Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет70/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
1.4. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЕУРОПА СӘУЛЕТІ МЕН 
ӨНЕРІ
1.4.1-тақырып. V-ХV ғасырлардағы Византия, 
VІІ-ХV ғасырлардағы Балқан және Дунай 
жағалауындағы елдер сәулеті
Византия сәулеті
Рим империясы ыдырағаннан кейін византиялық императорлар 
бұрынғы астанадан асып түсуге тырысып, жаңа патша резиден-
циясы – Неа Рома (Жаңа Рим) – Константинополь құрылысына көп 
қаржы жұмсады.
Византия мәдениетіне христиан діні үлкен ықпал етті. 
313 жылы Византия императоры христиан дінін қабылдатты, 
382 жылы ол негізгі мемлекеттік дінге айналды. 
Византия сәулетінде римдік және шығыс мектептері тәжірибе-
лерінің қолданылғандығы жақсы байқалады. Өз дамуында визан-
тиялық сәулет: 
Ерте византиялық - V - VІІІ ғасырлардың басы;
Орта византиялық - VІІІ-ХІІІ ғасырлар;
Кейінгі византиялық - ХІІІ-ХV ғасырлар болып үш кезеңді басы-
нан өткізді.
1453 жылы Константинопольді түріктер басып алып, қалаға 
Стамбул деген жаңа атау берді.
Византиялық сәулетшілер өз шығармашылықтарында жергілікті 
құрылыс материалдарын пайдаланды: ұсақ тас пен күйдірілген 
кірпіш – жалпақкірпіш (қалыңдығы 4-5 см төртбұрышты немесе 
тікбұрышты пішіндегі кірпіш). Қалау қышұнда – үгітілген кірпіш 
қоспасымен әктасты ерітіндіде орындалды. 4-5 қатар кірпіш 
қалауы бірнеше қатар тас қалауымен кезектестірілді. Мұндай 
қалау «византиялық» деген атауға ие болды. Бетон техникасы 
қолданылмады.
Византиялық сәулет әр даму кезеңі белгілі конструктивтік 
немесе жоспарлы жүйелердің жасалуымен сипатталады. Со-


75
нымен, ерте византиялық кезеңде күмбезді конструкциялар мен 
орталықтандырылған ғимараттардың композициялық тәсілдері 
қалыптасты; орта византиялық кезеңде төрттаған күмбезді 
ғибадатхана түрлері қалыптасты; кейінгі византиялық кезең – 
монастырлық құрылыс және шағын әсем шіркеулердің пайдасына 
монументті ғибадатханалардан бас тартқан шақ болды. 
Римдік сәулетшілермен салыстырғанда византиялық сәулет-
шілер тоғыспалы конструкциялардың тиімді жүйелерін жасады. 
Олардың қатарына кірпіштен төрттаған тоғыспалар және сфералық 
үшбұрыш пішініндегі желкен күмбез жатады.
Византиялық сәулетке тән элементтердің бірі бағаналарға 
доғатізбектердің әртүрлі нұсқаларын қолдану болып табылады. 
Доғатізбектердің сыртқы сызығы (доға ернеу) кірпіш таспамен 
ұсталды. Бағана әсембағандары типологиясы жағынан әртүрлі және 
римдік ордерлік жүйесіне қарағанда жеңіл және ажарсыз болып кел-
ген.
Ғимарат қасбеттерінде қабырға жиегінде қызыл кірпіштен түрлі 
тәсілдер, тісті кірпіш ернеулер жиі қолданылған. Діни және сарай 
ғимараттарының интерьерлеріне сылаққа салынған кескіндемелер
жиынтық таскестелер сән беріп тұрды, қабырғалары мәрмәр 
тақтамен жабылды. 
Византия құрылысында қорғаныс құрылыс басты орын алды 
(қамал қабырғалар, көпірлер, жолдар, шамшырақтар, берік айлақтар, 
мұнаралар).
Константинополь әрқашан сәулет қызметінің орталығы болды. 
Бұл жерде монументті ғибадатханалар мен сарайлар тұрғызылды. 
Мемлекеттік құрылыс (ипподромдар, моншажайлар және т.б.) 
қосымша рөл атқарды. Қала көшелері император сарайларын 
алаңға апарып қосатын күн сәулесі пішінінде орналастырылған. 
Константинопольдің әр бөлігіне қолөнершілер қоныстанды, ірі ше-
берханалар, театрлар, қонақ үйлер салынды. Қалада ағын су болма-
ды, сондықтан оны сумен жабдықтау үшін арна көпірлер және суға 
арналған үлкен жерасты цистерналар құрылды. Византия сәулетінің 
негізгі жетістіктерінің бірі діни ғимараттардың: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   340




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет