Турабаева акмарал айдаровна



бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9932
түріДиссертация
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 331.221.121:371.124 Қолжазба құқығында


ТУРАБАЕВА АКМАРАЛ АЙДАРОВНА
МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның



РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013 жыл.

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ш.М.Майгельдиева

Ресми оппонент: Абай Атындағы Қазақ Ұлттық

педагогикалық университетінің

профессоры, педагогика

ғылымдарының докторы М. Абсатова

Диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Музыка-педагогикалық факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, К.Байсейітова көшесі, №100 үй) танысуға болады.

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады. Қай кезде де білім бастауын мектептен алады, сондықтан мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады.

Жан-жақты «қаруланған» білім мен білік өрісті іске жол ашып қана қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», дей келіп: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», -деді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы ел тарихында жаңа дәуірді бастап беріп отыр. Қашанда саяси маңызын жоймайтын Жолдаулар ертеңгі ел болашағының кепілі деп білеміз. Еліміздің тәуелсіздік алып, дамудың даңғыл жолына түскен күнінен бастап, Елбасымыз мемлекеттің стратегиялық дамуының кезеңдерін, жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге, әл-ауқатымызды тұрақты жақсартып отыруға баса назар аударып келеді. Осы салиқалы саясаттың арқасында әлем халқы бүгінгі Қазақстанның келбетін геосаяси маңызы зор ел ретінде таниды.

Жолдауда маңызды мәселенің бірі – білім саласының жай-күйі кеңінен сараланған. Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен балабақшалар салу арқылы заманауи бі­лім беруді қалыптастыру, әлемдік деңгейдегі мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін одан әрі дамыту, білікті мамандар қатарын көбейту.

«Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, білімділік пен біліктілікті қажет етеді.

Елбасымыз әрдайым атап көрсететіндей, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені баршамызға аян. Жас ұрпақтың тағдыры, олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Бүгінгі Қазақстан қоғамының тұтастай алғандағы әлеуметтік әлеуеті осындай ұстаз даярлау ісіне бүкілхалықтық нышан беруге мүмкіндік берілуде. Осыған сәйкес білікті мұғалім кадрларын даярлайтын білім Ордаларының алдында өз жұмысын уақыт талабына сай қайта құру міндеті тұр. Бұл өзгерістердің негізгі бағыттары мен мән-мазмұны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бекіткен «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған. Бағдарлама білім саласында осы күнге дейін орын алып келген олқылықтардың орнын толтыруға, еліміздегі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ел экономикасының тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту­ға қол жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ бағдарлама барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін қаржыландыруды жақсарту, педагог мәртебесін көтеру, білім беру менеджментінің сапасын жақсарту, электронды оқулықтарды жүйелі түрде енгізу, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие, орта білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары және жоғары мектептен кейінгі білім беру, тәрбие жұмысы және жастар саясаты тәрізді мәселелерді түбегейлі шешу міндеттерін қамтиды.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.

Сондықтан, қазіргі проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының заманауи талаптарына және ғаламдық білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.

Педагогтардың кәсіби сапасын арттыру, олардың педагогикалық білігін қалыптастыру О.А.Абдуллина, С.И.Архангельский, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель зерттеулерінде; мұғалімнің инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру М.И.Дьяченко, Г.Қ.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова еңбектерінде, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру А.Е.Әбілқасымова, Б.Б.Баймұханов, Е.Ы.Бидайбеков, К.К.Закирьянов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Қабдықайыров, Е.Ө.Медеуов, Д.Рахымбек, С.Е.Шәкілікова, Б.А.Әлмұханбетов еңбектерінде зерттелген.

Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі – жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Оларды кәсіпкерлікке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.

Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру мәселесін ғалымдар жан-жақты зерттегенмен де педагогтардың біліктілігін, құзіреттілігін жетілдіруде төмендегідей қарама-қайшылықтар біршама қиындықтар туғызуда, олар:

1) педагогтардың кәсіби дайындығына қойылатын жоғары талаптар және педагог мамандығының беделінің күрт төмендеуі арасындағы;



2) қазіргі заманауи жағдайында мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілік деңгейіне деген талаптың күрделенуі.

Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, оқыту үдерісінде де жаңа технологияны ендіру қажеттігі туындап отыр. Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін арттырудың қажеттілігі және мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды «Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдіру» деп таңдауымызға негіз болды.



Зерттеудің мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдіруді теориялық негіздеу және тәжірибеде қолдану жолдарын анықтау.

Зерттеудің нысаны: Орта мектептегі білім беру үдерісіндегі мұғалімдердің инновациялық біліктілігі

Зерттеудің пәні: Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдіру мәселесі

Зерттеудің міндеттері:

  • мектеп мұғалімдерінің біліктілігін жетілдірудегі жаңа оқыту әдістерін қолданудың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;

  • мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдірудің тиімді жолдары мен әдістерін практикада қолдану жолдарын нақтылау;

  • озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, насихаттау, тарату және ендіру;

  • білім беру жүйесіндегі жаңа оқыту әдістерін пайдаланудың тиімділігін салыстырмалы талдау.

Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі заманғы даму үдерісіне сай қоғамның талабы мен сұранысын қанағаттандыратын мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру үшін инновациялық оқыту технологиясын педагогикалық үдеріске енгізу арқылы инновациялық біліктілікті жетілдіру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін: философиялық ілімдер, педагогика ғылымындағы әдістемелік теориялар, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, оқу-тәрбие мәселелеріне арналған тұжырымдамалар.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 050103-Педагогика және психология» мамандығы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, педагогикалық оқулықтар, ғылыми-теориялық материалдар, мерзімді басылымдар жарияланымдары.

Зерттеудің әдістері: педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау, инновациялық педагогикалық тәжірбиелерді жинақтау және зерттеу, отандық және шетелдік зерттеулерге салыстырмалы талдау жасау, жалпылау және эмпирикалық бақылау, әңгімелесу, сауалнамалық, анкеталық педагогикалық тәжірибе, біліктілігін жетілдіру курстарына тәжірибелік-эксперимент жүргізу.

Зерттеудің болжамы: егер мектеп мұғалімдерінің біліктілігін жетілдірудің жаңа жүйесі тиімді қолданысқа ие болса, онда педагогтың инновациялық біліктілігі белгілі дәрежеде қалыптасады.

Зерттеу базасы: Жалпы білім беретін орта мектеп және «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2011-2012ж.ж.) зерттеу тақырыбы бойынша проблеманың теориясы мен қазіргі жағдайы қарастырылды, зерттеудің әдіснамалық базасы, мақсаты, міндеттері, нысыны, пәні, болжамы, жетекші идеясы анықталды;

Екінші кезеңде (2012-2013ж.ж.) жиналған материалдарды, ғылыми-теориялық талдау, жүйелеу және қорытындылау жүргізілді, зерттеу проблемасы нақтыланды. Магистрлік диссертацияның теориялық бөлімі жазылып, экспериментке материалдар дайындалды.

Үшінші кезеңде (2013 жылдың ортасы) тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне талдау жасау және өңдеу, теориялық тұжырымдарды нақтылау, қорытындыларды тұжырымдау, мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін арттырудың жолдары бойынша алынған негізгі нәтижелерді, әдістемелік ұсыныстарды дайындау жүзеге асырылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жүйесінде инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары айқындалды;

  • мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдірудің әдістемесі жасалынды;

  • жасалған әдістемелік материалдарды мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдалану.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үрдісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеудің нысаны, пәні, ғылыми болжамы, зерттеудің жетекші идеясы, міндеттері, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің тәжірибе – эксперименталдық базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, зерттеудің теориялық маңызы, зерттеудің практикалық маңызы, күтілетін нәтижелер, қорғауға ұсынылатын қағидалар беріледі.

Бірінші тарауда «Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде зерттеу мәселесінің инновациялық біліктілік ұғымы (философиялық, социологиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда) анықталады; инновациялық технологияларды дамытуға кәсіби даярлаудың мәні мен мазмұны және әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары баяндалып, мектеп мұғалімдерінің біліктіліктерін жетілдірудің жүйесі мен жаңашыл бағыттары ашып көрсетіледі.

Екінші тарауда «Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдіру әдістемесі» атты екінші бөлімде мектептегі оқу үдерісінде инновациялық технологияларды жүзеге асырудағы мектеп мұғалімдерінің жаңашыл көзқарастарын қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесі дайындалып, қазіргі білім беру технологияларын пайдалану мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері ұсынылды.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында қарастырылған философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттер қамтылды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп бекер айтпаған.

Қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады. Қай кезде де білім бастауын мектептен алады, сондықтан мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады.

Ұстаздардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін түбегейлі жаңғыру үшін Үкіметтің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 Қаулысына сәйкес, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі Ұлттық орталық – «Өрлеу» акционерлік қоғамы құрылды. Ұлттық орталықтың миссиясы – әлемдік және қазақстандық тәжірибені тарату, корпоративті басқару негізінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін педагог қызметкерлердің біліктілігін жүйелі арттыру.

Білім беру жүйесін дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттерді шешу мақсатында «Өрлеу» «Біліктілігі арттыру ұлттық орталығының 2012-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы» жасалды.



Жаңа бағдарламада білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами ка­питалдың дамуына айрықша ден қой­ылған. Оның нәтижесінде экономиканың және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.

2020 жылға дейін әр жыл сайын 73,3 мың педагогикалық қызметкерлер біліктілік арттыру курстарынан өтеді


1 сурет - Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі – мұғалімнің стратегиялық дамуының негізі
БАҰО «Өрлеу» Акционерлік Қоғамының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту болып табылады.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Яғни, инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі іспеттес. Қашанда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі мұғалімнің инновациялық біліктілігін жетілдірудің негізгі ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамытып, үнемі ілгері өрлеуіне қажеттілік тудыру. Әрине инновациялық педагогикалық технологиялар саны жеткілікті әзірленіп, даярланғанын бәріміз білеміз.

Жалпы білім беру саласында технология туралы екі түрлі пікір қалыптасып отыр. Бірінші, технология – өнер, шеберлік деген ұғымның синонимі ретінде аталады, яғни педагогикалық шеберлік деген ұғымды білдірсе, екіншіден, білім беру ісін технологияландыру, сол арқылы жоғары сапалы өнім алу, ғылым мен өнердің синтезі деген мағынаны білдіреді.

Педагог-ғалым В.М. Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - деген анықтама береді.

«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.

Ал Н.Ф. Талызинаның анықтамасында: «Педагогикалық технология – оқытудың, тәрбие құралдарының арнайы жиынын, әдісін, тәсілін, айласын анықтайтын, психологиялық-педагогикалық нұсқаулар бірлестігі, ол педаго-гикалық үрдісті ұйымдастырудың әдістемелік құралы», - делінген. Яғни, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Аталған технология әртүрлі әдістерді, тәсілдерді, тілді оқыту жол-дарын, оны оқыту түрлерін, тәрбиелеу көздерін анықтайтын психологиялық–педагогикалық үрдістердің жиынтығы.






Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет