«Тілашар» мерекесі Мақсаты



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі0,55 Mb.
#47720
  1   2   3
«Тілашар»  мерекесі

Мақсаты:  Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.

Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген

сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.

Сахна мәдениетіне  тәрбиелеу.


Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат, слайд, фото-шоу

 

Барысы:

 

Мұғалім:  Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі  мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:


  1. Дарынды дарабоз — Жаңтөре

  2. Ұшқыр ойлы — Кади

  3. Ерке мінезді Айым

  4. Жаны жомарт — Айсулу

  5. Жаны жайсаң – Әділет

  6. Асыл да аяулы  Арай

 

Айым:    

Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,



Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!

Мұғалім: Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.


Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл.

Мұғалім:  

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.    (Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын береді).
Әже: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа жиналған

Құтты болсын тойларың.



Мұғалім: Шашу шашты әжелер,

Сылдырлатып теңгелер.

Тойымыздың шашуын, Сәт сапарға теңгерер.

Жаңтөре: 

Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты – тілашар.

ӘділетТаудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Жаңтөре: Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Айсулу: Мен оқушы баламын –

Оқып, білім аламын.

Мектеп-ұям, өзіңе

Арналады бал әнім.



  1. Хор: « Сәлем саған мектебім » әні.

Айым: Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.
Кади: Оқуды көп ойлаймыз,

Қызығына тоймаймыз.

Әріптерді үйреніп,

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз.

Мұғалім:  « Қошеметпен қол соғып, балаларды қарсы алайық!

 

 



  1. Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар:  Жатөре,Айым,Кади Әділет,Айсулу,Арай
 мұғалім:  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:

Қалам-:  Арай Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?
Оқушы-Әділет : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.
Қалам-Арай : Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.
Оқушы- Әділет Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?
Қалам-Арай:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген  достарды тауып кездестірейін.

Автор-мұғалім:  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.
Оқушы-әділет: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?
Дәптер-Жаңторе:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.
Қарындаш-Айсулу: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.
Сауат ашу:  Айым  Ал мен болсам  —  бар кітапқа бас болған Ғылым атасы  -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.
Өшіргіш-Кади:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.
Қалам-Арай: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?
ОқушыӘділет: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.
Автор-Мұғалім:     Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

 

Ән:  « мектебім Айым » .

 

Жатөре:

Мектеп — үлкен бағдаршам.


Ұстаз — шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,


Бағыт жолын нұсқаушы.

Әділет:

Еркесімін атамның,

Еркесімін  анамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

Айым

Өсірді ой сананы

Тіл дамыту сабағы.

Жаңылмай айтып үйрендік

Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.

 "Ало" Әділет Айым"



Жаңтөре:  Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Айым: Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.

Арай: Ойыншық қалды жайында,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ қой ойынға.

Әріпті құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

"Дө-ре-ми" әні Жантөре Әділет

КадиӘжептеуір бойым да,

Сабақ қана ойымда.

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді «Жел боп есейік»

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есейіп.

ӘділетКіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат  оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.

 

АйсулуҰстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.

Тақпағымды жаттаймын,

Сабағымды баптаймын.

Біздікіндей мектепті

Ешбір жерден таппаймын.


Мұғалім:    

Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,

Шалқып қайт, шаттық тойы —

Тілашардан!
Т – тәртіпті болайық                      Жаңтөре

І – ілімді бойға жинайық               Айсулу

Л – лашындай биік самғайық      Кади

А – ақылды азамат болайық        Әділет

Ш – шыншыл болайық                 Арай

А – айбынды болайық                    

Р – рахат өмір сүрейік                      Айым
 

Хормен:

 Мектеп – қамқор анамыз,


Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

 

Хор: «Мұғалім»



Мұғалім : Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Құтты болсын  балдырған,

Оқушы деген жаңа атың.


  • Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін.

  • Келесі сөз кезегі әкімшілікке беріледі--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  • Ата-аналарға: -----------------------------------------------------------------------------

  • Қатысқандарына рахмет!

Красивинский орта мектебі



Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:"Тіл ашар"

1а сынып

Мұғалім:Ужекенова М.

2016-2017оқу жылы.



"Тіл ашар" мерекесінін талдауы
Тақырыбы: «Тілашар»  мерекесі
Мақсаты:  Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.

Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу. Сахна мәдениетіне  тәрбиелеу.




Өткізілген іс-шара мерекенін барлық бағыттары бойынша құрылып, бекітілді. Іс-шара жоспарға сәйкес жүргізілді. Оқушылар өздерін жоғарғы деңгейде көрсете білді.Іс -шараны жүргізудегі әр бір қойылған мақсатыма қол жеткіздім.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет