Учебно-методический комплекс Пән: Психология негіздері мен коммуникативтік дағдылар Предмет: Мамандық: 0302000 «Мейіргер ісі»



бет5/8
Дата05.06.2023
өлшемі42,4 Kb.
#178287
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Емделуші-психикасының-ерекшеліктері.-Аурудың-ішкі-көрінісі
БЖБ әдебиет
Развивающая:
Тәрбиелік: Оқып білгенін әр жағынан үздік және тәжірибеде қолдана білу.
Воспитательная:
Сабақтың жабдықтары:
Оснащение занятия:
Пәнаралық байланыс: Анатомия
Межпредметная связь:
Пәнішілік байланыс: Коммуникативтік дағдылар
Внутрипредметная связь:


Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы
Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия




Сабақ бөлімдерінің атауы
Название раздела занятия

Уақыт тәртібі
Временной режим



1

Ұйымдастыру кезеңі
Организационная часть





2 минут





2

Оқытушының кіріспе сөзі
Целевая установка занятия





3 минут





3

Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме





25 минут





4

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Изложение нового материала





40 минут



5

Жаңа тақырыпты бекіту
Закрепление новой темы





10 минут



6

Баға қою
Выставление оценок





5 минут



7

Үй тапсырмасы
Домашнее задание





5 минут


Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия



Организационная часть.


Оқытушының кіріспе сөзі. Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі. Студенттердің сабақтың барысында ауру әсерінен емделуші тұлғасының өзгеруімен таныстыру. Аурудың ішкі көрінісі туралы түсінігін (АІК) қалыптастыру. АІК құрылымы, деңгейі: сенситивті, эмоциялық, зерделік құрылымымен таныстырып, оның салаларын ажырата алу және медицина саласында тиімді қолдана білу.
Целевая установка занятия.


Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:



  1. Медициналық сұхбатқа кіріспе, науқасқа сауалнама жүргізу.

  2. Медициналық сұхбаттың үлгілері мен кезеңдері.

  3. Сұхбаттың қай түрі болмасын мақсатты көздейді?

  4. Науқасқа бағытталған үлгінің мәні неде?



Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Изложение нового материала.


Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі.

Жоспар:


  1. Аурудың ішкі көрінісі дегеніміз не?

  2. Адамның ауруды қабылдауында қандай деңгейлері бар?

  3. Науқастың психологиялық жағдайын анықтайтын жалпы факторлар қандай?

Науқаспен қарым-қатынасқа түскенде, ауруы жайлы ақпарат жинағанда, емдеу жолдарын талқылағанда дәрігер мен науқас ауруға әртүрлі көзқараспен қарайды. Науқастың позициясы ауруды сезінуімен ерекшеленеді, яғни ол ауруға немқұрайлы қарай алмайды, өйткені қауіп төніп келгенін және қажеттіліктерінің ығыстырылатынын сезінеді. Осының барлығы денсаулығының нашарлауына қатысты өзіндік позициясының қалыптасуына әкеледі, оны біз аурудың ішкі көрінісі деп атаймыз. Аурудың ішкі көрінісі – бұл науқастың денсаулығының нашарлауына қатынасын анықтайтын жеке ішкі сезінулері, эмоционалдық қобалжулары және ойлары. Аурудың ішкі көрінісі түсінігін алғаш рет ресейлік терапевт Роман Альбертович Лурия (1874-1944) еңгізген. Р.А. Лурия науқастардың арыздарына және ауруды талқылаған кезде оларға ерекше көңіл бөлгендерін талап етті, өйткені дәрігердің нақты емес жауабы немесе сөздері эмоционалды болған жағдайда науқастың жағдайына кері әсер етіп, тіпті психикалық бұзылуына әкелуі мүмкін (ятрогения - грек сөзінен аударғанда iadros – дәрігер).


Адамның ауруды қабылдауында бірнеше деңгейлері бар.
1) Сенситивті деңгейіне ауыр сезінулерді атауға болады (бас айналу, әлсіздік, жүрек айнушылық және т.б). Әр адамның заттарды қабылдауы әртүрлі болады. Науқастардың ағзасының ішіндегі бірдей өзгерістер әртүрлі сезіледі. Мысалы: жүкті әйелдер толғақта болған сезімдерін әртүрлі суреттейді, кейбіреуіне жеңіл болады да, кейбіреуі ауыр болғанын мойындайды. Ұсынылған дәрілер науқастын ауыр сезінулерін басып тастап адамның денсаулығының бұзылуына қатынасын өзгертуі мүмкін. Мысалы: инфаркт алған адамдар көбінде дәрілерді іше бастаған кезде қауып-қатердің болмайтынына сеніп, дәрігерлердің талаптарын орындамайды.
2) Эмоционалды деңгей аурудың әсерінен пайда болған жағдайында жалпы сезімдік көзқарасын бейнелейді. Кейбір науқастарда симптомдардың пайда болуы қауіп-қатер немесе керісінше қуаныш ретінде қабылданады. Мысалы: студент емтихан алдында ыстығы көтеріліп, денесінде қызыл дақтар пайда болса, ол әрине қуанады.
3) Интеллектуалды деңгейде ауру жағдайы білімге, тәжірибеге, интелектуалдық қабілетке сүйеніп логикалық бағаланады. Ауруға деген қатынасының негізгі факторы болып интернет желілерінде, теледидарда, арнайы әдебиеттерде, дәрілердің аннотацияларында жазылатын медициналық ақпарат болып табылады.
4) Зерделік деңгейі денсаулығының бұзылуына қатысты науқастың қандай шара қолданатындығында байқалады. Мысалы: кейбір науқастар аурудан арылу үшін емдеу тәсілдерін іздестіреді, ал екіншілері не істейтінін білмей, соңғы күнін күтуде болады, үшіншілері немқұрайлы қарайды, яғни ауруға дейін шұғылданған ісімен ары қарай айналысады. Адамның әрекетіне жағдайлар, қоршаған адамдардың көзқарастары, дәрігердің ұсыныстары әсер етеді. Дәрігердің әрекеті мен ұсыныстарын науқас нақты жағдай болған кезде қандай әрекет жасау керек екендігін салыстырып отырады. Мысалы: науқастың көзінің жарақаттануы кезінде оны емдеу емес, операциялық жолмен алып тастау дұрыс шешім болатындығына сену қиынға соқтырады.
Науқастың психологиялық жағдайын анықтайтын жалпы факторлар қандай? Науқас әдетте бұрыңғы мақсаттарынан, бұрын жасай алған істерінен бас тартып, болашақ жоспарларын өзгертуге мәжбүр. Бұл кей кезде жағымсыз қысымды сезінуге, ызаға, көңілдің қалуына және т.б. фрустрация («сәтсіздік», көңіл-күйдің құлдырауы) жағдайын туғызады. Нақты дәлел – көз жанарынан айырылу, дерматит, псориаз және т.б. ауру жағдайларына байланысты науқастарда арнайы мәселелер туындайды. Ауру сезімі эмоционалдық жағдайға ізін салады.
Дәрігерге науқас жайлы не білуі тиіс және онымен қарым-қатынасқа түскенде нені ескеруі қажет?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет