Түсінік хат 5 және 6- сыныптар Апталық сағат саны – әр сыныпта


– тарау Ойланайық, балалар!



бет12/12
Дата26.06.2018
өлшемі1,27 Mb.
#44545
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
5 – тарау Ойланайық, балалар!
5.1 Абай, Шәкәрім шығармаларындағы физикалық құбылыстар
Қазақтың ұлы ақындары Абай, Шәкәрім мұраларынан физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды суреттеп бейнелеуді көптеп іздестіруге болады.

Абай-оқығаны, білгені мол, білімі терең дана ақын болуымен қоса табиғат құбылыстарының заңдылықтарын, сырын, дүниенің болмысын, оның болған және бола беретіндігін , табиғаттың құбылысын ерте түсінген ғалым. Абай 20-қара сөзінде: «Дүние бір қалапта тұрмайды, адамның қуаты , ғұмыры бір қалыпта тұрмайды. Әрбір мақұлыққа құдай бірқалыпты тұрмақты берген жоқ» деген.

Абай өлеңдерінде таным өте мол қамтылған. Сыртқы ортаның тіршілікке әсерін Абай шығармаларында табиғат лирикаларын жылдың төрт маусымындағы тіршілік түрлерін сипаттауынан байқаймыз. Маусымға байланысты тіршіліктегі құбылысты «Жаз» өлеңінде дөп басқан.

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда...

«Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» , «Жазғытұры» деген өлеңдерінде :

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар , адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Деген өлең жолдары бар. Бұл лирикасында жердегі тіршілік әсерінен күн энергиясының тіршілік энергиясына айналатындығын білдіреді.

Абайдың: Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп...

Осы өлеңін «Жарықтың шағылуы»- деген тақырыпты өткенде қолдануға болады. Осы өлеңге байланысты : «су бетіндегі ай кескіні «жалын» кескін деуге бола ма? , «осы өлеңге қандай физикалық заңды қолдануға болады?» , «біртекті ортада жарық қалай таралады?» деген сұрақтар қоюға болады.

«Дыбыстың таралуы» атты тақырыпта түсіндіргенде Абайдың:

Жартасқа бардым, күнде айқай салдым.

Онда да шықты жаңғырық...

Естісем үнін

Білсем деп жөнін

Көп іздедім қаңғырып.

деген өлең жолдарын оқи отырып, «ашық жазық далада жаңғырық бола ма?», «Таулы жерде қалың қар көшкіні адам даусынан көшеді екен. Неге?» деген сұрақтар жауап іздейміз.


Шәкәрім жырларындағы кезігетін физикалық құбылыстарды оқушыларға түсіндіру олардың дүниетанымдарын кеңейте түседі.

Шәкәрімнің: Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық

Сегіз минөт шерікте жерге барып...

деген өлең «Жарықтың таралуы» тақырыбын өткенде талдауға болады.

«Жарықтың сынуы» тақырыбында:

«Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса,

Көлеңке орнығады қайда барып...» деген өлең жолдарында терең ой жатқанын айта кетуге болады.
5.2 Мақал-мәтелдердің физикалық мағынасын ашайық!

Физика мектеп қабыр-

ғасында пән ретінде ерекше орын алады. Ол оқулық ретінде оқушыларға әлем суретін ұсынады.

Халық педагогикасының мың жылдық тәжірибесі, тұлғаға әсер ететін тиімді құралдарды саралай отырып, тәрбиелік құралдардың дифференциялауымен қиялын елестетіп, тұлға ерекшеліктерін құруымен байланыстырады.

Көптеген мақалдар мен мәтелдерде физикалық құбылыстар кездеседі. Оларды физикалық заңдармен немесе математикалық формулалармен олардың қысқа формасында терең ой жатқандықтан салыстыруға болады.

Мысалы, «Қолды қол жуады» деген мақалда табиғаттың іргелі заңы – Ньютонның үшінші заңы байқалады, ал мына «Майламасаң жүрмейсің» деген мысалда тек қана адамдар арасындағы қарым – қатынастағы кәдімгі тұрмыс-

тағы жағдай ғана емес, сонымен қатар үйкелісті азайту тәсілі көрсетілген.

Мақалдар, мәтелдер пайдаланылған сабақтарда оқушылар күнделікті тұрмыстағы даналықпен ғана танысып қоймай,сондай – ақ физикалық құбылыстар, заңдар және теорияларын оқудағы білімдерін бекітеді.

Физикалық білімді қайталау және жалпылау, оларды бекіту мақсатында мақалдар мен мәтелдерді «Динамика заңдары және олардың қолданылуы» интегралдан-

ған сабағындағы мысал фрагментіне қалай қолдануды көреміз.

Сабақ алдында оқушыларға үй тапсырмасы ретінде төрт мақал және соларға төрт сұрақ беріледі, жауабы олардың кез келген-

імен жұмыс істегенде фундаментальдық тапсырмалардың орындалуының мәнісі болып табылады:

1.Мақалда(мәтелде) қандай физикалық құбылыс ( ұғым, заң) жайында айтылды?

2.Мақалға (мәтелге) қандай физикалық мән енгізілген?

3.Физика тұрғысынан алғанда мақал (мәтел) дұрыс па?

4.Мақалдың (мәтелдің) практикалық (тұрмыс-

тық) мағынаны білдіреді?

«Мақалда (мәтелде) қандай физикалық мән енгізілген?» деген сұрақта кей жағдайдағы құбылыстарды түсіндіру және тануға олардың шарты шешімін білдіртпегендіктен, шығармашылық тұрғыдан қарастыруға болады.

Оқушылардың көмегімен дидактикалық карточкалар дайындаймыз.

№1 карточка. Қайда құларымды білсем, сабан жинар едім (орыс мақалы).

Сабан үйіндісі соққыны неге жұмсартады? Мақалдың мағынасы неде?

№2 карточка. Жеңіл балғамен шегені қаға алмайсың (корей мақалы).

Мақалдың физикалық мәнін қалай түсіндіруге болады? Мақалдың тұрмыстағы мағынасы қандай?

№3 карточка. Он адам шыңға сүйрейді, ал етекке біреуі де құлатады (орыс мақалы).

Көлбеу жазықтықпен көтеріліп келе жатқан денеге және ол төмен түскенде әсер ететін күштер қандай, және қалай бағытталған? Осы мақалды пайдалануға болатын жағдайды ойластырындар.

№4 карточка. Майланбаған арба жүрмес (тәжік мақалы).

Доңғалақтың осін неге майлайды? Қиын өтетін жерлерде неге үлкен доңғалақты арбаларды қолданады? Мағынасы ұқсас қандай мақалдарды білесіндер? Қандай аймақтарда (жерлерде) арба кең таралған?

Содан кейін оқушыларға келесі мақал – мәтелдер беріліп, өздік жұмыс ұйымдастырамыз:

1.Шіріген тақтайға шеге тұрмайды (түрік мақалы)

2.Адамды бір тал шашынан тартқанмен батпақтан шығара алмайсың (малгаш мақалы).

3.Жыланбалықты қолда ұстай алмайсың (француз мақалы).

4.Майланбаған доңғалақ білікті қажайды (өзбек мақалы).

5.Тасты тауға сүйрейді, ал төмен ол өзі құлайды (қазақ мақалы).

6.Түзу жолда, қисық жүрме (қазақ мақалы).

Осылармен танысып, оқушылар келесі сұрақтарға жауап беру керек:

-қандай мақалдармен (мәтелдермен) Ньютонның заңдарын (қандай, нақты) көрсетуге болатынын атаңыздар?

-мақалдарда (мәтелдерде) айтылатын денелер қандай күштердің әсеріне болады?

-қандай мақалда (мәтелде) үйкеліс және оның азайту әдістері жайында айтылады?

-мақалдарда (мәтелдерде) қандай күштер және олардың қандай қасиеттері көрсетілген?

Жұмысты әрі қарай сыныпты екі топқа бөліп өткіземіз. Әр топқа кезекпен мақал және мәтел таңдату және оқыту, ал басқалары қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ең соңғы кезеңде мұғалім оқушылармен бірге барлық жұмыстарына талдау жасап және жеке орындалған тапсырмалар мен топтағы ойыншылар жұмысына баға береді. Бұл әрекет мұғалімнің шығармашылық қызметі-

нен тәуелді, сондықтан біз ешқандай ұсыныс бермейміз, әркім қалай өткізу керек екенін өздері біледі.

Қорытындылай келе мұғалім келесі сабақта қарастырылатын физикалық тақырып бойынша оқушыларға мақал немесе мәтел айтуы мүмкін. Оқушылар сабаққа дейінгі уақытта осы тақырып бойынша бұрын естіген немесе жаңадан естіген (оқыған) мақал – мәтелдерді жазып алып, оны талдау үшін қолданылады.

Мақал – мәтел қолданылған сабақ физикалық білімдерді жақсы түсіну және бекітуге көмектесіп қана қоймай адамгершілікке, эстетикалық тәрбие алуға көмектеседі, физика пәні «құрғақ» деп есептеп келген кейбір балалардың түсінігін жоққа шығарады.



5.3. Шар қалай жарылады?

Шарды үрлеу қиын да, жару оңай екені ылғи да қызық. Дәрігерлердің бұған қатысты өз жауаптар бар.

Шар неге созылады?

Шарлардың созылғыштығының құпиясы молекулаларда жатыр. Шарлар айқаса өрілген суға піскен спагеттилер секілді ұзын, әлсіз молекулалардан тұратын резеңкеден жасалған. Резеңкені созған кезде молекулалар жазыла түседі. Ал желін шығарған кезде молекулалар күш әсерінен кері тартылып , жиырылады.

Шарды үрлеу неге қиын?

Шарды үрлеу үшін біраз әрекеттену қажет, өйткені сендер резеңке молекулаларын кері тартуға талпынатын күшті жеңулерің керек. Бірінші үрленгендегіге қарағанда резеңке молекулалары біртіндеп жазыла бастайды, дегенмен олар бастапқы қалпына келуге тырысып бағады. Егер жіберсеңдер , шар бірден ауаны сыртқа шығарып, жиырылып қалады.

Шар үрленген қалпын қалай сақтайды?

Шарды үрлеп болып, аузын байлағаннан кейін оның ішінде сендер үрлеген ауа қалады. Толық үрленген шар шамамен 30 000 миллиард ауа молекуласын қамтиды. Оларың әрқайсысы сағатына 1600 км жылдамдықпен айнала ұшып жүреді және басқа молекулаларға , шар қабырғасына секундына 5 миллиард рет соғылады. Резеңкеге соғылып, кері тебілген ауа молекулаларының қысымы шардың үрленген қалпын сақтап тұрады.

Шар неге тарс ете түседі?

Шарға жарылу үшін сәл ғана уақыт жетерлік. Молекулалар арасындағы байланыс үзілген кезде , резеңке бөлшектері өзінің бастапқы қалпына келеді де ,жарылып кетеді.

Шарды мұздатқышқа салып қойса не болады?

Шарды мұздатқышқа салып қойыңдар да, не болатынын көріңдер. Бір сағаттан кейін ауа молекулалары сағатына 50 км жылдамдықпен ұшып, қарқынын бәсеңдетеді және резеңкеге азырақ күшпен соғылады. Осылайша күш қайта теңескенше , шар сығылады. Егер шарды жылы жерге шығарсақ, кері құбылыс жүреді де , шар барынша үлкейеді.

Енді былай жасайық!

Шарды жарып алмай, тесе аласыңдар ма? Иә , егер шар шамадан тыс үрленбеген болса, оның байланған аузының айналасы онша созылмаған және бояу реңі қанығырақ болады. Шаш түйрегіштің немесе қағаз қыстырғыштың ұшын маймен немесе ерінге жағатын креммен майлаңдар. Оны шардың тығыз жеріне түйреп , шар тесілгенше айналдырыңдар. Жаттыға отырып, сендер түйреуді шардың екінші жағынан да өткізе аласыңдар.
Шардың басқа жерін тескенде не болады?

Резеңке қатты созылған жері өзінің «серпімділік шегіне» жеткендіктен , түйреген кезде-ақ тарс жарылады. Кейде үрленген шарда ұсақ тесіктер пайда болады. Осы тесіктер арқылы ауа сыртқа ұмтылады. Тесік үлкейіп, шар жарылып кетеді.



Бөтелке ішіндегі шар

Достарыңа ішінде үрленген шары бар бөтелкені көрсетіңдер. Енді өз бөтелкелерінің ішіне шар үрлеуді сұраңдар. Олар қанша әрекеттенсе де, шар бөтелкенің аузын бітеп, үрленбеді.



Оның құпиясы мынада:

Сендер бөтелке ішіндегі шарды үрлегенде, ауаның сыртқа шығуын қадағалай отырып, ішіне түтік орналастырыңдар.


5.4 Таңғаларлық тәжірибелер
1-тәжірибе «Мұзды қалай кесуге болады?»

Керекті құралдар: жіңішке мықты сым, бөтелке, тығын, мұз кесегі, екі ауыр шаңышқы


1.Тығынды бөтелкеге 2,5 см еніп тұратындай етіп енгіземіз, тығынның үстіне мұз кесегін қоямыз.

2.Ұзындығын 40 см етіп сымды кесіп алып, сымның екі ұшына бір-бір шаңышқы байла, сымды мұз кесегінің үстінен жіберу керек. Бөтелкені тоңазытқышқа қоямыз. Сым мұз кесегін екіге бөлгендігін байқаймыз. Мұз ерімейді.



2-тәжірибе: «Стакандағы жұмыртқа»

Керекті құралдар: стакан, қатты қағаз, жұмыртқа, дөңгелек сақина


Жартылай су құйылған стаканның бетіне қатты қағазды қойып, оның үстіне дөңгелек сақина қойып оның үстіне жұмыртқаны қойыңдар, қатты қағазды шертіп қалғанда жұмыртқа стаканның ішіне түседі.
6- сынып (Аптасына 1c, жалпы 34сағат)

Физика әлемінде (1c)
Кіріспе

Физиканың негізгі бөлімдері.

ФИЗИКА (грек. physike, рhуsis—табиғат) — өріс пен заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. Физика — табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыс тану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі. Физика жай-лы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон, Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида, қорғандар) салу жұмысында құрылыс механикасы мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг, көлбеу жазықтық, тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды. Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон, Египет ғылымының теориялық негізі халық арасына тарамады. Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз-ақ ғылми негізде түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Анаксимен, Фалес т. б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. 5 ғ.)І Эпикур (б.з.б. 341—270), Лукреций (б. з. б. 1 ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшек — атом деп санады. Атом туралы ілім (атомистика) талай ғасырға созылған талас-тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғылымдардың негізіне айналды. Аристо-телъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика» деп аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың «негізін қалаушы» деп те айтады. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (қ. Архимед заңы) ашты, қарапайым механизмдерді зерттеді. Ол механикамен қатар оптикамен, астрономиямен де айналысты. Электр мен магнетизмге қатысты кейбір қарапайым қүбылыстар тым ертеден-ақ белгілі болған. Грек-рим мәдениеті дәуірінде статика-ның қарапайым заңдары (рычаг ережесі, ауырлық центрі), геометриялық оптиканың алғашқы заңдылықтары (жарықтың түзу сызықты таралу заңы, шағылу заңдары, жарықтың сыну құбылысы) ашылды.

Демокрит, Аристотель, Архимед тәрізді ерте дүниедегі ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан теңдесі жоқ мол үлесі халықтың ғасырлар бойына жинақталан тәжірибесімен ұштаса келіп, Ф-ның ірге тасы болып саналатын классикалық механиканың тууына қолайлы жағдай жасады.


Орта ғасырдың алғашқы кезеңінде ғылымның дамуына араб мәдениеті елеулі үлес қосты. Арабтар эксперименттік зерттеу тәсілдерін қолдана бастады. Европада А л х а з е н деген атпен белгілі болған Египет физигі Әл-Хайсам оптикалық зерттеулер жүргізді. Ол көздің көру теориясын жетілдірді, эксперименттер жүргізіп, құралдар жасады. Алхазеннің «Оптика кітабы» атты еңбегі 12 ғ-да латын тіліне аударылды. Орта Азия мен Қазақстанан шыққан ғылымдар араб мәдениеті мен ғылымың одан әрі дамытты. Әбу Насыр әл-Фараби өзінің «Вакуум» атты трактатында ежелгі гректерде қолданылған эксперименттік тәсілдер мөн Ф. ғылымының сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, «абсолют вакуумның» жоқ екендігін дәлелдеуге ұмтылды. Ал Бируни өзі жасаған құралдың көмегімен металдар мен кейбір заттардың меншікті салмағын аса үлкен дәлдікпен анықтады. Ол сондай-ақ астрон. және геогр. зерттеулерді де мұқияттылықпен жүргізді. ¥лықбек мектебінің өкілдері физика-матем. ғылымдарының дамуына өз үлестерін қосты. Бірақ Европа мәдениетіне кенжелеп қосылған бұл ғылыми зерттеулер, соңғы кездері ғана ғылым тарихынан өз орнын ала бастады.

15—16 ғ-ға дейін физ. ғылыми бақылаулар мен тәжірибелік зерттеу жұмыстары кездейсоқ сипатта жүргізілді. Нақтылы бір мақсатты көздеп жасалған эксперименттік зерттеу жұмыстары аз болды. Эксперименттік тәсіл Ф-да тек 17 ғ-дан бастап жүйелі түрде қолданыла бастады.

Физиканың дамуындағы бірінші кезең Г. Галилей (экспе-рименттік тәсілдің негізін қалаған) еңбектерінен басталады. Галилей Аристотель динамикасының қате қағидаларын біржолата теріске шығарды. Сөйтіп, динамиканың алғашқы ғылми негізін қалады (инерция заңын және қозғалыстарды қосуды ашты). Галилей мен Б. Паскалъдың еңбектерінде гидростатиканың негізі жасалды. И. Ньютон өзінің «Табиғат философиясының математикалық негіздері» атты еңбегінде (1687) механика заңдарының ең жетілдірілген түжырымдамасын берді. Ол өзінен бұрынғы ғалымдардың жұмыстарын қорытындылай отырып, күш туралы ұғымды жалпылады және масса ұғымын енгізді; жүйе динамикасының негізгі заңы — әсер мен қарсы әсердің теңдік заңын тағайындады. Сонымен Галилей мен Ньютон ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелерді қорытып, матем. жүйеге' келтірді. Бұл зерттеулер бір жүйеге келіп, классикалық механиканың негізін жасаумен аяқталды.

18 ғ-да Ф-ның барлың салаларын онан әрі дамытуға, жетілдіруге бағытталған зерттеулер кеңінен жүргізілді. Ньютон механикасы, жер бетіндегі денелер мен аспан денелерінің қозғалыс заңдарын толық қамтитын, кең тараған ілімдер жүйесіне айналды. Ф-ның басқа салаларында да тәжірибелік деректер онан әрі жинақталып қарапайым заңдар тұжырымдала бастады. Бір-біріне ешқандай байланыссыз жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Г. Кавендиш ағылшын ғалымы Дж. Пристли және Ш. Кулон электростатиканың негізі болып саналатын зарядтар-дың әсер заңын ашты. Атмосфералық электр туралы ілім де пайда болды (М. В. Ломоносов, В. Франклин). Химия мен металлургияның дамуы жылу жайлы ілімнің қалыптасуын тездетті.

17 ғ-дан бастап тәжірибе мен матем. зерттеулердің жиынтығы Ф-ның негізгі тәсілі болып қалыптасты. Бірақ әр түрлі құбылыстар бір-біріне байланыссыз зерттелгендіктен, олар жекеленген «салмақсыз» материяның көрінісі ретінде қарастырылды. Жылу ерекше салмақсыз сұйық — жылу тегі түрінде _қалыптасты. Заттардың электрленуі — электр сұйығы, магниттік құбылыстар магнит сұйығы жайлы болжамның көмегімен түсіндірілді.

18 ғ-да салмақсыз сұйық жайлы түсінік Ф-ның барлық саласына ене бастады. Оқымыстылардың басым көпшілігі салмақсыз сұйыққа күмәнданудан қалды. Өйткені олар жылулық, электрлік, магниттік, оптикалық құбылыстар арасында ешбір байлалыс жоқ деп санады. Тек Л. Эйлер, Ломоносов тәрізді алдыңғы қатарлы ғалымдар ғана салмақсыз материя жайлы түсініктің дәйексіздігін көрсетіп, жылулық құбылыстар мен газ қасиеттері көзге көрінбейтін өте кішкентай бөлшектердің тынымсыз қозғалысына байланысты екендігін айтты.

Физика тарихындағы екінші кезең 19 ғ-дың бірінші он жылдығынан басталады. 19 ғ-да Ф-ға біртұтас ғылми сипат берген аса маңызды жаңалықтар ашылды, теориялық қорытындылар жасалды. Әр түрлі физ. процестердің бірлігі энергияның сақталу заңында өз өрнегін тауып, айқындалды.Ф-ның дамуына химия да елеулі ықпал жасады. 18 ғ-дың аяғында біраз хим. элементтер ашылды, массаның сақталу заңы тағайындалды (Ломоносов, кейіннен А. Лавуазъе). Ал 19 ғ-дың басында ғылми атомистика қалыптасты (Дж. Далътон).

Жан-жақты және ұзақ уақыт бойы жүргізілген тәжірибелердің көмегімен, сондай-ақ бұрыннан қалыптасқан ескі түсініктерге қарсы қиян-кескі күрес жағдайында, әр түрлі физ. процестердің өзара қайтымдылығы және осыған орай сол кездегі белгілі физ. құбылыстардың бірлігі дәлелденді. Энергияның сақталу зацының кез келген физ. және хим. процестерде орындалуы Ю. Р. Майердің, Дж. Джоульдің жәнө Г. Гельмгольцтің еңбектерінде нақтылы дәлелденді.

Барлық физ. құбылыстардың бірлігі жайлы қағида, 19 ғ-дың 2-жартысында, Ф-ны түгелдей қайта құруға әкеліп соқты. Бүкіл Ф. екі үлкен бөлімге — заттар Ф-сы мен өрістер Ф-сына бірік-тірілді. Бірінші бөлім заттың молекула-кинетикалық теориясына, ал екінші бөлім әлектромагниттік өріс жайлы ілімге негізделді.

Электромагниттік өріс жайлы ілімнің негізін М. Фарадей қалады. Ол 1831 ж. электромагниттік индукцияны ашты. 19 ғ-дың 60 жылдары Дж. Максвелл Фарадейдің әлектромагниттік өріс жайлы көзқарасын онан әрі дамытып, оны матем. тұрғыдан жетілдірді. 19 ғ-дың екінші жартысында Ф-ның техниканы дамытудағы ролі ерекше артты. Электр жайлы ілім байланыс жұмыстарымен (телефон, телеграф) ғана шектеліп қоймай, энергетикалық мақсатта да қолданыла бастады. Электромагниттік толқындар сымсыз байланыс жүйесін (А. С. Попов) дамытуға мүмкіндік беріп, радиобайланыс кең өріс ала бастады. Техникалық термодинамика іштен жанатын двигателъдердің дамуына ықпал жасады. Төмен темп-ралар техникасы пайда болды. Сөйтіп Ф-ның жаратылыс тану ғылымдарына ықпалы арта бастады.

19 ғ-дың соңында кейбір физиктер Ф-ның дамуы аяқталды деп санады. Классикалық Ф-ны кез келген құбылысқа (галактикалардан бастап атом дүниесіне дейін) пайдаланбақ болу — елеулі қайшылықтарға, тіпті күрделі қателерге әкеліп соқты. Классикалық Ф-ға, оның негізгі қағидаларына ғылми тұрғыдан қарап, өзгеріс енгізу ол кездегі ғалымдарға үлкен қиындыққа түсті. Дәл осы тұста молекула мен атомның реалдығы жөніндегі қорытындыға күмәнданған ғалымдар да болды. Тіпті В. Рентген өзі сабақ беретін факультетте «электрон» деген сөзді айтуға тыйым салған.

Физика тарихындағы үшінші (қазіргі) кезең 19 ғ-дың соңғы жылдарынан басталды. Бұл кезеңде зат құрылысын, оның микроқұрылымын тереңірек зерттеу қолға алынды. Электрон ашылды, оның әсері мен қасиеттері зерттелді (Дж. Томсон, Г. Лоренц)

Ф. Егшіет пен Вавилон ескерткіш-терінен бастап, атом электр станция-сына, лазерлерге, космостык, ұшу са-парының жүзеге асуына дейінгі дәуір-ді ңамтитын ұзаң жолды жүріп өтті. Осы жол үстінде ол қалыптасты, да-мыды, жетілді. Қазіргі Ф.—гыл.-тех. прогрестің дамуында жетекші қызмет атқаратын, тамырын кең жайған, сан салалы ғылым.


5- сынып (Аптасына 1c, жалпы 34сағат)

Танымдық физика (1c)

Физика мен табиғаттағы заттар арасындағы байланыс.
2.4 Газдар. Ауаның қасиеттері.

1. Ауа қай жерлерде болады?

- затта, топырақта, суда, денеде болады

2. Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз?

- ауа: түссіз, мөлдір

3. Ауаның қасиеттерін ата.

- жылуды нашар өткізеді, ауа қызғанда көлемін ұлғайтады, суынғанда кішірейеді

4. Ауа қалай жылынады?

- Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан күн сәулелерін тез өткізіп жібереді, одан тікелей қызбайды. Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға таралады. Сондықтан ауаның жер бетіне таяу қабаты жақсы жылынады да биіктеген сайын жылу бірте-бірте азаяды.

5. Жел қайдан пайда болады?

- Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысқанынан пайда болады.

Ауаның құрамын алғашқы рет француз ғалымы А. Лавуазье 1774 жылы анықтады.

ХҮІІІ ғасырға дейін табиғат зерттеушілер реакция кезінде түзілетін газдардың барін «ауа» деп ойлаған. Тек ХҮІІІ ғасырдың аяғында ғана ауа – газдар қоспасы екендігі анықталған.

Ауа жер ғаламшарының белсенді тіршілігі бар аймағы - биосфераның маңызды бөлігі. Атмосфера күн әулелерін шашыратып, жайып тарататындықтан, күндіз жер беті қатты қызып кетпейді.

Табиғаттың әр – түрлі құбылыстарында мысалы, жер сілкініінде, жанартау атқылағанда,

Отын жанғанда, завод, фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралуы мүмкін. Ал көмір бензин және т.б. отындар толық жанбаса атмосфераға күйе, иіс газы, тағы басқа газдар таралады.Ұшақ пен космостық ракета қозғалтқыштары да атмосфераға улы газдар таратады, бұл газдар да қоршаған ортаның бүлінуіне әкеліп соғады.


2.5 Диффузия

Диффузия (лат. dіffusіo – таралу, жайылу) – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозгалыстарга ұшырай отырып, сол дене конңентрациясының селдір аудандарына қарай жылжуы;молекулалардың жылулық қозғалысы салдарынан шеқаралас орналасқан әр түрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Диффузия дененің бүкіл көлеміндегі концентрация мөлшерінің бірте-бірте теңелуін, сөйтіп оның бірқалыпты сипат алуын қамтамасыз етеді. Кейбір денелердің өте шағын бөлшектері ғана емес (атомдар,молекулалар, ), біршама ірі түйіршіктері де диффузиялық қасиетті иемденуі мүмкін.


Диффузия жылдамдығы температураға тікелей байланысты, алайда бүл процесс газдарда өте тез, сүйықтарда одан гөрі баяу, ал қатты заттарда өте баяу өтеді.

Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өздік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы — диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия коэффициентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі — м2/сек. Диффузия құбылысы табиғатта маңызды роль атқарады: атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының біркелкі болуына ықпал етіп, өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады.



Диффузия - бір кезде игерілген және пайдаланылған инновацияның жаңа жағдайда, жаңа орындарда таралуы.


2.6 Заттың күйлерінде диффузия құбылысының байқалуы
3.1 Аристотельдің өмірбаяны
Аристотелдің табиғат жайлы жазған кітабы “Физика” деп аталған. Осыған орай Аристотильді физиканың негізін қалаушы деп те атайды. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (Архимед заңы) ашты , қарапайым механизмдерді зерттеді.Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.

Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші үстазы сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу арқылы өз заманына сай морфологиялық ғылыми түжырымдар жасаған. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратындығын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дүрыс түсініп, жүйкені (нервті) басқа мүшелерден ажырата білген. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған.

Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.

Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.

Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.

Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.

Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады.
3.2 Әбу-Насыр Әл-Фараби еңбектері

Әбу Насыр Әл-Фараби (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы)Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби(870-950ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.



Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.

Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың«толық адам»жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, есімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған.

Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.


3.3 М.Ломоносовтың зерттеулері

Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.

М.В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж.) жалпы негіздік сипатына назар аударды;

(1741-1750 ж.) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;

(1744-1748 ж.) жылудың кинетикалық теориясын ұсынды;

(1747-1752 ж.) химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін «физикалық химия», тәжірибелік бөлімі үшін «техникалық химия» атауларын ұсынды.



Еңбектері мен зерттеулері

Оның еңбектері табиғи философияны тәжірибелік жаратылыстанудан бөліп қарайтын ғылымның дамуына негіз болды. 1748 жылға дейін Михаил Васильевич Ломоносов көбінесе физикалық зерттеулермен айналысты, ал 1748-1757 жылдар аралығында оның еңбектері негізінен химияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталды. Атомдық түсініктерді дамыта отырып, ол алғаш рет денелердің «корпускулалардан», ал олардың өз кезегінде элементтерден тұратындығы туралы пікірін айтты. Бұл тұжырым қазіргі заманғы молекулалар мен атомдар туралы түсініктерге сәйкес келеді.

Ол салыстырудың нақты әдістерін жасап шығарды, сандық талдаудың көлемдік әдістерін қолданды. Пісірілген түтіктерде металдарды күйдіру тәжірибесін жасау кезінде (1756 ж.) олардың салмағы қыздырудан кейін өзгермейтінін көрсетті және Р. Бойльдің металдарға жылулық материя қосылуы туралы ойының қате екендігін көрсетті.

Денелердің сұйық, газ тәрізді және қатты күйлерін зерттеді. Ол газдың кеңею коэффициентін айтарлықтай дәл анықтады. Тұздардың әртүрлі температурадағы ерігіштіктерін, электр тогының тұздардың ерітінділеріне әсер ететіндігін зерттеді, таза еріткішпен салыстырғанда тұздарды еріту және ерітіндінің қату нүктесін төмендету кезінде температураның төмендеу деректерін анықтады.

Әртүрлі аспаптарды (вискозиметр, вакуумдық сүзу жабдығы, қаттылықты анықтайтын құрылғы, газды барометр, пирометр, жоғары және төменгі қысымда заттарды зерттеу қазандығы) ойлап тапты, термометрлерді жеткілікті дәлдікпен градуирледі.

Көптеген химиялық өндірістердің (бейорганикалық пигменттердің, глазурлердің, шынының, фарфордың) негізін қалаушы. Мозайкалық суреттерді жасау үшін қолданған түсті шынылардың әдістемесін және технологиясын әзірледі. Форфорлық массаны ойлап тапты. Кендерді, тұздарды және басқа өнімдерді талдаумен айналысқан. «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі» еңбегінде әртүрлі металдардың қасиеттерін қарастырды, оларды бөлу және алу әдістерін сипаттады. Химия бойынша басқа әртүрлі жұмыстармен қатар бұл еңбек орыстың химиялық тілінің негізін қалады.

Табиғаттағы әртүрлі минералдардың және кенсіз денелердің пайда болу мәселелерін қарастырған. Топырақ гумусының биогенді түзілу идеясын айтқан. Мұнайдың, тас көмірдің, торфтың және янтарьдың органикалық түзілуін дәлелдеген. Темір купоросының, мыстың мыс купоросынан, күкірттің күкіртті кендерден, кварцтың, тұз, азот және күкірт қышқылдарын алу үрдістерін сипаттаған.

Орыс академиктерінің алғашқысы болып химия және металлургия бойынша кітаптар («Физикалық химия курсы», 1754 ж.; «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі», 1763 ж.) дайындады.

Мәскеу университетін құрудағы (1755 ж.) еңбегі зор, оның оқу бағдарламасын және жобасын өзі жасаған. Оның жобасы бойынша 1748 жылы Петербург ҒА-ның Химия зертханасын салу құрылысы аяқталды. Қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің негізін жасады. Ол ақын және суретші болған. Тарихтан, экономикадан, филологиядан бірқатар еңбектер жазған.
3.4 Роберт Гуктың ашқан жаңалықтары

Гук Роберт (ағылш. Robert Hooke;1635 - 1703) - әйгiлi ағылшын жаратылыстанушы, ағылшын Уайт аралында Фремуотер деген жерде жергiлiктi шiркеудiң аға попы жанұясында дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. Университеттегi мұғалiмдердiң бiрi Р.Бойльге эксперименталды зерттеулерiне ассистент (көмекшi) ретiнде Г. Роберттi ұсынады. Бойль мен Гук ынтымақтастығы нәтижелi болды.

1662 ж. Бойльдың көмегiмен Гук Лондонның Корольдiк қоғамына көрсетушi қызметiне орналасады. Бiрақта Гуктың басты мақсаты ғылыми зерттеулер едi. Гук алғашқы жеке өзi жазған каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн 1661 жылы жариялады. Кеиiн ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi. Әрбiр осы салаларға ол өзiнiң үлкен үлесiн тигiздi.

Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кетедi, бұл ойлары үшiн ол жарықтың толқындық теориясын қалаған ғалымның бiрi болып саналады.

1666 жылдан бастап көп жылдар бойы Лондонның Корольдік қоғамына, әртүрлi жаратылыстану мәселелерiне арналған лекцияларын оқиды. Бұл лекцияларда Гук өзiнiң зерттеулерiнiң нәтижелерiн және басқа ғалымдардың еңбектерiне анализдерiн баяндайды. Лекцияларының бiрi серпiмдiлiк мәселерiне арналды. Серпiмдiлiктiң түсiнiктемесiнiң кең түрде түсiнiк беруi (Гук терминi боиынша «қайтарушы күш») оны жалпы заңды орнатуға алып келдi, бұл заң Гук атымен аталады. Гуктың теориялық қорытындысы эксперименттермен дәлелденiлiп келетiндiктен оның серпiмдiлiк заңы ешқашан күдiк тудырмады.

Әйтсе де Гуктың жан-жақты ғылыми қызығушылығының терiс нәтижелерi де болды. Ол өзiнiң зерттеулерiн жиi аяғына дейiн жеткiзбейтiн, мысалға, Ньютонның бүкiл әлемдiк тартылыс заңына негiз салған болатын, Гук 1674 ж. Ньютонның көз қарасына сәйкес көз қарастары жарияланған.

Бiрақта ғылымға деген шынайы берiлгендігi арқасында, өзiнiң қиын мiнезiне қарамастан Гукты Англияда ғана емес, Еуропада да құрметтейтiн.
3.5 Роберт Браун

Броун Роберт (Brown, Robert) (1773 – 1858), ағылшын ботанигi, 1773 жылы 21 желтоқсанда Монтроузда (Шотландия) дүниеге келдi. Абердинск және Эдинбург университеттерiнде (1789 – 1795) медицинадан бiлiм алады. Бес жыл бойы Британ армиясында хирургтың ассистентi болып жұмыс iстедi. 1798 жылы Лондонда Корольдiк қоғамының президентi Дж.Бэнкспен танысып, кейiннен оның ұсынысы бойынша 1801 жылы Австралияға баратын экспедицияға қатысуға шақырылды. 1805 жылы 4000 астам түрлi өсiмдiктер коллекциясымен Англияға оралды. 1810 жылы Австралия флорасына арналған еңбегi жарық көрдi. Сол жылы Бэнкстың жеке кiтапханашысы болды. Ол қайтыс болғаннан кейiн 1820 жылы оның кiтапханасы және барлық коллекциялары мұра етуi бойынша Броунға өмiр бойы иеленуге берiлдi. 1827 жылы ол олардың бәрiн Британ музейiне тапсырып, оның ботаника бөлiмiнiң сақтаушысы болды. 1849 жылдан 1853 жылға дейiн Броун Линнеевск қоғамының президентi болды.

Броунның негiзгi еңбектерi морфология мен өсiмдiктер систематикасына арналған. Ғалым алғаш рет тұқым шоғыры құрылымын жазып шықты, ашық тұқымды және жабық тұқымды өсiмдiктер арасындағы ерекшелiктi (1825ж.) орнатты, жоғарғы сортты өсiмдiктердегi жыныстық тозаңдану процесiн байқады. Бөлшектердiң табиғатын микроскоппен бақылап, тыныштықтағы суда олардың кез келген жаққа бейберекет қозғалыс жасайтынын (1827ж.) байқады. Сонымен қатар, кез-келген басқа бөлшектердiң де суспензиясы дәл сондай сипатта екенiн көрсеттi. Бұл құбылыс кейiннен броундық қозғалыс деген атқа ие болды. 1831 жылы Броун өсiмдiк клеткасының ядросын зерттеп жазды.

Броун 1858 жылы 10 маусымда Лондонда қайтыс болды.


2.6 Демокриттің атомға көзқарасы

Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.

Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.

Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:

Сезім арқылы танып-білу,

Ақылмен танып-білу.

Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.

Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты.

Кіріспе

«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.

Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
3.7 Ньютон әлемі

1642 жылы дүниеге келеді. Ол туғанда әлжуаз және кіп-кішкентай болған екен. Ол тұйық, биязы, елден ерек болғанымен, өте кемеңгер адам болған. Оның аты – Исаак Ньютон.

1666 жылы Ньютон Англияның біраз жерін жайлаған індеттен сақтанып, анасының фермасына барып тұрақтайды. Бір күні ол үй маңындағы жеміс бағындағы ағаштан алманың құлап түскенін көреді. Алманы жерге тарқан күш Айды да тартып тұрған болар деген ойға кетеді.Ньютонға дейін ешкім де Жерді айнала қозғалып жүретін Айды немесе күнді айнала қозғалып жүретін планеталарды қандай күш тартып тұратынын білмеді. Ерте кезде адамдар қозғалысы құдайдың қолында деп есептеген. Ньютон шындықтың көзін ашып берді. Ньютон планеталар Күннің тартылыс күшінің әсерімен орбитада көлбеу сызықты қозғалыс жасай отырып айналатынына көз жеткізеді. Ол тартылыс күшін есептеп шығарды және Әлемдегі барлық нәрселердің қозғалысын басқаратын үш қозғалыс заңын әзірледі. Бұл ең үлкен ғылыми жаңалық болды.

Исаак Ньютон адамдардан көңілі қалып, көп уақытын жалғыз өткізеді. Мектепте достары да онша көп болмады. Ньютон бос уақытында ойыншықтар құрастырумен шұғылданды. Әсіресе, оның кішкентай жел диірмені балаларды ғана емес, үлкендерді де тандандырды.


3.10 Совет Исатаев – физика ғылымын әлемге танытқан

жаңашыл физик.

Əр сала мен мамандықтың бетке ұстар білікті мамандары болатыны ақикат. Қазақстан Республикасының ғылымы да бүгіндері əлемдік денгейде

иык тірестіре аларлык дəрежеге жеткені тағы мəлім. Ал мұндай жетістіктер

мен табыстарға біздің кеше де, бүгін де, ертең ле мақтанарлықтай тұлғаға

айналған ғалымдарымыз айрықша үлес қоскандығын қалай айтсақ та қисыны

бар. Қазақстандық физика ғылымын əлемге танытқан сондай ғалымдардың

бірі - Совет Исатаев. Оның есімі еліміздегі ғана емес, дүние жүзіндегі

танымал физик-ғалымдардың қатарында аталатындығын екінің бірі біле

бермес. Өйткені табиғатынан қарапайым Сəкең «мен осындаймын, қазақтың

атын шығарған мынандай физиктерді баулып, тəрбиеледім», . деп

мақтанған адам емес. Сондықтан болар, ол кісінің еңбектері мен ашқан жаңа-

лықтары жəне қазақстандық физика ғылымын дамытудағы қыруар еңбегі

туралы білетіндер, көбінесе, физиктер ғана. Ал басқа мамандық иелері

Сəкеңді тек физик-ғалым ретінде ғана танып, оның осы бір ғылыми атағының

астарында жалпақ жұртқа беймəлім сырлар жаткандығын біле бермейді.

Еліміз егемендік алып, төрткүл дүние танып жатқан шақта жəне Сəкең

жетпістің қырқасына шығып отырған сəтте жылдар бойы айтылмай келген

бар шындықты сыр қылып, жыр қылып айтудың реті келіп-ақ тұр...

Совет Исатайұлы Қарқаралы ауданы «Совет» колхозында 1932 жылы

дүниеге келген. ұлы Отан соғысы жылдарында бұғанасы бекімей жатып

еңбек майданына қызу араласты. 1945 жылы 13 жасында колхозда ұста

болып еңбек етті. 1950 жылы Қарқаралы қаласындағы орта мектепті

бітіргеннен соң Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика

факультетіне түскен болатын. Міне, сол жылдардан бастап Сəкең физика

ғылымының құпиясы мен сырын терең меңгеруге біржола бет бұрған

болатын. Жарты ғасырдан астам өмірін бір ғылымға арнап, оның үстіне

қатардағы жай ғалым ретінде емес, білігі мен білімін мойындататындай еңбек

сіңірген айтулы ғалым болды.

Сəкең ғылыммен біржола айналысқан жылдары одақ қауіпсіздігін сақтау

жəне мемлекеттік құпия белгісімен ерекшеленетін ғылым салалары бойынша

басқа ұлт ғалымдарын қатыстыру, ғылыми жұмысқа тарту мүлдем

болмайтын. Бола қалғанның өзінде өте сирек кездесетін. Оның өзінде сол

ғылым саласына бейімі мен ынтасы айрықша ғалымдар ғана

қатыстырылатын. Бұл, кеше айта алмасақ та бүгін нақты дəлелдермен атап

көрсететін ащы ақиқат. Сəкең, міне, сондай шектеушіліктер мен талаптардың

бəрінен өтіп, отыз жылдай бұрын қазақ физиктері арасынан ракеталық-

космостық техниканың бас конструкторы С.Королев атындағы "П/я - В 8685"

іргелі бас институтының тапсырмасы бойынша ауқымды ғылыми-зерттеу

жұмыстарын жүргізу құқығына ие болған басқа ұлт өкілдері арасындағы

ғалымдарының бірі болды. Міне, сол уақыттан бері Сəкең тапсырманы

ғылыми негізде ықтияттап орындаумен қатар, осы салада одақтың мүйізі

қарағайдай ғалымдары мойындаған бірқатар жаңалықтар енгізді, жаңа үрдіс

қалыптастырды. Сəкең осы зерттеулерінің негізінде КазМУ-дің физика

факультеті жанынан сұйық азотпен қамтамасыз ететін криогенді лаборатория

ашты. Бұл сол жылдары Қазақстанда тұңғыш еді. Бүгінде осы лаборатория

өнімдерін Алматының барлық дерлік кəсіпорындары пайдалануда.

Сəкеңнің ғылым жолындағы шыққан биігі мен жеңісі оның жан-жақты

білімдарлығы мен өз мамандығына деген шексіз сүйіспеншілігінің жемісі. Ол

аспиранттан бастап факультет деканына дейінгі жолдап өтті.

1990 жылы Совет Исатайұлына КСРО Жоғары аттестациялық

комиссиясының шешімімен ұзақ жылғы жемісті ғылыми жəне педагогикалық

еңбегі үшін профессор ғылыми атағы берілген болатын. Ал мұндай құрметті

атақ қазақ ғалымдарына оңай берілмейтіндігі тағы мəлім.

Сəкеңнің жалпы жұртшылық біле бермейтін тағы бір қасиеті бар. Ол 1969-

1972 жылдары физика факультетінің деканы болып жүргенде талантты қазақ

жастарын физика ғылымы саласына бейімдеуге айрықша еңбек сіңірді.

Оларды физика ғылымының беймəлім кыр-сырларына терең үңілуге

баулыған қажырлы еңбегін бүгіндері осы ғылым саласының ғалымдары

болып отырған талай азаматтардан жиі естиміз. Ол өзі тəрбиелеп, оқытқан

білімді шəкірттерін кезіндегі Одактың іргелі жоғары оқу орындарына

мақсатты аспирантураға жіберіп, айрықша қамқорлық, ұстаздық ұлағат

көрсете білді. Сол аспиранттардың басым бөлігі бүгіндері физика ғылымы

саласындағы білікті ғалымдар болып шықты. Кешегі коммунистік

идеологияның күшіне еніп тұрған қатал кезеңінде қазағының келешегін

ойлап, қазақ жастарының болашағына бағыт-бағдар беру екінің бірінің

қолынан келе бермейтін ерлікпен пара-пар. Сол шəкірттері ұстаздың еліне

деген патриоттық сезімін дұрыс ұғына отырып, ол көздеген биіктен көріне

алды. Солардың қатарында Қазақстан Республикасы ұлттық Ғылым

академиясының мүше-корреспонденттері, профессорлар М.Əбділдин,

Ф.Бəйімбетов, Ш.Сəрсембинов, Жоғары Мектептер Халықаралық ғылым

академиясының академигі Т.Қожамқұлов жəне тағы басқалары бар.

Сонымен бірге, С.Исатаев жоғары білікті маман кадрлар даярлауда да өз

əріптестеріне көрсетер үлгі-өнегесі мол ұлағатты ұстаз бола білді, болып та

келеді. Оның шəкірттері арасынан төрт адам ғылым докторы атанды. Олар

бүгінде КарМУ-дің ректоры, техника ғылымдарының докторы, Жоғары

Мектептер Халықаралық ғылым академиясының академигі, профессор

Ж.Ақылбаев, осы университеттің ғалымдары Қ.Құсайынов,

А.Тұрмұхамбетов. Ал алматылық ғалым Зейнолла Жаңабаевтың есімін

ғылыми жаңалығымен дүниежүзін мойындатқан санаулы ғалымдардың бірі.

Оның есімімен бүкіл қазақстандықтар мақтана алады. Сəбең өз шəкірттері

арасынан 23 ғылым кандидатын тəрбиелеп шығарды, олардың арасынан тағы

да қаншама ғылым докторлары шығатындығына ешқандай күмəн жоқ.

С.Исатаев есімі кешегі одақ көлеміне таныс болғандықтан, ол қатыспаған

халықаралық жəне бүкілодақтық симпозиумдар мен конференциялар жоқ

десек те болады. Ол жасаған зерттеу тəжірибелерінің қорытындылары көпте-

ген халықаралық монографиялар мен оқулықтарға енген. Əсіресе

аэродинамика жəне жылумассаалмасу саласындағы еңбектері өзінің тұңғыш

зерттеу нəтижелерімен құнды.

Сəкең тəжірибелік аэродинамика жəне жылу физикасы саласындағы

бірегей ғалымдардың бірі. Ол цилиндрді жəне басқа да денелерді ауа мен

сұйықтың жанап ағып өту физикасының құпиясын анықтаған. Бұл тақырып

бойынша оның көптеген шəкірттері талай жаңалықтар жасады.

Сəкеңнің ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің нəтижесі мынадай: 230-дан

астам ғылыми мақала мен монография, 8 оқу-əдістемелік құрал жазған. Ол

физика мен астрономия бойынша қазақ-орыс жəне орыс-қазақ

терминологиялық сөздігін жасаған авторлар ұжымының жетекшісі болды.

Өзінің студенттік шағында-ақ ғылымға бейім, əрі талапты жас екендігін

аңғартқан Сəкеңнің жасаған ғылыми жаңалықтары Қазақстан тарихында

өзіндік орынын алып отыр. Соның бірі 1953 жылы жасаған ел тарихындағы

тұңғыш аэродинамикалық труба. Ол 1959 жылы үлкен жылдамдыққа дейінгі

аэродинамикалық трубаға ұласты. Оны жерлес ғалымымыз 1978 жылы

Қарағанды мемлекеттік университетіне тарту еткен болатын. Бүгінде сол

труба оқыту жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдаланылып жүр. Демек,

қарағандылық студенттер арасынан да Сəбең секілді білікті ғалым шығуға

мүмкіндік жасалғаны ғой. Қашанда қазақ жастарының болашағын ойлауды

мұрат тұтатын Сəкеңнің бұл кадамын ерлікпен теңестірсек несі айып. Сəкең

осы жасаған ғылыми жаңалықтары негізінде дыбыстан жоғары

аэродинамикалық труба жасаған болатын.

Совет Исатайұлының тек физика ғылымы саласында ғана емес, қазақтың

мəдени тарихына да қалдырған ізгі мұрасы талай ғасырдар бойы

айтылатындығы ақиқат. Совет Исатайұлы үшін 1979 жылы Қызылорда

жерінде тұрғызылған ғұлама бабамыз Қорқытқа салдырған ғажайып

ескерткішінің орны тіпті бөлек. Бұл жай ғана тұрғызыла салынған ғимарат

емес, оның үнемі желдің əсерімен Қорқыт бабаның күйі сарындас дыбыс

шығарып тұратындығын жақсы білеміз. Бұл оңай жасалына салынған

жаңалық емес. Ол Сəкеңнің үйқысыз өткен түндері мен ғалымдык терең

зерделілік еңбегінің жемісі. Міне, ғасырлардан ғасырларға жетерліктей

осындай тарихи мұра . жел қобыз жасаған Сəкең қандай құрметке

болмасын лайық.

Қазақ физик-ғалымдарының атасы аталып, əрі жол нұсқаушысы құрметіне

бөленген, ұлт жастары арасынан елімізге ғана емес бүкіл əлемге танымал

білікті мамандар даярлаған, əрі қазақстандық физика ғылымы саласын өрге

сүйреп, талай тың жаңалықтар енгізген, елі мен жерінің нағыз патриоты,



бүгінде 70 жасқа толып, мерейтойы ортақ қуанышымызға ұласқан . Совет

Исатайұлы, міне, осындай жан.
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет