Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет71/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
орталық-күмбезді
(Константинопольдегі Әулие София 
соборы);
орталықтандырылған
(Равенндегі Сан-Витале шіркеуі);
төрттаған күмбез
(Венециядағы Сан-Марко шіркеуі);


76
базиликтер
(Турманиндегі 
Базилик) 
сияқты 
негізгі төрт түрін қалыптастыру бо-
лып табылады.
Константинопольдегі Әулие София соборы
Сәулетшілері: Траллдан Анфимий, 
Милеттен Исидор (532-537 ж.)
Орталық күмбез собор үлгісі Константинопольдегі Әулие Со-
фия соборы болып табылады 
(28-сурет).
Оның жобасын әзірлеу 
және жүзеге асыруда 100-ден аса сәулетшілер мен 100 мыңнан аса 
құлдар қатысты. Соборды тұрғызудағы негізгі идея басты христиан 
ғибадатханасын жасап шығару. Собор көлемі 74,8 х 69,7 м.
28-сурет
Собор Патша қаласының ең жоғарғы нүктесін алып жатыр және 
қала төбешіктерінің бірінде орналасқан. Собор сарай маңындағы 
шіркеу болып саналады. Алдында діңмаңдайшалы түндікті аула 
және мәрмәр субұрқақ орналасқан мәрмәрмен қапталған нартекстен 
9 салтанатты есік ғибадатхана ішіне апарады.
Орталық есік арқылы тек император мен патриарх қана кіре алды. 
Қарапайым адамдар сәулеттік бөлшектер масштабы адамға лайық 


77
бүйір жақ есіктерден ғана кіре алатын болған. Ғибадатхана әртүрлі 
жарықтандырылған. Ең жарық жері орталық күмбез астындағы – ам-
вон (литургиялық қызмет өткізілетін алтын мен күмістен жасалған 
имарат). Залдың орталық бөлігінің жарықтандырылуы төменнен 
жоғарыға қарай, демалысжай мен бүйір жақ астаукеңістіктің 
доғатізбегі арқылы қабылданатын төменгі қабаттың көмескі 
жарығынан апсиданың жарқыраған терезелеріне қарай, жартылай 
күмбездердің (олардың негізіндегі) сан алуан терезелері арқылы 
түсетін күн сәулелерінің тұтасуына қарай үдей түседі.
Орталық күмбез 40 терезеден тұрады, акустика мен конструк-
цияны жеңілдету үшін оның қалыңдығына родос құмыралары 
орнатылды (осындай 12 құмыраның салмағы әдеттегі 1 құмыра 
салмағына тең). Ортасында алтын төрттағаны бар, іші көгілдір та-
скестеме қапталған бас күмбез аспанда қалқып тұрғандай. Жарық 
беріп тұрған 40 терезе жарық сақина сияқты, ал күмбез аспанға алтын 
шынжырмен ілініп тұрғандай әсер қалдырады. Собор қабырғалары 
қызғылт порфирмен және сәнділік беріп тұратын алтын смальта-
лы түрлі түсті мәрмәрмен қапталған. Бүйір жақ астаукеңістіктерде 
сылақнақышты суреттер пайдаланылған. 
Ішкі өңдеуге қарағанда сыртқы қаптама өте жұпыны және 
қарапайым. Ғибадатхана қабырғаларының қалыңдығы – 1,1-1,5 
м. Күмбез қорғасын жапырақтармен жабылған. Күмбез жел-
кен конструкция көмегімен биіктігі 23 м және көлемі 5,3 х 7,5 м 
4 қақпабағанаға тіреліп тұр. Күмбез диаметрі 31,4 м. Илемділік 
үшін цементке май қосқан, су орнына арпа тұнбасын қолданған. 
Қабырғалар өте қалың қабат ерітіндіде күйдірілген кірпіштен 
орындалған. 
Константинопольді түріктер басып алған соң 1453 жылы собор 
мешітке айналдырылды. София сыртқы кескінін жоғалтпағанымен, 
4 сымбатты минаретке ие болды. Кейіннен сыртқы қарсыкермелері 
салынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   340




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет