Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс.


«Қайырымды қала еңбегінде»



бет4/9
Дата21.09.2022
өлшемі42,72 Kb.
#150268
түріУтопия
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№2 лекция
Документ Microsoft Word (3), diplom, 1 тапсырма «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы-melimde.com, диагностика Аяулым, Диас 2 срс Диагностика, ТЖБ. 10-сынып.2-т.
«Қайырымды қала еңбегінде» мынадай тұжырымдарды:

  1. адамдар шынайы бақытқа тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді;

  2. «өзара жәрдем көрсете білу», ынтымақтастық, тұрақтылық идеяларын ұсынды.

«Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегінде: қаланы қалай басқару керек, оны көркейту, түрғындардың тұрмысын жақсарту, бақытқа жеткізу туралы ойларын ұсынды.


4. Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Саясаттың мәні туралы Н. Макиавеллидің көзқарасы. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы.
ХV және ХVI ғасырлар аралығы Батыс Европада «қайта өрлеу дәуiрi» деген атқа ие. Қайта өрлеу дәуiрiнiң саяси ойының жарқын жұлдызының бiрi италияндық Н. Макиавелли (1469-1527ж.ж.) болып табылады. Оның «Патша» (1513ж.), «Тита Ливлийдiң бiрiншi декадасы туралы ой толғаныстар» (1519ж.), «Флоренция тарихы» (1532ж.) т.б. атты құнды еңбектерi бар. Н. Макиавеллидiң саяси iлiм тарихы дамуына қосқан үлестерi:

  1. схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негiзiн салды;

  2. саясаттану ғылымының негiзiн салды және саяси өңдеуді енгізді;

  3. феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып, Италияда бiр орталықтанған, тұтас монархияның абсолюттiк формасын қалыптастыру үшiн күрестi;

  4. «мемлекет» және «республика» ұғымдарын ендiрiп, оларға қазiргi заманғы мән бердi;

  5. папалық тақ пен шiркеудi әшкерледi;

  6. «мақсат әрбiр тәсiлдi ақтайды» қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырды.

Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы (1530-1596 жж.).
«Республика туралы алты кітап» атты еңбегінде мемлекеттің шығуы, функциялары, басқару формалары, т.б. талдаған.
Негізгі идеялары:
1. Мемлекеттік егемендік идеясын жасады. Егемендік ұғымын саяси ғылымға енгізді. Егемендік – бұл Республиканың абсолюттік және мәңгі билігі.
2. Мемлекет – өз ішінде және шетел державалармен қатынастарда жоғарғы саяси билікті иеленуші.
3. Мемлекеттік егемендікке – заң шығару құқығы, соғыс жариялау немесе бітім, кешірім жасау құқығын, қол астындағылардың бағынуы, монета шығару, салық салу құқығын жатқызды.
4. Демократияны және аристократияны қолдамады.
5. Мұрагерлік абсолюттік монархияны қолдады.


5. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс (Т.Мор, Т.Кампанелла).
І. Томас Мор (1478-1535 жж.) көрнекті ойшыл, Англия канцлері болған. «Утопия» атты еңбегіндегі негізгі идеялары:
1. Англияның қоғамдық және саяси құрылысын сынады. Халық ауырпалығын жүйелі баяндады. Жеке меншікті сынады. Жеке меншікті толығымен жою керек деп есептеді.
2. Кітабында «Утопия» аралын суреттеді, онда жеке меншік жоқ, халық жағдайы тең, мемлекеттің лауазымды адамдарын халық сайлайды, халыққа есеп береді, маңызды істі бүкіл халық талдайды, мемлекет басында халық сайлаған князь тұрады. Жаппай еңбек ету.
ІІ. Томмазо Кампанелла (1568-1639 жж.). «Күн қала» атты еңбегінде жаппай теңдікке негізделген мемлекетті суреттеді. Мемлекеттік билік демократиялық принциптерге негізделген. Мемлекет басшысы осы қаланың ең ақылды, білімді азаматы атқарады. Қоғамдық өмір коммунистік принцип бойынша ұйымдастыру керек. Қоғамдық меншік керек деп есептеді.

6. Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде. Ж.Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет