«ustaz tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі



бет8/30
Дата28.02.2023
өлшемі4,94 Mb.
#170450
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Математика 1-тоқсан 5-сынып
Alice\'s Adventures in Wonderland, Исахановна сро, 0283 202112, волькенштейнге ссылка казакша (1) (3) (3)
Оқулықпен жұмыс
25 минут

Тапсырма №1
І топ: 1) 2-суреттегі №1, №2, №3 және № 4 –квадраттар. Ал № 5 –тік төртбұрыш
№1 квадраттың периметрі 32 см;
№2 квадраттың периметрі 24 см;
№3 квадраттың ауданы 25 см2;
№5 –тік төртбұрыштың ауданы 133 см2;
№4 квадраттың ауданын табыңдар.


2-сурет
Жауабы : 144 см2
ІІ топ: 1) 3-суреттегі фигурада қыры 4 см кубтың үстіңгі жағына әрқайсысының қыры 1 см-ге тең екі куб жапсырылған. Фигураның бетінің ауданын табыңдар.


3-сурет
Жауабы : 108 см2
Топтық жұмыс
Фигуралардың периметрін табу формулаларын жазады

P = 2 * ( a + b )


P = 4a
P = a + b + c
S = a b
S = a2
Қозғалысқа байланысты формулалар жазады
S = ν t
υк- катердің жылдамдығы υөа – өзен ағысының жылдамдығы
υа – катердің ағыспен жүзген жылдамдығы υақ – катердің ағысқа қарсы жүзген жылдамдығы
υа= υк + υөа υк = υк - υөа


Тапсырма №2
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. ABCD тік төртбұрышының ұзындығы а см, ені одан 3 есе кем. Тік төртбұрышының периметрін табыңдар. Мұндағы а = 18.
2. Петропавл мен Көкшетау қалаларының арасы176 км. Петропавл қаласынан Көкшетауға қарай 48 км/сағ жылдамдықпен бір мотоциклші шықты. Онымен бір уақытта Көкшетаудан Петропавлға қарай 40 км/сағ жылдамдықпен екінші мотоциклші шықты. Олар неше сағаттан соң бір-бірімен кездеседі?
3. Массасы р кг жәшікке n пакет кәмпит салынған. Бір пәкет кімпит m кг. Барлық кәмпит неше килограмм?
4. Бөлменің көлемі V м3, биіктігі 3 см. Бөлменің еденінің ауданын табыңдар. Мұндағы V = 120.
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Тік төртбұрышының периметрі р см. Оның ұзындығы а см. Тік төртбұрышының енін табыңдар. Мұндағы р = 28, а = 8.
Жауабы : 6 см.
2. 1-суреттегі квадраттың қабырғасы 6 см. АВС үшбұрышының ауданын табыңдар.
Жауабы : 18 см2
3. Екі поезд бір қаладан бір уақытта шығып, қарама-қарсы бағытта жүрді. t сағаттан кейін олардың бір-бірінен ара қашықтығы s км болды. Поездардың біреуінің жылдамдығы 58 км/сағ, екінші поездың жылдамдығын табыңдар.
Мұндағы t = 3, s = 426. Жауабы : 84 км/сағ
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Автобус пен автомобиль 42 км қашықтықтан бір –біріне қарсы жүріп келеді. Автомобильдің жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 300 м/мин артық. Олар 20 минуттан кейін кездесті. Автобустың жылдамдығы мен автомобильдің жылдамдығы табыңдар.
Шешуі: Автобустың жылдамдығы – х,
Автомобильдің жылдамдығы – х + 300 м/мин,
42 км = 42 000 м,
(х + х + 300) · 20 = 42000, 40х = 36 000, х = 900
Жауабы : 900 м/мин, 1200 м/мин.
2. Сағат 14-те аялдамадан 60 км/сағ жылдамдықпен автобус шықты.1сағат өткен соң оның соңынан 90 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина шықты. Жеңіл машина автобусты сағат нешеде қуып жетеді.
Шешуі: S = vt, 60(х+1) = 90х, х = 2(сағ) Жауабы : 1700-де



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет