Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет1/14
Дата30.04.2018
өлшемі4,4 Mb.
#40324
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина

Нұр сипаты


Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан


Қарағанды, 2013

УДК 821.512.122

ББК 84 ҚАЗ-7

Б 45
ІSBN978-601-7449-08-7
Б 45 Бердалина Т. Нұр сипаты. Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан-4-кітап -246 б. - Қарағанды:«Тепgгі 11(1», 2013

Тұрсынхан Бердалина елу жыл ұстаздықты жалғастырған “Еңбек ардагері”, ҚР Білім және Ғылым министрлігі марапатының иегері, Қазақстан Журналистер одағының, “Бейбітшілік Әлемі” халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі Жазушылар одағының мүшесі.

Тұрсынхан қаламы жүйрік, сөз сарасы анық ақын, аудармашы, жазушы. Бұл кітабында көрген-білгенін, түйсініп сезінгенін өлең жолдарымен айшықтайды. Өмірден түйгені, ой мен пайымы жүректен жыр, һиқайа, дастан болып шертіледі. Ақын жырлары Отан, туған жер, парасат, инабат, ілтифат, арман, тілек жөнінде сыр толғайды. Ұлт тілінің жаршысы, қорғаушысы. Қалқының өмір салтын, дәстүрін, қадір-қасиеттерін өлеңмен өрнектейді.
УДК 821.512.122 ББК 84 ҚАЗ-7


Сөз Басы
Ұлы Жаратушы Тәңір адамзатты Жер бетіне қадірлі қонақ етіп жаратып, жеті қабат Әлем сарайының терінен орын бергенін бізге жеткен тариһнамалардан азды-көпті білеміз. Әр дәуірде арнайы елшілерін жіберіп отырған дейді-міс.

Адамзатқа ақырғы елші болып һазірет Мұһаммед (с.а.с.) пайғамбар келгенін ересек қауым білесіздер, әрине. Осы Мұһаммед пайғамбар әкелген Ісләм дінін таратуда сенімді серіктері болған және олар үлкен бағыттас болған екен. Сол Ісләм дінін қазіргі жетпіс-сексен жасты еңсергендер де терең біле берген жоқ, бірақ бір жақсысы ата-аналарымыздың оқыған намазы, бағыштаған құраны, қорқынышта астофиралла деп, дұрыстықта бисмилла, деп сыбырлап, күбірлеп отырғандарынан бір терең ұғым, мұсылманға қажетті ұжырымдар бар екенін сезініп, жүрек түкпіріне түйгендей едік. Сол сезім партианың да Ісләм дініндей адал, тәрбиелі болу керектігін мойындатумен болды. (Энгельс, Маркс, Гёте, Гегель,т.б. ғұламалар іслам дінін мойындаған, керек жерінде Ленин де үлгіге ұсынғаны анық). Аналарымыз ақжаулығьн тастамай, бес уақыт намазын қаза қылмай, ғұсыл суын құйынып, бисмилләсіз дәм-суды ұстамай, ерді, үлкенді сыйлап, тәуірін құдайы қонаққа сақтап, өмір кешті емес пе.

Қандай қиындықты бастан кешсе де, аш-жалаңаш жүрсе де, Тәңірін ұмытқан емес. Содан да болар, Аллаһ жарылқап, Азаматтар ат салысып, бодандықтан босап, алдыңғы деңгейлі еркін мемлекеттің жолындамыз. Көк байрақтың астында бейбіт өмір тілейміз.

Ісләм дінінің негізгі мақсаты: адалдықты, парасаттылықты үйретіп көкірекке иман етумен қатар адамзатты көркем мінезділікке баулитыны анық сөз. Ісләм дінін танудың, молырақ түсінудің арқасында ғылымның аса маңызды құрал екендігіне бой ұрудамыз. Ғылымы мен діні ғалымы мен ақыны жоқ ел алдыңғы лекте болуы мүмкін болмасы һақ. Саһабалардың өмір ұстанымын біліп, білім салаларына бойлаған сайын» ертеден-ақ қазактың парасатты, көкірегі көркем ел болғаны айкындала түсуде. Арғы зұлматтарды айтпағанның өзінде, бергі жетпіс жылғы қеңестің кердеңдей басуы, жақсыны жоғалтып, жаманды жерлеуі түкке тұрғысыз өмір кештірді. Ол және оның жақтастары өз шаруаларын түгендеп,түкке тұрғысыз еңбегін бағалатып, омырауларын салпыншаққа толтыруға әуестенді (әрине адал еңбегімен ал- ғаңдарды айтып отырғамыз жоқ қой. Басқа қойшының қойын қосып атағын алғанды да көргенбіз, ол үшін қой бақпаған басшы даүлкен атақ алады)Ал бүкіл жұмысшы мен қызметткерлердің бірі ерке,бірі серке балалрын балабақша мен мектепа тәрбиелеп жатты,оларды марапаттау ойға келе бермеген.

Әсіресе қазақта жазу сызу болмаған,- деген қолмен қойғандай сөзге сеніп те, сенген болып та жүрдік емес пе, жоқ олай емес деуге шамасын келтірген жоқ. Айта берсек толып жатыр, осының бәрі үлт үшін қорлық емей немене.

Ал енді тілге, сөзге келсек... айтарым көп, сізді жалықтырып алмайын деп те, деген ойда да отырмын. Тіпті мемлекет бола тұрып, мемлекеттік тілді алуымызға қаншама қарсылықтар болып бақты-ау.

Барды жоқ деп, болатынды болмайды деп, өздерін «аға» қылып, тілдерін қожа қылды емес пе. Әрине қай заманда да жақсы нәтижелі жұмыстар болатынын жоққа шығаруға болмас, адам жүрген жерде жақсылық пен нашарлықгың болуы ықтимал, тек, жақсы адамды айтып, жақсы шаруаны келешек қажетіне жарату міндет те. Рас құрлыс, т.б. жүріп жатыр, жаңалық шешімдермен жалғасуда. Ал сөз бен тіл қайда? Дәл осы заманда бүл екеуінің тоқырауы жақсылыққа апармайды. Сіздер қүрлысшы емессіздер, сіздерге ешкім көп ақша бермейді. Сіздер қашаннан арзан, не тегін жұмыс жасадыңыздар, әлі де сол жолдан таймаған жөн болар. «Бір тиын шық,екі тиын кір», деген шот қаққыштар емессіздер. Сол кездегі тоқырап, құрып тұрған қазақ тілін өз дәрежесіненде жоғары меңгеріп, олең, роман жазып, өз тілін сүйген жандарды сусындатып отырған ақын, жазушыларға мың бір рақмет айтып, мүсіндесе де артық болмас.

Қазақтың тілі - көркем тіл, Қазақ тілін әдеби нұсқасымен сөйлегенде, тілден бал тамғандай сезінесіз. Өйткені қазақ сөзінің мәні, жаны, әуезі болады.

Мәні сол - жұмбақтап, мәтелдеп, ишаралап, түсінікгеп, маңыздап айтуға, жеткізуге болады.

Жаны сол- жылатасың, күлдіресің, қажайсың, қағытасың, сөз түсінген адамды сөзбен өлтіріп, сөзбен тірілтуге болады. Жарыңды мәпелеп, балаңды айналып, анаңды айалай аласың.

Әуезділігі сол - пай-пай, шіркін, деп әндетесің, ай- на -лай -ын, жа- ным, деп, әндете созып, мағұрланып, күлімдеп, шөп еткізіп, бетінен сүйіп, еш аспапсыз-ақ әуездетесіз.

Қазақтың сөз байлығын, сөзінің құнарын, сөз саптауын, тілінің мағынальшығын,мәнін талай ақын, жазушы, ғалым айтып та кеткен, жазып та жатыр. Оның бәрін қайталау қажет болмас.

Негізгі айтпағым: 1. Көшелер тезірек қазақ атауларды иеленсе;

2.Қала, өзен, т.б. атаулар өз атауымен аталса (Иртыш емес Есіл, с.с. Қарөткел, Кереку, Қызылжар, т.б. деген керемет әдемі атаулар ғой).

3.Жас-кәріміз компьютерді, шет тілдерін меңгере тұрып, қарым- қатыста, әсіресе мекемелерде таза қазақ тілінде сөйлесек! Бұл аса қиын да шаруа емес қой, тек бәтуа керек және тегін, құлықпен ғана істелетін жұмыстар. Талай жұмыстарды тегін-ақ жасаған едік қой.

Көше толған басқа ұлт есімдері. Басқа елде біздің адамдардың аты жоқ, бар болса санаулы ғана (Франңия Абайды еледі, Әміренің жөні бар деп естімедім. Жазығымыз Крыловтан, Лермонтовтан, Пушкиннен Абайдың аударғаны ма? Олай болса Абай Мәскеуде Пушкиннің қасында неге тұрмасқа, біріне-бірі ой беріп, иә ой алып, дегендей. 4. Ойға түйткіл болып жүрген бір мәселе, қазақ сөзін неге қазақ әліпбиінің һ әріпімен жазбасқа, уақыт жеткен сиақты. Алфавиттегі х, я, ю, щ, ъ, ь әріп-белгілер тілге жанаспай-ақ тұрғанын әлі елемей, «көн тартса, қалпына» деп, жүріп жатырмыз. Өмірден үйренгеніміз осы ма? Мәселен: Саһара, гауһар, арһар, руһ, руһаниат, һұзырқат (петиция), һұқ, жиһаз деу қажет; қазақ дейміз, неге қалық демейміз (халық емес), иаки, иағни (яки емес), ұйат,байан, қойан, ашшы, тұшшы, ...дегеніміз дұрыс болар. Ал Аллаһ атауын көпшілік қақала «һ» әріпін баса айтып, жалғауды һ-ға жалғап жүр. Құранға жүгінсек «һ» ауада қалқып, естілер естілместей үн шығарып, жалғау һ-дан бұрынғы әжалғануға тиіс. Мыс: Аллаһға сыйыну, Аллаһны білу, -деген сиақты. Түптеп келгенде Қазақ әліпбиінің жиырма сегіз һаріпі қазақ сөзін жазып шыға алатынына кәміл сенім бар. дәуреніне қарай, заман ағымымен сөздер де өзгеріп (өліп), жаңарып (туып) отыратыны айғақ. Қазақел, Жас Отан, деген сөздер келіп жатыр. Дұрыс айтылған сөзден бала да, үлкен де үлгі алады. Сондықтан әдеби тілде мәдениетті сөздермен көркем сөйлеуге тырысу әқарт, әр жас қазақтың міндеті болса керек. Әсіресе теле- дидар жүргізушілері үлкен үлгі болуы керек. Олар асығып, бір сөзін қайталап, немесе синоним сөздермен әрлеген боп, екі қолдары жөнді жөнсіз ербеңдеп, қонақтар креслоны ырғап, қыздар айақтарын айқастырып, өздері «бізге берілген уақыт бітіп барады деп үш-төрт қайталап, уақытты ұттырады, осының бәрі мәдениеттілікке жата ма? Қазақшасы бар сөзді орыс сөзімен айта салғаннан дүние дұрыстала ма. Бұл олардың аз оқитынын, біреу дайындап берген тақырыппен жүре беретіндігін көрсетеді. Сыртқы көз сыншы деген емес пе,мәселен, проблема сөзі эфирден түсетін емес. Ал бұл сөз қазак қазақ болғалы бар сез, бергісі ділгірлік (Б.Т.) деп аударылған (журнал «Ізденіс-Простор»). Сол сиақты қурс, қурстас дейді, неге бағыт, бағыттас болмасқа, мыс: Кеме түстікке бағыт алды. Осы сиақты сөздерді мыңдап келтіруге болады. Өз тіліміз, өз сөзіміз, барда басқа сөзді термин етіп ала беру жөн болмас. Қайта біздің сөздерімізді басқа ұлт көбірек пайдаланса,қазақгы көбірек таниды. Мәселен, қамыс, боран, т.б. сөздерді, байағыда-ақ бірінші боп Аксаков, екінші Пушкин қолданған екен. Сондай-ақ басқа тілге аударылмайтын батыр, би, һан, перғауындардың жүйрік, пырақ, дүлдүл аттарының аты; қаншама тамақ атаулары; киіз үй құрлысының атаулары,сегіз түрлі киіз үйдің сипат атауын айқындайтын сөздеріміз бар. Басқа тілде мағыналарын ғана түсініктеп беруге болады.

Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Дыбыстар бір-бірімен қол ұстасқандай, қиуласып, сөз, сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құрайды ғой. Сөйлеу де, жазу да осы дыбыстар арқылы өмірге келеді. Тілдің дыбыстауы - оның өмір сүру амалы. Фонетика сөзі де атау сөз болып қалыптасып алған, оны дыбысжүйе десек несі айып? Дыбыс- жүйенің қарастырар мәселелері де сан - алуан. Дыбысжүйе үйлесім- сіздікке жол бермейді. Мұндай зорлықтың да қалар мезгілі жеткен сиақты.

Тіл жүйесін тексеріп, жетілдірмек ғалымдардың сөзсарасына бойласақ, бірі - орыс алфавитіне, бірі - араб әріптеріне жүгініп, сөз төркіндерін іздей бастайды. Ал негізін алсақ, сөзді құрып ауызша, жазбаша өрнектеп жеткізу үшін қазақ әліпбиіндегі жиырма дауыссыз, сегіз дауысты дыбыс жеткілікті-ақ. Оның үстіне қазіргі оқулықтар, әсіресе орыс мектебіне арналған қазақ тілі оқулықтары түкке тұрғысыз десек, әдіскерлер, тіл мамандары қарсы болмас.

Сондықтан латын тіліне көшеміз деген тұжырымды естігелі, осы кітабымнан бастап орыс сөздерін қолданғаннан басқа кезде қазақтың тел дыбыстарын қолдануды жөн деп білеміз. Ой бөліп, түсінікпен қарап, оқып, білулеріңіз өтініледі.

Нұр сипаты

ырымды

Алып ұшты

жырымды

Өлең – өмірдің нәрі,

Өлең - өнердің мәні.

Өлең менің сырым,

Таусылмайтын шыным,

Қасиетті ілім,

Артта қалар ізім . (Автордан.)
НҰР АСТАНА

(түгелсөз)

Өмір қандай, өмір қандай,

Дүние осы сәтте құлпырғандай

Он жылда ылайық боп Әлем төрге,

Шырақ бол Нұр Астана мәңгілікке.

Нұрлы Астана,

Жырлы Астана Сырлы Астана Мәңгілік Шырақ болып,

Тұр Астана.

Көңіл қандай, көңіл қандай,

Өмірлер таңғажайып туған Айдай.

Күмбездер көк асспанмен жарасады

Күндіз Күн, түнде Айсұлу таласардай.

(қайырма)

Өмір самғай, көңіл таңдай,

Дүние мәңгілікке құлшынғандай

Орынбор, Верный менен Алматының,

Жалғасын тербеді әнмен таң қалардай.

(қайырма)
АСТАНА

Астана ғажап қала, дарын жиған

Есілдің тұла бойы білім тұнған

Әр көше, әр бульварда жаңғырып тұр

Есімі батыр, баба үлгі болған.

Астана көк аспанның айасында

Сылаңдап Есіл ағар сайасында.
Есілдің оң-солының саласында,

Жайнайды сұлу үйлер, әсем бақша.

Адамның ойы асқақ, ниеті ізгі

Талап пен тапқыр ойдан тұрады ізі.

Биіктерге бас болып ақыл, талап

Астанамыз барады жайып қанат

ОТАН

Отан - тақ

Отан - бақ

Ойым - адал

Сөзім - һақ

Отанмен ер жетемн, есейемін

Отанбақта ашылады пешенем.

Менің тілім- тілі Қазақ елінің

Ақтап өтем ана сүті - несібем.

Ер Қазақтың Қазақ елі Отаны,

Ой, өнері, сезімі асқақ озады.

Салт-санасы, ұлағаты дәстүрлі,

Басқа ұлттан таппайсың ол ғұрыпты. 2011
НҰР ОТАН

Адамдардың ділгірлігін,

Айғақтадың Нұр Отан.

Жарқын жеңіс сырын ұғып,

Жарқылдадың Нұр Отан.

Ел бірлігі тұрақтылық,

Татулықта танылдың,

Жиырма жылғы ерен жеңіс,

Құтты болсын Нұр Отан

Тыныштықта өмір сүріп,

Сипатымыз сыйланды.

Болашаққа ұлттық ождан,

Ата салтпен аттанды.
ҚАЗАҚТЫҢ ЕЛІ

Қашаннан Аспан, Жер болған,

Қазақ деген Ел болған

Тариһы, Тұлға, тұлпарлар,

Жиделі байсын жері болған.
Қазақтың асы молшылық,

Елтұтқа, дана баршылық.

Кемеңгер, көсем, тектілер,

Құдайға шүкір, баршылық

Қадірін сөздің білгенбіз,

Жайлауда шалқып жүргенбіз.

Тәңірге ұлы сыйынып,

Шын жылап, шын күлгенбіз.

Бұрынғы өткен бабалар

Ғылымы толың ғалымдар.

Жүрегі тұнған кісілік,

Өресі биік тұлғалар.

Сол асылдар тегінен,

Кемеңгер, көсемдер шетінен.

Би, батыр, ғалым, ғұлама,

Даналық тұнған бойына.

Бәйбіше - жанның ұйасы,

Ауылдың ақыл, ұйтқысы.

Жақсыдан жақсы үйреніп,

Жаманын тыйған жақсысы.

Ата күші, ана сүтімен,

Өнеге сөзді ұғынған.

Мұрагер өсіп, жетіліп,

Қазақ елін сыйлаған. 2011

Шындық! - деген шың бар,

Шыншыл ғана шығар.

Өтірік, - деген өр бар,

Өңмендегеннің бәрі барар.

(Б.Тұрсынһан)
АҚИҚАТ- ӨМІР ШЫНДЫҒЫ

Бұлағьш ақиқаттың аңсап жүрем,

Ат шалдырар алысқа тынбай желем.

Асыл сөз бұлағының көзін ашып,

Ағызам ақ бұлағын құба-белден,

Ел мен Жер түнған тариһ, мәдениет,

Жақсылар қалдырады мол өсиет.
Бойыма құт боп қонған зерек ілім,

Тегімнен келген маған бір қасиет.

Жаныма құт қаламым берсін қуат,

Еңбектің зейнетін бер қажыр, қайрат.

Бабадан қалған тұйақ жапа шексе,

Қара өлең жанға серік, болсын айбат.

Түнім тыныш, тыныш Отан таңы да,,

Жақсы өмір мәңгі менің жадымда.

Күнім, түнім, таңым бірге еліммен

Бұлақ сезім бұлқынады көңілден.

Таудан ағады тазабұлақ тау суы,

Шың басында ақ қар-аспан шындығы,

Арманыңның асқарына қол жетсе,

Сол - ақиқат, ол- өмірдің шындығы.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет