«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер


-15 дәрістер. Кеңістікті және уақытты қабылдау. Жүйелік ықпал парадишмасынадғы психикалық процестер функциясы



бет10/12
Дата18.12.2023
өлшемі64,77 Kb.
#197538
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016
Мемлекеттік тілде іс а аздарын ж ргізу п ні бойынша тест с ра т (1), 723 9583 75513, ДЕНЕ ГОС
14-15 дәрістер. Кеңістікті және уақытты қабылдау. Жүйелік ықпал парадишмасынадғы психикалық процестер функциясы.

Қабылдау: гештальттеорияға кіріспе. Қабылдауға байланысты зерттеулер Коффка (1935), Келер (1938, 1940), Браун және Вот (1937) жұмыстарымен байланысты. Теорияда көру өрісі жайлы айтылады. Көру өрісі – ол кеңістікті құрылым (конструкт).


Кеңістікті қабылдау. Қозғалыс пен уақытты қабылдау. Форманы, шамаларды қабылдау.
Кеңістікті қабылдау арақышықтықты және алыстағыны қабылдау деп бөлініп, заттардың бағытын, шамаларын, формаларын, контурын, рельефін қабылдайды. Кеңістікті көру қабылдауында тереңдікті түйсіну ерекше орын алады. Екі көздің көз торында қиылысқан нүктелердің бейнесін беретін нүктерлердің жиынтығы гороптер деп аталады. Егер сәйкес келмейтін немесе диспаратты нүктелер тітіркендірілсе, онда бақылаушы бір емес, екі нүктені көреді.
Сәйкес келмейтін нүктелерді тітіркендіру барысында пайда болатын ерекше түйсінулер конвергенция мен аккомадация құбылысына да байланысты, яғни заттарды қараудағы көздің бейімделуінің екі механизмі. Конвергенция затқа екі көзбен бірдей қарау, аккомадация арақашықтыққа байланысты,аккомадациялық бұлшық еттер көздің қимыл нервтерімен сәйкестенеді.
Шамаларды қабылдау шаманың бұрыштық шамасы мен арақашықтығына байланысты. Тәжірибе барысында көздің бейімділігінің дамуы, кеңістікті шамаларды салыстыра алуы және бақылаушыдан объектілердің алыстауы мен бағытын салыстыру көз өлшегіштік деп аталады.
Формаларды қабылдау заттардың шекараларын нақты сызып ажыратып бейнелеуді болжайды. Қозғалысты қабылдау күрделі құбылыс, қозғалысты қабылдау тек көз қозғалысымен ғана анықталмайды.
Кейде шын қозғалыс жоқ болса да қабылданады, мысалы, экранда аз ғана уақыт интервалымен кезектескен қозғалыстарды көрсету барысында қозғалыс әсерін түйсінуге болады, оны страбоскопиялық эффект деп атайды. Уақытты қабылдауда екі жағдай негізделеді:
1.Ұзақтықты түйсіну – ол висцералды сезгіштікпен шарттанған;
2.Уақытты қабылдау, сезімдік органикалық негізде дамиды. Уақытты қабылдау екіге бөлінеді: а) уақыт ұзақтығын қабылдау, ә) уақыт бірізділігін қабылдау. Автокинетикалық қозғалыс – жарық нүктесінде көру қоршауының болмауы. Көру өрісінде басқа кескін қалай кірсе, автокинетикалық эффект азаяды.
Эйдетика – субъективті көрнекі бейнелер жайлы ілім (балалар мен жеткіншектерде байқалады). Алғашқы ойды айтқан Урбанчич (1907). Эйдетика (грек сөзі, эйдон – көремін немесе эйдос –бейне, картина, идея) көрнекі бейнелерді шақыра алатын адамдардың қабілеті. Мәні – адам бос экранда картина немесе зат болмаса да, соның бейнесін көз алдына әкеле алады.
Психологияда ес бейнелерінің екі түрі жақсы белгілі: 1. бірізді бейнелер, психофизиологияда зерттелген, егер көзбен қандай да бір түсті тіркеп алып, оны ақ жазықтыққа көшірсек, дәл сондай бейне, бірақ басқа түсте аламыз; 2. Елестер бейнесі – естің негізі, іздік тітіркенулер, біздің мида біресе айқын, біресе күңгірт қайта жандандырылады.
Ес бейнелерінің осы екі формасының арасында эйдетикалық немесе көрнекі бейнелер пайда болады. Э. Иенш эйдетизмнің дамуының 5 сатысын көрсетті. Латентті эйдетизм ес формасы бірақ жасырын түрде болады.
Латентті эйдетизм балада мына жағдайда пайда болады, егер де бейнелердің бір ізділігі нормадан ауытқиды, атап айтқанда Эммерт заңынан. Эммерт заңы бірізді бейнелер геометриялық прогрессиямен өздерінің сызықтық өлшемдерінде экраннан, көзден алыстауы бойынша ұлғаяды. Латентті эйдетизмі бар балалар Эммерт заңына бағынбайды.
Готхейль мына жағдайды анықтады: егер де бала квадратты тіркеп алса, онда оның бірізді бейнесі Эммерт заңына бағынады, ал егер де бала квадратты тіркемесе, бейне басқа заңға бағынады.
Олар: эйдетикалық бейнелер үшін орнатылған заңдар. Латентті эйдетизмді таба отырып, оны зерттеушілер естің дамуының жалпы сатысы деп санайды. 2. Перцептивті ұйымдасу және өткен тәжірибе. Перцептивті ұйымдасудың феноменалды заңдары:
1) жақындық;
2) ұқсастық;
3) жалғасу;
4) тұйықталу.
Ұқсастық пен жақындықты байланыстыратын факторлар генерал перцептивті дағдылар болып табылады. Тұтастық, бірігу ретінде перцептивті формалар ауыстыруды жүзеге асырады. Мысалы, оған мелодия тақырыбы жатады. Гештальттеорияда перцептивті ұымдасуға прегнанттылық принципті жатқызады.
Стимуляцияға байланысты өте «жақсы» болғысы келеді. Фигураны құрастыру процесінде топтасудың феноменалды заңдары басым болады. Фигураны құрушы элементтер неғұрлым бір-біріне жақын болса, соғұрлым оларды бөлектету жеңіл болады.
Заттың контуры фонға емес, фигураға жатады. Фигура кеңістікте локализацияға және жазықтық құрылымына ие. Перцептивті процестердің реттелінуі және тұрақтылығы сенсорлық мәліметтерден емес, уақытқа байланысты.
Майлс (1931) кинефантоскоп деген ішкі бағдарды ұсынды: экранда айналып жатқан дөңгелектің айқын көлеңкесі экранға түседі және көру бірізділігі шектелмеген уақыт бойы қайталана береді, осы кезде пайда болған әрекет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет