Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет6/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам
9 апта реферат, Муз терминдер, Сабак
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
20
Коббимен достарша жайдары сәлемдескенін жұрт-
тың бәрі де байқады.
– Жұрт оны Вавилондағы ең бай адам дейді. 
– Бансир әлі ой тұманында жүргендей сөйледі.
– Байығаны сондай – патшаның өзі қазынасы ор-
тайғанда одан алтын сұратады.
– Қарай гөр, не деген байлық. Оны қараңғы жерде 
кезіктірер болсам, дереу әмиянын сипап көруге әре-
кеттенемін бе деп те қорқамын.
– Айтады екенсің, – деді Кобби. – Байлық белге 
қыстырған әмиянда жатпайды. Оны үнемі толтырып 
тұратын алтын жылға болмаса, алтынға сықа толы 
әмиянның бос қалуы да оп-оңай. Аркад қаншама жо-
марттық көрсетсе де, оның әмиянын қабыстырмай-
тын табыс көзі бар.
– Иә, табыс дегенің – дүние ғой. – Бансир келісе 
кетті.
– Дуал түбінде отырғанымда немесе шетел асып 
кеткенімде, менің әмияныма ақша құйып тұратын 
табыс көзі болса ғой. Мұның жолын Аркад білуі ке-
рек. Бәлкім, ол менің топас басым түсінетіндей бір-
деңе айтар.
– Меніңше, ол бұл ілімді ұлы Номасирге сіңірген 
болар. Ол Ниневияға барып, мейманханада тұрып, 
әкесінің көмегінсіз-ақ, сол қала байларының біріне 
айналыпты деген сөз бар.
– Кобби, сен маған жақсы ой тастадың. – Бансирдің 
жанарында ұшқын жылт етті. – Ескі достан ақыл-
кеңесті тегін алуға да болады ғой. Ал Аркад – біздің 
ортақ досымыз. Енді әмиянымыздың иесіз қалған 
ұядай қаңырағаны маңызды емес. Бұл бізді тоқтата 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
21
алмайды. Ен байлықтың ортасында қашанғы ақша-
сыз жүреміз. Байығым келеді. Қанеки, Аркадқа ба-
рып, табыс табу жолын сұрайық.
– Мен бірдеңені түсіндім, Бансир. Баю тәсілін 
неге таппай келгенімді енді түйсіндім. Біз оны мүлде 
іздемеппіз. Сенің Вавилондағы ең жақсы арбаларды 
жасаудан қолың босамады. Бар қабілетің соған жұм-
салды. Сондықтан байлыққа қолың жетпеді. Мен 
де лираны тарту шеберлігімді қанша шыңдасам да, 
кедейліктен арылмадым. Қысқасы, қай істі қолға 
алсақ, содан нәтиже шығардық. Құдайлар қолдады. 
Ақыры біздің санамызға жарық сәуле түсті. Енді 
нақты ақыл-кеңес керек, ал баю жолын өзіміз-ақ 
табамыз.
– Дәл қазір Аркадқа кеттік, – деді Бансир. 
– Ауыртпалықта жүрген достарымыздың бәрін ша-
қырайық. Олардың да көкірек көзі ашылсын.
– Мені танитындардың ішіндегі ең ақылдысы 
сенсің, Бансир. Сондықтан да сенің достарың көп. 
Айтқаның болсын. Басқаларды да ертіп, осы қазір 
оған барайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет