Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған


- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер



бет44/46
Дата17.02.2017
өлшемі11,41 Mb.
#9709
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

2- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Сенің мектебің қайда орналасқан?

  2. Бүгін сендерде неше сабақ?

  3. Бірінші сабақ қай сабақ?

  4. Соңғы сабақта не істейсіңдер?

  5. Қазақ тілі сабағы қай қабатта, қай кабинетте өтеді?

  6. Мектепте уақытыңды қалай өткізесің?


3 - тапсырма. Кітап бойынша жұмыс.

3 бет, 1 тапсырма.



23 бет, 1 тапсырма.
4- тапсырма.Өз мектебің туралы әңгіме жазыңдар.

2 сабақ

Мектепте не істеймін?




1- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
Әр бала білім алу қажет. Білімді адам болу үшін көп ізденіп, оқу керек. Біз мектепте білім аламыз. Мектепте біз әр түрлі үйірмелерге қатысамыз. Мысалы біздің мектепте өте көп спорт үйірмелері бар. Бұл үйірмелерде өте қызықты.Әр сенбі сайын мектепте сенбіліктер өтеді. Бұл сенбіліктерде біз мектеп ауласын қоқыстан тазалаймыз, ағаштарды әктейміз, гүлзарларға гүлдер отырғызамыз.
2-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Мектепте не істейсің?

  2. Мектепте қандай үйірмелер бар?

  3. Сен қандай үйірмелерге қатысасың?


3- тапсырма.«Мектеп –кеме, білім теңіз» дегенді қалай түсінесің, ауызша айтып беріңдер.

4- тапсырма. Жолдасыңызбен үлгі бойынша сөйлесіңдер.

Үлгі: Компьютерде ойнайын – Компьютерде ойнама, кітап оқы.

Таза ауада көп қыдырсын ( сабаққа дайындалу). Телефонмен сөйлесейік (аз сөйлесу)

Өлең айтайық (би билеу). Үйге қайтыңдар (отыру). Көп сөйле (аз сөйле).
5- тапсырма. Мына сөйлемдерді аударыңдар. Бұйрық райдың қандай формада тұрғанын айтыңдар.

Отырыңдар, дәптерлерді үстелге қойыңдар. Сіз мына мәтінді оқыңыз, ал Сіз мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар. Талғат сөйлемді тақтаға жазсын, ал Марат және Әлия тексерсін. Біз мәтінді тыңдайық. Келесі сабаққа шығарма жазып келіңдер. Марат, есікті жап! Сабақтан қалма, дайындал!


6- тапсырма. Тест сауалдарына жауап беріңдер.

1. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.

а) үйірмелеп

в) ізде


с) қызықты

д) қатысамыз


2. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.

а) естіген болатын

в) бара жатыр

с) келмекші

д) қатысады
3. Келер шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

а) үйірмелеп

в) жүгірдім

с) білім


д) қатысамын
3 сабақ

Мектеп өмірі





1- тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер








Сенбілік.

Бір күні мұғалім апай сенбілік болатынын айтты. Барша жұрттың жұмысқа шығатынын және тегіс еңбек ететінін түсіндірді. Мен сенбілік қашан болады деп күттім. Күткен күнге де жеттім. Жұмыс киімін киген бойда мектепке тартып келемін. Біз линейкаға тұрдық. Әр сыныпқа арнаулы тапсырма берілді. Барлығымыз жұмысқа кірісіп кеттік. Мектеп ауласындағы ағаштардың діңін ағарттық. Арықтарды тазарттық. Қаншама қоқысты зембілмен алысқа тастадық. Лезде мектеп ауласы тап-таза болып шыға келді.


2- тапсырма.

а) Мәтінді түсініп оқып, мазмұндаңдар.



б) Бірінші тұрған үш сөйлемге талдау жасаңдар.
3- тапсырма. Мектеп өмірі» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

Үлгі:

    • Сен мектепке нешеде келесің?

    • ......

    • Сабақтарың нешеде басталады?


4- тапсырма. Сұрақтарға кестедегі сөздерді пайдаланып жауап беріңдер.


Спорттың қай түрімен шұғылданасың?

жеңіл атлетика, ауыр атлетика, күрес, дзюдо, ушу, каратэ, баскетбол, дойбы, волейбол, футбол, жүзу, шаңғы, хоккей, көркем гимнастика, ....

Қандай үйірмеге қатысып жүрсің?

драма үйірмесі, көркемөнерпаздар үйірмесі, музыка үйірмесі, ұлттық билер үйірмесі, сурет салу үйірмесі, ....

Бос уақытыңды қалай өткізесің?

көрмеге, театрға, киноға, мұражайға, барамын, кітап оқимын, теледидар көремін, ойнаймын,...



4 сабақ

Мектеп үйірмелері



1- тапсырма.Мәтінді оқыңдар, аударыңдар, мазмұнын айтып беріңдер.

Әр жексенбі сайын біздің мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Мысалы: бірінші қабатта дойбы мен шахмат үйірмесі, екінші қабатта, дене шынықтыру залында, ер балаларға арналған футбол, ал үшінші кіші залында, қыздарға арналған гимнастика үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл үйірмелерге біздің сыныптың көп оқушылары қатысады. Үйірмелерді тәжірибелі жаттықтырушылар жүргізеді. Мен өзім футболға қатысамын. Спортпен шұғылданған адам ағзасына өте пайдалы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет