Тіл біліміне кіріспе



бет59/69
Дата17.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#75329
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Байланысты:
ввя лекции
ввя лекции, Дуйсеналыы Аружаан., Презентация 6, psih obsh i dov, Әлеуметтанудың рөлі, ЛЕКЦИЯға 2, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке
«Шықбермес Шығайбай.

Қазақ ертерек, аңыздарында Шықбермес Шығайтай аты аталады. Бұл - өз құлқынынан басқаны ойламайтын, ешкімге еш нәрсесін бермейтін, ауысып - түйіспейтін нағыз барып тұрған сараңдардың бейнесін көрсететін жинақты ат.

Ел арасында кездесетін осы сияқты сараңдарды қазақ «нағыз Шықбермес екен» деп Шығайбай атына байланыстыра айтады.»

Сонымен, әр түрлі фразеологиялық сөздіктер мен жинақтарда фразеологиялық оралымдар мен олардың түрлері талданып түсіндіріледі.


11.5 Терминологиялық сөздіктер

Терминологиялық сөздіктер ғылым мен техниканың т. б. Сан алуан салаларына қетысты терминдерді қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын түсіндіріп беруді мақсат етеді.

Кеңес дәуірінде түркі тілдерінің барлығында да ғылым мен техниканың түрлі салаларынан көптеген терминологиялық сөздіктер жасалды.

Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың, физика, математика, биология, медицина, география, геология және ауыл шаруашылығы ғылымдарының әрқайсысының терминдерін қамтыған өз алдына бөлек - бөлек бірнеше терминологиялық сөздіктер жасалды.

Терминологиялық сөздіктер бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады. Бір тілде жасалған терминологиялық сөздіктерде терминнің білдіретін ұғымына талдау жасалып, түсінік беріледі. Осындай сөздіктің бірі - О. С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігі» (М., 1966) деп аталатын еңбегі.

Түркі тілдеріндегі терминологиялық сөздіктердің көпшілігі екі тілді аударма терминологиялық сөздік түрінде жасалып жүр. Оларда орыс тілінде қолданылып жүрген терминдердің аударылып отырған тілде баламасы барлары аударылып берілген де, баламасы жоқтары және интернационалдық терминдер орыс тіліндегі қалпына аударылмай берілген.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет