Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет41/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h
туризм тарихы билеттер (2), фил сессия (2)
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Қазақстанда қандай орман топтары кездеседі? 
2.
Қазақстанда қылқанжапырақты сүректілердің қандай түрлері өседі? 
3.
Орманды қалпына келтіруде қандай ағаш түрлерін пайдаланады? 


53 
Тақырып 14.1 Қазақстан Шренк шыршасы ормандары ормандары 
бойынша зертханалық жұмыс 
 
Мақсаты:
шыршалы орманда кездесетін Шренк шыршасымен танысып, 
биоэкологиялық сипаттама беру.
Жалпы түсінік 
Қазақстан ормандары ішінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты терең
зерттелгені – шыршалар орманы (Быков, 1985). Шыршаның таулардағы 
түрлерінің ылғал және топырақ қорғап сақтаудағы рөлі зор. Шыршаның
түрлеріне Кавказда өсетін Picea orientalis, Қиыр Шығыс тауларындағы -
Picea ajanensis, Тянь-Шандағы Picea schrenkiana жатады. Шренк шыршасы
фитоценоздары жоғары өнімді және сымбаттылығымен және сұлулығымен 
ерекшеленеді.Picea schrenkiana Fisch. et Mey – Шренк шыршасын 1842 жылы
Ф. Г. Фишер және К. А. Мейер Жоңғар Алатауынан жиналған данасы бойынша
сипаттады. Бұл мәңгі жасыл қылқанды ағаш биіктігі 45-50 м және одан да 
биік болуы мүмкін.Шренк шыршасы – полиморфты. Қазіргі кезде оның
бірнеше түр тармақтары, вариациялары және формалары бар. Шренк 
шыршасының полиморфизмдігі - оның генофондының молдығының
дәлелі, тек морфологиясын, биологиясын және экологиясын,
адаптациясының кең мүмкіншілігін ғана емес, оларға қосымша ценотикалық 
және трофикалық байланыстарын дәлелдейді. Шырша туысы - алғашқы юра 
дәуірі шөгінділерінен белгілі. Яғни тіршілік ете бастағанына 175 млн жыл 
болды.Академик Б. А. Быковтың (1985) пікірінше, Шренк шыршасының бүкіл
ареалдарын (бұрынғы КСРО шекарасында) 7 ауданға бөлуге болады: 
1. Сауыр – ең солтүстіктегі шырша орманының кішкентай
учаскесі. 
2. Жоңғар – Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлеріндегі шырша 
ормандары Abies sibirica қатысады.
3. Солтүстік Тянь-Шань – ең жоғарғы өнімді шырша ормандары. Ол ормандар 
Іле Алатауында және Күнгей Алатауында және Талас, Теріскей Алатауларында 
орналасқан. 
4. Солтүстік Тянь-Шань (Іле Алатауының және Күнгей Алатауының шығыс 
сілемдері, Кетпентау, Иныльчек және Куйлю).
Бұл ормандар Солтүстік Тянь-Шань және Орталық Тянь-Шань ормандарына 
өте жақын ерекше Arctous alpina өсімдігінің қатысуымен. 
5. Орталық Тянь-Шань салыстырмалы аласа және өнімділігі аз Талас Алатауы 
(оңтүстік макроклин) Сусамыртау, Нарынтау, Атбашитау ормандары. 
6. Батыс Тянь-Шань Picea schrenkiana subsp. tianschanica доминант ормандар 
7. Алай-Шренк шыршасының ең оңтүстігіндегі ормандары. Алай және
Заалай жоталарындағы биік таудағы қайыңды шыршалықтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет