Биология пәні мұғалімі ІІ санат Сабақтың тақырыбы: Жүрек құрылысы, жұмысы. Қантамырлар және олардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ағзаның ішкі орта мүшелеріне сипаттама бере отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, жүрек қантамырлар және олардың қызметтерімен танысу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен ізденімпаздық, қызығушылық дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету
Дамытушылық: Жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, және танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі : 1. Электрондық оқулық-Қанайналым жүйесі: құрылысы, жұмысы