Учебно-методический комплекс Пән: Психология негіздері мен коммуникативтік дағдылар Предмет: Мамандық: 0302000 «Мейіргер ісі»



бет7/8
Дата05.06.2023
өлшемі42,4 Kb.
#178287
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Емделуші-психикасының-ерекшеліктері.-Аурудың-ішкі-көрінісі
БЖБ әдебиет
Мінездің белгілері. Науқастың ауруға деген қатынасын және қарым-қатынас үрдісіне әсер ететін тек бірнеше тұлғалық қасиеттерін көрсетейік. Кейбір адамдар өздерімен болған жағдайларға өздері жауап бере алады, ал басқалары оны көбінесе өмірлік жағдайларға және т.б. байланысты дейді. Біріншілері өз ауруы жайлы ақпаратты толық біледі де, онымен белсенді күрес жүргізеді. Мысалы: диабетпен ауырса, диета ұстайды, ал егер сау болған жағдайда аурудан сақтандыратын ем-шаралар қолданады.

Науқастың жағдайға әсерлі әрекеті оның ойлары, сезімдері, қажеттіліктері, көзқарастары қаншалықты өзгеретіні байқалады. Ол тұлғаның қасиеттеріне және жағдайға байланысты болады. Әдетте әсерлі адамдардың келесі қасиеттерін ажыратуға болады: өзіне деген сенімсіздік, өзін төмен бағалау, көнгіштік (покорность), ұялшақтық, сенгіштік, мазасыз болу, эмоцияның жоғары болуы, логикалық ойлауының әлсіздігі, ерік қасиеттерінің даму деңгейінің төмендігі, психикалық әрекетінің баяулығы. Жағдайға қатысты науқастың жоғары әсер алуы талқыланып отырған сұрақ жайлы ақпаратының аз болуы, шешім қабылдауға уақытының жетіспеушілігі, адамның психофизикалық жағдайы (эмоционалды қозуы, шаршауы, стресс, әлсіреуі және т.б.), яғни әсер ету арқылы дәрігерге науқасқа көндіру тәсілін қолданса да болады. Кейбір адамдар уайым-қайғыға бейім болады, әдетте ол дәрменсіздік сезімінде, өзінің сенімсіздігінде, қоршаған ортаға бейімсіздігінде байқалады. Догматизм атты тұлғалық қасиеттері тән науқастармен дәрігерлерге қарым-қатынас орнатуға қиынға соқтырады. Догматикқа ақпараттың шынайылығы емес, оны кім жеткізгені маңызды. Сондықтан ондай адамдармен сөйлескенде беделді адамдардың пікірлеріне сүйеніп отырғаныңызды айтқан жөн.

  1. Темпераменттің қасиеттері. Темперамент – бұл психиканың дербес, өзіне тән, әр түрлі іс-әрекетінде бірдей көрінетін адамның психикалық әрекетінің динамикасын анықтайтын қасиеттері. Темпераменттің қасиеттеріне белсенділік, сезімталдылық, шапшаңдылық, реакцияларының темпі, эмоционалдық қозғыштық, экстраветтер және интроветтерді жатқызуға болады. Дәрігерге маңызды болатын науқас темпераментінің бірнеше қасиеттерін атап өтейік. Әдетте, экстраветтермен қарым-қатынас орнату қиынға соқтырмайды (экстраверсия – тұлғаның көңілі қоршаған ортаға бағытталған, итроверсия – өзімшіл, өзінің ішкі дүниесіне бағытталған). Интровертті науқастар көбінесе өздерінің аурулары жайлы, олардың салдары, ауыр сезімдері әрдайым ойларында жүреді. Жоғары немесе төмен сезімталдылықты науқастар шағымданғанда ескерген жөн. Жоғары реактивтілік және эмоционалдық қозғыштық науқастардың медициналық ұжыммен және басқа науқастармен қақтығыстың пайда болуына әкеледі. Икемсіздік, әдетте, науқастың стационарға бейімделуіне кері әсерін тигізеді және дау-дамайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Ригидті науқастардың өздерінің ауруынадеген қатынасын түзету қиын болып келеді. Холерик көп сөйлегіш болады да, оған айтылған ақпарат үстіртін ғана қабылданады. Бір сұраққа жауапты әр түрлі жолдармен сұрап, оны ойландыру пайдалы. Сангвиник көбінесе өзінің ауруының ауырлығына немқұрайлы қарайды. Әңгімелескенде қызықты тақырыптарға көңілі тез ауып кетеді және зейінін еш кедергісіз басқаға аудара алады. Флегматиктерге және холериктерге ақпаратты жеткізгенде оны түсініп және естеріңе сақтау үшін жауаптарымен асықтырмай уақыт берген жөн. Әдетте меланхоликтер көңілшек, әсершіл болып келеді, өздерінің пікірлеріне сенімді болғандықтан көбінде ашық ештеңе айтпайды.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет