Тіл біліміне кіріспе



бет57/69
Дата17.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#75329
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
ввя лекции
ввя лекции, Дуйсеналыы Аружаан., Презентация 6, psih obsh i dov, Әлеуметтанудың рөлі, ЛЕКЦИЯға 2, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке
11.3 Этимологиялық сөздік

Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрін айқыдап көрсетуді мақсат етеді. Этимологиялық сөздік тілдің даму барысында ондағы сөздердің семантикалық жақтан қандай өзгеріске түскендігін айқындайды.

Этимологиялық сөздік жасау - өте - мөте күрделі және қиын жұмыс. Оны жасау туыстас тілдердің лексикасына тарихи тұрғыдан келіп терең бойлауды және салыстыра зерттеуді қажет етеді.

Тілдің лексикасының тарихы сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен, ол халықтың кәсібі, күн көрісі, шаруашылығымен тығыз байланыста болады. Мұның өзі этимологиялық сөздікті жасаушылардан халықтардың ежелгі тарихын, олардың күллі материалдық - рухани мәдениетінің тарихын жете білуді талап етеді. Демек, этимологиялық сөздік жасау жұмысы - білім салаларының өз ара ұштасуын қажет ететін өте күрделі жұмыс.

Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі тұңғыш рет 1966 жылы жарық көрді. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі орыс тілінің сөздігіндей сөздердің шығу тегі, алғашқы мағынасы қандай болды деген түрде келмей, әдеби тілде жиі қолданылатын, бірақ мағынасы күңгірттеніп кеткен жеке сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, реестрге алынып, одан кейін іле - шала көркем әдебиеттен немесе ауыз әдебиеті шығармаларынан мысалдар келтіріліп, көпшілікке түсініксіз болғанда ғана немесе оның тарихын алуға қажет болған жағдайда ғана сол сөздердің түсіндірмесі берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет