Түсінік хат («Химия тарихы» таңдау курсы, сыныбы, аптасына сағат, барлығы 34 сағат)



бет1/5
Дата31.01.2022
өлшемі140 Kb.
#116667
  1   2   3   4   5
Байланысты:
химия тарихы 8 класс дайын
өсімдік физ.сабақ жосп., Тарих айлық есебі, 10 БЖБ ЖМБ 4t, Бұйымды безендіру, Ашық сабақ, 7 нуска


Түсінік хат
(«Химия тарихы» таңдау курсы, 8 сыныбы, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Қазіргі таңда білім беру мен тәрбиелеуді мықтап қолға ала отырып, ұрпақты жан-жақты дамыта оқытып, саналы азамат етіп шығаруда ұстаздар қауымы аянбай тер төгуге тура келеді. Еліміздің ертеңі мен болашағымыз балалар десек, олардың терең білім алуына өз таңдаулары ескерілді.

Химия тарихы – білім алудың негізгі көзі болып саналады. Оқыту процесіне химияның даму тарихы арқылы оқытудың мынадай дидактикалық принциптерін іс жүзіне асыруға болады:

1. Оқушылардың белсенділігін және өз бетімен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

2. Білім мен біліктілік жинақтығын қамтамасыз етуге;

3. Пәндік оқытудың өмірмен байланыстығын қамтамасыз етуге;

4. Кәсіптік бағдар мен политехникалық білім береді.

Химиядан сабақ бергенде негізгі дидактикалық принципті еске ұстау керек. Ол оқытудың, яғни білім беру мен тәрбие және дамытудың бірлігі. Алған білімдерін тереңдей түседі, ой-өрісі дамиды, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді. Өздігінен іздену арқылы оқушылар еңбекке үйренеді, жауапкершілік пайда болады, бір бағыттылық, мақсатқа жету үшін қайтпайтын қайсарлық пайда болады. Курс барысында пән аралық байланыс та іске асады, табиғаттың тұтастығы туралы көз-қарас қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет