1. бастауыш мектептің ОҚыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың Ғылыми теориялық негіздері



бет8/12
Дата07.11.2022
өлшемі430,5 Kb.
#156854
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Диплом работа

1 – топ
Тақырыбы: «Жануарлар топтары»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: Реферат
Қорғау: Топ лидері
2 – топ:
Тақырыбы: «Орамжапырақ көбелегі, оның ерекшеліктері»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: Мультимедиялық презентация
Қорғау: Топ лидері
3 – топ
Тақырыбы: «Бал арасы – еңбекқор жәндік»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: Буклет. Мультимедиялық презентация
Қорғау: Топ лидері
4 – топ
Тақырыбы: «Көбелектер түрлері және олардың ерекшеліктері»
Ақпарат жинақтау: Топ мүшелері
Өнімі: Коллаж. Мультимедиялық презентация
Қорғау: Топ лидері

  1. Венн диаграммасы арқылы орамжапырақ көбелегі мен бал арасының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау.

«Көбелектер түрлері және олардың ерекшеліктері»
а) Көбелектердің түрлерінен коллаж дайындалды.
ә) Жұлдызқұрттардың көбелекке айналу сәтінен зерттеулер нәтижесі
 Жұлдызқұрт көбелекке мүлде ұқсамайды. Тіпті мұндай «құрттан» қанаты жібектей әдемі көбелек шығатынына сенбейсің. Осы жұлдызқұрттан қалай көбелек шығатынын зерттеп көрейік.
Зерттеу әдісі:

  1. Көбелектің жұлдызқұрттарын олар жүрген өсімдіктің жапырағымен қоса жинап аламыз.

  1. Оларды банкаға немесе қорапқа салып, ішіне ауа керек болатындықтан, аузын дәкемен жабамыз немесе қақпақтың аузын ұсақтап тесіп қоямыз.

  2. Жұлдызқұрттар пайдаланған ескі жапырақтарды алып тастап, оның орнына жаңадан жас жас жапырақтар салып отырамыз. Өйткені олар үздіксіз қоректенумен болады.

Нәтижесі:

  1. Жұлдызқұрттардың түстері солғындайды.

  2. Бір күні таңертең жұлдызқұрттың орнында кіп-кішкентай қуыршақ жатыр.

  3. Біраз күннен кейін қуыршақтың мөлдір пленкасы жарылып, көбелектің басы, аяқтары және арқасы көріне бастайды.

  4. Келесі кезекте пленканың өзі түсіп қалады да, көбелек сыртқа шығады. Оның әдемі қанаттары әзірге көрінбейді. Өсе келе байқалатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет