Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



бет40/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. 1. Етістіктің лексикалық-грамматикалық қызметі

  2. Етістік түрлері, олардың сөз тудыру тәсілдері

14 дәріс тақырыбы: Етістіктің грамматикалық категориялары



Қарастырылатын сұрақтар:

1. Рай категориясы. Рай түрлері, ерекшеліктері, тұлғалық көріністері.

2.Шақ – етістіктің негізгі грамматикалық категориясы. Шақ түрлері, берілу жолдары.

3.Етістіктің жақ категориясы. Жіктелуі.

Есім сөз тұлғасының өзгеру тәтілдері деген жалпы атпен есімдерге тән жалғаулар жинақталып отыр. Бұлай атаудың өзіндік себептері бар: салыстырмалы грамматика пәні белгілі бір тілді синхрондық жүйемен түгелдей сипаттауды мақсат етпейді. Олай болатыны - ондай сипаттау бұл пәннің міндеті емес. Әрбір тілдің грамматикалық құрылысы жайлы оқулықтар , ол мәселелер жан- жақты талданған. Екінші жағынан, салыстырмалы грамматика жеке сөз таптарының негізгі ерекшеліктері мен олардың әрқайсына тән категорияларды түсіндіруді мақсат етпейді. Тіл білімінің бұл нгізгі мәселелерді теориялық тіл білімі мен жеке тілдер грамматикасында толық айтылып, талданады. Салыстырмалы морфология теориялық тіл білімі мен қазақ тілі грамматикалық құрылысын түгелдей оқыған, олардың барынша хабарды бар тыңдаушыларға арналады. Сондықтан онда жеке сөз таптарының теориясы жайлы арнайы түсінік беру қажет емес. Осылардың барлығын ескергенде, бүкіл есімдерге тән жалғауларды осы атпен біріктіріп, жүйелей айту қолайлы деп есептедік.

Септік жалғаулары. Атау септіктің арнайы тұлғасы қазақ тілінде ғана емес, барлық түркі тілдерінде жоқ Атау деп қарауға мүмкін болатын арнайы тұлға қазіргі түркі тілдерінде ғана емес, түркі тілдерінің бүкіл даму тарихында болған емес. Бірақ соған қарамастан, өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмаса да, атау септіктің өзіне ғана тән грамматикалық мағынасы ол нольдік формада тұрған сөздің өзіне тән синтаксистік қызметі бар екенін ескеуіміз керек.

Ілік септік тұлғасының түркі тілдерінде қолданылған вариянттарын шамамен мына тәрізді топтарға бөлуге болады:

1. – ның (-нің), -ның- қырым татарлары, татар, өзбек, ұйғыр тілдері.

2. – наң, -ның, -нуң,-нөң, -дың, -лун, -дон,(-дзон), -тың, - тоң, яғни басқа дыбыс бірде н, бірде т, бірде тіс арқылы дз түрінде айтылуымен қатар, дауысты дыбыс та бірде езулік, бірде еріндік болып өзгереді. Бірақ алдыңғы топ тәрізді соңғы дыбыс мұрын жолды н түрінде айтылады. Варианттардың мұндай көп түрлілігі бір ғана тілге тән емес. Бұл варианттар қазақ, алтай, башқұрт, тува, хакас, шор тілдерінде қолданылады.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет