«Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт»



Дата20.06.2018
өлшемі50 Kb.
#43300
«Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт»
Экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжінің

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының

2-курс студенті Бауыржанова Илана

ғылыми жетекшісі: Нуржанова Гульзада Амангельдиевна

Секция4
Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге, сүйе білуін арттыру. Қазақ халқын туған тілін қорғауға және мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге , сондай- ақ сөз өнеріне баулу.

«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттылығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.» - деген Ахмет Байтұрсынов атамыздың сөзінен бастағым келеді.

Ана тілі – жүректің терең сырларын басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына екендігі бәрімізге мәлім.

Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.

Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда сөздік қоры жөнінен қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.

Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.

Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.

Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.

Саади А. /татар ғалымы/. Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.

Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген “Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.

Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекетік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

5-бап. Орыс тілін қолдану

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-зі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.

9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі

Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.

Қоғамдағы қазақ тілінің орны. Мәселені талдап, одан қандай да бір тұжырым жасау үшін қазақтарды шартты түрде төрт топқа бөлген жөн. Олар: қазақша дым білмейтін орыстілді қазақтар, орысшаға дес бермейтін қазақтілді қазақтар, орысшаға орашолақ қазақтар және орысшадан мақұрым қазақтар. Алғашқы екі топты – байырғы қала тұрғындары мен қалаға беріде орныққан қазақтарды «қала қазақтары» деп атаған орынды. Үшінші топты «ауыл қазақтары», ал төртіншісін әзірге «оралмандар» деп атаған жөн. Соңғысына «үлкен жұрттан» қиянда қалып қойған байырғы тұрғындарды қосуға болады. Қазіргі қала қазақтары қоғамдық өмірге ең жақсы бейімделген топ. Тарихи себептерге байланысты қалыптасқан орысша дәстүрлі елде олар ешкімге есесін жібермейді, нәпақасын тауып, жақсы тұрмыс кешіп жатыр. Орыстілді қазақтар ана тілін білмегендіктен, өздерінің тайпаластарының алдында моралдық тұрғыдан көңілі аздап пәс болуы мүмкін, бірақ мұнысы үшін оларды күсталанап жатқан ешкім жоқ. Дегенмен, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, қоғам өміріне аздап болса да кіріге бастағалы бері қазақша дым білмейтін қазақтар өздерін жайсыз сезіне бастады. Оларға қарағанда қазақтілді қала қазақтарының бәсі жоғары – қазіргі саяси тілмен айтқсақ, бәсекеге қабілетті, оларды «қазақша білмейді» немесе «орысша түсінбейді» деп жұмысқа алмай шетқақпайлау мүмкін емес. Бұл топқа қарағанда «ауыл қазақтарының» мүмкіншілігі, өмірге бейімделуі қиындау. Бірақ оларды орысшадан мақұрым «оралмандармен» салыстыруға болмайды. Өйткені байырғы тұрғындар аздап болса да орысша біледі, қазақ сөзімен айтсақ, «қала көрген», «орыс көрген», егер олар  қалаға көшсе, ортаға тез бейімделіп кетеді. Ал Ресейден басқа елдерден келген оралмандарға қазақ қоғамына бейімделу қиын болып тұр. Таяғымен жер түрткілеп келе жатқан соқыр адамға ұқсас олардың бүгінгі жағдайына аяушылықпен қарауға тура келеді.

«Қазақ тілі кімге керек?» деген сұраққа ашық жауап бермес бұрын барлық қазақтың ішкі ойын анықтайтын тәжірибе жасап көрелік. Егер орыс тілін «өшіріп» тастап, қоғамдық қатынастарды таза қазақшаға өткізсек, қазақша дым білмейтін қазақтар қатты қиналады. Сондықтан олар қазақ тілінің қоғам өміріне дендеп енуіне мүдделі болмауы мүмкін. Мүмкін деп айтуымыздың себебі бар. Тіл ‑ ұлтты анықтайтын белгілердің бірі. Яғни, орыстілді қазақтар да өздерін қазақ санағандықтан, түпкі санасында қазақ тілінің қоғамда кең қанат жаюына қарсы болмайтыны анық. Дегенмен, «тұрмыс сананы билейді» ‑ олардың бойында «бүгінгі жағдайымызға зар болып қалармыз» деген қорқыныш бар. Бұрындары мұндай қорқыныш күшті болатын. Сол себепті де орыстілді қазақтардың қазақ тіліне қарсылығы көп болды. Бірақ, соңғы жылдары ондай мәлімдемелер айтылмай жүр. Соған қарағанда, олардың қорқынышы бәсеңсіген сияқты. Дегенмен, олардың «қазақпыз» деген ішкі сезімі «қазақ тілі оларға да керек» деген тұжырымға негіз бола алмайды.Орыс тілін «өшіріп» тастаса, басқа қазақтардың қуанышқа кенелетіні анық. Әсіресе, қазақтілді қала қазақтарының бәсі тағы артады. Қазір олар ауыл қазақтары мен оралмандардың қоғамға бейімделуіндегі екі «өмірді» жалғаушы «көпір» қызметін атқарып жүрсе, бұдан кейін осы қызметін орыстілділерге «бұлдайды».Енді екінші тәжірибені жасап, қазақ тілін түбегейлі «өшіріп» көрелік. Мұндай жағдайда орысша дым білмейтіндер қатты қиналады. Орысшаға дес бермейтін қазақтың тағы да дымы кетпейді, қазіргі «күнкөрісінің» қамымен жүре береді, ал орысшаға орашолақ қазақтар тіл үйреніп, қоғамға бейімделуге бұрынғыша күш сала бастайды. Қазір де олардың орысша дәстүрлі қоғамда тіршілік жасауына мүмкіншілігі жеткілікті – балалары қазақша оқығаны болмаса, мектептен шыға сала орысша сөйлеседі, орыстілділермен қиналмаймай тіл табыса біледі. Мұндай қоғамдық ауанды олардың ата‑анасы да анық сезініп отыр. Сондықтан олардың қазақ тіліне қатысты бойкүйездік танытуы ішкі психологиялық заңды құбылыс. Мұны қазақ тілін дамыту бағытында құрылған қоғамдық ұйымдардың жасап жатқан жұмысының нәтижесінен байқау қиын емес. Бұдан жаңа пәлсапа түйіндеуге болады. Мысалы,  қазақ тіліне жанашыр ұйымдардың құрылғанына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Ұйым басшыларының көбісі әлі күнге сол баяғы адамдар – өзгерген жоқ. Сәйкесінше, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі де айтарлықтай арта қоймады. Бұл ұйымдарды басқарып отырғандар екінші және үшінші топқа жататын қазақтар екенін айта кеткен орынды. Бұдан бір‑бірімен байланысты екі пікір түюге болады: азды‑көпті орысша білетін қазақтарды тілге қатысты бүгінгі жағдай қанағаттандырып отыр; олар үшін қазақ тілі өмір сүрудің қажеттілігі емес, олар оны жай ғана саяси сауданың құралы ретінде пайдаланып жүр. Бұл пікірді қуаттайтын қосымша дәлел ретінде әлі күнге тілге қатысты миллиондаған адам жиналған бірде‑бір шеру өтпегенін айтса болады.

Осылайша қорыта келе, егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

«Ана тілің біліп қой,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте»,- деп Қадір Мырза Әлі ағамыз айтқандай әрбір қазақ баласы өз тілін құрметтеп, қастерлеп, бұрмалануына жол бермеуі қажет.

Назар салып тілімнің жан-жағына,

Жырымның салмақ қостым салмағына,

Талай сынды сынақтан өткен тілім,

Енді ешкімнің түспесін қармағына!
Пайдаланған әдебиеттер:
Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы: Оқу құралы. – Алматы:1996ж.

Дулатов М. Қазақ тілінің мұңы// Шығармалары. – Алматы, 1991ж.

Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер /Құраст. Б.Адамбаев, Т.Жарқынбекова. – Алматы: Жазушы, 1989ж.

Оразалинов С. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Без языка нет народа. Алматы: Қаржы-қаражат, 1997ж.

Тіл мен сөз құдіреті туралы, Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық: ІҮ том: Асыл сөз. – Алматы, 1998ж.

Тіл өнері мен ой-пікір туралы: / Қазақ мақал-мәтелдері /Жинап, құраст. Ө.Тұрманжанов. – Алматы: Ана тілі, 1997ж.



Тілге құрмет – елге құрмет /Әдістемелік ұсыныстар мен көмекші материалдар /Құраст.А.А.Оралғазина. – Алматы, 1999ж.

Хасенов Ә. Тіл білімі /толық., 2-ші бас. – Алматы,1996ж.
Каталог: uploads -> doc -> 0992
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0992 -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет