Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



бет41/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. түркі тілдеріндегі септік жалғауларының орын тәртібі

2. Рай түрлері

3. Шақ категориясы


15 дәріс тақырыбы: Салыстырмалы грамматика

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Сөздің грамматикалық құрамы, басты ерекшеліктері.

2.Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе.

3.Көмекші морфема, түрлері.

4.Жалғаулар, олардың түрлері.
Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің барлық топтарына тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде даралайтын мынадай морфологиялық ерекшеліктері бар:

а) Морфологиялық құрылыстың негізі – аффиксация. Олай болатын себебі – типологиялық жағынан жалғамалы топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді.

Сөздің морфологиялық құрылымы 3 элементтен: түбір мен суффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:


  1. Тек қана түбірден құралған сөз;

  2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтардан құралған сөз;

  3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан және де бір не бірнеше жалғаудан құралған сөз.

4-типтің құрамына мына тәріздес: түбір-жұрнақ (бір не бірнеше)-жалғау-аралас-қосымша-жалғау. Мысалы, дау-лас-қан-дар-дікі-нен,

ә) Сөз таптары түр жағынан басқа тілдердегі сондай типтерді негізінен қайталағанмен, олардан өзге шылаулар тобының бар екнімен ерекшеленеді. Шылаулар грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тілдерінлдегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайы жағынан олардан мүлдем өзгеше.

б) грамматикалық категориялар жүйесінде мына тәрізді ерекшеліктер бар: 1) индоевропа тілдеріндегі зат есімдер жанды және жансыз құбылыстарды білдіруіне қарай грамматикалық категорияларға жіктелсе, түркі тілдерінде адамды және басқа заттар мен құбылыстарды білдіруіне қарай жіктеледі. Грамматикалық род категориясы жоқ; 2) тәуелдік жалғаулар және тәуелділікті білдіретін конструкциялар жүйесі бар. Грамматикалық категориялардың бұл түрлері басқа тілдердегі «быть» етістігімен келетін конструкциялардың мәні мен қөызметін атқарады; 3) абстрак көптік мәннің жекелік тұлға арқылы берілуі, ал көптік жалғаудың біршама нақты мәнді білдіруі; 4) көптік, жекелік тұлғалардағы сөздерге жалғаулардың өзгеріссіз, бірыңғай жалғануы; 5) тәуелдік септеудің бар екені; 6) атау тұлғанын көп мәнділігі; 7)шығыс септікті конструкциялардың салыстырмалы шырай мәнін беретіндігі;

ІІ. Тілдің морфологиялық құрылысының даму ерекшеліктері туралы айтқанда бір ескеретін жай – түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Бір кезде П.М.Мелиоранский Күлтегін ескерткішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етісті түбірге де жалғануының себебі сірә түбір атаулының омонимдес болуынан болған шығар деген ой айтқан еді. Кейінгі уақытта да түркі тілднріндегі есім, етістік түбірледің омонимдігі проблемелық мәселе ретінде жиі сөз болып жүр. Түбірлердің бұл ерекшелігі көбіне контекст құраммында айқындалады.

Сонымен, синкретизм дегенді қалай түсінуге болады? Синкретизм немесе синкретикалық түбірлер – грамматикалық мәні мен қызметі жағынан бірдей, бірөңкей болмайтын сөздер. Синкретизм термині тілдің тарихи даму барысына қатымты қолданылады да, қазіргі тілдің құрамындағы синкретикалық ұқсас сөздер әдетте омонимдер деп аталады. Сонда; айналып келгенде, синкретизм тарихи омонимдер болып шығады.

ІІІ. Сөз құрылымы түркі тілдерінде сөздің белгілі грамматикалық мән білдіре алатын бөліктерінен тұрады.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет