Қуаныш шонбай екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы 2018



бет2/7
Дата04.10.2019
өлшемі2,23 Mb.
#49230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЕКИНШИ БОЛМА
тарбие сагаты, тарбие сагаты

ІI ТАРАУ




БІЗДЕ ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМА БАР?

БІЗДІҢ ПРОБЛЕМАЛАР

Біз өзіміздің энергиямызды басқаларға жұмсаймыз. Кімнің не кигеніне, қандай автокөлік мінгеніне, барлығына назар аударамыз, салыстырамыз. Оған қоса, әрбіреуіміздің бір болса да, «проблемный» досымыз бар, Оның мәселелерін шешіп, әңгімесін тыңдап, өз уақыты мызды аламыз.

Біз мүлде әсер етпейтін нәрселерге уақытымызды жұмсауға құмармыз: жаңа заң шықса, қолданысқа жара- майды ғой деп сын айтамыз, әліпби өзгерсе, басымызды ауыртып әліпби ойлап табамыз. Сен әсер ете алмайтын нәрсеге бекер күш жұмсап, әуре болудың қажеті жоқ, өйткені нәтижесін бәрібір өзгерте алмайсың.

Бірде белгілі блогер Ержан Рашевтің6 Instagram-да ма- хаббат туралы жазған, бірақ «мен қазақ-атеистпін...» деп басталатын постына «like» бастым. Сол кезде бір жігіт маған directке: «Қуаныш аға, мен атеистпін деген адамға қалай «like» басасыз?», – деп сұрады. Сонда адамдар «біреу атеист екен», «неге оған «like» басады» деп қан- ша күш жұмсайды. Біз өз күшімізді болмайтын, өзіміз әсер ете алмайтын нәрсеге зая кетіретінімізді тағы бір мәрте еске салғым келеді. Бір қисса есіме түсті: Баяғыда бір адам «әлемді өзгертемін» деген екен. Әлемді өзгерте алмағаннан кейін «елімді өзгертемін» деген екен. Елін өзгерте алмағаннан кейін, «өзімнің қаламды өзгертемін» деген екен, қаласын өзгерте алмаған соң, «отбасымды өз- гертем» деген, ол да болмаған соң, «ең болмаса, өзімді өзгертейін» деп айтқан екен. Өмірі өтіп, өзін өзгерткен-

6Ержан Рашев – блогер.

нен кейін, отбасының да өзгергенін байқаған. Сол кезде: «Мен қателесіппін. Әлемді өзгертпес бұрын, өзімді өз- гертуім керек еді. Өзімді өзгерткенде, қасымдағылар да өзгеретін еді» деген екен. Сондықтан да энергиямызды, күш-қуатымызды өзіміз әсер ете алмайтын нәрсеге жұм- самау өте оңай және маңызды лайфхак деп білемін. Неге бізге қатысы жоқ мәселеге бұлқан-талқан болып, күйіп-пісіп, энергиямызды кетіріп, уақытымызды жоғал- тамыз? Басқаға уақыт тапсақ, неліктен өзімізге уақыт таппасқа?

Менен көптеген азаматтар: «Қуаныш мырза, қалайша осыншама кітап оқисыз?», – деп сұрайды. Жауабым оп- оңай: біреуді өсектемесең, жаңа әліпби ойлап таппасаң, бостан бос уақытыңды алатын таныстардан құтылсаң, онда кітап оқуға да уақытың жетеді.

Алдыңғы жылы алпыс екі кітап оқып шықтым, осы жылы жетпіске жеткіздім. Кітап оқу – өзіңді дамыту- дың негізгі құрамдас бөлігі, осыны ұмытпа. Уақытты зая кетірмей, кітаптан білім нәрімен сусындап, шөліңді қандыр. Ескертетінім, кітаптың соңында, маған пайдасы тиген кітаптар мен фильмдердің тізімін беремін, кәдеге жарар деп ойлаймын.



Тағы бір мәселе – біз өзімізге «адвокат», ал біреуге «прокурормыз». Қазір біреуге кішігірім болса да сын ай- тып көрші, мысалы, «Неге кешіктің?» десең, өзін ақтап алу үшін елу екі сылтау ойлап табады. Ал кешігіп бар- шы, «неге біреудің уақытын бағаламайсың?», «ерте шықпадың ба», «өзінше болып кетіпті» дегендей, бұған да елу екі сын тауып береді. Біреудің бойынан мін ізде- генше, өзіңді түзет, мінссіз нұсқаңа талпын. Өзгемен емес. өзіңмен жарыс!

«Versus» академиясында талай дәріс өткізіп, кейстерді қарастырдық. Бес жүз мың теңге алып (иә, бір адамнан, демек, оның ақшасы бар), он мың теңге алып та, тегін де тренинг өткіздік. Үңіліп қарасақ, бәрінде мәселе бір – көп адамда мақсат жоқ! Бірақ бұл қалыпты жағдай. Себебі, мақсатты айқындау – қиын нәрсе.



Бізде тағы жетістік жоқ! Қазіргі таңда барлығы да шет тілдерін үйреніп жүр, заман талабына еліктейді. Курстарға жазылдым, тіл үйреніп жүрмін ғой деп өзін алдайды, түбінде ештеңе шықпайды. Ал шын мәнінде, жұрттан қалмау үшін емес, өзі үшін оқыса, IELTS 7 балл алса, жылына үш мың сөз жаттаса, міне, бұл – жетістік.

Тағы бір айтып өтетін мәселе – бізде мотивация жоқ. Маған келетін адамдардың 80%-ының айтатыны: «Қуаныш аға, маған мотивация беріңізші». Келіп, па- лау сұраса берер едім, ал мотивация деген – кейде бар, кейде жоқ нәрсе ғой.

Қазіргі заманда ең қиын кезең – ол жазғы және қысқы демалыс уақыты. Достарыңның барлығы қыста Тайлан- дқа, ал жазда Түркияға демалуға кетеді. Сенің де барғың келеді-ақ, бірақ мүмкіндігің жоқ. Басқаларға әрине, «ақша жоқ» деп айтпайсың, «уақыт жоқ» дейсің. Бизнесте сәтсіздікке ұшыраған жағдайда «бұйырма- ды», «көз тиді», «тағдыр жазбады» деген әңгімелер айты- лады. Оның себебін өзінен көрмейді, өзге біреуге немесе басқа бір жағдайға жаба салады.

Қарызға белшеден бату, кредит – бұл да, қазіргі таңда өте өзекті де, өміршең мәселелердің бірі. Кредит кімде жоқ дейсің, барлығында бар. Instagram-ға бір қыз жазады:

«Қуаныш аға айына он жеті мың кредитім бар еді, соны төлеп беріңізші» деп, санап көрсем, кредиті жүз елу мың екен. Әрі қарай оқуға оңай болу үшін, ол әңгімені диалог түрінде келтірейін:



  • Ашылып жазып жатыр екенсің, бізге кел, жұмыс жаса, – дедім.

  • Ага, жастайымнан тұрмыс құрдым, одан соң ажы- расып кеттім, қолымнан ештеңе келмейді, – деп әлгі қыз жауап қайтарды.

  • Онда ыдыс-аяқ жуушы бол, он бес күн жұмыс істей сің, айына жетпіс екі мың теңге аласың,

  • Жоқ, мен Алматыға бара алмаймын, тұратын жерім жоқ.



  • Тұратын жеріңді реттеп берейін.

  • Жоқ, әке-шешем бар, оларға қарауым керек, бара ал-

маймын…

Сондағысы, жүз елу мыңды «бере сал» деп тұр ғой.

Ал, «не үшін береді», «неге беруі керек» деген сұрақ ол адамда туындамады. Жұмыс бұйырып тұр. Белшеден батқан қарыздан, бітпейтін кредиттен құтылудың бір ғана амалы – тұрақты жұмыс. Көсіліп, түсіндірмей-ақ

қояйын, өзің де қорытынды жасаған шығарсың, құрметті оқырман…



Адамдардың көпшілігі өздерінің армандарынан өз- дері қорқады. «Неге?», «Бұл қалай болғаны?» деп ойлай- мын. Бұған мақсат, мотивация мен жетістіктің жоқтығы себепкер. Өткен жылы QAZAOSTAN ұлттық телеарна- сында еліміздегі алғашқы бизнес туралы реалити-шоу ұйымдастырдық, «Үміткер» деп аталады. Онда жеңіске жеткен ең үздік үміткерге бес миллион теңге жылдық жалақы мен қосымша бес миллион теңге сыйақы, яғни барлығы он миллион теңге беріледі. Шын мәнінде, осы қаражатқа қол жеткіземін деп армандап келгендер көп болды. Бірақ басым бөлігі өз арманына сенбей, одан үр- кіп, жарты жолда жобадан шығып қалды. Арманына қол жеткізе алатындығына сенімсіз адам – өзіне-өзі сенімсіз. Әр нәрсеге алдын ала дайындықпен келгенді жақсы көремін. Сондықтан да ақыл айтпастан бұрын, зерттеу жүргіздім. Өзімнің Instagramдағы @kuantr парақшамда сауалнама өткіздім. «Армандарыңызға жетуге не кедер- гі?» деген сұрақ қойдым оқырмандарыма. Енді, келген жауаптарға назар аударайық: «Арманға жетуге не кедер гі?» деген сұраққа үш жауап нұсқасын жазған Instagram қолданушыларының 81%-ы «жалқаулық – ең бірінші ке- дергі» десе, 67%-ы – «ақшаның жоқтығын» себеп қыл- са, ал 36%-ы «таныс жоқ» деп жауап берді. Үшеуін қос- қанда, 100%-дан асып кетеді ғой деп ойланба, есіңе са- ламын, әр адам үш кедергіден жазып отырды, сондықтан нәтижесі осындай.

Жоғарыда атап өткендей, сен Instagram-ға жазған ке- дергілер, адамның одан әрі дамуына, белгілі бір жеңіске жетуіне бөгет болады дейміз. Ендеше, назарларыңызға антикейс ұсынамын:



Айна Досмахамбетқызы - «Rumi Group»-та PR бөлімінің басшысы, үш баласы бар, ажырасқан. Айтып өтетін жайт әйел адам ажырасса, оған қоса балалары болса, оны біздің адамдар қоғамнан сызып тастауға тырысады. Кейде тіпті, бір баламен қалған әйелдердің өздері, қоғамнан алшақтап кетеді. Бірақ Айна ханым емес! Иә, ол ажырасқан, иә, үш баласы бар. Есесіне, ол мықты маман, біздің қызметкер, оған қоса көп саяхаттайды, балаларына ерекше көңіл бөліп, әрдайым өзіне уақыт табады. Жақында Испанияның Бе- нидорм қалашығына барып, 5,5 км қашықтықты теңізбен жүзіп «OceanMan» атағын алды. «Rumi Group»-та атқара тын қызметі үшін өзінің тұрақты жалақысы бар, дегенмен, үш баланы асырау керек болғандықтан, барлығына жеткі- зу қиын ғой. Айна ханым «жарысқа барамын» деп алдына мақсат қойды, туристік фирмамен келісті, тегін ары-бері ұшып барып келді, гидрокостюмін сатып алды, әйтеуір, «мотивация жоқ», «болмай қалды» деген сылтаумен өзін ақтап қалуға тырыспады, алды да, жасады. Қолынан келді! Таныс жоқ деп отырмай, ақша жұмсамай-ақ, алдына қой ған мақсатына қол жеткізді.



антиКейс: @aina_doskyzy



ФОРМАHНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ немесе БАРЫҢ МЕН ЖОҒЫҢНЫҢ

АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

«Егер бір сөйлеммен адамның кім екенін анықтай білмесең,

онда ол адамнан ақыл сұраудың қажеті жоқ». Нассим Талеб,

«Черный лебедь» теориясының авторы

Бізде бір мәселе бар – адамдарда форма жоқ. Мы- салы, мен тендермен айналыстым, бірақ кетіп қалдым. «Неге?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Себеп – форманың болмауы. Тендермен айналысатын адамдарға, «Не істеп жүрсің?» десең: «Әй, біздікі бизнес» деп жа- уап береді. Ал не бизнес екенін айта алмайды, себебі форма жоқ! Менің одан да, «палау сатамын» деп айтқа- ным жақсы.

Internet желісінде талай мықты азаматтар бар, бірақ кім екенін айта алмайсың, форма жоқ. Мысалы, біздің «Versus» академиясының директоры Мейірбек мыр- за кезінде блогер болып жүрген, қазір бизнес бойынша білім беретін академияның басшысы, яғни форма бар, блогер дегеннен әлдеқайда жақсы ғой.

Егер өзіміздің нақты образымызды, формамызды қа- лыптастырып алмасақ, өзіміздің абстракциялы – жалқау, еріншек образымызды жеңе алмаймыз.

Идеал образымызға жету жолдарының біріншісі – сая хаттау, ел бармаған жаққа бару керек. Егер ел қатарлы солар барған жерге барсаң, саған тың идеялар келмейді.



Мен жазда Сыктывкарға емес, барлығы сияқты Анта- лияға барсам, қазір «Rumi» мейрамханалар желісі бол- майтын еді. Егер мен басқа рестораторлар сияқты шабыт- тануға Стамбұлға емес, Мәскеуге барсам, бәлкім, «Dala» мейрамханасы болмайтын еді, Нұсрет мырзаны, Мұрат Шеф пен Оғыз мырзаны кездестірмес пе едім.

Екіншісі – кітап оқу. Кітапты біз алдымызға үш түр- лі мақсат қойып оқимыз: шабыт алу үшін үшін; ой түю үшін және сұраққа жауап табу үшін.

Бұнда да барлығы оқып жүрген кітаптарды емес, өзгеше ойлауға жетелейтін, өзіңде қандай да бір қы- зығушылық тудыратын авторларды оқу. Ол «сәнге елік- теп кітаптың бетін ашу» емес, білім, шабыт іздеу, өзгеше идеяларды іздестіру болуы керек. Маған қатты әсер еткен кітап – «Финансист», авторы – Теодор Драйзер6. Бір жақ- сы әңгіме бар, осы жерде есіме түсіп отыр. Бір баланың әкесі, ұлын кітап оқуға баулудың жолын ұзақ іздестіреді. Бір күні, ұлына күнделікті қажеттілігіне беретін ақшаны кітаптың бетіне жабыстырып отыруды ойлап табады. Со- дан, баласы ақшаны іздеп жатып, бір кітаптың бөлімін. ____________

оқиды, екіншісін оқиды, сөйтіп, кітап оқуды жақсы көріп кетеді.

Өзімізге қажет, образ қалыптастыруға көмектесетін кітапты таба білу маңызды. В контакте-дегі статус есіме түседі: «Өміріңді өзгерту үшін бір-ақ кітап жеткілікті, ал ол кітапты табу үшін он мың кітап оқып шығу керек». Жоғарыда айтып өткен «Финансисттің» басты кейіпкері Френк Каупервудтың тұлғасына, іс-әрекетіне қарап, өзіңе образ қалыптастырасың, «осы сияқты болуға ұмтылай- ыншы» дейсің. Кітапты оқып, образ қалыптастырудың тағы бір жақсы ағы, ол образды, форманы өз көзіңмен көресің, түйсігіңмен сезінесің. Ол қатып қалған образ емес, оны өзің ойыңнан құрастырасың.

Үшіншісі – телехикаялар. Қазіргі таңда телехикаялар өте көп, олармен күресудің қажеті де жоқ. Сондықтан минусты плюске айналдырамыз да, жақсы, пайдалы те- лехикаяларды көреміз. «Миллиарды», «Черный список», «Форс мажоры» деген сериалдарды көруге кеңес беремін. Ричард Талер – америкалық экономист, мінез-құлықтық экономика саласындағы зерттеуі үшін 2017 жылғы Но- бель сыйлығын иеленген. Оның тұжырымдамасы бо- йынша «Сен өзіңнің миыңды, ойлау жүйеңді өзгерте ал- майсың. Ол тек қана сенің әрекеттерін арқылы өзгереді». Абай атамыз мұны жүз жыл бұрын: «Болмасаң да, ұқсап бақ» – деп айтып кеткен.

Бір танысым тендермен айналысады. Өзінің қағида- лары бар, халыққа жақын болу, қарапайым киіну деген сияқты. Автокөлігі де соншалықты күшті емес, Жұмысы жүреді, бірақ мықты тендерлерді ала алмайды. Мәселе неде деп ойланады да, Шамиль Аляутдиновтың7 дәрісі- не барады. Сол кезде Шамильдің оған айтқаны: «өзінді табысты адам секілді ұста». Содан бері тек қана костюм киетін болды, «Land Cruiser» автокөлігін сатып алды. Нәтижесінде ісі де алға басты.

_________________

Брайан Трейсидің8 1996 жылы жазған кітабында да осыған ұқсас мысал жазылған. «IBM» компаниясы жария- лаған тендерге бір айтищник маман екі есе арзан, бірақ екі есе сапалы жұмысын ұсынған және бір компания са- пасы екі есе төмен, ал бағасы екі есе жоғары өз жұмыс- тарын ұсынады. Араларындағы айырмашылық – төрт есе. Бірақ жұмысы қаншалықты жақсы, ал бағасы арзан болғанымен, айтищник жігіт ұтылып қалады. Тендер өт- кізген «IBM»-нің басшылығынан «неге мен ұтылдым?» деп сұрағанда: «Түріңе қарап осындай жұмыс жасай ала- тыныңа сену қиын. Ал әлгі компанияның адамдарына қа- расаң, олардың біздің компаниямен жұмыс жасай алаты- нына сенесің», – деп жауап береді.

Айтайын дегенім, біз жақсыға ұмтылуымыз керек.



«Ұқсап бақ» дегеніміз, сол образга жанасатындай, сәйкес жүріс-тұрыс, әдет қалыптастыру. Киім-

кешекпен, шаш үлгісімен біз табысты адамдарга еліктей аламыз.

Ұшақпен көп ұшамын. Сондағы байқағаным, эко- ном-кластағы жолаушылардың барлығының қолында смартфон, планшет. Ойын ойнайды, кино қарайды. Ал бизнес-кластағы жолаушылар кітап, газет оқиды немесе шаршағандықтан ұйықтайды. Біз әдеттерімізбен ұқсай аламыз: кітап оқып, мағыналы сөйлеп, ойымызды дұрыс және нақты жеткізіп, сапалы киім алып.

Ең қызығы, бизнесте де осы қағидаларды ұстануымыз «Rumi»-ді танымал етті ғой деймін. Бизнесте де алдымен тауардың сапасы, одан кейін оның «орамасы», визуалды эстетикалық әсері маңызды.

Маған кәсібін енді бастап жатқан, не ісі бар кәсіп- керлер бизнес туралы, оның ішінде маркетинг туралы сұрақтарымен көп келеді. Әрине, бәрі барлық пробле- маларын шешетін қарапайым сөздер мен фразаларды _____________

күтеді. Шындығында маркетинг – буклеттердегі сиқыр- лы лозунгтер емес немесе бизнестегі құпия трюк, ком- пьютердегі жасырын программа емес. Бұл ең алдымен өз қолданушыларынның қажеттілігін түсіну, сол қажет- тілікті өтеу, оларға жақсы өнім беру жолындағы тыным- сыз еңбек.

Бәсекелестеріңнен бар өнімді аласың, оны тура сол бағаға сатасың, бірақ үстінен өзің он мың теңгенің сезімін қосасың. Тағы нақтылап айтайын, сезімін қосасың. Егер орта бағадағы мейрамхана ашсаң, ыдысың, дастарқан, орындықтар, санфаянс, салфетка, қол жуатын сабыныңа дейін қымбат мейрамханадағыдай болсын. Егер қонақүй ашсаң, «Ритц Карлтондағыдай» бәрін өз мәнеріңде жасайсың, бірақ бағасын аспандатып жібер- мейсің.

Егер көп ақша тапқың келсе, көп ақша табатын адамдарға қарап, солар сияқты киін. Егер бизнесінді да- мытқың келсе, өзіңнен қымбат бизнестерге қара. Солар істегенді істе. Сырт келбетің олардан кем түспеуі керек. Өйткені, сырт келбет адамның эмоцияларын тудырады. Біз алдымен көзбен ұнатамыз. Тамақ алдымызға келген- ге дейін-ақ бұл дәмханаға екінші рет келетін-келмейтінің жайында шешім қабылдайсың. Ал егер оның палауы дәмді болып шықса, мынадай дизайн мен баға үшін, әри- не, міндетті түрде қайтып келесің.

ІШКI КОМПЛЕКС – ЖЕҢIC ҮШІН

ТАПТЫРМАС ҚАЗЫНА

Кез келген ауруды емдеу диагностикадан бастала- ды. Диагнозы анықталмаған ауру – ең жаман ауру. Бір ауруды емдемес бұрын оның түптамырын қай- дан, қалай пайда болғанын білу керек, бұл айтпасаң да түсінікті.

Адамның өз бойындағы кемшіліктерімен күресетіні та- биғатында бар және ол кемшіліктердің де тумысынан бар екенін мойындау керек, рас. Бірақ, «қандай кемшілікпен күресу керек?», «қай аурумен күресу керек?» деген сияқты. Ал комплекс – бұл дайын тұрған диагноз. Ол өте айқын көрінеді, сондықтан да есіңді жинап бір қара саң, комплексовать етіп жүргеніңді өзің сезесің. «Комплекс – таптырмас қазына» дегенім, шартарапты айналып, психологтың немесе өзге маманның көмегіне жүгінбей-ақ өз минусыңды көріп, онымен күресе аласың. Ал бұл жолдағы негізгі құралдар – сол комплексті қабыл- дау және онымен жұмыс жасау. Көбінесе комплекстің екі түрі барын байқадым: біріншісі, бойына, түр-сипатына байланысты комплекс, екіншісі, «менің қолымнан кел мейді», «бұл өмірде мен ешкімге керек емеспін» – деген. Қазіргі таңда заман өзгеріп, технологиялар дамып жа- тыр, сондықтан барлығынан бірдей болмаса да, сыртқы келбетке қатысты комплекстен арылуға болады. Бұнда мен барлығыңызға – дене бітіміңізді немесе комплексіңізді хирургиялық немесе басқа да жолдармен өзгерту туралы айтып жатқан жоқпын. Бірақ, егер ол сенің өзіңе деген сенімділігіңді арттырса, басқаша өмір сүруге көмектессе, неліктен көрмеске? Өзгертуге болатын комплекстер бол- са, олармен күресесің, ал егер бойыңның ұзындығы не- месе қысқалығы сияқты комплекстер болса, оны жай ғана қабыл аласың және мойындайсың. Мені балалық шағым- нан «қазанбас» деп атады, ондай басты мен таңдап алған жоқпын, тез сөйлеуді де сұраған жоқпын. Әрине, тез сөй- леудің кесірінен тікелей эфирге шығуға қысылатынмын, елдің барлығы «жай сөйлеңізші» десе, бұның барлығы бір жағымсыз сезімдер ұялататын. Бірақ, түйеқұс сияқты басыңды құмға тыға бермей, бұл нәрселердің бар екенін мойындап, күресу керек.



«Менің қолымнан ештеңе келмейді» дегенді сенен басқа ешкім білмейді, ол – сенің гана басыңда туындаған ой.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барсам, «Қуа- ныш Шонбайдың қолынан түк келмейді» деген анықтама бермейді ғой. Бұл анықтаманы сен өзіңе-өзің бергенсің, демек, оны өзгерте аласың, ол сенің қолыңда.

Әлеуметтік желіде жүргізген сауалнамада адамдардың 90%-ы орыс тілін жетік білмейтіндігін комплекс санап, оны мақсатқа жету жолындағы кедергі деп қабылдайды. Бетіне безеу шықты, көйлегіне кофе төгіп алды, аузынан иіс шығады, бойы кішкентай – бұның барлығы комплекс. Жеке-жеке қарастырсақ, болмайтын нәрсе. Бірақ, адам дар бұл мәселенің шешімін іздестірмей, әдемілеп шет- елдің сөзімен «комплекс» деп айтады да, қояды. Комплекстерге белшесінен батқан адам басқа нәрсе ту- ралы ойлай алмайды. Көзбен көріп, қолмен ұстатар себеп болмаса да, өзін кем санайды. Ұлы адамдардың бәрінде комплекс болған. Бірақ олар сонысымен күрескен, жең- ген. Ұлы адамның бәрі бай мен бағланның, граф пен пат- шаның баласы емес. Ұлы адамның бәрі Эйнштейндей9 ақылды емес. Олардың бәрі Майкл Джордандай11 спорт _____________

жұлдызы емес. Және олардың бәрі Голливуд әртісіндей сұлу емес. Бірақ, олардың есімдері ұлы тұлға ретін де тарихта қалды. Өз комплекстерін жеңе білуі оларды ұлылыққа жеткізді.

Ең қызығы, комплексі көп адамдардың жетістікке жету рейтингі көп. Сенде де кемшілік бар, менде де бар. Өйткені, комплекс кемшілікке қарағанда көзге көрініп тұрады. Менің комплексім орысша акцентпен сөйлей- тінім еді. Ауылда өскенмін. Нина деген магазин сатушы сы бар, жалғыз орыс адам. Оның өзі қазақша сөйлейді. КВН, кино, орысша әңгіменің бәрін түсінемін. Бірақ сөй- лей алмаймын. Акцент ұрып тұр. Ұяламын. Колледжде оқығанымда, бәрі орысша зyылдап тұр, менің тілім ойқы-шойқы. Жазғанда да сауатым жетісіп тұрған жоқ. Қате жазамын. Содан қалай да орысшам ды түзетуге бел будым. Ол үшін не істемедім десеңші Жалғыз кетіп, орысша мәтіндерді айқайлап оқыдым. Оны тағы тығылып істейсің. Біреу естіп, көріп қойса ұят. Қате жазбау үшін бір емес, екі кітапты қатар көшіріп шықтым.

Шамиль Аляутдиновтың дәрістерін тыңдайтынмын. MP3-те музыка болмайтын, тек қана Шамильдің лекция лары. Бір жағы рухани демеу, екінші жағы орысшамды байытуға әсері болды.

Әрине, бұл мен ойлап тапқан әдістер емес. Бенджа- мин Франклин10, он алты балалы отбасында өскен, он жасында мектептен шығып кеткен адам ғой. Жазушы, журналист, әлем таныған тұлғаға қалай айналды? Өмір- баянын оқысаң, мынаған көзің жетеді. Ол, сауаты шама- лы болғандықтан, өз бетімен білімін жетілдіре бастайды. Грамматикасын түзеу үшін «Көрермен» («The Spectator») журналының мақалаларын көшіріп жазады. Одан кейін Осы әдісті өзінің стилін түзеу үшін пайдаланады. Өлеңді прозаға, прозаны өлеңге айналдырып, тіл ұстартады. Со- лай сауаты мен жазу машығын шыңдайды.

Брайан Трейси кітап оқу аздық ететінін, кітапты оқуға мүмкіндік жоқ кезде «тыңдау» керегін айтады. Осындай ___________

тұлғалардың қолданған әдістері, өзін дәлелдеген, сүйе- нуге тұратын тәжірибе.

Комплекспен күресу – әдетте адамды белгілі бір мүмкіндіктерден шектейді. Кері итереді.

Кемшілік деген сөздің өзі шартты. Біреу үшін кемшілік, басқа біреу үшін артықшылық болуы да мүмкін. Бірақ осы «кемшіліктің» сенің еркіне бағынатыны бар, бағын- байтыны бар. Мәселен, бойым 175 см болса, мен 190 см болып өзгере алмаймын. Әншілік қабілетім жоқ па, ешқашан Димаш Құдайберген бола алмаймын.

Комплекс сенің ойында ғана. Адамға көбірек нұқ- сан келтіретіні де комплекс, бірақ оны жеңу де логикаға салғанда оңай. Өйткені, Сократты11 тағы қайталасақ, «мен өз ойымды басқара аламын». «Ауылдың баласы» деген комплексті «Онда тұрған не бар екен? Еш жерім кем емес» деген оймен ауыстыра аласың. «Тіл білмей- мін» дегенді «тез-ақ үйренемін» деген оймен ауыстыра- сың, комплекске таптырмас қазына ретінде қарасаң, сол кезде алға қойған мақсатыңа, жеңісіңе бір қадам жақын- дайсың.

СЫЛТАУ

Өмірде ұстанатын қағидаларымның бірі – сыл- тау айтпа. Бір іс қолымыздан келіп жаста,

«мен істедім», «мен мықтымын» деу, ал болмай жатса, оны жұрттан көру біздің қоғамға тән. Орынды-орын- сыз екеніне қарамастан, әркім өте көп сылтау айтады. «ата-анам бай емес», «көшеде пробка», «ұйықтап қал- дым», тағы да басқа.

Осы сылтауға қатысты бір мысал келтірейін. «MEGA Silk Way» орталығында үлкен «Rumi» мейрамханасын аштық. Сол жердегі галереямен өтіп келе жатқанда, қарсы жағымызда орналасқан кофеханада адам өте көп көрін- ді, ал бізде адам аз секілді. Операциялық директорымыз Қарақат ханымнан: «Неге оларда адам көп, ал бізде аз?» деп сұрадым. Қарақат ханым болса: «Олардың мейрамха- налары кішкентай, сондықтан адам көп секілді көрінеді. Ал біздің мейрамхананың аумағы үлкен. Негізінде адам саны бірдей сияқты» деп сылтау айта бастады. Мен біздің және қарамағымыздағы жаңағы мейрамхананың адамда- рын санап шығуға ұсыныс жасадым. Сөйтсек біздің «Rumi»-де отыз сегіз, ал елу оларда адам отыр екен. Сол кезде «неге оларда адам көп?» емес, «бізде де адамдар дың санын қалайша көбейтуге болады?» деген сұрақ туындады. Әріптесім Айдос мырза кез келген сұрақтың жауабын таба алатын адам. «Неге оларда адам көп, біліп келіңізші, Айдос аға» деп, сол кофеханаға оны жібердім. Бұл жағдайда, менің «Несіне уайымдаймын? Олардың кофеханасы 50 адамға арналса, біздің «Rumi» 150 адамға арналған» деп өзімді ақтап алуыма болатын еді. Негізі бұнда ешқандай «проблема» жоқ, бірақ мен оны өзіме- өзім жасап алдым. Айдос мырза 27 минуттан соң қай тып келді. «Қуаныш, біріншіден олардың қызметкерлері баяу жұмыс жасайды, сол үшін 20 минутта шығып кетем деген адам 40 минуттай отырады. Бірақ, ол жер жарық екен, сонысы жақсы» деді. Өзіміздің мейрамханаға қа- радық, шынында да оларға қарағанда қараңғылау. Сыл- тау айтқан жоқпыз, мәселені шешуге кірістік. Сол күні Қарақат ханым мамандарды шақырып, қалай болу керек деп сұрап, қажетті жарықты қосты да, барлығын тәртіп, яғни заң бойынша жасады. Келесі күні саудамыз өсті. Сылтау айтудың қажеті жоқ. Жалпы, ешқашан сылтау айтпаймын, сені де соған шақырамын. Бұнда мен сылтау туралы үлкен трактат немесе сылтау айтпаудың жолда- рын жазбаймын. Тек бір мәселені түсінуге және қабыл- дауға, өмірде қолдануға шақырамын, ол – сылтау айтпау.



НЕГЕ БАТЫС

КІТАПТАРЫ БІЗГЕ КӨМEKTЕСПEЙДІ?

Бойымыздағы проблемалардың барлығын тізбек- теп шықтық, анықтап алдық. Мақсат қоя алмай- мыз, эго, сенімсіздік, тағысын-тағы – осының барлығы адам өмірінде бір дискомфорт (жайсыздық) туында- тады. Бұл сезімнен адамның құтылғысы келіп тұрады. Сол кезде, бас сауғалап Батыс методикасын (әдістеме) іздейді. Батыс авторларының бұл туралы «Мақсатқа жетудің елу бір жолы», «Өзіңді дамытудың сексен сегіз жолы», «Арман табудың он алты жолы» сияқты кітап- тары өте көп.

Триггер12 деген түсінік бар, мысалы, адам өзін кедей- мін деп сезініп жүрсе, сол кедейлік туралы әңгіме естice, ойында ұстап, бірден оны миына қабылдап алады. Адам триггерлерге ілініп қалады да, сол триггерлерді іздей бастайды. Тура солай, адамдар Батыс методикасын ізде- стіре бастайды. Әрине, Батыс кітаптары мен методика лары жұмыс істейді және олар пайдалы, бірақ олар сол жақтың азаматтары үшін, сол қоғамға бейімделген. Ал бізде, өзіміздің қоғамға тән, осы ортадан шыққан ауру- ларымыз, проблемаларымыз немесе әке-шешеміздің бо- йымызға сіңірген аурулары бар. Батыс кітаптары көмек теспейді емес, көмектеседі, егер біз қойған талап соған сәйкес болса. Ал біз қойған талаптар, күнделікті өмірдегі қателіктеріміз бен кемшіліктер болғандықтан, Батыс реа- лиясы (өмір салты) бөлек, ал біздің реалиямыз бір бөлек. Біздегі дизельді автокөліктер нашар, дұрыс жұмыс істе- ___________

мейді дейді, өйткені бізде дизель нашар. Ал ол автокөлік шетелдік жолдар мен солардың дизеліне арналған. Бай- қасаңыз, Батыс көліктерінің сипаттамасында сегіз литр бензин «жейді» десе, бізде шамамен он бір литр бензин кетуі мүмкін. Себебі, бізде жанармай сапасы нашар. Қай- тадан батыс реалиясы мен біздің реалияның екі түрлі екеніне көз жеткіземіз. Сол сияқты, Батыс кітаптары да, солардың ішкі дүниесіне арналған.

Ізденіс жолында жүргенімде Бодо Шефер13, Роберт Кийосаки14 сияқты авторлардың кітаптары қолыма бірін ші болып түсті. Олар шынында да, мықты мотивация береді, болашаққа сенім сыйлайды, ертеңгі өмірің қан- дай болатынын әдемілеп, әсерлендіріп суреттеп береді. Бірақ, бұл кітаптардың бірінші «минусы», олар сенің ер- тең қандай болатыныңды айтады. Арманда, мақсат қой, мотивацияң болу керек, еңбектен, сонда жетістікке же- тесің дейді. Алға қадам жасауға дайын тұрғаныңда, неден бастайтыныңды білмей қаласың. Яғни, бұл кітаптар нені және қалай жасау керегін белгілеп бермейді. Көбіміздің мотивацияны жинап алып, іске келгенде еш нәрсені жү- зеге асырмауымыздың себебі осында. Тауды да қопарып тастауға дайын болғаныңда, не істейтініңді білмейсің. Ал мен өзім көп ойландым, көп зерттедім. Батыс моделін- дегі кітаптардың көбі мотивация беру үшін жарамды екені күмәнсіз, бірақ менің түсінгенім, қазақтарға, әр қадамның жазылғаны, неден кейін нені жасайтыны бел- гіленіп, айтылғаны жағады. «Біріншіден, компанияның атын ойластыр, екіншіден, салаңды таңда, үшіншіден, нарықты зертте» дегендей. Сондықтан да жылдар бойы өзім қолданған, өзіміздің менталитетке сай жеңіске же- тудің «қазақша» моделін ойластырдым. Ұзақ жыл бойы өзімді дамыту, минустарыммен күресу, армандау, тағы да басқа барьерлер (кедергілер) мен дайындықтар арқылы өтіп, қазіргі күні жеңіс жолында келемін. _____________



БАТЫСТАҒЫ

МОДЕЛЬ VS ҚАЗАҚША МОДЕЛЬ

Батыста идеалды әлемдi құрып, оны сенің әле- міңмен байланыстырады. «Барлығы өз қолыңда», «Сен мықтысың», «Визуализация жаса» дейді, мотива- ция береді. Адам армандайды, соның барлығын қалайды, көз алдына елестетеді, бірақ бұдан нәтиже шықпайды. Оның салдары – депрессия!

Ал негізінде бізде қалай? Қазіргі сен мен сенің мін- сіз нұсқаң бар. Яғни, сен идеалды әлемге ұмтылмайсың, керісінше бойындағы адыраспандармен, кемшіліктермен күресіп, өзіңді дамытып, мінсіз нұсқаңа ұмтылып, әрда- йым даму үстінде жүресің.





ЖЕТІСТІК ЖОҚ – ЖЕҢIC БАР. Батыстағы жал- пы жетістік теориясы бізге көмектеспейді, өйткені олар жетістікті басты мәселе етіп қарастырады. Жетістіктің не екенін біз біріншіден, түсінбейміз, екіншіден, бізде мақ- сат жоқ, онда жетістік қайдан болсын? Мысалы, семіз болдың, арықтадың, демек, жетістікке жеттің, ал арықтау сенің мақсатың еді. Демек, мақсат болмаса, жетістік бол- майды.

Батыстық жетістікке жету жолы


Жалпы жетістік теориясы


Орыс тілінде «успешный человек», қазақшасы «жетістікке жеткен адам», бірақ біздің менталитет үшін, бұл соншалықты мықты ұғым емес. Ол қазақтардың жүре гіне жетпейді. Мысалы, «Қуаныш Шонбай – жетістікке жеткен адам» десе, арғы жағында «не істеді?», «қалай жетістікке жетті?», «соншама кім екен ол?» деген сұрақ туындайды. Ал, «Қуаныш Шонбай – Қазақстан бойынша

оннан астам мейрамхананың басшысы, мейрамханалар желісінің негізін қалаушы» десе түсінікті және миға қо- нымды.

Таңертең тұрғанда, «мен жетістікке жеткен адам бо- ламын» емес, «бір межеге жетейін, жеңейін» деп тұрсаң, ол бізге жақындау, біздің менталитетке сай келеді. Оған қоса, жетістік қазақтар үшін қауіпті нәрсе. Бізде, қа- зақтардың арасында ең мықты спорт түрлерінен екі дүр- кін олимпиада чемпиондары жоқ. Қазақстандықтар бар, бірақ қазақ емес.

«Неге жоқ?» деген сұрақ туындайтын шығар. Өйткені, олар өз ісін ұмытып, жетістікке жеткеннен кейін, депутат, әкім немесе директор болып кетеді.

Жетістік пен жеңістің айырмашылығы бар, көзге көрінбеуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе оны түсінесің. Бір көзбен қарағанда, ол екеуі бірдей нәрсе болуы мүм- кін. Мысалы, айталық, «Land Cruizer» автокөлігін алу біреу үшін тағы бір жеңіс, одан кейін күштірегін алады, тағысын-тағы. Ал біреу үшін барлық өмірінің арманы, оған қол жеткізіп, бұл жеңіс жүрегіне түседі, «болды, жетістікке жеттім» деп, сол бір орында қалып қалады. Не істейді? Іше бастайды, тойлайды, құмар ойындарға беріледі, тағысын-тағы. Бұл – көзге көрінетін салдары. Көрінбейтіндерден, адамда «қолымнан барлығы келеді», «мен мықтымын» деген сезім пайда болады. Бір жетістік, адамға үлкен күш-қуат береді, ал оның жақсы жағына қарағанда жаман жағы басым болуы мүмкін. Біз үшін бұл өте қауіпті. Ал Батыста олай емес, мысалы, Майкл Фелпс17 – жиырма үш дүркін олимпиада чемпионы. Оған «депутат болшы» десең болмайды, себебі, өзі бейімдел- ген, таңдап алған саласы бар. Оларда тәрбие басқа, ал бізде берілетін тәрбие басқа. Сондықтан бізге жетістікке жетуге болмайды, жеңіске жету керек!

Бізде 90% адамда мақсат жоқ, бірақ әрқайсысының бір жауы бар: «осы досыма мен әлі көрсетемін» дейтін. Бәрінің біреуге реніші бар, сол адам бізге нысана. Әрине, __________

17 Майкл Фелпс – АҚШ-тың атақты жүзушісі. Олимпиада ойындары тарихындағы медаль саны бойынша абсолюттік рекордсмен.

көшпенді халықтың ұрпағы болғандықтан, бәлкім, ныса- на белгілеу бізге оңайға түсетін шығар.

Бізге нақты нысана керек. Қазір адамдардың мақсатын сұрасаң, олар «ақша табу», «көтерілу» деп жауап береді, барлығы абстракциялық нәрселер. Нысана деген – бұл нақты көзделген объект.

Алдыңа мақсат қою қиын. Бірақ, осы мақсатқа қол жеткізген соң, көп адамдар жұлдызды ауруға ұрынып, босаңси бастайды. Сондықтан үлкен жетістікке емес, оның жолындағы кішігірім жеңістерге ұмтылу керек.

«МАҚСАТ ҚОЮ» ӨЗІҢДІ ШЕКТЕУ. Жақында ғана Астана қаласында оныншы мейрамхананы аштық. «Сегіз, он немесе жиырма мейрамхана ашамын» деп ал- дыма мақсат қойып, өзімді шектеген жоқпын. Кім біледі мүмкін мен елу мейрамхана аша алатын шығармын? Ең бастысы, мақсатқа апаратын жолда жүру «Rumi Group»-ты ашқанда алдыма қойған мақсатым: «Quality to mass – сапаны қолжетімді ету» – болды. Сапалы Internet- ті, сапалы майлықтарды қол жетімді ету. Неге оның барлығы қымбат мейрамханаларда болады, неге біздің мейрамханада да сапалы сусабын қолданбасқа, елге са- палы тағам ұсынбасқа? Осындай мақсат пен арманның аясында, «Rumi Group» та дамыды. Ал егер он мейрам- хана ашуды мақсатым деп алсам, арманыма жетіп қойған болатын едім. Ал негізгі мақсатым он мейрамхана ашып алу емес, осы мейрамханалардың қызметі арқылы сапаны халыққа беру, оны қолжетімді ету. Ал бұл жолда, бәлкім елу немесе жүз мейрамхана ашу бұйыратын шығар. Сон- дықтан есте сақтаңыз, «Мақсат қою – адамды шектеу» деп айттым. Яғни ол сандық немесе материалды болмауы керек, ол бір миссиямен, арманмен өрілген мақсат болуы керек. Мысалы, «XA-XA show»-дағы Ақсұлтан бауырым бар. Ол «Менің мақсатым – қазақ тілін сәнді қылу» дейді. Бұл, менің ойымша, керемет мақсат. Оның аясында ол ав- токөлік те алуы, басқа да материалды құндылықтарға қол жеткізуі мүмкін. Ал егер де біз, өз мақсатымызды тең- гемен немесе басқа бір эквиваленттермен өлшеп қойсақ, онда мақсатқа қол жеткізген кезде, әрі қарай қайда бара- рымызды, қалай жүрерімізді білмей, қиналып қаламыз.

Мақсатты емес, мақсатқа апарар жолды белгілеп алу керек. Ал, нысана сол жолдағы әр кезеңде белгілі бір мәселелерді шешу. Сондықтан да

мақсат емес, нысана белгілеп ал, сол кезде жеңіс жолында жүресің.

Ақыл-кеңес сұрайтын, тренингке қатысатын адамдар- дың көпшілігі «мотивация үшін келдім» дейді. Internet кеңістігінде мотивациялық видеолар мен мақалалардың, дүкен сөрелерінде мотивациялық кітап тардың толып тұрғанына қарамастан, халыққа мотива- ция жетпейді. Себебі, мотивацияның жарамдылық мерзі- мі – үш-ақ күн. Мен әрдайым айтып жүремін, тіпті менің визитный карточкам болып кеткен шығар, бұл сөздерім: «Есекке мотивация берсең, ол тұлпарға айналмайды, мо- тивациясы бар есек болады».

Мотивацияның чемпионы – Брайн Трейсидің тренин- гінің құны 960 мың теңге. Сол тренингке қатысқан жігіт- терді білемін, олар үш күннен кейін-ақ сөніп қалды. Мо- тивация – құрал, оны мақсатқа айналдыруға болмайды. Мен сол үшін оны шабытқа алмастырдым.

Шабыт – қазаққа етене жақын ұғым, бұған келісесің деген ойдамын.

Шабыттансаң, айтыскер ақындарымыз сияқты бірнеше көлікке қол жеткізесің, кітап жазасың, музыка шығарасың,

бизнес жасайсың.

Батыс теориясында армандау – «big dream» үлкен орын алады. Олар: «арманың бар ма?», «арманда!», «арма- нына қол жеткіз!» – деп айтады. Ал бізде, көп армандайтын адамды қияли деп атайды.



Мысалы, бір жігіт кинорежиссер болуды армандап, алдына мақсат қояды. Үйдегі ата-анасы мен туыстары күліп, «одан да дұрыс жұмысқа тұр» – дейді. Себебі, олар режиссерлықты жақсы, тұрақты жұмыс деп біл- мейді. Осылайша, жас жігітті жан-жағынан ақыл айтып, түртпектеп, алған жолынан тайдырады. Сөйтіп, шабыты жоқ жігіттің бұл арманына қол жеткізуі екіталай. Туыста- ры қинап тұрып, оны экономист, заңгер немесе менеджер етіп шығарады.



Осы QR-кодты сканерлеп, 2018 жылдың қаңтар айында

Versus академиясы өткізген «Мақсат жоқ, нысана бар» тренингінің видео нұсқасын сатып алсаңыз болады

МОТИВAЦИЯ ІЗДEME, ШАБЫТ ІЗДE. Ол үшін қайталаудан жалықпаймын, кітап оқы, фильмдер мен се- риалдар көр, музыка тыңдап, серуенде, саяхатта.

ҚАЙТАЛАУ: Сонымен,


Жетістік жоқ – жеңіс бар.

Мақсат жоқ – нысана бар. Мотивация жоқ – шабыт бар.


ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КITАПТАР МЕН ФИЛЬМДEP TІЗIMІ




  • «Несмотря ни на что» фильмі.

  • Вик Джонсон. «52 понедельника. Как за год добить- ся любых целей».

  • Стивен Кови. «Семь навыков высокоэффективных людей».

  • Бернард Рос. «Привычка достигать».

  • Дэйл Карнеги. «Как перестать беспокоиться и на- чать жить», «Как завоевать друзей и оказывать влия. ние на людей»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет