Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс.


XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев)



бет7/9
Дата21.09.2022
өлшемі42,72 Kb.
#150268
түріУтопия
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№2 лекция
Документ Microsoft Word (3), diplom, 1 тапсырма «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы-melimde.com, диагностика Аяулым, Диас 2 срс Диагностика, ТЖБ. 10-сынып.2-т.
XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев). Қазақ зиялылары туралы сөздi XIX ғасырда өмiр сүрген қазақтың ағартушыларынан бастаған жөн сияқты. Өйткенi, олар өздерiнiң шығармашылығын әлемдiк деңгейдегi мәдениет көздерiнен сусындап отырып өрбiткен, iс-әрекеттерiн әлеуметтiк, саяси дамудың принциптерiне, үрдiстерiне сай екшеп отырған. Өз заманының керемет саясаткерi, этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов қазақ елiнiң саяси өмiрiндегi кейбiр мәселелердiң шешiмi ұлттық-этникалық жетiлуде екенiн пайымдаған. Сондықтан сол халықтың iшкi мүмкiндiктерiн ашудың бiрi этносаралық қатынастарды, ұлттық мәдениеттердi жақындату екенiн байқайды. Ш. Уәлиханов «Сот реформасы жайында хат» атты саяси тұрғыда жазылған еңбегiнде қазақтың ел билеу тәжiрибесiндегi маңыздылықтар қатарына мыналарды жатқызды: қазақтың әдет-ғұрып заңын; билер институтын; халықтық сайлауды әдiлеттi өткiзу. Жетiлмеген саяси жүйенiң қозғаушы күшi сол халықтың белсендiлiгiн, бiлiмдiлiгiн арттыруда екенiне де баса назар аударады. Бұл идеяны өзiнiң шығармашылығы арқылы дәлелдеуге тырысады. Ы. Алтынсарин көтерген бастама (оқудың, бiлiмнiң қадiрiн көтеру) өз заманындағы ұлттық идеямен парапар болатын. Өйткенi ол саяси күреске, тәуелсiздiк алуға дайын емес халықты алдымен сауаттандыру керек екендiгiн түсiнген едi. Мiне, соның арқасында келесi ғасырларда қазақтар бiлiмдiлiгi жоғары, сауатты халықтардың қатарына қосылды. А. Құнанбаевтың «Қара сөздерi» түркi халықтарының даналығының бiр биiгi болатын. Өз халқының әлеуметтiк, саяси жағдайына жаны ашыған көреген ақын өз шығармашылығында көп мәселенi шешудi мәдениеттен, руханилықтан бастауды тұжырымдайды. Еркiндiктiң қайнар көзi халықтың дүниетанымында екенiне назар аударады.
А. Құнанбаев 41-шi қара сөзiнде ұлттың iшкi бiрлiгiн, тұтастығын нығайту үшiн мықты үкiмет құрылуы керек екендiгiн және сол үкiмет халықты бiлiмге, ғылымға, өнерге, еңбекке тартуға мiндеттi екенi айтады. Сонымен қатар, үкiмет, билiк басындағы адамның материалдық жағдайының жақсы болғанын қалады. Өйткенi, бұл тұжырым билiктегi адам күнделiктi күйкi тiрлiктiң мәселелерi деңгейiнде алаңдамауы қажет деген ойдан туындаса керек.


5. Консерватизм, либерализм, марксизм концепцияларының қалыптасуы. Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.
Консерватизм /консервативус- қорғаушы/ ұлы француз революциясының саяси идеяларына қарама қарсы идея ретiнде дүниеге келдi. Олар монархиялық билiктi, феодалдық қоғамдық құрылысты, оның саяси-мәдени құндылықтарын сақтағысы келдi. Негiзгi өкiлдерi: Эдмунд Берк, Жозеф де Местр, Фридрих Фон Савиньи т.б.
Либерализм- /лат. liberalis- ерiктi/ идеологиялық ағым ретiнде ХVll-ХVlll ғ.ғ. ағылшын-американ және т.б. батыстық ағартушылардың саяси философиялары негiзiнде қалыптасты. Негiзгi өкiлдерi: Дж.Локк, Ш.Монтескье, А.Смит, И.Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет