Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі


Натуралистік немесе биологиялық көзқарас



бет84/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Натуралистік немесе биологиялық көзқарас. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде керкем әдебиетте, өнерде, ғылымда XIX ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.

  • Ғылымда натуралистер деп аталатындар — қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.

  1. Тіл біліміндегі натурализм кернекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер (1821—1869) есімімен байланысты. А. Шлейхер—Салыстырмалы тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үнді-европалық ата тілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генологиялық ұқсастықтарын жан-жақты талдаушылардың көрнектілерінің бірі. Оның славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазу жолындағы зерттеулері тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның объектісін айқындай түсумен бірге А. Шлейхер XIX ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімеп қатар ол тіл біліміне бірсыпыра қате концепциялар да енгізді. Оның сондай теріс көзқарастарының бірі — тіл біліміне натуралистік көзқарас.

  • Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді.

  • Бұл еңбектерінде А. Шлейхер тілді табиғи организм, тіл де табиғи организмдер сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, соңдықтан тілді зерттегенде, жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыс тану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы,— дейді. Тіл табиғаты жөніндегі бұл тұжырым әрине, қате. Өйткені тіл қоғамдық құбылыстар қатарына жатады да, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық ғылымдар тобына қосылады.

  • Философиялың екінші тұжырымы — тілдің мәніне байланысты. Оның пікірінше, тілдің негізгі функциясы— ойды қалыптастырып, жарыққа шығару. Тіл дегеніміз— дыбысты ойлау дейді. Тілдің ойды қалыптастыратын құрал екені даусыз, бірақ ол тілдің негізгі және бірден-бір қызметі емес, оның негізгі қызметі — коммуникативтік функция. Бұл женінде ол ештеме айтпайды.

  • А. Шлейхер көтерген тағы бір мәселе — тілдегі болатын өзгеріс-құбылыстарға, тіл тарихына байланысты. Тілдің сипаты, оның өзгеріс-құбылыстары сол тілде сөйлеушілердің еркіне тәуелсіз болады дейді. Бірақ осы біршама дұрыс тұжырымнан теріс қорытынды жасайды: тілдегі өзгеріс адам еркіне тәуелсіз, өзіндік заңы бойынша болатындықтан, ол биологиялық организмдер тобы-на жатуы керек, өйткені биологиялық организмдер де басқаларға тәуелсіз өз заңы бойынша өзгереді, сөйтіп екеуі де езгерудің бір ғана заңына бағынғандықтан, екеуіндегі өзгерістің сипаты да бірдей, яғни тілдегі езгеріс, қоғамдағы өзгерістер сияқты, тілдің дамуын, тарихын көрсетпейді, биологиялық организмдегі сияқты тек өсу, қартаю ғана болады дейді. Сонымен А. Шлейхер салыстырмалы-тарихи тіл білімінің кернекті бір өкілі бола тұра, өз теорияларын соның принциптеріне негіздей тұра тіл тарихы дегенді жоққа шығарып, тілдік езгерістерді теріс түсіндіреді. Тілдік езгерістерді А. Шлейхер тарихқа дейінгі, тарихтан кейінгі деп екі жікке бөледі. Тілдің тарихқа дейінгі өзгеріс оның дамуы, тарихы болады да, тарих басталғаннан кейінгі өзгеріс оның дамуы емес, тек есуі ғана дейді.

75 А.Шлейхердің типологиялық топтастыруы

  1. А. Шлейхер тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысады. Ол тілдерде сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы, синтаксистік қатынасы қалай жүзеге асуына қарай дүние жүзіндегі тілдерді түбір тіл, жалғамалы тіл, қопармалы тіл деп үш түрге бөледі де, тілдердің мүндай типтерін зерттейтін ілімді морфология деп атайды. Ол бұл терминді жаратылыстану ғылымынан алған. Онда морфология есімдіктердің құрылысын, өзгерісін тексеретін ілім деген мәнде қолданылады. Ал Шлейхер оны тілдердің морфологиялық типін, олардың шығу төркінін, бір-бірімен қарым-қатынастарын зерттейтін ілім мәнінде қолданады. Сөйтіп, жіктеудің бұл түрі тілдердің морфологиялық белгілеріне негізделетін болғандықтан оны морфологиялық жіктеу деп атайды. Шлейхердің пікірінше, тілдер типінің бұл үш түрі дамудың үш түрлі басқышы: ең жоғары сатыда копармалы тіл, ең теменгі сатыда түбір тіл тұр, бұл үш түрлі сатының үшеуі де тіл дамуының тарихқа дейінгі дәуірінің жемісі дейді. Бұл пікірлер, әрине, қате.

  • А. Шлейхер үнді-европа тілдері тараған ата тілді мүсіндеу мәселесімен де айналысты. Оның бұл саладағы теориялық тұжырымы ғылым тарихында «Тілдің тегі» (родословное древо) деп аталады. Бұл теория бойынша баста бір тіл болған да содан келе-келе әр түрлі тілдер бөлінген. Лингвистер арасында бүл теорияны қолдаушылар да, қарсылар да бар.

  • А. Шлейхер тіл білімі мен филология арасындағы қарым-қатынасты да сөз етті. Оның пікірінше, лингвистика жаратылыстану ғылымдары құрамына енетіндіктен, ол тарихи ғылым емес, ал филология тарихи ғылым. Өйткені филология жазбалар тілін зерттейді. Жазбалар тілі дейтініміз — тарих, онда халықтың рухани өмірінің тарихы бар. Сондықтан филология тек тілді ғана емес, халықтың рухани өмірінің тарихын зерттейді. Ал лингвистика тек тілді ғана зерттейді және зерттегенде оны халықтың рухани өміріне байланыстыра қарамайды, тар шеңберде, тек тілдің өз мүддесі, өз қамы шеңберінде ғана қарайды дейді.

  • А. Шлейхердің тіл табиғатына, мәніне, тарихына байланысты айтқан пікірлерінің қате, біраз мәселеде идеалистік бағытта болғанына қарамастан, оның концепцияларында ойлы, тартымды жүйелілік бар. Сол себепті көшпілік назарын аударды, қолдаушылар да, қарсылар да тапты. Шлейхердің талантты жазылған фонетикалық, грамматикалық еңбектері де мол.

76 Москва, Харьков лингвистикалық мектептер
77 А.А.Потебняның лингвистикалық концепциялары

78 ХХ ғасыр тіл біліміндегі ағымдардың ғылыми концепциялары
Тіл білімі – жеке ғылым саласы. Оның өзіндік зерттейтін ғылыми аясы, кең көлемді салалары бар. Тіл білімі - өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және олар қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердіц бірі - тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің коғамдық мәнін дұрыс түсініп, оны қоғамдық кұбылыстар қатарына жатқызса, енді бір топ зерттеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсініп, оны зерттейтін ғылымды табиғат тану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалық құбылыс деп санап, тіл білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына:
• натуралистік;
• психологиялық;
• жас грамматикалық деп аталатын лингвистикалық мектептер жатады.
Натуралистік немесе биологиялық көзқарас. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде керкем әдебиетте, өнерде, ғылымда XIX ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда натуралистер - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.
Тіл біліміндегі натурализмді кернекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер (1821—1869) есімімен байланыстырады. А. Шлейхер XIX ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімеп қатар ол тіл біліміне бірсыпыра қате концепциялар да енгізді. Оның сондай теріс көзқарастарының бірі — тіл біліміне натуралистік көзқарас. Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді.
Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың тағы бір көрнекті өкілі — ағылшын тілінің маманы (ұлты неміс), профессор Макс Мюллер (1823-1900). Бұл да тіл білімін жаратылыстану ғылымының бір саласы, тілде болатын өзгеріс-құбылыстар тілдің дамуы, тарихы емес, табиғаттағы организмдер сияқты өсуі ғана деп қарайды. Мюллер тілдегі болатын әр түрлі құбылыстарды тілдің даму тарихы деп санамайды, биологиялық организмдердегі сияқты жай өсу ғана дейді.

79 ХХ ғасыр тіл біліміндегі Ф. Де Соссюрдің лингвистикалық тұжырымдамасы

Фердинанд де Соссюр – Швейцария тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінгі дейін күшті әсерін тегізуде.

    Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе – зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі.

Еңбектері мен лингвистикалық көзқарастары.

    Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір – біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Тілдің ішкі механизмі дейтініміз – тілдік жүйе.Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді.Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ.Ол – тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі туралы теория.Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір – бірімен логикалық, психологиялық қарым – қатынастарын талдайды.



    Сөйтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір – біріне қарама – қарсы қояды.Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек – бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды.Тіл ғалымдарының басым көпшілігі Ф. Де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды.

Ф.де Соссюр –Швейцария лингвисі, ірі еңбегі: “Жалпы тіл білімінің курсы”. Де Соссюр алғашында салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін ол бағытынан қол үзген. Көтерген мәселелері көп: 1.Лингвистиканың объектісі. Де Соссюр даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне объект бола алады дегенді айтады. Ол тілді зерттегенде оның элементтері арасында болатын қайшылықтар да, ұқсастықтар да естен шықпау керек, бұл екі құбылыстың тілдік механизмді анықтауда мәні ерекше. Зерттеуде бүтіннен бөлшекке қарай жүргізілетін дедуктивтік әдісті қолдануды ұсынады. 2.Тіл –қоғамдық құбылыс, ол коммуникативтік те, экспрес.те қызмет атқарады, алайда маңыздысы – алғашқы қызметі;Тілдің әлеуметтік сыры да осында деп санайды. 3. тіл – таңбалар жүйесі;Де Соссюр тілдік элементтердің материалдық және идеялық жағы болады,бұлардың біріншісін таңбалаушы, екіншісін таңбаланушы дейді де, осы екеуінің бірлігі таңба деп аталады дейді. 4. тіл және сөйлеу (сөйлеу – тілді қолданудың нәтижесі, сөйлеу индивидуалдық сипатқа ие,тіл – қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, тіл әлеуметтік сипатқа ие; 5. ішкі лингвистика және сыртқы лингвистика, бұл мәселелер өзара байланысты, бірақ Соссюр айтқандай, тіл білімінің міндеті – тілдің ішкі жүйесін, құрылымын зерттеу ғана емес, оларды сыртқы факторлармен баланыста қарастырру керек; Де Соссюр сыртқы лингвистика тілді қоғаммен, мәдениет тарихымен, саясатпен, әдебиетпен, географиялық мекенжаймен, т.б. байланыста қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды. С.л.тіл жүйесінің ішкі механизмін түсіндіре алмайды. Ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын, жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тән ішкі мәселелерін,заңдылықтарын зерттейді. 5. тіл – жүйелі құбылыс, тіл – құрылым, тіл бірліктері өзара синтагматикалық және парадигматикалық қатынаста табылады; тіл-барлық элементтері бірігіп бүтін болып тұратын жүйе. Тілдік таңбалар-сол жүйенің құранды элементтері.Жүйе элементтері өзара байланысты, шартты қатынаста болады. Ол қатынас арқылы олардың мағыналары түрленеді, мәні, құны айқындалады дейді. 6) тіл білімін синхрондық лингвистика және диахрондық лингвистика деп бөлді.Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір-біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Т.жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің қолынан келеді. Сондықтан ол маңыздырақ.Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір-біріне қарама-қарсы қояды.
80 Құрылымдық лингвистика


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет