Тыныс алу жүйесінің өмірге қауіпті зақымдануларын диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі


Демікпенің диагностикалық критерийлері



бет12/12
Дата06.02.2022
өлшемі3,91 Mb.
#79457
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Айнур

Демікпенің диагностикалық критерийлері

  • Демікпенің диагностикалық критерийлері
  • -өкпеде ысқырықты сырылдар және/немесе
  • - ентігу, әсіресе түнде немесе таңсәріде және/немесе
  • - ұстамалы, азбөліністі жөтел, төмендегі критерийлердің ең болмағанда біреуімен ілеседі:
  • -бронх обструкциясының қайтымдылығы (ТШЖШ > 60л/мин немесе ФШТК1>15% бронхолитиктер ингаляциясынан кейін және/ немесе
  • - күнделікті мониторинг жүргізгенде ТШЖШ ауытқуы (>15%).
  •  
  • Сипаттамасы
  •  
  • Бақылаулы
  • БД (аталғанның барлығы)
  • Жартылай бақылаулы БД
  • (1 апта ішіндекез-келген көріністің болуы)
  • Бақылаусыз БД
  • Күнделікті симптомдар
  • жоқ (аптасына ≤ 2 эпизод)
  • Аптасына > 2 эпизод
  • 3 немесе одан жоғары жартылай бақылаулы БД белгілері кез-келген апта ішінде
  •  
  • Және/немесе…
  • Белсенділіктің шектелуі 
  • жоқ
  • Бар –әр түрлі айқындылықта
  • Түнгі симптомдар/ БД ояну 
  • жоқ
  • бар
  • «Жедел жәрдем» дәрілерінің қажеттілігі 
  • жоқ (аптасына ≤ 2 эпизод)
  • Аптасына > 2 эпизод
  • Өкпе функциясы (ТШЖШ немесе ФШТК1)* 
  • қалыпты
  • <80% қажетті немесе ең жақсы көрсеткіштен
  • Өршу
  •  
  • жоқ
  • ≥ 1 соңғы жыл ішінде**
  • … әр апта өршу мен***
  • Белгілері
  • Жеңіл
  • Орташа ауырлықта
  • Ауыр
  • Status asthmaticus
  • сақталған
  • шектелген
  • Күрт төмендеген, мәжбүр қалып
  • Күрт төмендеген немесе болмайды
  • Сөйлеу қабілеті
  • сақталған
  • шектелген,кейбір шумақтарын ғана айтады
  • Сөйлеуі қиындаған
  • Сөйлей алмайды
  • Есі
  • өзгермеген,кейде қозу
  • қозу
  • қозу, қорқыныш, “тыныс паникасы”
  • Есінің есеңгіреуі, коматозды жағдай
  • Тыныс жиілігі*
  • Қалыпты немесе жиілеген қалыптан 30% дейін
  • Айқын экспираторлы ентігу 30-50% жоғары
  • Күрт айқындалған ентікпе 50% жоғары
  • Тахипноэ немесе брадипноэ
  • Көмекші бұлшықеттердің қатысуы,шұңқырлардың тартылуы
  • Айқын емес
  • айқын
  • Күрт айқын
  • Ысқырықты тыныс
  • Дем шығарудың соңында анықталады
  • айқын
  • Күрт айқын
  • “мылқау өкпе” тыныс шуларының болмауы
  • ТШЖШ (%) қалыптан немесе науқастың жақсы көрсеткіштерінен **
  • 70-90%
  • 50-70%
  • 50% кем
  • Пульс жиілігі*
  • жиілеген
  • жиілеген
  • Күрт жиілеген
  • Брадикардия
  • ФШТК1, ТШЖШ % қалыптан немесе науқастың жақсы көрсеткіштерінен **
  • 80% жоғары
  • 60-80%
  • 60% төмен
  • SаО2
  • қалыпта >95%
  • 90-95%
  • <90%
  • Бронх демікпесі ұстамасының ауырлығын бағалайтын критерийлер

Бронх демікпесі ұстамасының жедел жәрдемі:

