Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын



бет7/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары
9- мамыр, Терминдер
ЖАЗЫЛУЫ

АЙТЫЛУЫ

Құрық
Жүгері
Жұмыс
Көңіл
Көркем
Өнер



Құрұқ
Жүгөрү
Жұмұс
Көңүл
Көркөм
Өнөр



Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші, т.б. Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.

БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР

ҚОС СӨЗДЕР

БІРІККЕН СӨЗДЕР

Куә
Дүдәмал
Күмән
Антоним
Лото
Мазмұн
Мағлұмат
Мәжбүр
Дәстүр



Әп-әдемі
Дәрі-дәрмек
Той-томалақ
Құл-құтан
Ат-көпір
Дүние-мүлік
Салт-дәстүр
Күндіз-түні
Күмбір-күмбір



Аягөз
Қараөткел
Орынбор
Көнетоз
Аққұтан
Айнагүл
Меңдіқұл
Жанбота
Келіссөз



Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен, а дыбысы жазылады.

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Рәзинә
Жәмилә
Рәсуә
Жәйләу
Шәй
Кітәп



Рәзина
Жәмила
Рәсуа
Жайлау
Шай
Кітап



Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у=тоқу, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.
Соңғы буынында ы, і әріптері бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.
Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.
Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді де, қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздер болып саналады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет