Жобаны орындаудағы негізгі әрекет алгоритм әдістемесі болып табылады. Зерттеуші Н.В. Матяш анықтауы бойынша жобаны орындаудың алгоритмі төмендегі үш сатыдан тұрады: ұйымдастырылған дайындық сатысы, технологиялық сатысы, қорытынды сатысы[6].
Қоршаған ортадағы, әлеуметтегі өзгерістерге байланысты сабақ беру тәсілі, әдісі методикасы бірге өзгеріп отырады. Тек сонда ғана тәрбие мен сабақ үрдісі өнімді, нәтижелі болады.
Мектеп программасындағы сабақ беру үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялардың енуін оқушының рухани, интелектуалды дамуының маңызды түрі екеніне көп көңіл бөлу керек, яғни тек даму ғана педагогикалық процесстің нәтижелі түрі болып табылады.
Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәселенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалармен жұмыс істеу оқушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын, білім алуға мүмкіндік бере отырып, білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Қазіргі таңда жобалау әдісі өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде.
Жобалау іс-әрекетіне дайын оқытушы тек қана оқу процесін сауатты жоспарлап және өткізіп қоймай, сонымен бірге білім алушылардың жобалау құзыреттілігін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Осыдан келіп «болашақ педагогты жобалау іс-әрекетіне даярлау» түсінігіне «педагогикалық жүйені, объектіні немесе моделді құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді меңгерту» деген анықтама беруге болады. Ал оның түпкі нәтижесі – жобалау құзыреттілігін қалыптасқандығы болып табылады. Жобалау құзыреттілігі – бұл кез келген салада (кәсіби, ғылыми, әлеуметтік, т.б.) жобалау іс-әрекетін іске асыру үшін қажет білімдер, іскерліктер және тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Сондықтан, болашақ мамандарды даярлауды қарастыруда құзыреттілік тұрғының орны ерекше екендігі дау тудырмайды.
Қазіргі қоғам талабына сай адам - рухани интеллекті, шығармашылық қабілетті болу керектігі өмір талабынан туындап отыр. Сондықтан білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Ендеше еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін жас ұрпаққа сапалы білім, ұлағатты тәрбие беру, жалпы адамдық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен ұлттық қолөнер тәжірибелерін үйрету, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Әрбір адамда дүниетану, білімге талпыну болмаса, еңбекке үңіле қарамаса, ілгері басу, прогресс те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық әдет-ғұрыпты, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарай алатын оқушы дайындауымыз керек. Олар жаңа ойларға, идеяларға шығармашыл болып, күтпеген жерден пайда болған мәселелерді шеше біліп, ақпараттарды саралай білулері керек. Оқушылар кез келген жалпыға танымал ақпарттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап, оның ұтымды жақтарын қолдануға тиісті.
Білім беру саласында жас ұрпақты пәндік біліммен қаруландыру ғана емес, олардың бойына өзін-өзі дамыта алатын, өздігінен ізденіп, зерттеуді жүргізе білетін, өзіне-өзі қызмет көрсете алатын, қоғам талабына сай еңбекқор, мәдениетті, ұлттық рухани-адамгершілікті және шығармашылықпен жұмыс істей алатын іскерлік қабілеттерін дарыту, қазақтың ұлттық қолөнерінің ұзақ ғасырлық тарихы бар мол мұра – мәдениетіміз екенін танытуды мақсат етеміз.
Оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту: тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениеті мен дінін ғана біліп қоймай, басқа ұлттардың да мәдениеттерін танып, біліп, оны құрметтеуге үйретуде, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл болуға, сайып келгенде, оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын теориялық маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып есептеледі.
Сондықтан, жаңаша білім беру жүйесіндегі сабақтарда білім беру саласының арнайы тарауларын оқыту, сабақта жаңа технологиялар мен шығармашылық жобалау әдістері арқылы оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмір ағымындағы материалдық қажеттіліктен туындаған бұйымды дайындау технологиясын үйрету, оның экономикалық тиімділігі, дизайн талаптарына сәйкестігі мен жобалау іс-әрекетінің іскерлік қабілеттілігін қалыптастыра отырып, оқушыларға экологиялық және эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке баулу, шығармашылықпен ойлау қабілеттіліктерін дамыту, тарихи ұлттық мұраларымызды ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруға баулу, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру міндетіміз. Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді.
Жобалау әдісін әсіресе бастауыш мектептердегі және сыныптан тыс сабақтарда қолдану нәтижелі болып келеді. Жобалау методикасы жаңа педагогикалық жеке — тұлғаға бағытталған әдіс ретінде гуманисттік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:
Осыған сүйене отырып біз ешқандай күмәнсіз жобалау әдісі әзір материалды игеру мен жаңадан игеруге негізделген дәстүрлі сабақ беру тәсілінің баламасы екенің айтамыз.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың жолдарын айқындау, теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептің оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектепте жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны.
Зерттеудің міндеттері:
• Зерттеу тақырыбына сай педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық әдебиеттерді оқып, саралау.
• Жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың мәнін анықтап, нақтылау.
• Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша сабақтар жүйесін әзірлеу.
• Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша сабақтар жүйесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
• Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеудің болжамы: бастауыш мектептің оқу үрдісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша сабақтар жүйесі жасалса, онда оқушылардың тұлғасын шығармашылық тұрғыдан дамытуға қол жеткізуге болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері ашылып көрсетіліп, бастауыш мектеп жағдайында жобалау әдісін пайдаланудың ерекшеліктері айқындалды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыруда пайдаланылған сабақтар жүйесі жасалынды.
Зерттеу базасы: Алакөл ауданы Ынталы орта мектебінде
Көрсетіліп отырған дипломдық жұмыс жүйелі де, мазмұнды II бөлімнен, жалпы зерттеу жұмысына берілген қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Дипломдық жұмыстың «Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс- әрекетін ұйымдастырудың ғылыми теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың мүмкіндіктері анықталды.
Дипломдық жұмыстың «Бастауыштың оқу үдерісінде оқушылардың жобалау әдісін пайлану бойынша тәжірибелік эксперимент жұмыс мазмұны» атты екінші бөлімінде бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың мазмұны анықталып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мазмұны мен нәтижелері көрсетілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі, зерттеудің келешегі көрсетіледі.
1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖОБАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |