1. бастауыш мектептің ОҚыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың Ғылыми теориялық негіздері


Бастауыш сыныптардағы зерттеушілік әрекеттердің міндеттері



бет7/12
Дата07.11.2022
өлшемі430,5 Kb.
#156854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом работа

Бастауыш сыныптардағы зерттеушілік әрекеттердің міндеттері:
- Проблемалық ойын ситуацияларына оқушылардың енуі;
- Проблемалық ситуацияның шешілу жолдарын табуға қажеттіліктің туындалуы (мұғалім – оқушы);
- Зерттеушілік әрекеттерге үйрету (практикалық тәжірибелер)[42].
Жоба жұмысын дайындау кезеңдері:
Бастапқы: негізгі тақырыпты анықтау;
Ізденіс: жоба жұмыстарын, ақпарат, әдебиет көздерін айқындау, жоба бойынша жеке жұмыстарды топ ішінде ұйымдастыру;
Нәтижені өңдеу: зерттеу тақырыптары бойынша презентациялар дайындау
Тұсау кесу: жұмыстарын қорғау;
Зерттеу жұмысының негізгі сатылары: 

  1. Ақпараттық - «не істеу керек?»

  2. Жоспарлық - «бұған қалайша жетуге болады?»

  3. Шешім қабылдау - «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»

  4. Орындау - «жүзеге асыру»

  5. Бақылау – «тапсырма дұрыс орындалды ма?»

  6. Бағалау - «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?»

Сабақтың толық жоспарлары жұмыстың қосымша бөлімінде келтірілген(1-10). Біз оқушылардың жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша жүргізілген сабақтар және тәрбие шараларының кейбір үлгілерін төменде береміз.
 Пәні: Дүниетану (қосымша 1)
Тақырыбы: Жануарлардың сан алуандығы. Орамжапырақ көбелегі. Бал
арасы.
Мақсаты: 1.Жануарлардың сан түрлілігі туралы оқушыларға ғылыми негізі бар түсінік қалыптастыру. Кейбір бунақ денелілердің ерекшеліктерін жобалау, зерттеу әдістері бойынша ерекшеліктерін анықтап, оқушыларға жеткізу;
2. Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып сөйлеуге дағдыландыру, тілдік қорын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін, сөйлеу қорларын дамыту;
Сабақта «Миға шабуыл» ребус шешіліп, жаңа сабақ тақырыбы ашылды. Оқушылардың жобалау іс-әрекетін ұйымдастыруда зерттеу сұрақтары берілді.

  1. Негізгі зерттеу сұрақтар:

а) Жануарлардың қандай топтарға бөлінетінін білгім келеді?
ә) Орамжапырақ көбелегінің ерекшеліктері қандай?
б) Неге бал арасын – еңбекқор жәндік деп атайды?
в) Көбелектердің басқа түрлері, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін білгім келеді.
Көрсетілімдер шеруі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет