Қуаныш шонбай екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы 2018


ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН ФИЛЬМДEP TIЗIMI



бет5/7
Дата04.10.2019
өлшемі2,23 Mb.
#49230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЕКИНШИ БОЛМА
тарбие сагаты, тарбие сагаты

ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН ФИЛЬМДEP TIЗIMI




  • «Триумф: История Рона Кларка» фильмі

  • «Три идиота» фильмі

  • Генри Форд. «Моя жизнь, мои достижения».

  • Стивен Леввит, Стивен Дабнер. «Фрикомыслие», Нестандартные подходы к решению проблем».


V ТАРАУ




ЖЕҢIC

ЖОЛЫНА ТҮСУ


ОБРАЗ ТАНДАУ: ҚИЯЛИ БОЛУДЫҢ


ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ

Адам баласына өз өмірін мәнді де сәнді сүру үшін бірнеше қасиет керек. Соның негізгісі өзін-өзі басқару мен табандылық. Талант, таныс не өзге фак- торлардың әсері әлсіз немесе кейде, тіпті керегар.

Осы бағытта ғалымдар көптеген тәжірибелер ұйымда- стырған екен. Оның ішінде танымал marshmallow test-те бар. Олардың бәрі жоғары аталған факторлар елеулі орын алатынын дәлелдепті.

Жақсы, өзімізді басқару және табандылықсыз болашақ жоқ екенін түсіндік. Ал табиғат (ата-ана, ген, т.б.) бізге осы қабілетті бермесе, не істейміз? Біріншіден, олар туа- бітпейді. Жүре бітеді, шанс бар. Ғалымдар 4–6 жастағы 180 балаға компьютерде орындалуы керек іш пыстырар- лық тапсырма береді, бірақ келесі бөлмеде ойын ойнауға болатын iPad бар екенін де ескертеді. Баладан шыдамы таусылғанша тапсырманы орындай беруін сұрайды.

БАЛАЛАР ҮШ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ. Минут сайын бірінші топтағы балаларға «Қатты жұмыс жасап жа- тырсыз ба?» деген сұрақ қойылса, екінші топтағыларға сол сұрақ үшінші жақтан қойылады. Соңғы топқа сұрақ өздері таңдаған кейіпкер (супермен, бэтмен және т.б.) бойынша қойылады. Яғни, «Бэтмен қатты жұмыс жасап отыр ма?» дегендей.

Нәтижесінде, үшінші топтағы балалар ең үздік нәти- же көрсетеді. Бұл дегеніміз, адам өзіне қандай да бір об- раз қалыптастырып, соған сай болуға тырысқанда және Образ таңдау техникасының ең үлкен пайдасы – адам өзін шектеп тұрған бүгінгі факторлардан алшақтай алады. Өзіне өзге тұлғаның көзімен

қарау арқылы сыртқы көріністі қабылдайды.

бар тітіргендіргіштерден өзін абстракциялағанда табан- дылығы мен өзін басқаруы күшейетінін дәлелдейді. Әдетте ол көрініс көбімізге ұнамайды. Сәйкесінше, әрекеттерімізде басымдық таныта бастаймыз. Образ таңдаудың қаупі де жоқ емес. Өкінішке қарай, пір тұту мен образ таңдаудың арасы өте жақын. Маман- дардың пікірінше, ішкі тұлғалық «мен» толық қалыптас- пағанда, яғни «толық адамға» жетпегенде образдағы адам пірге айналып, оның әрекеттері шүбәсіз қабылда- нып кете береді.

Ерекше ойлайтын, дарынды адамдарды көбінесе «қия- ли» деп ойлаймыз. Осы адамдарға деген көзқарасымыз, әзілге қосып, оларға күлуіміз, олардың ішіндегі бар- лық ерекшеліктерін сөндіріп тастайды, олардың өмірде өз орындарын таппауының да негізгі себебі осында. Ал негізінде, керісінше Құдайдың берген қабілетін дамыту керек, ол – жоғарыдан берілген кеңес. Көптеген адам: «Қандай бизнес бастасам екен?», – деп ақыл сұрап ке- леді де, идеяны сырттан іздестіре бастайды: «Біреу үлкен дүкен ашты, мен де ашамын, досым тауар жеткізумен ай- налысады, мен де сондай фирма ашамын...». Бірақ, неге біреудiкiн қайталау керек, сені ерекшелеп тұрған өзіңнің қабілетің, осыған дейін жинаған білімің бар ғой. Мәсе- ленің шешімін өзімізден, ішімізге үңіліп іздеуіміз керек, Әйгілі маркетолог Филип Котлер «Ерекшелен, немесе өл» дейді. Қазіргі заманда өмірде, бизнесте, нарықта бол- сын өзгешеленбесең, артта қалып қаласың.

Маған жұмыс іздеп күніне он бес адам келеді. Олар- дың айтатын жауабы, түр келбеті бірдей болып көрінуі

мүмкін, бірақ араларында басқалардан ерекшеленіп тұратындары кездеседі, сондай адамдарға мән беремін. Себебі олар тың идея, жаңа ойлар енгізе алады. Бизнесте де дәл солай, егер бәсекелестеріңнен өзгешеленбесең, та- бысың да, беделің де олардан жоғары болмайды. Қорытындылап айтқанда, ерекше болудан қорықпа, не болмаса Абай Құнанбаев айтқандай: «Болмасаң да ұқсап бақ!».

ПРОБЛЕМА: НЕ СЕН ОНЫ ҚОЛДAH


ЖАСАП АЛАСЫҢ немесе

ӨМІРДІҢ ӨЗІ МӘЖБYPEЙДІ

Көп адам «Versus» академиясына курсқа келген кез- де, «өз-өзімді таппай жүрмін», «қазіргі жағда- йым маған ұнамайды», «өз өміріме қанағаттанбаймын» деген проблемалармен (түйткілді мәселелермен) келеді. Бірақ, негізінде бұл проблема емес, бұл жай ғана диском- форт. Ал проблема нақты болады, «кітапты баяу оқи- мын», «сауда жасаганда адамдармен қарым-қатынас орната алмаймын», «мейрамханама аз адам келеді». Бұл сенің қай жақта, немен жұмыс істеу керек екендігіңді білдіреді.

Проблема болмаса, сен дамымайсың, өзіңе ныса- на таңдай алмайсың, білім алмайсың, үйренбейсің. Ал нақты проблемалардың шешімін тапқан кезде, білімің көбейеді. Сондықтан да проблема мен дискомфорттың аражігін ажыратып алу маңызды.

Проблеманы өзіміз жасап аламыз дегенді Батыста көбіне «выйти из зоны комфорта» дейді.

Әрине, қиын жағдайға түскенді кім қалар дейсің? Қазіргі жазғаныма таңғалатын шығарсың да. Бірақ, өз ба- сымнан өткен соң, айтып жатырмын: проблеманы өзіміз туындатуымыз керек. Түсінікті болу үшін, мысал кел- тірейін. Астана қаласында «Керуен» сауда орталығында «Rumi» мейрамханасын аштық, СЭC-тен анықтама ал- дық. Мейрамханадағы азық-түлік (тағам) қауіпсіздігіне жауап беретін маман бар, көзінен көрініп тұр, жұмысы- на көңілі толады, барлығын талаптарға сай жасауға ты- рысқан, дәйектемені де алған. «Он мен бiрдiң аралығын- да жұмысыңызды қаншаға бағалайсыз?» деп сұрадым. Жауабы «Сегіз», «Ал мен үшке» дедім. Өзі үлкен адам, көз жанары жәудіреп, жылағасы келіп кетті. Түсіндірдім: «Бастапқыда біз минус 5-те болғанбыз, ал сіз жұмысыңыз- ды сегізге бағаласаңыз, демек, сегіз пункт көтерілдіңіз, бірақ онға жеткен жоқсыз». Осы жерде, «Үміткерлер- ге» оралайық. Олар панасыз иттер орталығына 600 мың теңге тапқанымен, қатты риза болған жоқпын. Себебі, олардың бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіне барлық мүм- кіндіктері болған. Араларында төрт тіл білетін адам бар, тәжірибелі, мықты маман, ерікті, дарынды дизайнер бар. Олардың дәрежесіне бұл нәтиже сай келмейді. Бұндағы мәселе мынада: олар өздерін кешегі нұсқаларымен салыс- тырып, осы тапқан табыстарына мәз болды, ал егер өз- дерінің мінсіз нұсқасына талпынса, одан да жақсы нәти- же көрсетіп, панасыз иттер орталығына одан да қомақты көмек берер еді. Сол сияқты, тағамдардың қауіпсіздігіне жауап беретін маман СЭС-тің талаптары бойынша емес, бізде бар HASP-тың талаптарына сәйкестендіріп жасаса, әлдеқайда көп жұмыс жасалатын еді. Әлгі адамды ертіп жүріп, минустарды түртіп, көрсетіп шықтым. Ал егер ол HASP бойынша жасауға талпынғанда, мен көрсеткен ми- нустарды өзіне туындаған мәселе ретінде бұрыннан қа- растырып, барлығын жөндеп қойса, өз жұмысын одан да жоғары бағалайтын еді. Сондықтан да екінші болмау жо- лында, не біз өзімізге-өзіміз мәселе тауып аламыз немесе біздің басымызға өмірдің өзі мәселе «жасап береді». Бұл «проблемалар» – сізге жоғарыдан сыбырлап айтылып тұрған ақыл. Ол қайда бару және немен айналысу керек екенін сілтеп тұр.

ХАЗІРЕТ ӘЛИДІҢ37 «Егер өзіне-өзің бұл дүниеде есеп бермесең, о дүниеде есеп бере алмайсың» деген сөзі бар. Нені меңзеді екен деп ойландым. Ұлы Абай да «Күніне бір рет болса да, өзіңе есеп беруің керек, болмаса аптасы- ____________

на бір рет, болмаса айына бір рет, болмаса жылына, тіпті болмаса, өміріңде бір рет» деген.

Өз өмірімнен мысал келтірейін: алдыңғы жылы інім Дархан мырза «Сылтау айта берсең, үйренбейсің» деп мені шаңғы тебуді үйренуге шақырды. Әрине, барғым келмеді, себебі, экипировкам жоқ, шаңғым жоқ, шаршап тұрмын деп сылтау айтқым-ақ келді, бірақ қажеттiнiң бар- лығын жалға алып, баруға бел будым. Дархан мырза мен Бекбота мырза Шымбұлаққа апарып, ең жоғарғы шыңына шығарып, қалдырып кетті. Бірінші рет шаңғымен таудан түскендіктен, әрине, бірнеше рет құладым, үсті-басым, киімнің іші түгелдей қар, су болды, біраздан соң аяғым талды, сондықтан мені құтқарушылар төменге түсірді. Сол кезде бұл өмірде менен сорлы адам жоқ-ау деп ойла- дым. Шынымен де, таудың шыңында тұрып, шаңғымен түсе алмаған кезде, неге бұл мені қолымнан келмеді деп ойладым. Бірақ, өз-өзіме «шаңғы тебуді үйренемін» деп сөз бердім. Кешке қалаға түсе салып толықтай экипиров- ка сатып алдым, шаңғы алдым. Сол күннен бастап амал жоқтан, намысқа тырысқандықтан, үйрендім. Google-дан оқыдым, YouTube-тан бейнероликтер қарадым. Сөйт- сем, қиын ештеңесі жоқ, тоқтаудың, бұрылудың бірнеше тәсілі бар екен, соны үйрендім. Егер Дархан мырза тау- дың шыңында тастап кетпесе, әлі күнге шаңғы тебе ал- мас едім. Кейін білдім, көп кәсіпкерлер сол Шымбұлақта кездеседі екен. Негізі, танысқым келіп жүрген, ойы маған қызық азамат бар – Айдан Карибжанов. Білесіздер ме, шаңғы теуіп жүріп, сол адаммен таныстым. Егер, сол кез- де өз-өзіме проблема жасап алып, он сегіз күннің ішінде таңғы тебуді үйренбегенімде, қазіргі таңда бұл адаммен аралас-құралас болмайтын едім, ол адам «Rumi»-ге кел- мейтін еді. Шаңғы теуіп, бейресми жерде кездескенде де өзіңнің басқа да әріптестеріңе қатысты көптеген мәсе- ленің шешімін табуға болады екен. Егер де мен сол кезде уақтылы, өзіме-өзім «проблема» тауып алмасам, ертең өмірдің өзі барлығын қиындатар ма еді?

Кез келген нәрсеге «қойшы» деп қолды сілтей салмай, проблеманы шешу керек. Оның шешімін тапқан кезде біріншіден, білім, екіншіден, тәжірибе, үшіншіден, өзіне деген сенімділік пайда болады.

Сондықтан проблеманы өз қолымыздай жасап аламыз. Талай адамдардың жол апатынан өмірі қиылып кетіп жа- тыр. Бұл әрине, өмірдің өзі тудырған проблема, бірақ көбінесе автокөліктегі техникалык акаулардың себебінен жол апаты болады. Жолға шыкпас бұрын, адам өзіне-өзі проблема ойлап тауып, көлігін қарап шықса немесе ма- мандарға көрсетсе, бәлкім барлығы басқаша болар еді ғой.

Біреулер болмайтын нәрседен проблема жасау – ты- рнақ астынан кір іздегенмен бірдей болып көрінеді деп ойлауы мүмкін. Бірақ, егер сен біреуге проблема туын- датсаң, ол тырнақ астынан кір іздеу болып көрінуі мүм- кін, ал өзіңнің тырнағыңның астынан кір іздесең, онда сен шыңдаласың, өзіңнің идеалды нұсқана жетесін және сенің кәсiбилігін артады.

АРМАНДАУ ЖӘНЕ ҚИЯЛДAУ

АСПАННАН ТҮСЕТІН

НӘPСЕЛЕР ЕМЕС

Бізде қазақта «ұят» деген сөз бар. Соның кесірінен көпшілігіміз ұятқа қалудан және ұялудан қорқа- мыз. Ал осы ұялу бізге армандауға кедергі жасайды.

Армандаудың несі жаман? Ол үшін ақша, салық төле- мейміз, кез келген жерде, кез келген уақытта армандай- мыз.

Өкініштісі, адамдардың көбі өз армандарынан өздері қорқады. Керемет ойға батып, барлығына қол жеткізуді қалаймыз, ал шын мәнінде белгілі бір жеңіске жетпеген соң, қиялға беріліп, армандаудан қорқамыз. «Rumi»-ді ашпай жатып, бизнестегі серіктесiм Ай- дос Телжанмен көп армандайтынбыз, оны кітаптың алғы сөзінде де жазғанмын. Оннан аса мейрамханамыз бола- ды, нарыққа енгізетін жаңалықтарымызды, бізде жұмыс істейтін қызметкерлердің қандай болатынын, барлығын да ойластырып, қиялға берілетінбіз. Ал осы екі жарым жылда өз армандарымыздан алда келеміз. Інім Дархан мырза – «Rumi»-дің атқарушы директоры: «Қуаныш, армандамай тұра тұршы. .. Сенің ойыңа бірдеңе келсе, міндетті түрде біз оны жүзеге асырамыз. Бірақ күте тұр- шы, шаршадық, мына он мейрамхананың тірлігін бітіріп алайық», – дейді.

Шынында жоспарларымның, армандарымның бар- лығы орындалады және әлі де армандаудан қорықпай- мын. Керісінше әр ұсақ-түйегіне дейін ойластырамын, елестетемін. Оны Батыста визуализация деп атайды. Өзіңнің образыңды, компанияңды елестетесің, қандай болатынын армандайсың. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыға белгі жібересің. Байқағаным, армандаудан, қиялдаудан қорықпау керек, олардың көбі орындалады, өзім де со- ның дәлелімін!



ЖЕНІСКЕ ЖЕТКЕН

АДАМДАРДЫҢ ОРТАҚ ТҰСТАРЫ

Менің ойымша, бұл өмірде кез келген адам же- ңіске жеткісі, белгілі бір белестерді бағын- дырғысы келеді. Бірақ, адамдардың неден бастайты- нын білмеуі, нақты стратегияны құрмауы оларға ке- дергі келтіреді. Себебі, олардың алдында нақты қалып- тасқан бір образ жоқ.

Егер сен жеңіске жеткiң келсе, басыңды ауыртып не қыласың? Саған дейін көп нәрсеге қол жеткізген табыс- ты адамдар бар емес пе? Олар айналамызда бізді қор- шап жүр, сенің танысың болмаса да, досыңның досы, танысыңның туысы, бірақ ондай адамдар бар. Неге сол адамдармен таныспасқа?

Енді ғана ауылдан қалаға қарай бет бұрған немесе жаңадан кәсіп бастаған стартапер болсам, жеңіске жет- кен адамдарды тауып алып, олардың тренингтеріне ба- рып, сол ортаны зерттейтін едім.

Internet қазіргі таңда қолжетімді, күлкілі видеоларды қарағанша, осындай табысты адамдардың берген сұхбат- тарын қарап, олардың бұндай дәрежеге жету жолын біліп алар едім. Өйткені, ондай адамдардың ішінен кімге ұқ- сағың келетінін анықтап, өзімізге ұнайтын образ тауып алуға болады.

Қазіргі заманда велосипед ойлап табудың керегі жоқ, себебі, қажет ақпараттың барлығы Internet-те бар, техно- логиялар дамыған. Оқы, үйрен, сол адамның әдеттерін, әрекеттерін қайталай баста. Әрине, бірден үлкен жеңіс- терін қайталай алмаймыз, сол үшін кішкентайларынан бастауымыз керек. Шаш үлгіңді өзгерт, тура сол адамды- кіндей киім алмасаң да, соған ұқсас стильде киін, сөйлеу мәнеріңді өзгерт, жаңа көлік сатып ал. Осындай майда жеңістер, өзгерістер бізге іштей сенімділік сыйлайды, олар бізді үлкен жеңістерге жетелейді.

«Ықыластың өзі көзбояушылықтан басталады» деген бар. Мысалы, адамдардың көбі ораза тұтқысы келмейді, бірақ бұл – бес парыздың бірі. Ораза ұстағаннан кейін, дұрыс жолда жүргеніңді түсінесің.

Жаңа жұмыс орнына барып, өзің үшін жаңа саланы меңгерудесің делік. Басында қиын соғуы мүмкін. Бірақ осы жерде шыдап, әрі қарай дамып кетсең, өз ісіңнің шебер болып шығасың, ал жарты жолда қалып қалсаң, жеңілістің дәмін татасың. Бұл дегеніміз, жеңіске жет- кен адамдардың барлығы да, ауыр кезеңдерден өтіп, пісіп-жетілген адамдар. Олардың жолын, қылықтарын қайталап, сен де өзіңді жеңіске бір қадам жақындатасың.

ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН ФИЛМДЕР ТІЗІМІ:



  • «Партнеры с MBA» фильмі • «Форс-мажоры» сериалы.

  • Дэвид Стивенсон. «Лайфхаки богатых людей. 50 способов разбогатеть».


VI TAPAУ




БҮГІНГІ

КҮН – КЕШЕГІНІҢ

БАЛАСЫ

ОКОП – ЖЕҢICKE

ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ

Түкиядан оралған соң біраз қиналдым. Бірнеше кәсіп аштым, жүрмеді. Сәтсіздікке ұшырап, бан- крот болдым. Мұғалім болып жұмыс істедім, маған қат- ты ұнағанымен, ол жерде де сыйдырмады. Сол кезден бастап үш жылдай өзім үшін үзіліс алдым. Ол кезеңді «окоп» деп атаймын. Кітап барысында да бірнеше рет айттым, «Rumi»-ге дейінгі сегіз жыл, ол үлкен жеңіске апарар жолдағы дайындық кезеңім – окопта жатқан кезім болды.

Егер үлкен жеңістерге алдын ала дайындалмағанымда, қателіктерімнен сабақ алып, өзімді дамытпағанымда, кітап оқымағанымда, аяғына нық тұрған бизнестің не- гізін қалаушы бола алар ма едім? Әрине, он мейрамха- на ашқан соң да, енді барлығын білемін, кереметпін деп айтпаймын. Біз де күнделікті қателік жібереміз, жаңадан үйренеміз, тың идеяларға назарымызды аударып, жаңа белестерді бағындыруға дайындаламыз. Бірақ, окоп ке- зеңінің орны бөлек. Дайындалу өте жақсы іс, оның алып келер пайдасы зор. Енді, бизнеске қатысты мысал келтір- сем бе деп отырмын. Адамдар үшін бизнес бастау оңай көрінеді, сондықтан да олар ақшасын алып, ойындағы- сын жүзеге асыруға асығады, бірақ сәтсіздікке ұшырай- ды. Себеп – дайындықтың жоқтығы.

«RUMI GROUP»-тың оныншы мейрамханасы «Dala»- ны ашпас бұрын, өте көп іздендік, төрт елді аралап кел- дік (Грузия, Әзербайжан, Түркия және Ресей). Олардың қателіктерін қайталамас үшін, ұтымды идеяларын өзіміз- де қолдану үшін, ет тағамдарын жасау ерекшеліктерін, мейрамханаларының жұмысын қарастырып, таныстық. Дайындық кезеңінде өз ерекшелігіңді іздейсің. Менің жағдайымда, нәтижесінде дәмді палауымен аты шыққан «Rumi», ет тағамдарына негізделген «Dala» мейрамхана- лары бар.

Дайындық кезеңінен өтіп, жеңіліс тапқан, банкрот болған адамдарды әлі күнге дейін көрмеппін. Себебі, окоптан өткен адамда барлығы да ойластырылған, шешімдері ақылмен, анализбен қабылданған, форс-ма- жор жағдайларда қалай әрекет ететінін олар біледі. Алдыңғы бөлімдерде досым Еркебұланның «Тандыр N1» наубайхана бар деп жаздым. Еркебұлан бұл кәсіпті бастамас бұрын Өзбекстанға барып, Ташкент, Самарқанд, Бұқараны аралап, самса дайындаудың түрлі әдіс-тәсіл- дерін үйренді, әр түрлі қоспаларын іздестірді. Қазір ол күніне сегіз жүз дана самса сатады және тағы бір дәмхана ашуға дайындалуда.

Бірде-бір мейрамхананы дайындықсыз аша алмайсың, сол сияқты өмірде де дайындықсыз еш нәрсеге қол жет- кізе алмайсың.

«VERSUS» академиясына бизнесін бастаған, бірақ дамуына көңілі толмай жүрген кәсіпкерлер келеді. Біз оларға үш айлық «окоп» кезеңін жариялаймыз. Бұл уақыт аралығында олар түрлі мамандардан дәріс алады, кітап оқиды, фильмдер қарайды, образ іздейді, адыраспанда- рымен күреседі, барьерлерді жеңеді. Олардың арасында барлық бизнестерін сатып, жаңадан кәсіп бастайтындар немесе толығымен өзгертетіндер де бар. Үш айдың ішін- де олар түбегейлі өзгеріп, кәсіпкерлік көзқарасы қалып- тасқан адам болып шығады.

Кейбір азаматтарға үш айлық жеке коучинг өткіземін. Осы уақыт аралығында мен олардың менторы ретінде тұлғалық дамуы мен кәсібінің дамуына көмек көрсе- темін.

Үлкен жеңісті қаласаң бизнесте де, өмірде де, окоп ке- зеңі өте маңызды.



АДАМ КӨРКІ – ШҮБЕРЕК

Сенің ішіңде жиырма бір ғасырдың бүкіл даналығы тұнып жатуы мүмкін, бірақ кездесу барысында, басқа адамдардың алдында жақсы әсер қалдыра алма- саң, ол білімнің ешқандай материалдық, әлеуметтік қайтарымы болмайды. Адам туралы алғашқы әсер бес секундта қалыптасады дейді. Жақсы киін. Өз басым жақсы киінгенді, киімді талғаммен киетін адамдар- ды ұнатамын. Және «қазіргі емес, болашақ статусыңа сәйкес киін» деген қағиданы ұстанамын. Өйткені біздің болашақ статусымызды көп жағдайда басқа адамдар (бастықтар, инвесторлар, демеушілер) шешеді. Ал олар бізді, кез келген адам секілді бейсаналы түрде сырт кел- бетімізге қарап қабылдайды.

Оның екінші жағы да бар. Жақсы киінгенде өзіңе ұнайсың. Маникюрсіз қыздар өздерін ыңғайсыз сезінеді. Шашында қайызғақ бар жігіттер костюм кигісі келмей- ді. Осындай ұсақ-түйектер адамның көңіл күйін, өзіне деген сенімділігін, демек, болашағын анықтайды. Жеңіс жолында ұсақ-түйек деген болмайды, бәрі маңызды. «Жеңімпаз сияқты киінгенде, жеңімпаз сияқты ойлайсыз және әрекет етесіз» – дейді Брайан Трейси. Әрине, киім киісің өзіңді дамыту, біліміңді көтеру, ішкі ойыңды, ни- етіңді басқару дегеннің бәрімен қатар, үйлесімді жүруі керек.



МЕЗГІЛІНЕН ЕРТЕ ГҮЛДEГЕН

АҒАШ ҮСІККЕ ШАЛДЫҒАДЫ:

СТУДЕНТТІК КЕЗЕҢ

Біздің қоғамдағы адамдардың басым бөлігі бірден байып кеткісі келеді. Дайындыққа уақыт кетіріп, күткісі келмейді. Бірден бастық болуды, жеңіске жету- ді қалайды.

Студенттік кезімнен бір танысым бар. Бірге жоғары оқу орнын бітірдік, араласпай кеттік. Екі айдан кейін әлгі жігіт жаңа автокөлікке, бірнеше пәтерге қол жеткізді. Астанадан бизнес сатып алды. Кейін басқа бір жолдармен табыс тапқанын естідім. Жақында сол жігітті кездестіріп қалдым. Кәсібі жүрмей жатыр екен, даму жоқ. «Неге үй- ренбейсің, жап-жақсы ісің бар, дамытпайсың ба?» – де- сем, ол білім алғысы, оқығысы келмейтінін айтты. Біз мектепте алтыншы сыныптан бірден сегізінші сыныпқа секіріп кетпейміз ғой. Барлығы рет-ретімен, кезегімен болу керек. Ал жаңағы жігіт ортадағы дайындық кезеңін аттап секіріп кетіп, бірден барлығына қол жеткізді. Бірақ, қазір оның барлығын қолда ұстап қалудың, әрі қарай өр- кендетіп, дамытудың жолдарын білмейді. Себебі, басын- да-ақ бизнесті бір жүйеге келтірген жоқ, маркетингпен таныс емес, стандарттарды енгізбеген.

Өмірде де дәл солай. Адам өміріндегі ең пайдалысы – дайындық кезеңі, ол – студенттік шақтар. Нағыз білім жинап, оқитын кез. Бұл уақытта біз арзан күлкіге беріліп, қыдырып жүреміз. Ал нағыз дер кезінде сол сәтті пайда- лы қолдансақ, ертеңгі күні оның жемісін көреміз. Сон- дықтан да оқымай жатып, бірден жұмысқа кірісіп кету, дайындық мезгілінен аттап өту, мезгілсіз гүлдеген ағаш үсікке шалдығатындай, бізді жеңіліске әкеледі. Алға секіріп, аға-көке арқылы бастық атанып, қалағаныңа жетіп алып, оны әрі қарай алып кете алмасаң, оның ешандай пайдасы жоқ.

Сол себепті, барлығы өз уақытымен болуы керек.



БӘРІМІЗ ДЕ

САУДАГЕРМІЗ

Сауда дегеніміз – біреудің қажеттілігін шешу. Өмірде де барлығымыз саудагерміз, себебі, өзімізді сатамыз: ақшаға, жақсы көңіл күйге, қарым-қа- тынасқа. Әрқайсымыз біреудің қажеттілігін өтеумен айналысамыз. Бұл дегенім, бір компанияға заңгер керек болды делік, өзіңнің қызметіңді ұсындың. Заңгер болып жұмысқа орналасып, олардың қажеттіліктерін өтеу- десің, туындаған мәселелерін шешіп бердің.

Маған: «Сіздің компанияда жұмыс істегім келеді. Тегін жұмыс жасауға да дайынмын», – деп жазатын студенттер өте көп. Олардан: «Компаниямның қандай қажеттілігін өтеп бере аласыз?», – деп сұраймын. Көбі бұл сұраққа жауап бере алмай қалады.

Біреудің проблемасын шешіп беретін жағдайда ғана, құнды боласың. Адамдар бір-бірін біреуіне екіншісінен бірдеңе керек болған кезде ғана іздей бастайды ғой. До- сыңа оны түсінетін адам керек болған соң сені іздейді, ол да – сауда. Қыздар жақсы визажист маман іздейді, ал ол мамандардың қазір түр-түрі бар, олар өздерін әлеуметтік желіде жарнамалап жарысады, ол да – сауда.

Барлығымыз саудагерміз, сондықтан да өзімізді сата

білуіміз керек. Жақсы жар, нағыз маман, адал дос ретін-

де…


ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҚЫМБАТҚА САТАМЫЗ?

Адамдардың көбі өз қабілеттерін өздері бағала- майды. Көп қаражатқа қол жеткізгісі келсе, биз- нес ашу керек дейді, бизнес ашса, идеяны басқалардан із- дейді. Барлығын да сырттан іздейміз. Ал өз қабілетімізді дамытып, қолымыздан келетін нәрсені жасамаймыз.

Қазақ жастарымен көп жұмыс жасаймын, өте дарын- ды балалар бар: бірінің ойлау қабілеті керемет, екіншісі қолөнерге бейім, үшіншісі сөзге шешен, бірақ өздерін сата алмайды.



«Қабілетті анықтау: жоқты қуаламай, барды дамыту» бөлімінде айтқанымдай, әр адам өз ерекшелігін, мықты жағын анықтап алу керек. Осының арқасында біз өзімізді жақсы кәсіпкер немесе маман ретінде нарыққа ұсына аламыз.

КӘCІПКЕР – кәсібін дөңгелетіп жүрген, бизнес идея- сы бар, бизнес модель жасап тапқан тұлға.

Ал ұста – қолынан келетін сүйікті ісін жақсы жасай- тын адам. Бірақ ол өз жұмысы үшін үлкен табыс табады. Яғни, кәсіпкер де, ұста да екі түрлі жолмен бірдей ақша алуы мүмкін.

Мысалы, Ғалымжан Молданазар кәсіпкер емес, ол ұста, бірақ жеңіске жеткен және жақсы табыс табады. Уақыт өткен сайын, ұста шыңдала береді, демек, оның бағасы да, табысы да өседі.



Суретте көрсетілген мысалда, әлем таныған Нұсрет мырза, Түркияның танымал аспазы етпен айналысады, әлем таныған нағыз ұста.

Бізде «RUMI»-де операциялық директорымыз бар. Ол әрдайым ЗАТOK бойынша жұмыс жасауға тырысады, жақында салоннан «Camry-55» автокөлігін сатып алды. Тренингіме келген адамдарға: «Кім кәсіпкер?», «Ал кімнің көлігі «Camry-55» немесе одан да мықты?» деп сұрақ қойдым, ешкім қол көтермеді. Сонда, Қарақат ха- ным кәсіпкер емес, ұста бола тұра тиісті, өзіне сай табыс тауып жатыр деген сөз. Сондықтан да ойлан. Сен кімсің?

Қолыңнан не келеді

Шындығына келсек, барлығымыз саудагерміз. «Он берекеттің тоғызы – саудада» деген хадис бар. Мен көп ойландым, неге екен деп? Сауда – бір адамның қажеттілі- гін қанағаттандыру. Нарықта сатушы мен сатып алушы кездеседі, ал ең үлкен нарық – қызмет күші нарығы. Білімімізді сатып, ол үшін ақша аламыз. Қызметкерлер де біреудің, жұмыс берушінің қажеттіліктерін қанағат- тандырады.

Ұста жолында өзімізді қымбатқа сату үшін не істейміз? Потенциалы бар адам, бірақ 180 мың теңге айлық ала- ды. Біріншіден, білімге назар аударамыз. Бұл дегеніміз, диплом; сен ортаң мойындау керек, яғни, репутацияң жақсы болуы тиіс; белгілі бір нәтижелерің болу керек, яғни сертификаттарың.

Көп жағдайда ұяңдықпен, ұялшақтықпен жұмыстары- мызды, білімімізді көрсете алмаймыз. Бірақ, Instagram- ға жеген тамағың мен сатып алған жаңа смартфоныңды салғанша, мүмкіндік болса, өз жұмыстарыңды сал. Орыс тілімен айтқанда «упаковка» жасау керек. Ұста өзін нарықта жақсы сату үшін жақсы жұмыс істеп қана қоймай, мүмкіндіктерін көрсетіп, сата білуі керек. Қан- шама мықты маман әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде жоқ, олар туралы халық та, жұмыс беруші де білмейді. Ал соңында ол маман «ешкім жұмысқа алмайды» деп отыра- ды. Ал ең білікті мамандар жұмыс іздеп бармауы керек, оларды керісінше жұмыс берушілер іздеп, өздеріне шақы- ру керек. Бұл жерде сен өзіңе дұрыс сұрақ қоюың керек. «Неге мені жұмысқа алмайды?» – деп емес, «Қалай мені жұмысқа шақыратындай жағдай жасай аламын?». Одан соң, әлеуметтік желіні ашып, өз жұмыстарыңды жүктеп, достарыңмен, таныстарыңмен бөлісе баста. Блог жүргіз, өзің туралы видео түсір. Басында оңай болмауы мүмкін, дұрыс сөйлей, әдемі мәтін жаза алмайсың, бірақ уақыт өте келе шыңдаласың.

Бізге көптеген адам жұмыс іздеп келеді. Резюмесін қабылдап, олардың әлеуметтік желілердегі парақшала- рын іздестіріп, қарастырамыз. Internet-те парақшаларын дұрыс жүргізбей, тыртиған белдемше киіп алып, түнгі клубта секеңдеп билеген суреттері мен видеолары жүр- се, ол адамды жұмысқа қабылдамаймыз. Себебі, қанша жерден мықты маман болғанымен, нарықта өзін әлі са- тып үйренбеген. Оның офиста жүріп, ұзын белдемше, ақ көйлек кигені маған қажет емес. Ол барлық жағынан да өзін дамытып, лайықты дәрежеде нарықта өзін ұсына білуі керек.

Нейромаркетингте бір адам туралы шешім қабылдау үшін ол туралы тоғыз рет есту немесе көру керек дейді. Мысалы, кітабымды сатып алу үшін, ол туралы әлеумет- тік желіде тоғыз түрлі пост көруің мүмкін немесе досың мен туралы айтып берді, бәлкім, теледидардан көріп қалған боларсың. Осының барлығы – тұлға болып қалып- тасуымызға, дамуымызға, өзімізді қымбатқа сатуымызға септігін тигізетін құралдар. Сондықтан да әлеуметтік желіні өз пайдаңа қажетінше қолдана біл, қоршаған ауди- торияда өзің туралы жақсы пікір қалыптастыр. Ұста болсаң өз атыңды, кәсіпкер болсаң өз бизнесіңді брендке айналдыр.

Тағы бір айтарым, бүгінгі күн, ол – ертеңнің баласы.

«Еріншектің ертеңі бітпейді» деп бекерге айтылмаған. Сондықтан ақыры жеңіс жолында жүріп, өзіңді жеңуге тырыссаң, оны ертеңнен емес, бүгін баста!

«Ертең» деген сөзді ұмыт!



ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СЕН:

AВАТАРКАҒА ТОЙДA ТҮСКЕН

СУРЕТ

ҚОЮДЫҢ ҚACIPETI

Әлеуметтік желідегі парақшаларыма дос бо- луға ұсыныс жіберетіндердің аватаркасын- дағы суреттеріне қатты мән беремін. Тойда жүрген, үйдің кіреберісінде немесе гараждың фонында суретке түскен адамдардың достығын қабылдамаймын. Себебі, аватаркасындағы суретін дұрыс қоя алмаған адам, әлі күнге дейін өзін таба алмай, сата алмай жүрген адам – деген сөз. Ал егер достық ұсынысын қабылдасам, маған ол адам қызық болуы керек, парақшасында жазатын, бөлісетін мәліметтері көз тарту керек. Оқыған кітап- тарымен, алған тәжірибесімен, мамандығының қыр-сы- рымен бөлісетін адам қызығушылық тудырады. Мен ғана емес, көптеген компаниялар да адамды қызметке қабылдамас бұрын, әлеуметтік желіге қарап оның қан- дай екенін анықтайды.

Қазіргі таңда әлеуметтік желінің адам өмірінде, қоғамда алып жатқан орны үлкен. Үйден шықпай, әлеу- меттік желі арқылы пайдалы пост жазып, әдемі сурет са- лып, миллиондап ақша табатын адамдарды білемін. Ал біздің көбіміз әлеуметтік желіні уақыт өлтіру үшін пай- даланамыз. Досымыз не істеп отыр екен, кім қандай киім сатып алды, қайда барды, тағы да сол сияқты. Бірақ, біз- ге бұдан еш пайда жоқ. Ал ақылды адамдар, әлеуметтік желіні ақша табу құралы ретінде пайдаланады. «Неге әлеуметтік желіден шықпайсың?», – деп маған сұрақ қоятындар көп. Егер әлеуметтік желі мен Internet болмаса, кәсібім бұндай деңгейге жетпейтін еді. Сон- дықтан да жеке брендингке қолайлы құралдың заңда- рымен бөлісуді жөн көрдім.

Біріншіден, әлеуметтік желінің этикасын сақта. Әлеу- меттік парақша сенің кім екеніңді білдіреді. Онда не- гатив шашып, боқтық сөз жазып, өзгелерді сынап оты- ратын адамдар өмірде де сондай екенін ғана көрсетеді. Өкінішке қарай, көпшілік бұл біреуді жәбірлеуге болатын орын, мен бұл жерде жазаланбаймын деп қабылдайды. Танымайтын адамдармен сөз таластырып жатады. Шын- дығында, оның бәрі сіздің имиджіңізге жұмыс істей- ді. Мұндай этикет сақтай алмайтын адам, парақшасын бірден өшіріп тастағаны пайдалырақ. Сол сияқты, бір адаммен жұмыс істесең, оның бизнесі туралы негативті пікірлерге «лайк» баспауға тырыс, оның бәсекелестерін мақтаудан тартын. Бұл әдетте адамның жүйкесіне тиеді. Екіншіден, қызықты бол. Онлайн әлем ақпарат тұты- нушы мен өндіруші деген екі топқа бөлінеді. Сен жай ғана тұтынушы болуды қанағат тұтпа. Джунглиде не сен жейсің, не сені жейді. Әлеуметтік желіде не сен оқисың, не сені оқиды. Өзгелер қызығатын контент ұсын. Көп оқы, саяхатта, блогерлерден фишкаларын үйрен. Парақ- шаң өзгелердің постын бөлісу үшін ғана керек пе? Парақ- шаң сенің бетбейнеңе айналуы керек. Оған қараған адам: «Бұл не деген қызық, әзілқой, білімді азамат, мен оған жазылып қояйыншы» – деп ойлауы керек.

Үшіншіден, жиі пост жариялап тұр. Оқырман база- сын қалыптастырып алғаннан кейін, тіпті қалыптастыру барысында, жоғалып кетуге болмайды. «Көзден кетсе, көңілден кетеді» деген ұғым әлеуметтік желіге де байла- нысты. Тұрақты түрде пост жазу үшін аптасына бір не- месе екі рет, қолың босаса күн сайын белгілі бір уақытты белгіле. «Сәрсенбі түске дейін бір пост жазамын» деген сияқты бұлжымайтын ережең болсын.

Төртіншіден, өз бағытынды анықта. Өзіңнің тақы- рыбың болсын және ол тартымды жеткізілетін болсын. Сауатсыздық, сапасыз фотографиялар, өзгелерді қайта- лау сияқты дүниелер – әлеуметтік желің жауы. Максим Рожин мен Өркен Кенжебек фотографияға қызығады,

соның арқасында олардың посттары тартымды. Әлішер Елікбаев жаңа кроссовкасы туралы жазса да, адам қы- зығып оқитындай етіп жаза алады. Саяхат туралы жаза- тындар бар. Рецепт жазатындар бар. Кино талдайтындар бар. Трендтегі тақырыптарды жазып отыруға болады. Болмаса, мен сияқты өз бизнесіңді таныстыр. Әйтеуір, сені айтқанда бірден адамның есіне түсетін фишкаң бо- луы керек.

Бесіншіден, пікір жазуды, like басуды ұмытпа. Қанша ғажайып адам болсаң да, өзгелер де сенен 1ike күтетіні есте болсын. Пікір жазу, жай ғана тамсаныс, болмаса, өзіңнің альтернатив пікіріңді ұсыну – адамға өзіңнің бар екеніңді еске салып отырудың бір жолы. Өзіңе керек адамдарға пікір жазған сайын, оларға өзіңді ұмытуға жол бермейсің. «Мен мұндамын!» деген хабарлама бұл. Соның арқасында, жаңа таныстарың (ескілері де) сізбен күнде көрісіп жүргендей, жақын досындай қабылдап кетеді. Осылай жалғастыра беруге болады. Әлеуметтік желі біздің қазіргі шындығымызға айналды. Сондықтан жаңа заманда жеңіс туралы айтқанда, оффлайн ғана емес, он- лайн брендинг пен құралдар туралы ұмытуға болмай- ды. Бұл тақырыпқа арналған кітаптар да соңғы жылда- ры жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Қызықсаң, тереңірек ізденуге мүмкіндік толып жатыр. Менің айтқым келетіні, әлеуметтік желі – өзіңді жұл- дызды блогерге айналдырып, бизнесіңді өрге домала- туға септігін тигізетін бірден-бір пайдалы құрал. Қазір «Жарнаманы қалай жасаймын?» деген адамға «әлеуметтік желіге бар!» деймін. Ол – телевизиядан да, газет-журналдан да қауқарлы құрал, ең бастысы, ешкім сізден ақша сұрамайды. Алысқа бармай-ақ, «Rumi» – In- ternet арқылы танымал болған мейрамхана. Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасадық, бейнемізді қалыптас- тырдық, тұтынушыны тартып, қоржынымызды байыттық (және соның бәрі тегін!). Тіпті, ең қиын кездерде де, бізді осы Internet-тегі коммуникациялық мүмкіндіктеріміз құтқарады . Бұл бәлкім, бет-бейнесі бар жалғыз мейрам- хана шығар әзірге. Мәзірге WhatsApp нөмірімді жазып,

кез келген қонаққа байланыс үшін ашық екенімнің өзі көп адамдардың көңілін аударды. Ал әлеуметтік желілер- де тұрақты түрде қонақтарымызбен байланысқа шығып отыруым көп дүниені жеңілдетті.



Мысалы, қайбір жылы «Rumi»-дің төңірегінде үлкен скандал (дау-дамай) болды. Қонақтардың бірі палаудан тырнақ шықты деп жариялады, ол әлеуметтік желілерді кезіп кетті. Бізде мынадай таңдау болды: ғайбаттады деп сотқа беру немесе қонағымызбен сөйлесіп, бәрін бейбіт түрде шешу. Соңғысын таңдадық. Ол азаматты «Rumi»- ге шақырып, асханамызға шағын экскурсия жасадық. Сөйтіп, сақтанатын қауіпсіздік пен тазалық шаралары жағдайында тырнақтың тамаққа түсуі мүмкін емесін көрсеттік. Бұдан кейін асханадан тікелей трансляциялар жасау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Мен осының бәрін тәптіштеп пост жаздым. Және қарапайым адамдар- дың, қонақтарымыздың қолдауына таңғалдым және риза болдым. «Өздеріңе сенімді болсаңдар, сотқа беріңдер. Бұл сендерді көре алмайтындардың әдейі жасап жүр- гені. Репутацияны қорғау керек» – деді бір ақылшыла- рымыз. Бірақ Facebook пен Instagram-ға қарағанда, сотқа шағымданудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Репутация- мыз орнында екен. Біздің постымызды бөліскендердің ішінде «Егер тырнақ палаудың ішінде піскен болса (кейін түсіп кетпей), өзімнің 1 000 000 теңгемді берем», – деген жігіт бар екен. Сол оқиғадан кейін адамдардың саны да арта түсті. Сонда мен онлайн байланыстың қаншалықты маңызды екенін кезекті мәрте түсіндім.



Осы QR-кодты сканерлеп, «Versus» академиясы өткізген «Қазақша

SMM Әлеуметтік желінің күшін сезін» тренингінің видео нұсқасын сатып алсаңыз болады

КЕЛІСӨЗДEP – НЕТВОРКИНГTIҢ

ҚАЗАҚИ НҰСҚАСЫ

Кездейсоқ таныстарымыз әр түрлі, олар бір-бірі- не ұқсамайды, социумда біздікінен бөлек орын алады. Демек, олар бізге қоғамдық күш береді. Және та- ныстарыңыз қаншалықты көп болса, сіз соншалықты күштісіз. «Әлеуметтік капитал» деген ұғым бар. Адам- ның байлығы тек банктегі есепшоты емес, қандай және қанша адамды танитындығымен өлшенеді.

Мәселе мынада: неғұрлым көп адамды білген сайын, жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктер көбірек болатыны анық: демек, сен жеңіске жақындай түсесің. Кейт Фер- рацци «Никогда не ешьте в одиночку и другие правила Нетворкинга» деген бестселлерінде мынаны айтады. «Қа- рапайым отбасынан шығып, бала кезінде гольф алаңында доп тасып жүргенде түсінгенім, кедейлік деген ақшаның жоқтығы емес, кедейлік деген белгілі бір топтардан, сіздің потенциалыңызды іске асыруға көмектесетін адамдардан шеттетіліп қалу» дейді. Ол ақыл, талант деген ұғымдар- дың ешқайсысы жақсы коммуникациялық қабілеттерсіз адам жеңісіне септесе алмайды дегенді айтады. Мысалы, Дарси Резак46 «Связи решают все. Прави- ла позитивного нетворкинга» (Use the Power of Positive Networking to Leap Forward in Work and Life) деген кіта- бында керек адамдармен қарым-қатынас орнатуды «шму- зинг» деп атайды. Жаңа орынға бір адам керек еді деген- де басшылықтағы адам алдымен өзі білетін адамдардың арасынан сәйкес үміткерді іздей бастайды. Содан кейін қарамағындағыларға айтады. Олар да алдымен өздері __________



46 Дарси Резак – Макгил университетін тәмамдап, MBA John Molson School of Bu- siness дәрежесін иеленген.

білетін адамды іздей бастайды. Егер сен өз салаңдағы үздік маман болсаң, міндетті түрде сені еске алады. Сенімен жұмыс істегісі келеді. Бірақ егер сен өз жұмы- сын тыңғылықты істейтін, мүмкін шынында да үздік, бірақ ешкіммен араласпайтын, ылғи көлеңкеде жүретін адам болсаң, жолыңның болып кетуі неғайбыл. Ылғи да жаңа адамдарды, жаңа энергияны топтастыра біл. Және ол дұрыс адамдар болуы керек. Адам нені тұтынса, соған айналады. Адам кіммен араласса, соған ұқсап кетеді. Ылғи да шағымданатын, біреулерді қарғап сілейтін, «жоқ», «жаман» дегеннен басқаны айтпайтын адамдар- мен аралассаң, өзің де сондайға айналасың. «Бар», «же- теді» десең, болады да, жетеді де. Ол үшін бәрі бар, бәрін жеткізетін, табысты, оптимист адамдармен дос бол. Жаңа мекемеге, егер онда атмосфера дұрыс болмаса, жұмысқа тұрмай-ақ қойған абзал. Сенің ортаны өзгертемін дегенің неғайбыл. Орта сені өзгертеді. Сондықтан көңіл күйі кө- теріңкі, жоспарлары айқын, ертеңгі күннен тек жақсылық күтетін, амбициясы жоғары ортада жүр, жұмыс істе, демал. Өзіңе жасай алатын ең үлкен сыйлығың – осы. Өйткені ортаң саған бейсаналы түрде әсер етеді. Саған қажет емес, уақытыңды өлтіретін, ешқандай позитив бере алмайтын, алға жылжытпайтын орталардан қаш. Ешкімге де өмір бойы шағымын тыңдауға уәде берген жоқсың. Сенің өмірің – тым бағалы.

Коммуникациялық қабілет адамның қызметінің сапа- сына әсер етеді. Қай салада болсын. Мысалы, «Rumi»-де автоматизация менеджері бар. Ол осы қызметтегі бесінші адам. Бірақ ол өзіне дейінгі төрт адамды қосқандағыдан үш есе көп жобаны іске асырды. Мәселе мынада, бұл ме- неджердің коммуникациялық мүмкіндіктері өте жоғары. Соның арқасында ол жобаларына ақша бөлдіре алады. Басшылықты қайсыбір өзгерістердің қажеттігіне сендіре алады. Мұның бәрі ойын жеткізе алатындығынан. Адам табиғатынан коммуникативті жаратылыс. Біз үшін бұл соншалықты қиын дүние емес. Қиынырағы, қарапайым

адами қарым-қатынастардан жұмыс орнындағы ара- қатынастарға дейін, дұрыс коммуникацияның шегін білу.

Әсіресе біздің менталитетімізбен.

Коммуникацияны екі категорияға бөлуге болады. Бірі, жалпы мінездің ашықтығына келеді. Өміріңе жаңа адамдарды қосуға дайын болу. Мұның мәні, «әлсіз бай- ланыстар» деп аталатын таныстар нетворкингі адам- ның өсуіне көбірек ыкпал ететіні. Екіншісі, өз қызмет салаңдағы, біліміңді, мүмкіндіктеріңді өсіретін «керек» байланыстарды қалыптастыру. Сондай-ақ Internet же- лісі осы екеуінде де құрал ретінде пайдаланылады. Егер адамдармен байланыс орнатуда қиындықтарға кездесер болсаң, коммуникациялық қабілетті арттыра- тын лайфхактар ұсынғым келеді.



Соның алғашқысы – күлімдеп жүру. Күлімдеу мен жымию қандай магнит екенін бәрі біледі, бірақ мән бере бермейді. Рон Гутман47 «The Hidden Power of Smiling» деген дәрісінде күлкінің адамның денсаулығын көтеріп, ұзағырақ жасауына септесетіні туралы сараптамасымен бөліседі. Және күлімдеу мен жымию адамды тартым- дырақ, көріктірек қана емес, өзіне сенімдірек және ком- петенттiрек етіп көрсетеді дейді оның зерттеуі. Табыс- ты адамдар көбінде күлімдеп жүреді. Немесе күлімдеп жүретін адамдар табысты болады. Бұл екеуінің арасын- да «жұмыртқа ма, тауық па?» деген сияқты ажырағысыз байланыс бар. Өзіңізді басқара алатын ересек адам бол- саң, әлеуметтік ортада өзіңе де, өзгеге де жағымды ат- мосфера қалыптастыруға тырыс. Бұл – адамдардың саған деген ықыласын арттыратын алғашқы шарт. Екінші, «айсбрекер», «мұзжібіткіштерді» пайдала- ну. Игорь Манн48 «Номер Один. Как стать лучше в том, что ты делаешь» деген кітабында «Қандай фильмдерді жақсы көресіз?», «Көп саяхаттайсыз ба?» деген сияқты сұрақтар тізімін жасайды. Лифтінің ішінде кездейсоқ кездесіп қалған әріптесіңмен әңгіме өрбітетін сұрақтар. _________

  1. Рон Гутман – «HealthТар» компаниясының негізін қалаушы және атқарушы директоры. Интерактивті денсаулықты сақтауды зерттеген алғашқылардың бірі.

  2. Игорь Манн – Ресейдің ең үздік маркетері, спикер, автор, баспагер, «МИФ» (Манн, Иванов и Фербер) баспасының негізін қалаушы.

Бұлар іскерлік Батыс әлемінде орынды болса, қазақтың ауылында «Соғымға не сойғалы жатырсыз?» деген қо- лайлы сұрақ болуы мүмкін. Ең бастысы, аса жақын емес танысты жақындата түсу үшін пайдаланылатын сұрақтар жадында жүрсін. Және ол контекстіге сай болсын. Шаруа туралы, өзіңе қызық нәрсе ғана емес, пікір- лесіңе қызық тақырыптарда әңгіме өрбіту. Дамыған ел- дерде адамдар хоббилерін, қызығушылықтарын көбірек әңгімелейді. Бұл – бейтаныстарды таныс қана емес, туыс қылып жіберетін тақырып. Өйткені, өзгенің көзі жанып тұрып әңгімелейтін тақырыбы сені қызықтырса, сен де онымен әңгімелесуге құштар боласың.

Тыңдай білу маңызды. Адам сөйлегенде бөлмей, өз пікіріңді тықпаламай, сынамай, қарсы болмай, адамның ойын ақырына дейін тыңдай білу деген өте маңызды қасиет. Игорь Манн бұл қасиетті дамыту үшін жаттығу жасауды ұсынады. Алдымен, танысыңа, досыңа не әйте- уір жақын адамыңа бес сұрақ қоям деп ескертесің. Шын мәнінде өзің жалғыз сұрақ дайындайсың. Келесі төрт сұрақ туындау үшін оны құлақ қойып тыңдай түсетінің анық.

Жөн-жосықсыз сынамау. Дейл Карнеги38 «Как при- обретать друзей и оказывать влияние на людей» (How to Friends and Influence People) деген бестселлерінде өте жақсы ой айтады. Өзгені сынау кемшілігін көрсету- дің түбінде көп жағдайда өзін көтермелеу, өз бағасын арт- тыруға талпыныс жатады. Ал бұл – қарым-қатынастағы ең қауіпті нүкте. Өзіне сенімді адам өзгелердің кемшілігі арқылы өз бағасын көтермейді. Оларға кешіріммен қа- райды, байқамауға тырысады. Керісінше, пікірлесінің мерейін асырып, жамандығын жасырып, жақсылығын асыруға тырысады. Сонда ғана өзгенің құрметі мен сү- йіспеншілігіне бөленуге болады. Кавасаки: «Уақыт өте келе жай ғана үнсіз қалуды үйрендім. Солай ғана ситуа- циядан жеңімпаз болып шығасың» – дейді. ___________

Сэндвич техникасын қолдану. Кейде, ситуация шынында да сын айтуды талап ететін шығар. Мұндай жағдайда сэндвич техникасын пайдалануға болады. Ал- дымен жақсылап тұрып мақтайсың, сосын сыныңды ай- тасың, қайтадан мақтайсың. Бұл – еврей халқының бала- ларын тәрбиелегенде пайдаланатын әдісі. Олар ешқашан сынды баланың ішкі бағасын түсіретіндей етіп айтпай- ды, сондықтан комплекссіз болып өседі. Әрбір ересек адамның ішінде де әрбір бала өмір сүреді. Сондықтан аса қажет болса, сынай отырып мақтауды, мақтап оты- рып мақтамен бауыздауды үйрен. Адамға естігісі келген нәрсені айтуға машықтан.

Комплиментті кім жақсы көрмейді? Мақтауды бәріміз ұнатамыз, бірақ оны тостқа қалдыр. Комплименттің мақтаудан айырмашылығы, болмашы ғана нәрсеге ай- тылады. Бірақ тыңдаушының мерейін өсіріп, көңілін көтереді. Келесіде аса жақын араласпайтын танысыңды көргенде ауыз жыбырлатып өте салмай, оның өмірінде не болып жатқанын білуге тырыс. Жеңістері болса, құт- тықтауды ұмытпа. Жақсы қасиетін көрсең, онысын айт. Бірде табысты бір адамнан: «Сіз осы, адамның бәрін қа- лайша мақтай бересіз?», – деп сұраса, ол «Неге мақта- масқа? Менің ештеңем кетпейді, ал оның көңілі өсіп қа- лады», – деген екен.

Брайан Трейси «Достижение максимума. 12 принци- пов» деген кітабында бір оқиғаны айтады. Бір бизнесмен, апта сайын өмірде жолы түйіскен он адамға жеделхат жіберуді әдетке айналдырыпты. Әр жеделхатта жалғыз ғана сөз екен: «Құттықтаймын!». Жылдар өте келе оны құрметтейтін таныстар шеңбері кеңейе береді. Қартайған шағында, «Осыншама адамның жеңістері туралы қайдан біллініз?» дегенде «Олардың не істеп жатқанын білсем бұйырмасын» деп жауап беріпті. Ол жай ғана, әр адам күн сайын, апта сайын бір кішкентай жеңіске жететінін білетін. Жеделхатты алған адам, автоматты түрде өзінің соны жеңісімен байланыстыратын болған. Қарап отырсаң, бұл бизнесменнің жұмысы бастан асып жатыр. Отбасы, достары, қызметкерлері бар, бәрінің алдында жауапкершілігі мен міндеттері бар. Соған қара- мастан ол алыс таныстарын іздеп, түгендеп отырады. Се- бебі, жеңістің бір құпиясын біледі. Ол «Әлсіз байланы- стардың ықпалы» деп аталады.

«Әлсіз байланыстардың» ықпалы. Тұлғааралық қарым-қатынастарды сипатына қарай (мысалы, жиілігі мен ұзақтығы) «мықты» және «әлсіз» байланыстар деп бөледі. Өте әлсіз байланыстар да бар, ол – бас изесіп өте беретін адамдардың байланысы. «Мықты» байланыс тар – отбасың, ең жақын достарың делік. «Әлсіз» байла- ныстар университетте бірге оқыған, оқу олимпиадасына бірге қатысқан, дебат клубына бірге барған немесе до- сыңның туған күнінде танысқан адамдар. Америкалық социолог Марк Гранноверт39 «Сила слабых связей» (The Strength of Weak Ties) деген мақаласында осы әлсіз бай- ланыстарға кеңінен тоқталады.

Жүргізген зерттеуінің негізінде, адамның карьерасы- на оның «мықты» байланыстарынан гөрі, «әлсіз» байла- ныстары көбірек ықпал ететінін айтады. Еңбек жолында адамның өрлеуі осы байланыстар арқылы жүреді. Демек сенің бұрынғы әріптесің, танысың жеңісіңе отбасыңнан гөрі көбірек септеседі. Себебі, ең жақын адамдарда бар ақпарат сенде де болатыны сөзсіз. Олар тура сен жүр- ген орталарда жүреді. Сенімен бірге жұмыс істейді, тура сол тойларға, жиындар мен отырыстарға барады. Олар саған беймәлім не нәрсе білуі мүмкін? Ал «әлсіз» байла- ныстағы адамдардың әлемі, оларда бар ақпарат саған жаңалық болуы мүмкін. Сондықтан да жұмыс, ақпа- рат, идея іздеуге келгенде, «әлсіз» байланыстар ылғи да «мықты» байланыстардың алдын орайды.

Гранноверт бір жақсы жаңалық айтады, әлсіз байла- ныстарды әлеуметтік желі арқылы ұстап тұруға бола- ды, ол аз десең, мұндай байланыстарды әлеуметтік желі арқылы да орната аласың. Өйткені оның негізгі принципі визуализация. Көз алдында көлбеңдеп жүрсең, сені ____________

күнде тілдесіп жүргендей жақындық сезеді. Ал ең жақын адамдардыңмен, достарыңмен, туыстарыңмен әлеуметтік желі арқылы байланыс ұстау жеткіліксіз ғой? Жоғарыда айткан социолог Марк Грановеттер 1974 жылы өзінің «Жұмысқа тұру» (Getting a Job) деген кіта- бын жазу үшін сауалнама жүргізеді. Нәтиже қандай дей- сіз? Сұралғандардың 56 пайызы жұмысты таныстары арқылы тапқан, 18,8 пайызы хабарландыру арқылы, 20 пайызы жұмыс берушілерге тікелей шыққан. Жұмысты таныстар арқылы тапқандардың 16,7 пайызы бұл таны- сымен жиі» (жақсы дос ретінде) кездесіп тұратынын ай- тыпты. 55,6 пайызы «ара-тұра» және 28 пайызы өте сирек керісіп тұрады екен. Демек, адамдар көбінде жұмысқа жақын достары емес, қатардағы таныстары арқылы ор- наласады екен. Ойланып көрсең, бұл заңды да. Стамбұлда «Starbucks»-тың директоры маған шоколад бизнесін бастайтын кезде көп көмектесті. Ылғи ұшаққа мінгенде жанымда отырған көршіммен сөйлесуге тыры- самын. Және шындығына келгенде, сондай таныстықтар- дың өте үлкен жобалар мен жақын достыққа ұласқан кезі өте көп. Немесе таксиге отырғанда да сондай. Таксис- тердің бәрі жақсы адамдар болып кездеседі. Саған елдегі жаңалықтарды, халықтың жағдайын, жақсы мейрамхана- ларды, дұрыс қонақ үйлерді көрсетіп беретін де солар. «Rumi»-дің – «Rumi» болып тұрғаны, біраз деңгейде па- лаушыға байланысты болса, сол палаушыны Ташкент- тен тауып берген де – таксист. Ең жақсы палаушының шәкірттері бізге жұмысқа келді.

Лондонда таксист, тіпті, Қайрат Нұртасты тыңдайтын болып шықты. Бакуге бірінші рет барғанда Uberдің парт- нері Анар үш күн бойы жанымызда жүрді. Елдің мәдени- еті мен асханасын таныстырды, жаңа мейрамханамызға жақсы мамандар табуға септесті. Саяхаттағанды жақсы көрем, бірақ жүз пайыз жоспарламаймын. Солайша жаңа адамдармен танысып, өзім ойламаған жерлерге баруға уақыт қалдырамын. Өмірдің берерін алуға дайын болсаң ғана аласың. Бұл және өзіңнің ниетіне байланысты. О бастан жақсылық күтсең, жақсылық болады. Құдай біз- ге біз күткеннен, біз қалағаннан да көп нәрсе дайындап тұрғанын өмірдің өзі көрсетіп жатыр.



Біз көбінде Алланың берген мүмкіндіктерін дұрыс бағаламаймыз. Оның сыйлығының бірі – бізге жіберетін,

адамдары болуы мүмкін. Кейбір адамдармен тиісінше қарым-қатынас ұстай алмадық, соның кесірінен,

мүкін, қазір қиналып жүрген шығармыз? Құдай бізге

өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Адамдар арқылы.

Сол мүмкіндікті жіберіп алмаудың жалғыз жолы адамдарға зейін қою. Әр кездескен адам біздің өмірлік жолдасымыз болмайды. Бірақ бұл кездескен адамды «бір күндік таныс» деп назарсыз қалдыру керек дегенді біл- дірмесе керек. Өмір бір кездестірген адаммен жолыңды тағы да түйістіреді. Сол кезде оған көңіл қойғаның қан- шалықты дұрыс болғанын түсінесің.

Егер берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалансаң, сенің әр танысың керек адамға айналады. «Алты алақан теориясы» («Теория шести рукопожатий») деген тео- рияны білетін боларсың. Дүние жүзіндегі әр адам бірі- мен-бірі таныс болып шығады. Ешқашан мән бермеген әріптесің, танысың, өміріңді өзгертіп жіберетін адаммен таныстыруы мүмкін.

Бұл орайда Билл Клинтонның әдісі назар аударар- лық. Оксфордта студент кезінде ол университетті бітіріп жатқан Джефри Стэмпспен танысады. «Джеф, мұнда немен айналысасың?», – деп сұрайды. «Пемброк кол- леджінде оқимын», «Пемброк» деп жазып қояды. «Қан- дай мамандықта? Оған дейін не істедің?», – деп сұрақ үстіне сұрақ жаудырады және жауапты жазып қояды. «Неге оның бәрін жазып жатырсың?», – деп сұраған жаңа танысына болашақ президент: «Арканзастың губернато- ры болғалы жүрмін. Сондықтан өзім танысқан адамдар дың бәрі туралы ақпаратты тізіп жүрмін», – деген екен.

Жүйе деген керемет нәрсе. Өміріңнің барлық саласына қатысты болмаса да, кейбір саласына қатысты тізімдер жасап отыру аса маңызды.

Байланыстардың сапасы. Байланыстардың саны көп болғаны жақсы. Бірақ оның сапасы одан гөрі маңызды. Өкінішке қарай, бізде көп адамдар нетворкингтің күшін дұрыс бағаламайды. Тек жұмыс барысында, өзіне қажет кезде іздей бастайды. Ал Джелаледдин Румиді тыңдасақ, адаммен ол жай ғана адам болған соң да араласу керек. «Керек кезде ғана іздейді екен» деген ойдағы адам саған жақсылық жасап жарытпайды.

Сьюзан Роан айтады: «Сіздің не білетініңіз маңыз- ды емес, сіздің кімді білетініңіз де маңызды емес. Сізді кімнің білетіні маңызды». Таныс-тамыр деген қазақ ой- лап тапкан нәрсе емес. Бүкіл дүние жүзі сол жүйемен жұ- мыс істейді.

Мүмкін, басқаша атайды. Таныстықтың бекуіне септе- сетін бірнеше техника бар.

Оның біріншісі, таныстықты бекіту. Сен бір жиында жақсы адаммен таныстың делік. Нөмірлеріңді алмас- тыңдар, сосын ұмытып кеттіңдер. Келесіде, шаруа бары- сында сол адамға өтініш айтқың келсе, телефон тұтқа- сын көтере алмайсың, өйткені танысқаннан кейін жа- йына қалдырдың. Кейт Феррацци жоғарыдағы кіта- бында танысқан адамға ертесіне хабарласып, өзің тура- лы есіне салу жайында айтады. Қандай да бір сұрақ қоюға болады немесе қызықты ақпаратпен бөліс, жай ғана халін сұра. Әйтеуір, өзің туралы ақпараттың оның миында бекуіне әсер еттің.

Екіншіден, нетворкингтің алтын ережесі, таныстарды іздеп тұру. Иә, уақыт жоқ. Бәрінде бәріне уақыт жетпей- ді. Бірақ табысты адамдардың бір әдеті, ол да Трейсидің кітабында айтылып кеткен, жан-жағындағы адамдарды түгендеп отыру. Таныстардың халін сұрап тұру. Біздің менталитетте, әсіресе, үлкенге сәлем беріп тұру міндеті саналады. Ағалар өздерін іздеп тұратын інілерді жақсы көреді. Бірақ інілер де өзін іздеген ағаларды жаман көр- мейтінін ұмытпайық. Үлкенге де, кішіге де өзің хабарла- сып отыратын адам болсаң, адамдардың жаңалықтарын біліп отырасың және қажет кезде бір-бірімен жалғап, әлеуметтік байланыстардың орталығында боласың. Өзіңе қандай да бір қызмет, тауар, не ақпарат керек кезде кімге қоңырау шалсам деп те қиналмайсың.

Қандай кеңес бере алам? Күніне бес қоңырау жасауды әдетке айналдыру. Телефонындағы «Контактілер» деген бөлімшені ашта, күніне бес қоңырау жаса. Ешқандай себепсіз, ешқандай есепсіз. Ертесіне тағы да бес қоңы- рау. Солайша, таныстарыңның шеңберін арттырып қана қоймайсың, оның сапасын да арттырасың. Ал өзгелерге хабарласу, күнделікті шаруаның бөлігіне айналады. Көп адаммен байланыста болудың артықшылығын әлеуметтану ғылымы да дәлелдеген. Роберд Уолдин- гердің жиырма миллион рет қаралған «Жақсы өмір сүру үшін не керек?» (What makes a good life? Lessons from the longest study on happiness) деген дәрісі бар. Сонда әлеуметтанушы ғажайып қорытындыға келеді. Бірақ алдымен ол әңгімелейтін зерттеудің өзі туралы. Америка ғалымдары 75 жыл бойы 724 адамның өмірін бақылаған екен. Бала күндерінен жыл сайын олардың жұмысы, денсаулығы, тұрмысы, отбасы, т.б. жайында ақпар тіркеп отырады. Кедейлеу және ауқаттырақ аудандардан шыққан 724 адамның ішінде бірнеше президент, Нобель сыйлығының иегері, бизнесмен, Голливуд жұлдызы және басқа да түрлі адамдар бар екен. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен және ұзақ әлеуметтік зерттеу десе де орынды. Сонда олардың жасаған қорытындысы, адамды бақытты қылатын ақша емес екен. Атақ та емес екен. Билік те емес екен. Адамды бақытты қылатын – адамдармен қарым-қатынас сапасы. Әлеуметтік өмірі неғұрлым оңды болса, сол адамның денсаулығы мықты келеді және ұзақ жасайды екен. Ал жалғыздықтан жапа шегетін адамдар ауруға да бейім келіп, дүниеден ертерек өтеді екен. Ал, осыдан кейін коммуникацияның қажеттілігін қалай жоққа шығарасың?



Керек байланыстар. Күнделікті кездейсоқ байла- ныстардан бөлек, бізге өте керек байланыстар болады. Оларды сәтін салар деп, қол қусырып күте беруге болмайды. Өзің іздеп, табуы керек.

Жалпы, бәрін білемін деп санайтын адамдардан қорқақтаймын. Әсіресе бұл пікірім, білімді жеткізуші адамдарға қатысты. Маған дүниеде ешқандай жеңіске жетпеген адамдардын ақылын тындаған ауыр. Бірде-бір компанияны аяғынан тұрғызбаған, бірде-бір жобаны іске асырмаған, бірде-бір жеңіске жетпеген. Әрине, мұндай қатынас теріс болып көрінуі мүмкін. Алайда менің философиям – тұрақты түрде өсу, өзгеру, оқу, үйрену. Бірақ қайдан, кімнен үйренесің? Өзіңнен артық, өзіңнен білімді, өзіңнен гөрі елеулі жеңіске жеткен адамдардан үйрену керек.

Кейт Феррацци40 «Никогда не ешьте и одиночку и другие правила нетворкийга» деген кітабында керек байланыстар мақсатқа жетелейтін ең жақын жол екенін айтады. Яғни, мақсат қойғанда, оған жетуге көмекте- сетін адамдардың тізімі бірге жүреді. Бірақ бұл, сен іс бастайтын кезде, не жұмыс іздегенде ғана адамдарды із- деуің керек деген сөз емес. Керек адамдарды күн сайын іздейсің.

Бір жылдары бастаған ісімде берске жоктай күйде жүрдім. Жұмыс бар, ақша да бар сияқты. Бірақ бірдене жетіспейді. Қанатымды кеңге жая алмаймын. Бір күні ұйықтап жатсам, әкем оятады. «Тұршы, Қуаныш, теледи- дарға қарашы, Бауыржан Оспанов сөйлеп жатыр», – дей- ді. Бұл, «ЖерСу» корпорациясының президенті, белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспановтың теледидардан түспей, медиатұлға болып тұрған кезі. «Жастарға, көмектесем, талантты жастармен жұмыс істегім келеді» – деп сұхбат беріп жатыр екен. Әкемнің көмектескісі келгені ғой. Егер сол сәтте Оспановқа шығатын мүмкіндігім болса, міндет- ті түрде оның алдына барар едім. ___________



СЕН ЕМЕС СІЗ:

СӨЗ БЕН ТІРЛІКТІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ

Пікірлесің «сенге» көшуді өзі ұсынбайынша, «Сіз» дей тұру орынды болады. Бейтаныс, не суборди- нация ұстауды жөн санайтын адамнан естіген «сен» құлаққа түрпідей тиеді. «Көргенсіз» деген сөздің мағы- насы «тәрбие көрмеген» дегенге келеді. Сондықтан көр- генсіз болып көрінуден сақтан.

Ешқашан да адам сыйластық танытқандыгынан кем болып қалмайды. Тек осы сыйластық арқылы, «сіз бен, біз» деп, басқа адамның көңіліне жол таба аламыз.

Бұның нәтижесінде адамды, тұтынушыны болсын, өзіңе қаратып аласың.

Қол астымда жұмыс істейтін алты жүз адамның бар- лығына да сіз деп сөйлеймін. Үлкені болсын, кішісі бол- сын, бұл – этикет. Себебі, қызметкерлерімді сыйлаймын. Соншама кітап жазып, бір кішкентай «Сізге» тоқталға- ның не деп ойлауың мүмкін. Бірақ, тағы да қайталаймын, өмірімізде осындай қарапайым және кішігірім детальдар шын мәнісінде үлкен рөл атқарады.

Бірде маған бір адам «сен» дей берді. Шыдамай кетіп, «Сіз» деп сөйлегеніңіз жөн болар» десем, «Ағылшын тілінде «сен» мен «сіздің» айырмашылығы жоқ», – дейді. Айналайын-ау, біз Қазақстанда тұрамыз, қазақша сөйле- семіз ғой. Ал мұнда «Сіз» бен «сен» – екі бөлек дүниелер.

ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ

ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫ ЖӘНЕ

ЭНЕРГИЯНЫ БАСҚАРУ

«Уақыт – ақша» деген сөзді бәріміз естігенбіз. Бас- қаша айтқанда, әр секундтың ақша эквивалентінде санауға болатын бағасы (opportunity cost) бар. Сон- дықтан адамдар осы уақытты эффективті басқаруға тырыса бастады.

Уақытты басқару, былайша айтқанда тайм-менедж- мент деген – қазіргі заманғы ең трендті тақырыптардың бірі. Бірақ парадоксты қара, уақыт ешкімге де бағынбай- ды. Уақыт біз келгенге дейін болған, біз кеткеннен кейін де болады. Уақыт біздің алақанымызда емес, біз уақыт- тың алақанында өмір сүреміз. Яғни уақытты басқару деген – нонсенс. Мысалы, машинаны басқара аласың. Тоқтату үшін тежегішті бассаң, ол тоқтайды. Газды бас- саң, жүреді. Уақыт ондай емес қой. Сондықтан тайм-ме- неджмент – уақытты басқару деген ұғым түбегейлі қате. Колледжде оқыған кезімде, мықты ұстазым болды. Оның пікірін бағалайтындар көп еді. Сондықтан кеңес сұрап көп адам келетін. Оның ішінде эффективті тайм-ме- неджментке қатысты. Неге екенін, тайм-менеджмент десе бәрімізге алдымен «ұйқыны қысқарту керек» деген ой келетін. Бірақ оның бізді таңғалдырғаны әлі есімде. Сонда айтқаны: «Аз ұйықтауға тырысып керегі жоқ, ояу жүрген кезінде өнімді болуға тырысу керек», – деді. Де- мек, «ұйқыны ойлама, ояу жүргенде қатырып ал». Мысалы, ораза кезін, Рамазан айын алшы. Түстің кезінде бірден үш сағатқа байып кетесің.

Сонымен, бәріне үлгеріп, нәтижелі болудың құпия- сы неде? Өзімізді басқару туралы айтқанда, біз өзіміздің энергиямызды меңзесек керек. Белгілі бір уақыт көлемін- де бір істі орындауға жұмсайтын энергиямыз. Басқаша айтақнда, ақша деген уақыт емес, ақша деген энергия. Сенде энергия бар. Менде де бар. Бәрімізде өлшеулі энер- гия бар. Ұйықтасаң да, қыдырсаң да, бұлттарға қарап отырсаң да жаратасың. Жеңіске жұмсасаң да жаратасын.



Энергия деген – адамның бойындағы толқын. Ол толқынды қалай бұрамыз, солай болады.

Қаншалықты дұрыс пайдалансақ, соншалықты нәти- желі боламыз. Энергияң таусылып келе жатқанда оны байқап, уақытында қалпына келтіріп алу керек. Және оны ұқыпты жұмсауға тырысу, негатив, қауіп пен үрей- ге, т.б. шашыратпау жағын ойластырған жөн. Оны тандап жұмсау керек. Бұл жолда өзім түйген бірнеше ереже бар. «Жоқ» дей білу. Кейбір істерге, адамдарға, кездесу- лерге, жиындарға «жоқ» деп айта білу маңызды. Өйткені менің ойымша, жеңіс деген бір іске, жобаға не икем, дағ- дыға жұмсалған энергияның жиынтық өлшемі. Шын- дығында біз энергиямызды дұрыс жұмсаудағы ептілі- гмізді ақшаға айналдырамыз.

Федор Овчинниковтың энергияны үнемдеу туралы айтқаны есімде қалыпты. Ол бизнесінің бір кезеңінде венчурлық қорлардан инвестиция тартумен айналыса- ды. Бұл, әрине, ұзаққа созылған, қиындығы көп шаруа еді. Ақырында, келісімшарт алдына келгенде, оған қол қоюдан бас тартады. Кәсіби инвесторлар – Blue Wire Capital мен «Спутник» тобымен жұмыс істегісі келмей қалады. Оның орнына ашық нарықтағы шағын жекемен- шік инвесторлардан көмек сұрайды. Неге? «Жылдар өте өзімді тыңдау керегін түсіндім, – дейді ол. – Бір кездерде шешімді ақылмен қабылдау керек, бір кездерде жүрекпен. Өйткені жүрек деген – мотивация. Ал мотивациясыз биз- нес болмайды. Мотивациясыз жақсы нәтижеге жету мүм- нін емес. Ақшаның өзі ештеңе емес. Әлемді энтузиазм билейді. Мен формальды бизнес-жоспарлар құрастырып, өзімді алдап, мағынасыз тірлікке уақыт жоғалтқым кел- мейтінін түсіндім. Бұл менің энергиямды соратын еді. Ал сен айтарлықтай бірдеңе жасағың келгенде, күшті үнемдеу керек. Үлкен спортқа қара. Бірінші болу үшін әр қимыл маңызды. Рационалды, нәтижеге жұмыс істейтін кәсіпкермін. Мақсатыма жету үшін өзіме ұнамайтын нәр- селерді істеуге, тіпті жақсы көріп кетуге көндіретінмін. Алайда қазір түсіндім. Менің бизнесім үшін бұл деңгей- де басқа, жақсырақ шешім бар».

Приоритет қоя білу. Брайан Трейси «Оставьте брезг- ливость, съешьте лягушку!» деген кітабында эффективті жұмыс істеудің заңдылығын бүге-шігесіне дейін баян- дады. Кітаптың сығындысы мынау: ұсақ-түйекке алдан- ба, ең қиыны, ең қорқыныштысы болса да, ең маңызды істі бірінші бітір. Ол ең күрделі, ұнамсыз болуы мүмкін, бірақ егер оған бірінші кіріспесең, ешқашан кіріспейсің. «Құрбақаны» желкесінен алмасаң, күнделікті күйбеңге алданып өмірің өтіп кетуі де ықтимал. Біздің алдымызда өте көп мақсаттар бар, істейтін жұмысымыз да көп. Бірақ приоритет деген болу керек. Қайсысы сенің болашағыңа, арғы, түпкі мақсатқа неғұрлым жақындатады? Содан баста. Ұсақ-түйекке алтын уақытты қор қылма. Маңызды Vs жедел. Стивен Кови41: «Өз әрекет- теріңізді приоритеттерге сай ұйымдастырыңыз», – дей- ді. Жедел істеуге тиіс, күттірмейтін істер болады. Және маңызды істер болады. Мәселен, бүгiн сағат бірде түскі ас ішуің керек. Бұл – жедел іс. Басқару стильдері бойын- ша бір конференция күтіп тұр. Конференцияда сөйлейтін пәленше де пәленше деген адамды басқа жерде кездес- тіруің неғайбыл. Ал саған сол адаммен қалай да байла- ныс орнату керек. Қайсысы маңыздырақ?

Осы сәттегі назарыңды талап ететін нәрсенің бәрі соншалықты маңызды болмауы мүмкін. Ковидің тілімен айтқанда «табан асты нәтижеге әкелуі» шарт емес. «Же- дел» мен «маңыз» қатар тұрғанда, екіншісін таңда. Бірақ дегеніне жеткізетін шаруалар көбірек энергияны талап ____________

етеді. Оларды қолға алу үшін бастамашыл, проактив болу керек. Тасбақаның сауытынан шығу керек. Маңызды істер кейде жедел болмауы мүмкін, бірақ бұл олардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы, өмір- лік миссияны анықтау, ұзақ мерзімді жоспар құру, адамдармен қарым-қатынасымызды түзеу... Бұл жедел болып көрінбегендіктен, көп адамдар олар туралы ұмы- тып кетеді де, соның зардабын тартады.

Құрбандыққа дайын болу. Әрине, баланс ұстағанға не жетсін! Жеке өмірің мен карьеранды, той-думан мен интеллектуалдық жетілуіңді, т.с.с. қатар алып жүруге ты- рысу керек. Өйткені бәрі маңызды. Құрбыларыңмен кофе ішу, достарыңмен көңіл көтеру – ол да маңызды. Өйткені адам бақытының 85 пайызы оның өзгелермен қарым-қа- тынасының сапасына байланысты. Достық та адам үшін маңызды. Достықты сақтап тұру үшін де күш керек, уақыт керек, жауапкершілік керек.

Бірақ маңызды нәрсе мен ең маңызды нәрсенің ара- сында да айырмашылық бар. Егер сенің өмірлік мис- сияңа жетелейтін жол мен достарыңмен кездесу тұрса, біріншісін таңдаған орынды. Приоритет болуы керек, приоритеттің шекарасынан шығатын нәрселердің бәрі- не сыпайы, батыл түрде, жымиып тұрып «жоқ» деп айта білу керек.

Мысалы, Мұхтар Мағауин – жазушы. Ол өзінің өмір- лік миссиясын қазақ халқына қызмет ету деп санайды. Ол осы жолда белгілі құрбандықтарға да әзір. Ол өзі жа- затындай, тойларға бармайды, құда-жекжат «бір шәугім шайға» келгенде кабинетінен шықпай жұмыс істейді, ба- лаларды шулатқызбайды... Қазақ үшін бұл қаншалықты қиын болуы мүмкін? «Бір түрлі» дейтін шығарсыз? Ал осының бәрі болмағанда, біз «Аласапарынды» білмес едік, «Шақан Шері» мен «Сары қазақты», «Шыңғыс хан- ды» сүйсіне оқымас едік. Бүкіл халықтың ұлттық таны- мын кеңейтіп, ұлттық мақтанышын оятатын шығармалар

маңызды ма, жазушының құдағиының көңілі маңызды ма? Айналасының бәрі біледі, ол – ерекше адам. Және оның ережелерімен санасады. Өзінің уақытын, өзгенің уақытын бағалайтын қоғам, осындай адамдар көп болған- да қалыптасады.

Бірақ Мағауин ғана емес, сен де ерекше адамсың. Мейлі, сенде ондай жазушылық талант жоқ. Бірақ сенде басқа қабілет бар ғой. Сенің де өмірлік миссияң бар. Неге ол өзгелердің жай ғана бос уақытын өткізу үшін құрбан болып кетуі керек?

Уақыттың бағасын білу. Батыстың адамы мен қа- зақстандықтардың ең үлкен айырмашылығы, уақытқа деген ұстанымы. Батыста ең кәрі кемпір мен селкілде- ген шалдың да уақыты кестеленген. Бізде бәрі тұман- ды. Уақытты резеңке сияқты көреді. Жиналыстар жар- ты сағат кеш басталады. Той туралы айтпай-ақ қояйын. Бірақ өмірдің біреу екенін ескерсек, әр минут маңызды. Аудиокітаптар, аудиодәрістер тыңдайтынмын. Әрине, музыка тыңдауға болады, бірақ алдыңғылардың пайда- сы көбірек. Интернеттегі ұсақ статустарды оқымаймын, кітап оқимын. Өйткені маңызы жоғарырақ.

Уақыттың бағасын білу үшін, пунктуалды болуды үй- рен. Үнемі кешігіп жүретін адам, жалпы, өмірінде де бір- деңеден құр қалып келе жатқаны анық. Өйткені бұл әдет өзгелердің де, өзінің де уақытын (=өмірін) бағаламайтын адамдардың дерті. Ал ерте жүрсең қандай жақсы. Кез- десуге, жиынға әдеттегіден бес, он минут ерте барсаң, дайындыққа, атмосфераға үйренуге мүмкіндік болады. Тренингтерге, маңызды кездесулерге ертерек баруға ты- рысамын. Өйткені кешіккен адамда, сыртқа білдірмесе де, «кешігіп келдім ғой, ыңғайсыздау болды ғой» деген қобалжу болады. Ол өз кезегінде концентрацияға кедергі болады. Уақыт туралы түсінігің дұрыс болғанда ғана, сен уакыт кеңістігіндегі өзіңді басқара аласың. Бізге керегі де осы емес пе?



ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПTAP MEН ФИЛЬМДEP TІЗІМІ:



  • «Человек, который изменил все» фильмі.

  • «Миллиарды» сериалы.

  • Игорь Манн, «Номер 1. Как стать лучшим в том, что ты делаешь».

  • Петр Людвиг. «Победи прокастинацию! Как пере стать откладывать дела на завтра».

  • Хэл Элорд. «Магия утра. Как первый час дня опреде ляет ваш успех».

  • Андрэ Моруа. «Открытое письмо молодому человеку о науке жить».

  • Мейсон Карри. «Режим гения. Распорядок дня вели- ких людей».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет