Сабақтар мультимедия, информатика кабинеттерінде өткізілді. Сабақ барысында слайдтар арқылы презентациялар жасалынды, “Шаттық шеңбері”, “Сабақтың дәйексөзі”, “Тыныштық сәті”, “Сергіту сәті”, сурет салу, сурет арқылы өз ойларын жеткізу, топтық жұмыс, сахналау, пікір – талас ұстаздар көптеген әдіс – тәсілдерді қолданды.
Диалог алаңы
№1,2,16,44 орта мектеп мұғалімдері өздерінің іс – тәжірибелерімен бөлісіп, дайындаған слайдтарын көрсетті. Өзін – өзі тану пәніне арналған оқушылардың портфолио, мұғалімнің құжаттары, іс – шаралар туралы көптеген пайдалы кеңестер мен әдістемелік көмек берілді.
Ашық сабақ көрсеткен ұстаздардың жұмыстары жоғары бағаланды. Семинарға қатысушылар осы семинар бойынша көптеген жақсы лебіздерін білдірді. Осындай семинардың, тағылымды іс-шараның маңыздылығы, заманауи технологияны қолданудың қажеттілігі туралы жақсы пікірін танытты. Сауалнама қорытындысы бойынша көптеген қызықты материалдар мен әдіс – тәсілдер, жан – жақты ұйымдастырылды – деген пікірлер болды.