Мұғалімнің аты-жөні
|
Адуова Айгуль Тулешовна
|
Күні :
Нығманов атындағы орта мектеп
|
Сабақ тақырыбы:
|
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы
|
Сілтеме
|
Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Қазақ әдебиеті”, Алматы, ”Мектеп” 2015 жыл, Қ.Алпысбаев , Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова
|
Жалпы мақсаты
|
«Қазақ хрестоматиясы» жинағының мазмұнымен таныстыру, өлеңдері, әңгімелері, аудармалары және халық аузынан жинаған әдебиет үлгілері туралы білім беру, алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуге үйрету.
|
Күтілетін нәтиже
|
- Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі
оқытуын қалыптастыру
-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену
- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру
-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту
|
Негізгі идеялар
|
ағартушы шығармалары арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету, басқалардың көзқарасын сыйлауға баулу.
|
Дереккөздер
|
Интернет деректері, Ы.Алтынсарин жинақтары,сайттар,ресурстар, сызбалар
|
|