  • Бронх демікпесі ұстамасының жедел жәрдемі:
  • Жеңіл және орташа ұстамасында :
  • 1. B²- агонистер (беротек, сальбутамол), М- холинолитиктер (атровент) немесе комбинацияланған дәрілер (беродуал) мөлшерлі аэрозольді ингалятор немесе небулайзер, спейсер арқылы.
  • 2. ингаляторлар мен небулайзер болмаған жағдайда, 2,4 % эуфиллин ерітіндісі 10 мл 0,9% натрий хлорид ертіндісінде көктамырға баяулап салады.
  • Ауыр ұстамасы кезінде:
  • 1. Жеңіл және орташа БД ұстамасында көрсетілген көмекті жүргізу.
  • 2.Преднизолон 2-3 мг/кг көктамырға немесе бұлшықетке
  • 3.Оксинотерапия маска немесе мұрын катетері арқылы.
  • 4.Глюкозалы –тұзды ерітінділер инфузиясы 30-50 мг/кг 1:1,10-15тамшы мин.
  • 5.Жедел ауруханаға жеткізу

НЕБУЛАЙЗЕРЛІК ЕМДЕУ

  • НЕБУЛАЙЗЕРЛІК ЕМДЕУ
  • Соңғы кездері шұғыл жағдайларды емдеу үшін бета 2-агнонистерді небулайзер арқылы беру кеңінен қолданыс табуда. Небулайзер дегеніміз ұсақ бөлшекті аэрозольді (2-5мкм)( 17 сурет) тозаңдатуға арналған құрылғы. Небулайзер арқылы емдеу, дем алу мен ингаляциялау координациясын талап етпейді және өкпеде дәрінің концентрациясын жоғарылатады.
  • Небулайзермен емдеу мақсаты препараттың терапевтік мөлшерін аэрозольды күйде жеткізу мен қысқаша уақыт ішінде фармакодинамикалық жауап алу.
  • НЕБУЛАЙЗЕР
  • Препарат
  • Ерекшелігі
  • Дәрінің мөлшері
  • 0-6 жас
  • 6-14 жас
  • Беротек
  • Бронхағашының β-адренорецептерлерін қоздыру
  • 5-10 тамшы
  • 10-20 тамшы
  •  
  • Аровент
  • М-холиноблокатор, М-холинорецепторларды тежейді, көбінесе жасы кіші балаларда қолданады
  •  
  • 10 тамшы
  •  
  • 20 тамшы
  • Беродуал
  • Қоспалы препарат (беротек+атровент), кіші жастағы балаларда қоладнылады. Өйткені бұл жаста бронх реактивтілігінің дамуының негізгі механизмі М-холинорецепторлардың жоғары белсенділігі мен β-адренорецептерлерінің жетіспеушілігіне байланысты.
  •  
  • 10 тамшы
  •  
  • 20 тамшы

БД ұстамасында ауруханаға жеткізу көрсеткіштері:

  • БД ұстамасында ауруханаға жеткізу көрсеткіштері:
    • тұншығу ұстамасының ауырлығы
    • бронхолитикалық емдеудің 1-2 сағат бойы нәтижесіз болуы
    • бронх демікпесі өршу кезеңінің ұзаруы (1-2 аптадан көп)
    • үйде жедел жәрдемді көрсетуге жағдайдың болмауы
    • қосымша аурулардың болуы
    • емдеу кешенінен алыс қашықтықта тұратын науқастар
  • БД бар науқасты ауруханаға оттегі терапиясын тоқтатпай, отырған күйде жеткізу керек.

Демікпелік күй- бронх демікпесі ұстамасының 6 сағат бойы және одан ұзақ жойылмай, симпатомиметикалық дәрілерге тұрақтылық түзілуімен дамитын жағдай. Осы жағдай бронхтардың тазалану қызметінің бұзылуына, гипоксемия мен гиперкапния әкеледі.

  • Демікпелік күй- бронх демікпесі ұстамасының 6 сағат бойы және одан ұзақ жойылмай, симпатомиметикалық дәрілерге тұрақтылық түзілуімен дамитын жағдай. Осы жағдай бронхтардың тазалану қызметінің бұзылуына, гипоксемия мен гиперкапния әкеледі.
  • Демікпелік күйге бронх-өкпе инфекцияларының қосылуы мен өршуі, ЖРВИ, аллергендермен контакт, глюкокортикоидты жеткіліксіздіктің дамуы, емнің кеш және уақтылы басталмауы, симпатомиметикалық дәрілерді ұзақ және мөлшерден тыс қолдану алып келеді.
  •  
  • Демікпелік күйдің 3 сатысы болады:
  • І. Компенсацияға жақын –бронх демікпесі ұстамасының ұлғаюы, симпатомиметиктерге тұрақтылықтың пайда болуы
  • ІІ. Тыныс жетіспеушілігінің үдеуі - бұл сатыға демікпе күйінің «өкпеде тынышталу белгілері» ( өкпедегі тыныс шуларының жоғалуы немесе әлсізденуі) синдромы тән. Цианоз айқындалып, АҚ төмендеп, тахикардиялар пайда болады.
  • ІІІ гипоксиялық кома- терең тыныс жетіспеушілігі мен өкпеде «тыныштық», адинамия, есінен тану, сіреспе, терінің диффузды көгеруі, қан қысымының төмендеуі.
  • ДЕМІКПЕЛІК КҮЙ

Демікпе күйінде көрсетілетін жедел жәрдем қарқынды терапияны қажет етеді:

  • Демікпе күйінде көрсетілетін жедел жәрдем қарқынды терапияны қажет етеді:
    • симпатомиметиктерді (беротек, сальбутамол) толығымен тоқтату.
    • Сусыздануды толықтыру, гемоконцентрацияны жою және бронхтардағы шырыштарды сұйылту үшін- инфузиялық емдеу-көктамырға декстран, глюкоза, инсулин, гепаринді егеді
    • Преднизолонды көк тамырға егу
    • 2,4% эуфиллин ерітіндісін 4-6 мг/кг мөлшерінде изотоникалық ерітіндімен баяу енгізу.
    • өкпе вентиляциясы бұзылысы үдей түскенде өкпені жасанды желдету көрсетілген.
    • Ауруханаға жеткізу (реанимация бөлімшесіне).

БРОНХТАРДАҒЫ БӨГДЕ ЗАТТАР ЖӘНЕ АСПИРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР

  • БРОНХТАРДАҒЫ БӨГДЕ ЗАТТАР ЖӘНЕ АСПИРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР
  • Бронхтардағы бөгде заттар. Қатты заттардың бронхқа түсуі-жиі балаларда кездеседі, бірақ олардың тұрып қалуына олардың пішіні (тегіс, ілініп қалатын бөліктері, ісінетін қасиеті), ену тереңдігі (қорқудан терең кіру) және бронхтарда дефекттің болуы әсер етеді. Инертті заттар (метал, пластмасса) бұлар бронхтардың қабынуын тудырады, жәндіктердің денесі және әсіресе өсімдік тектес заттар бронх шырышты қабатының жанасқан жерінде жеделдеу қабыну процесін шақырады,.
  • Клиникалық көрініс. Ата-анасын толық сұрастырғанда кенет пайда болған жөтелді анықтап, аурудың уақытын білуге болады. Ұстама өтеді, бірақ 2-3 күннен кейін температура жоғарлап, бронхит пен пневмония көрінісі дамиды. Бронхит кезінде сырылдармен бірге (көбіне ассиметриялы) тыныстың бір жағында әлсірегені, тимпанит, көкірекаралықтың сау жаққа қарай ығысуы байқалады.

  • Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін ауыз қуысын шаю, ауа жіберетін түтік, ауызтрахеялық интубация, трахеотомия, трахеобронх тамырын санациялау.
  • Тыныс жолдарын әртүрлі босату, әртүрлі жүргізіледі. Егер тыныс жолдарындағы сұйықтық аз көлемде болса келесі шаралар жүргізіледі: баланы бүйіріне жатқызып (немесе тек басын ғана), аузын ашып, саусақпен немесе тупфермен ауыз қуысы мен жұтқыншақ тазалайды. Егер көп мөлшерде сұйықтық болса (мысалы, суға тұншығу) басын төмен қаратып, аяғынан көтеріп, басын кішкене шалқайтып, омыртқа бойымен ұрғылап, кейін саусақпен санация жүргізу керек.
  • Қатты затты алу үшін Геймлих әдісін қолданған жөн: екі қолмен науқастың кеудесін толық қысып (кішкентай бала болса саусақпен) қабырға доғасының астынан, қолтық астынан кеуденің төменгі бөлігін тез арада (резко) қысу. Тыныс жолдарындағы қысымның тез арада жоғарлауы бөгде затты итеріп шығарады.
  •  

Пневмоторакс — плевра қуысына ауаның жиналуы. Бұл өкпе тінінің және висцеральді плевраның жыртылуында (пневмония кезіндегі ошақтың деструкциясы, бронх демікпесі немесе туа пайда болған эмфизема кезіндегі буллада, кистада) сонымен қатар жарақат кезінде плевраның зақымдануынан дамиды.

  • Пневмоторакс — плевра қуысына ауаның жиналуы. Бұл өкпе тінінің және висцеральді плевраның жыртылуында (пневмония кезіндегі ошақтың деструкциясы, бронх демікпесі немесе туа пайда болған эмфизема кезіндегі буллада, кистада) сонымен қатар жарақат кезінде плевраның зақымдануынан дамиды.
  • Тыныс алғанда ауаның кіруі және тыныс шығарғанда қақпаның жабылуы кезіндегі қақпалық механизм, кеуде қуысындағы қысымның атмосфералық қысымнан жоғарлауына әкеледі, бұл көкірекаралықтың ығысуына алып келеді.
  • Ашық пневмоторакс. Кеуде қуысының тесіп өткен жарақаттарында дамиды. Ашық пневмоторокста кеуде қуысының тыныс алу экскурсиясы кезінде ауа жара арқылы жеңіл плевра қуысына өтеді. Бұл кезде өкпе оңай ығысып, тыныс алу тежеледі.
  • Жабық пневмоторакс. Жабық пневмоторокста, плевра қуысына түскен және өкпенің жартылай және толық коллабирленуі алып келген ауа, атсосфералық ауамен байланысы бұзылады осоның себебінен қауіп төнбейді.
  • Қақпалық пневмоторакс. Тыныс алғанда ауа оңай плевра қуысына өтеді, ал оның сыртқа шығуы қақпалық механизмі салдарынан қиындайды.
  • ПНЕВМОТОРАКС

Клиника. Клиникалық көрінісі плевра қуысына ауаның түскен көлемі мен ену жылдамдығына байланысты. Кенеттен басталады, жиі бүйіріндегі ауыру сезімі, жөтел, ентігу; тыныс жетіспеушілігі қақпалық үрдіске тән белгілер мазалайды. Науқас мәжбүрлі қалыпта-жартылай отырады, зақымдалған жаққа қарай бүгіледі немесе жатады. Кеуденің зақымдалған аймағында тыныс алу кідіреді, перкуссияда тимпаникалық дыбыс естіледі, көкірекаралық пен жүректің сау жаққа қарай ығысады. Аускультацияда зақымдалған аймақта тыныстың төмендеуі, шулардың естілмеуі, ал сау жақта олардың күшті естілуі байқалады.

  • Клиника. Клиникалық көрінісі плевра қуысына ауаның түскен көлемі мен ену жылдамдығына байланысты. Кенеттен басталады, жиі бүйіріндегі ауыру сезімі, жөтел, ентігу; тыныс жетіспеушілігі қақпалық үрдіске тән белгілер мазалайды. Науқас мәжбүрлі қалыпта-жартылай отырады, зақымдалған жаққа қарай бүгіледі немесе жатады. Кеуденің зақымдалған аймағында тыныс алу кідіреді, перкуссияда тимпаникалық дыбыс естіледі, көкірекаралық пен жүректің сау жаққа қарай ығысады. Аускультацияда зақымдалған аймақта тыныстың төмендеуі, шулардың естілмеуі, ал сау жақта олардың күшті естілуі байқалады.

Жедел жәрдем

  • Жедел жәрдем
  • Ашық пневмотрокста окклюзиялық асептикалық таңғыш қою.
  • Симптоматикалық терапия ЖЖҚЖ Жедел жүрек қан тамыр жетіспеушілігін басу, ауру сезімін, жөтелді, плевра қуысынан сұйықтық, ірің немесе қанмен аспирациясын басу, қабынуға қарсы терапия жүргізу және т.б.
  • Үнемі ылғал оттегі беру арқылы, денесін жоғары қалыпта тасымалдау.
  • Кернелген пневмоторкс кезінде-жеңілдету үшін плевральді пункция жасау.
  • Хирургиялық бөлімге тасымалдау.
  • ЖҮРГІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ: Жарақат болған жерде жарадан бөгде затты алмау керек!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет