Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 Сынып 8 Тақырып


-тапсырма. Мәтін бойынша көркемдегіш құралдарды табыңыздар



бет2/2
Дата15.06.2023
өлшемі77,09 Kb.
#178824
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1- сабақ Қазақы наурызнама. 1- сабақ (1)
7-сыныптағы геометрия курсын қайталау, морфология 60, 8 с Қайырымды Ораз, Æèûíòû? áà?àëàó òæá, áæá, ñî÷, ñîð, áèîëîãèÿ 9 ñûíûï, 8 с Нәтиже сабақ Еліміздің тарландары., 16 сабақ. Ұлым-аспандағы жұлдызым, қысқ көб форм 20.01, өздік жұмысы 6-сынып. сыз.теңдеу, 10-сынып тапсырма, 8-сабақ.Валенттілік.Химиялық формула, Презентация Trade In, «???û? íåã³çäåð³» ï?í³íåí æèûíòû? áà?àëàó?à àðíàë?àí ?ä³ñòåìåë³ê, Нейронның құрылысы және қызметі, 1586067145201, Кольца истории и национальная память-engime.org
2-тапсырма. Мәтін бойынша көркемдегіш құралдарды табыңыздар.

Көркемдегіш құралдар

Сөйлемдер

Перифраз  

Наурызды төл мерекесіндей тойлайды.

Теңеу

Ұлыстың Ұлы күнінің тойлануы жайында жазылған бірегей туынды. 

Теңеу

Халықтың аузы аққа тиеді, малдың аузы көкке тиеді.

Перифраз  

Наурызнама парсы елдерінде патша сарайындағындай сән-салтанатпен өтеді.

Дискриптор: мәтін бойынша көркемдегіш құралдарды табады.

6-слайд



07.30-07.45

Көркемдегіш құралдар

Сөйлемдер

Перифраз  

Ұлыстың Ұлы күнінің тойлануы жайында жазылған бірегей туынды. 

Теңеу

Наурызды төл мерекесіндей тойлайды.

Теңеу

Наурызнама парсы елдерінде патша сарайындағындай сән-салтанатпен өтеді.

Перифраз  

Халықтың аузы аққа тиеді, малдың аузы көкке тиеді.

Жауабы:

7-слайд




07.45-08.00

Тілдік бағдар
Тұрақты тіркестер- мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер. Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады. Мысалы: жүрек жұтқан(батыр) , қоян жүрек (қорқақ).


Дискриптор: «Тұрақты тіркестер» тақырыбын қайталайды.

8-слайд

08.00-12.00

3-тапсырма. Тұрақты тіркестер қолданып, наурыз мерекесі туралы ауызша мәтін құраңыздар.

  • Екі езуі екі құлағына жету- қуану

  • «Ұлыстың ұлы күні» - Наурыз мерекесі

  • Ас қайырды – бата берді

  • Ажары кірді – көріктенді

  • Жұлдызы оңынан туу- жолы болу

  • Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау- тыныштық заман орнау

  • Жалғанды жалпағынан басу- молшылықта өмір сүру



Дискрипторлар: тұрақты тіркестер қолданады;
наурыз мерекесі туралы ауызша мәтін құрастырады.



9-слайд


12.00-12.20

Жауабы:
«Ұлыстың ұлы күні» Наурыз мерекесі келді. Табиғат оянып, ажары кірді. Жер көгерді, құстар ән сала бастады. Адамдар екі езуі екі құлағына жетіп, бір –бірін құттықтайды. Жиналған халық наурызнамадан дәм татып, ас қайырды. Жұлдызы оңынан туған балуандар жүлдеге ие болды. Халқымыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жыл болып, жалғанды жалпағынан басатын өмір тіледі.

10-слайд

12.20-17.00

4-тапсырма. Диалогтегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.
Давид: Әлібек, бұл қандай той?
Әлібек: Бұл- ....
Давид: Оны кімдер ....?
Әлібек: Наурыз - ... мерекесі. Қазақ халқы да бұл мейрамды ... тойлайды.
Давид: Әлібек, қазақтың мейрамында ... дәстүрлер бар?
Әлібек: Бұл ... қызығы өте көп.
Давид: Киіз үйдің ішін...!
Әлібек: Әрине, көрсетемін.Жүр, үйге кір!
Давид: Әлібек, қарашы, мынау керемет ...!
Әлібек: Иә, бұл домбыра мен ....
Давид: Әлібек, саған шексіз рақмет!
Әлібек: Саған да көп рақмет, Давид!
Дискриптор: Диалогтегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды.



11-слайд



17.00
18.30

Жауабы:
Давид: Әлібек, бұл қандай той?
Әлібек: Бұл - Наурыз мерекесі.
Давид: Оны кімдер тойлайды?
Әлібек: Наурыз – шығыс халықтарының мерекесі. Қазақ халқы да бұл мейрамды көңілді тойлайды.
Давид: Әлібек, қазақтың мейрамында қандай дәстүрлер бар?
Әлібек: Бұл мерекенің қызығы өте көп.
Давид: Киіз үйдің ішін көрсетші !
Әлібек: Әрине, көрсетемін. Жүр, үйге кір!
Давид: Әлібек, қарашы, мынау керемет қой!
Әлібек: Иә, бұл домбыра мен қобыз.
Давид: Әлібек, саған шексіз рақмет!
Әлібек: Саған да көп рақмет, Давид!

12-слайд

18.30-18.45

Бүгінгі сабағымызда тұрақты тіркестер мен көркемдегіш
құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрадық.



13-слайд







Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет