Жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлемнің түрлерімен жазып шығыңдар
Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырыңыз.
1. Қазақстан көптеген мөлшерде астық, ет, жүн
және басқа өнімдерді экспортқа шығарады.
2. Қазақстанда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.
3. Әлемдік тәжірибе қолданылады.
4. Мақта өңдейтін кәсіпорындар шоғырланған.
5. Қазақстанда аса ірі металлургия компаниялары
жұмыс істейді.
6. Қазақстанның оңтүстік аймағында мақта егіледі.
7. Қазақстанда қой шаруашылығы бұрыннан дамыған.
8. Республикада энергетика өнімдері мол.
Жай сөйлемнің әр түрінен сөйлемдер оқылады. Оқушы сөйлемнің қай түріне жататынын тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі сөйлемнің түрлерімен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек. Қай топтың бірінші әрі дұрыс график сызғаны анықталады
Жомарт пен Жадыра жылдам есеп шығаруға талап қып жүреді. Міне, Жадыра үлкендігін сездіріп, тағы да жұмбақтап отыр:
- Біздің үйге дейінгі үйлер саны – 50. Соның ішінде 4 саны неше рет кездеседі. Егер тапсаң мен саған сонша балмұздақ әперуге дайынмын,- деді.
Жомарт есептеп отыр. Берілген уақыт 2 минут. Қане, көмекке келіңдер.
Мәтінмен жұмыс
Оқиғаны өрбітіп жазыңдар. Жай сөйлемнің мағыналық түрлерін табыңдар
Кешке қарай бәріміз бас қостық. Мен бауырларыма ата-анамызды мерекемен құттықтау қажет екенін айтпақшы едім. Сол жерде дау басталды да кетті. Қашанда бәрін бүлдіретін, пысықай қарындасым қарсылыұ білдірді.....