəнінде қолданылып тұр;
2) беске сөзі уақытқа қатысты жұмсалып тұр;
3) бес-бестен сөзі кітаптың санын топтап көрсетіп 
тұр;
4) екінші сөзі заттың ретін білдіріп тұр.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужное числительное.
Сенбілікке қатысқан қонақтар ... ағаш отырғызды.
А) қырықта
В) бір-бірден
С) қырықтан бес 
D) тоқсаннан екі
1) қырықта сөзі жатыс септігінде тұрып, адамның жас мөлшерін білдіреді;
2) бір-бірден сөзі сөйлем мағынасына сəйкес, заттың санын топтап көрсетіп тұр;
3) қырықтан бес тіркесі бір санның бөлшегін білдіріп тұр, сөйлем мағынасына сəйкес емес;
4) тоқсаннан екі тіркесі бір санның бөлшегін білдіріп тұр, сөйлем мағынасына сəйкес келмейді.
♦ Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.
   Подберите вопрос к подчеркнутому слову.
Балалар үйіне көмек ретінде қызметкерлер 
екі мыңнан жинады.
A) неше?
В) қалай?
С) қашан?
D) қаншадан?
1) неше? сұрағы екі мыңнан тіркесіне 
тікелей қойылмайды;
2) қалай? сұрағы қимылдың өту амалын 
сұрағанда пайдаланылады;
3) қашан? сұрағы қимылдың өту 
мерзімін сұрайды;
4) қаншадан? сұрағы санды топтап 
айтқанда қойылатын сұрақ, екі мыңнан 
тіркесінің сұрағы ретінде қолданыла 
алады.

70
35
Көп нүктенің орнына қажетті сан атауын қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное числительное.
Тіл үйренушілер ... топқа бөлініп отырды.
А) онда 
В) бір-біріне
С) екі-үштен
D) жиырма үшке
Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Əр сыныпта ... бала бар.
А) отызыншы
В) отыз-отыздан
С) отыздың жартысы
D) отыз бүтін оннан екі 
«Қаншадан?» сұрағына жауап беретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово, отвечающее на вопрос 
«қаншадан?».
A) Бұл – екеуіміздің де үйіміз. 
В) Үйден кеткеніне көп уақыт болды.
С) Үйдің салынғанына екі жыл болды.
D) Қаптарды үй астынан екі-екіден шығарды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет