Түсінік хат 4 Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы 9


Тақырыбы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсының маңызы, мақсаты Мақсаты



бет3/3
Дата28.06.2017
өлшемі0,63 Mb.
#20262
1   2   3

Тақырыбы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсының маңызы, мақсаты

Мақсаты. Білімділік - «Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар» бағдарламаның мәні, іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

Дамытушылық - оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілетін жетілдіру;

Тәрбиелік - оқушыларды сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Ақпараттық, жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, іздену, талдау.

Көрнекілігі: «Іс қағаздарын жүргізу» үлгілері, кеспелер,интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: Құқық, орыс тілі, әдебиет.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Қызығушылығын ояту «Тілек айту»

ІІ. Жаңа сабақ



Кіріспе. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздары - басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Мекемелер арасындагы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу - мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Құжаттау дегеніміз кезкелген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс, сырттан келген құжаттармен жұмыс, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен де жауапты іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше іс қағаздарының түрлі нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны жүйеге түсіру үшін де біраз уақыт керек болады. Біздің мақсатымыз іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің өз заңдылықтарын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.



Сабақты бекіту:сұрақ-жауап

1.Іс қағаздарының іс жүргізу жұмысындағы маңызы

2. Іс қағаздарының қай тілде жазылғаны жалпы жұртшылыққа ыңғайлы ?

Берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін жазу



Үйге тапсырма:

1. Тіл білімі саласымен іс қағазының байланысы

2. Тарих саласымен іс қағазының байланысы

3. Архив ісі саласымен іс қағазының байланысы


Сабақтың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі

Сабақтың мақсаты: Тілдің байланыс қызметін баса сезіндіру, сөйлеу стилінің қолданылатын орындары мен қолданылатын формаларын білдіру. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтіндерді ажырата білу, талдай білу. Ауызекісөйлеу стилінің тілдік құралдарын пайдалана отырып, соған байланысты мысалдарды келтіре алу.

Сабақтың көрнекілігі: Сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу түрлеріне жасалған кесте; М.Балакаев, Е.Жанпейісов т.б. "Қазақ тілінің стилистикасы" (қосымша әдебиет); магнитофон үнтаспасына жазылған, радиодан сөйленген сөз үлгісі.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа материалды меңгертуге бағытталған жұмыс түрлері. Сөйлеу тілі - адамдардың күнделікті бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін құралы. Сөйлеу стилі белгілі бір тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол ауызекі сөйлеуге байланысты жүзеге асады. Ауызекі сөйлеудің өзіндік ерекшелігі - адамдар ойын еркін жеткізеді. Онда күнделікті өмірге байланысты мәселелер айтылады. Сондықтан күнделікті тұрмыста өздерің естіп, қолданып жүрген үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Ауызекі тілдесу кісілердің бетпе-бет қатысуы негізінде жүреді. Мына кестедегі сөйлеу тілі екі түрлі. Мысалдарға назар аударыңдар.

- Денсаулығың қалай?

- Жаман емес.

- Не жаңалықтарың бар? Ауылға барып тұрасың ба?

- Жақында өздері келген. (Сөйлеу тілінен)

- Мылжыңдап барасың, антұрған.

- Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сүрап әкетті. (Ғ. Мұстафин)

Сөйлеу стилінің өзіндік ерекшелігін жасайтын белгілі бір жағдайға байланысты сөйлеу мәнері бар екендігін байқап отырсыздар. Сөйлеу тілінің әртүрлілігімен қоса, олардың лексикалық құрамына назар аударыңдар. Жоғарғы диалогте лексикалық құрам қарапайым сөздерден тұрса, төменгі диалогте тұрпайы сөздерден тұрады. Сөйлеу стиліне, сөйлеу тілі лексикасына тән сөздерге қарапайым сөздер, тұрпайы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер жататындығын айта келіп, оқушылардың назарын келесі кестеге аудару керек. Мысалдарды оқытып, диалекті және кәсіби сөздерді табу қажет.

- Ояққа сондай жақсы атың барып жатса, бұяқта досың артып жатсын!...

(М. Әуезов).

- Мен бүгін сүген ұстадым. Аудың жалғыз көзіне сағалынан ғана ілініп түр екен. (Ә. Нүрпейісов)

Күнделікті өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен қолданылатындықтан, ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:

1) дидарластық сөз (әңгімелесуі, сұхбаттасу);

2) полемикалық (пікірталас) сөз;

3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).

Ауызекі сөйлеу тілінің түрлеріне жеке-жеке түсініктеме берілген соң жаттығулар орындатылады.

Сабақтың соңында радио мен теледидардан магнитофон үнтаспасынан жазылған ауызекі сөйлеу тілі үлгілерін оқушыларға тыңдата отырып, күнделікті тіршіліктегі ауызекі сөйлеу тілінен гөрі әдеби норманың сақталатындығы, тақырыбы әртүрлі болып келетіндігі талқыланады.

Сабақ қорытындылау.


Қорытынды
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»бағдарламасының ұрпаққа үйретері көп
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі. Ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамытуға барынша көңіл аударылып отыр. Қоғамдық өмірдің әр қилы салаларында қазақ тілін белсенді түрде қолдану қажет. Бұл бірінші кезекте - іс қағаздарын жүргізу қызметіне қатысты.

Тіл - рухани әлемнің таусылмас байлығы. Сондықтан да мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуоқу құралына сөз өнерінің құдіретін ұқтыратын шығармашылық тапсырмалар енгізіліп отыр. Бұл ұрпақ игілігіне айналдыру мақсатынан туындаған талап еді.

Жоғары сыныпта мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу оқулығына топтастырылғын тапсырмалар халқымыздың бай тіл қазынасын сақтап, ұрпаққа жеткізіп, іс тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білу.

«Тілдер туралы» заңының 4-бабында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерту - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.Қазақстан Республикасының барша азаматтарына мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Сондықтан оқушылардың өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алуына, тілімізді шұбарламай таза сақтап, тіл өнерінің сыры мен қырын бойына сіңірудің нақты бір бұлақ көзі болып отыр десек артық емес-ті.Оны педагогикалық іс - тәжірибемде өткізген сабақтардан тұжырымдадым.

Оқушыларға мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсын меңгерту нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау мен сауатты жазу жүйесі қалыптасқан шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге болады.

Бағдарламада мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу оқу құралы, жоғары сыныптың оқыту әдістемесіне сай тиімді, жоспарлы түрде беріліп отыр. Оқу материалдары 10 - сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты ойластырылып, лайықталып берілген.

Қорыта айтқанда бұл бағдарламаны мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсын оқыту пәніне тиімді, ұрпақ тәрбиесінде пайдалануға лайықты деп тұжырымдаймын.





Әдебиеттер тізімі:
1. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.

«Қазақ тілі ресми қарым - қатынас іс қағаздар тілі» Алматы «Рауан», 2000 жыл

2. Атабаева М., Ибраева Н. «Іскерлік қазақ тілі» Алматы, 2000 жыл

3. Әбілқасымов Б.«Алғашқы қазақ газеттерінің тілі» Алматы, 1971 жыл

4. Дүйсембекова Л. « Қазақ ресми іс қағаздары» Алматы «Ана тілі», 2005жыл

5. Дүйсембекова Л. «Ісқағаздарын қазақша жүргізу» Алматы, 2000 жыл

6. Ерғазиева Н., Сүлейменова Б. «Іс қағаздарының орысша - қазақша сөздігі» Алматы. Ана тілі, 1992 жыл

7. «Қазақша - орысша, орысша- қазақша терминологиялық сөздік. Іс жүргізу және мұрағат ісі» Алматы, 2000 жыл

8. Қасымбекова М. «Қоғамдық саяси терминдер мен атаулардың қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың анықтама сөздігі» Алматы, 1992 жыл

9. Мұхамадиева Н., Чабаева А. «Іс қағаздарын оқыту» Алматы, 1990 жыл

10. Сыздықова Р. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» Алматы, 1993 жыл

11. Сыздықова Р. «Емле және тыныс белгілері» Алматы«Рауан», 1996 жыл



12. Хазимова Ә. «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу» Алматы, 2004 жыл


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет