Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет10/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h
туризм тарихы билеттер (2), фил сессия (2)
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Орманның өсуіне климаттың маңызы қандай? 
2.
Күн радиациясының орманға әсері туралы не білесіз? 
3.
Жер шарында климат типтерін атап беріңіз және оларға мысал келтіріңіз. 
Тақырып 4.1 Орман және климат бойынша зертханалық жұмыс
Мақсаты:
климаттың орманға тигізетін әсерін анықтау және орман 
үшін климаттың маңыздылығын таныстыру. 
 
Жалпы түсінік 
Климат дегеніміз белгілі бір жерге тиісті және оның географиялық 
жағдайымен анықталатын ауа-райының көпжылдық режимі. Климат күн
радиациясының (жарық және жылу) атмосфераның өзара әсерінің нәтижесі
болып табылады. Ылғал айналымы үлкен рөл атқарады. Өсімдіктер
аймақтарының таралуы климат белдеулерімен корреляцияда болады. Климат 
радиациялық баланс көрсеткіштері жиынтығымен немесе
комплекстік көрсеткіштерімен сипатталады. Радиациялық баланс 
көрсеткіштері жиынтығына кіретіндер: 
1) Вегетациялық кезең ұзақтығы, ол температура топырақта +50С-тан кем
емес, ал ауада +100С-тан кем емес, күндері санымен анықталады. Бұл 
ұзақтық мысалы, солтүстік тайгада 80-100 күн, ал оңтүстік тайгада 120-130 күн. 
2) Вегетациялық кезеңдегі белсенді температуралар жиынтығы (100С-тан кем 
емес) ормандар аймағында ол 900-ден 25000 дейінгі аралықта болады. 
3) Жыл бойындағы немесе вегетациялық кезеңдегі жауын-
шашын мөлшері 
тайга аймағында 600-ден 300 мм дейін жыл бойында өзгеріп отырады. 
4) Радиациялық баланс дегеніміз – 1 см2 бір жылдағы кило Джоуль 
(солтүстік тайгада – 50, ал орманды далада – 170). 


16 
Климат радиациямен атмосфера ылғалдылығының өзара әсерінің нәтижесі
болғандықтан, оны сипаттауға комплекстік көрсеткіштер ұсынылған: 
1. Ылғалдану коэффициенті немесе жауын-шашын мөлшерінің
булану мөлшеріне қатынасы 1,0-1,5 болса жеткілікті деп саналады (Высоцкий). 
Гидротермиялық коэффициент (Г. Т. Селянинов) ГК = жауын-шашын 
мөлшері жиынтығының /сол мезгілдегі температура 100 С-тан жоғары
болғандығы жиынтығына қатынасына тең. Егер де ГК 1-2 арасында болса, 
табиғи ылғалдану қанағаттанарлық деп саналады. Егер 1-ден аз болса 
жеткіліксіз деп саналады. Егер 1,6-1,3 болса ылғалды, 1,3-1,0 болса әлсіз қуаң, 
1,0-0,7 болса қуаң, 0,7-0,4 өте қуаң, ‹ 0,4 болса құрғақ деп саналады.
Орманға әсер ететін негізгі климат факторларына жарық, жылу және жауын-
шашын жатады. 
Климат аймақтарына және топырақтар типтеріне сәйкес бұрынғы
ТМД территориясында табиғи аймақтар бөлінген: 
1. Арктика 
2. Тундра 
3. Орманды тундра 
4. Орман 
5. Орманды дала 
6. Дала 
7. Шөл 
8. Субтропика 
Географиялық немесе табиғи аймақтар (В. В. Докучаев бойынша – табиғи-
тарихи аймақтар) – бұл ерекше климатымен, жануарлар әлемімен, өсімдіктер 
жабынымен және топырақтарымен ландшафтық бірлік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет