Топ: дпмно-15с математика негіздері пәнінен тапсырмалар жауаптары


, 6 сұрақтар. Ондық бөлшектерге қолданылатын арифметикалық амалдардың алгоритмдерін мынадай түрде тұжырымдауға болады



бет4/26
Дата25.04.2020
өлшемі0,87 Mb.
#64725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
математика негіздері Назырхан Айнур
Асанова
5, 6 сұрақтар. Ондық бөлшектерге қолданылатын арифметикалық амалдардың алгоритмдерін мынадай түрде тұжырымдауға болады:

І. Ондық бөлшектерді қосу ережесі:

1.Қажет болған жағдайда бөлшектердің біреуінің соңына нөлдер тіркеу арқылы үтңрден кейінгі ондық таңбаларының санын теңестіреді.

2. Бөлшектердің үтірлерін ескермей натурал сан түрінде қосуға болады.

3. Қосылғыштардың әрқайсысында үтірден кейін қанша таңба болса, қосындының мәнінде сонша таңбадан кейін үтір айырады.



ІІ. Ондық бөлшектерді азайту ережесі тура осындай.

ІІІ. Ондық бөлшектерді көбейту ережесі:

  1. Ондық бөлшектерді көбейту үшін олардың жазылуындағы үтірлерді есепке алмайды.

  2. Сонда шыққан натурал сандарды көбейтеді.

  3. Көбейткіштерде үтірден кейін барлығы неше цифр болса, нәтиженің соңынан сонша цифрды үтірмен айырады, яғни егер бірінші көбейткіште үтірден кейін p цифр, ал екіншісінде q цифр болса, онда нәтижеде оңнан солға қарай(соңынан бастап) p+q цифрды үтірмен айырады.

ІҮ. Ондық бөлшектерді бөлу ережесі:

  1. Бөлгіш бүтін сан болатындай етіп оның үтірін жылжытады.

  2. Бөліндінің мәні өзгермес үшін бөлгіште үтір қанша орынға жылжыса, бөлінгіште де сонша орынға жылжытады.

  3. Мұнан кейін бөлу үйреншікті тәсіл бойынша орындалады.

  4. Шыққан бөліндінің мәнінде бөлінгіштің бүтін бөлігі таусылған кезде үтір қойылады.

  5. «Бұрыштап бөлу» барысында бөлу аяқталғанша бөлінгішке нөлдер тіркеліп жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет