Учебно-методический комплекс Пән: Психология негіздері мен коммуникативтік дағдылар Предмет: Мамандық: 0302000 «Мейіргер ісі»


Медицина жайлы жалпы мағлұматтарының болуы (әсіресе өзінің ауруы жайлы)



бет6/8
Дата05.06.2023
өлшемі42,4 Kb.
#178287
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Емделуші-психикасының-ерекшеліктері.-Аурудың-ішкі-көрінісі
БЖБ әдебиет
Медицина жайлы жалпы мағлұматтарының болуы (әсіресе өзінің ауруы жайлы). Әдетте, мұндай мағлұматтар көп болса, дәрігерге науқаспен қарым-қатынас орнатуға қиынға әкеліп соқтырады, өйткені медицинаға қатысты білімдері толық емес немесе қате болып келеді. Ауруы жайлы ақпараттар әртүрлі болады: емдеу тәсілдерін немесе диагностикалық әдістерді өтуді өтіну немесе талап ету, «өзіне-өзі диагноз қою», өзінің ауруына қатысты симптомдарын тез және нақты атап өту және т.б.

  • Аурудың ішкі көрінісі. Осы күнге дейін бұл түсінікке 50 жыл бұрын ең жақсы анықтама берген Р.А.Лурия: «Аурудың ішкі көрінісі деп науқастың қобалжуы және ауруынан әсер алуы, оның барлық сезімі, тек қана тәннің ауруы ғана емес, өзінің ауруы жайлы ішкі сезімі, пайда болу себептері, өзін-өзі сырттай бақылауы, - яғни науқастың дәрігерге қандай себеппен келгенінің барлығы: күрделі қабылдау мен сезінуден, эмоциялардан, қақтығыстардан, психикалық қобалжуларынан тұратын науқастың үлкен ішкі дүниесі».

  • Дәрігерге деген қарым-қатынасы. Дәрігерге деген қарым-қатынасы әдетте алдыңғы уақытта болатын операцияларына, психотерапиялық әсерлердің нәтижелеріне, күн тәртібіне, науқастың эмоционалдық күйіне, дәрілердің әсеріне байланысты болады. Әдетте, бір жағынан, ол науқастың қажеттілігінен, екінші жағынан, әр түрлі білім жолымен келетін дәрігердің тұлғалық сапасынан қалыптасады. Кейбір науқастар дәрігерден жанашырлықты, адамгершілікті, түсінушілікті күтсе, ал басқалары дәрігердің кәсіби білімінің және дағдыларының жоғары деңгейін, ақылдылығын жоғары сатыға қояды. Біріншісі көбінде әйел адамдарға, ал екіншісі ер адамдарға тән болады. Ал бастысы науқастың дәрігермен ең алғашқы рет кездесудегі алған әсері.

  • Басты себептері, құндылықтары жайлы хабардар болу, тұлғаның бағыттылығы. Реабилитацияның пайда болуы осы жағдайларда өз ауруына деген қатынасқа байланысты. Ауыр сырқаттан кейін денсаулықтарын маңызды құндылық деп есептейтіндер, денсаулық маңызды, бірақ одан да маңызды құндылықтар бар деп есептейтіндерге қарағанда олар жұмысқа сирек қайта оралады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет