Дарынды бала дегеніміз – болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. Және адам табиғатындағы өте сирек, ерекше құбылыс. Мұнымен өзара тығыз байланысты көптеген сұрақтарға жауапты ерекше қабілеті бар адамдармен – жұмыс жасауда туындалатынын ескерген жөн. Жалпы білім беретін көпшілік мектептер өте қабілетті балаларды тежейді делінетін қалыптасқан пікірлерге керісінше, бұл жұмысты жүргізудегі мақсат – психиканың тұтас және жүйелі құбылысы болып саналатын дарындылықты ашуға қолайлы жағдайлар болып есептелінеді.
Дарынды балалармен жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстар
Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары:
қушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;
Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары:
«Дарынды балалар» бағдарламасының жұмыс бағыттары
І. Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тест
тапсырмаларын және түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.
ІІ. Диагностика жүргізу
ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда
жағдай туғызу
IV. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
V. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару
іс-шараларын өткізу
Дарынды баланың сипаттамасы: Интелектуалды сферасы; Білімділік өрісі; Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.
Дарындылық үш параметрмен анықталады:
Танымдық жеке дамуы;
Психологиялық жеке дамуы;
Физикалық дамуы.
Мектепте дарындылық деңгейін табу және анықтауды 3 бағытта жүргізуді ұсынады: • интеллектуалдық дарындылық
• шығармашылық
• лидерлік
Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер беред Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:
Тәжірибелерін газет, журнал беттеріне беру;
Байқауларға қатысу;
3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
6. Психологиялық материалдар жинақтау;
7. Кітапша құрастыру.
8.”Реферат”;
9.”Портфолио”
Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
Бақылау
Анкета
Психодиагностика
Социометрия
Әңгімелесу
Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір – сайыс яғни интеллектуалды ойындардың мақсаты — Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.
Оқушының дарындылығын анықтауда: