Єлiби шапауов


ДРАМАДАҒЫ МІНЕЗ ЖӘНЕ ДРАМАДАҒЫ ТАРТЫС



бет2/13
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#33248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ДРАМАДАҒЫ МІНЕЗ ЖӘНЕ ДРАМАДАҒЫ ТАРТЫС


Тартыс пен мінез – драматургия жанрының ең негiзгi өзегі. Драмалық шығармадағы тартыс - қарама-қарсы ниеттегi қаһармандар бойындағы iшкi және сыртқы әрекеттерiмен тығыз байланысты. Кез-келген драмалық шығармада тартыс пен мінез қызметi солғын болса, ол – шығарма көркемдiгiн төмендетуге апаратыны белгілі. Мінез мәселесiн ашуда да әр суреткердiң амалы әр түрлi.
Драмадағы жағдай – кең ұғым. Қаһармандары өмiр сүрiп отырған қоғамның тынысы, ортаның жай-жапсары, заманының ағысы, кейiпкерлерiнiң атқаратын iс-әрекетi – барлығы осы жағдайға байланысты дамиды.
А. Байтұрсынұлы: ”Тартыстың өзi басты-басты үш тарау болып бөлiнедi: 1) мерт, яки әлектектi тартыс [трагедия], 2) сергелдең, яки азапты тартыс [драма], 3) арамтер, яки әурешiлiк [комедия]. Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс зауықты деп аталады. Тартыс сөз қу тiлдi болса, қулықты деп аталады; қисыны қызық болса, күлдiргi тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс сиқырлы деп аталады.
.... Айтыс-тартыс сындар әдебиетiнiң бiр сөзi…Айтыс-тартыстың әуезе мен толғауға да ұқсастығы аз. … айтыс-тартыста уақиғаны бiреудiң айтқанынан естiп бiлемiз. Көзбен көрiп те бiлемiз. Асылында, айтыс-тартыс iшкi ғалам мен тысқы ғаламның түйiскенiн көрсететiн сөз түрi” [2,448],- деп драматургия жанрының түрлерiне алғашқылардың бiрi болып түсiнiктеме беріп, тұжырым жасаса, М. Єуезов: “Драматургиядаѓы конфликт мєселесi - пьесаныњ жанрлыќ белгiсiн кµрсететiн шешушi элементтердiњ бiрi … драматургияныњ негiзгi компонентi. Драматургиялыќ шыѓарманы ныќтап, проза, поэзиядан бµлектеп т±ратын шартты белгi жалѓыз осы конфликт” [3, 361] ,- деп атап µткен болатын. Р. Нұрғали: “Драматургия–қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың басында әлеуметтік – қоғамдық факторлардың ықпалы мен ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жаңа жанрлық форма. Драматургияның тез өсіп, жедел жетілуіне әсер еткен негізгі дәстүрдің бірі – халықтың сан ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталған, екшелген ғаламат бай фольклоры” [4, 470], - дейді.
Жалпы қазақ және шетел филология ғылымында драмалық шығармадағы тартыс пен мінез жайында жазылған ғылыми еңбектер қатары көп [5].
Қазақ ұлттық драматургиясы бүгiнгi күнi жан-жақты даму үстiндегi жанр. Ғылыми айналымѓа, нысанаѓа алынып зерттеу iсi - ХХ ғасырдың 50–жылдарынан басталады. Осы уақыттан бастап диссертациялар ќорѓалып, монографиялыќ ењбектер жарыќќа шыѓа бастады.
1951 жылы А.Маловичко “Ќазаќ совет драматургиясындаѓы тарихи µмiрбаяндыќ пьеса”; 1956 жылы С. Ордалиев “Соѓыстан кейiнгi ќазаќ совет драматургиясы”; 1963 жылы Н. Ѓабдуллин “Ѓ. М‰сiреповтiњ драматургиясы”; 1965 жылы Р. Р‰стембекова ’’Б. Майлиннiњ драматургиясы”; 1967 жылы Р. Н±рѓалиев “М. Єуезовтiњ трагедиялары”; 1975 жылы Е. Жаќыпов “Ќазаќ драматургиясындаѓы батырлыќ эпостыњ дєст‰рлерi”; 1978 жылы Исабекова С. “Ауэзов–переводчик русской советской драматургической классики”; 1986 жылы Есембеков Т. “Є.Єбiшевтiњ драматургиясы”; 1990 жылы Дєуітова С. “Проблема изображения исторической личности в драматургии М. Ауезова”; 1992 жылы Ысќаќов М. “Казахская драматургия в литературной критике”; 1993 жылы С. Ќ±лбараќов “Тахауи Ахтанов драматургиясы”; 1994 жылы Таубай±лы Ж. “Ќазіргі ќараќалпаќ-ќазаќ драматургиясындаѓы фольклорлыќ негіздер”; 1995 жылы Ж. Єбiлов “Ќалтай М±ќаметжанов драматургиясы’’; 2001 жылы Шапауов Є. “Сәкен Ж‰нісов драматургиясы”; 2002 жылы Нәсиева Н. “Сәбит Мұқанов драмалық шығармаларындағы мінез бен тартыс”; 2003 жылы Ахетов М. “М. Әуезов драмалық шығармаларындағы шешендік дәстүр”, Ахтанова А. “Қазіргі қазақ балалар драматургиясы”, М.Әбілхақұлы “І.Жансүгіровтің драмалық шығармаларындағы тартыс пен мінез” атты кандидаттыќ және 1970 жылы Є. Тєжiбаев “Ќазаќ драматургиясыныњ тууы мен ќалыптасуы”; 1983 жылы Н±рѓалиев Р. “Ќазаќ совет драматургиясыныњ жанр ж‰йесi”, 2001 жылы Ж.Єбілов “Ќазаќ комедиясыныњ генезисі мен жанрлыќ негіздері” атты докторлыќ диссертациялары ќорѓалып, әдебиеттану ѓылымына ‰лкен үлес қосылды. Сонымен ќатар жарық көрген монографиялыќ ењбектер бiр шама [1].
1970-1990 жылдардағы суреткерлердің белді өкілі жазушы–драматург Сәкен Жүнісов. Драматургия – Сәкен Жүнiсовтың проза жанрымен қатар дамытып келе жатқан жанры. Бүгiнгi күнi қазақ әдебиетiнiң проза, драма жанрында өзiндiк стилi, қолтаңбасы бар қаламгер. Әсiресе, трагедия мен комедияға қарағанда драма жазуға, драмада мәселе көтеруге, пьеса оқиғасын шиеленiскен тартысқа құруға, күштi характерлер сомдауда шеберлiгiн байқатып келедi.
Сәкен Нұрмақұлы шығармашылық жолын балаларға арналған шағын дүние жазудан бастаған. 1950-60 жылдары “Социалистiк Қазақстан”, “Қазақстан пионерi”, “Жұлдыз” т.б. республикалық газет-журналдардың беттерiнде әңгiмелерi, сын-рецензиялары, ғылыми мақалаларымен көпшiлiкке танымал бола бастады. Қаламы төселіп, жазушылық өнердi жете меңгерген кезiнде “Жапандағы жалғыз үй”, “Ақан серi” романдарын, “Заманай мен Аманай’’ повестерiн өмірге әкелiп, бүгiнгi күнi бұл дүниелерi қазақ әдебиетiнiң алтын қорынан өз орнын алған шығармалар болып саналады.
Сәкен Жүнiсовтің шығармашылық өнерi қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлi қырынан зерттелiнiп, қарастырылып келедi” [6]. Дегенмен, суреткердiң екiншi бiр мол шығармашылық саласы – драматургиясы жөнінде арнайы ғылыми зерттеулер аз.
Сәкен Жүнiсовтің көркемдiк шарты қатал, өткiр, тартысты, кiрпияз жанрға келуiне бiрнеше себептердi алға тартуға болады. Бiрiншiден, прозалық туындыларында драматизмнiң күштiлiгi басым болып жатса, екiншiден, шығармаларында драманың элементтерi молынан кездесуi, үшiншiден, Қазақ академиялық драма театрының әдебиет бөлiмiн 1963-1967 жылдары басқарып, iзденген, яғни театр сыны, дәстүр жалғастығы арқылы келдi деп айтуға толық негiз бар.
Кез-келген драматургтiң пьесалары - театрдың жақсы репертуары бола бiлуiмен ғана шығармашылық өнерi жайында әдiл бағасын алады. Ғалым, сыншылардың пiкiрлерiнен драматургия саласындағы алғашқы жетiстiктерi мен кемшiлiктерi жайлы С.Жүнiсов пьесалары республика театрларында табысты қойылып, көпшiлiктiң ықыласына ие болып келе жатқанын аңғарамыз [7].
Бүгiнгi күні Сәкен Жүнiсов драматургиясы кең ауқымда зерттелініп, жанрды игерудегi шеберлiгі жайында академиялық және облыс театрларында әр жылдары қойылған драмалық шығармалары - әдебиет зерттеушiлерi, театр танушылардың назарынан шет қалған емес. Атап айтқанда: Ғ.Мүсiрепов, Ә.Әбішев, Ә.Сәрсенбаев, К.Нұрпейiсов, Е.Әкiмқұлов, С.Ордалиев, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғали, Б.Құндақбаев, Ә.Сығаев, Р.Тоќтаров, Тараќты Аќселеу, С.Негимов, Ќ.Уєлиев, М.Хасенов, Т.Есембековтің, М.Халиолин, Т.Ќажыбаев, Р.Т±рысбеков, Б.Б±лѓаќбаева, С.Ѓазезов, Ж.Жаќанова, Х.Єдібаев, Ќ.Ѓалымтаев, Т.Кешубаев, Шапауов Є.Қ. [8] ењбектері белгiлi.
Сәкен Жүнiсовтің төл драмалық шығармалары мен инсценировка-пьесаларында тартыс пен мінездің атқаратын қызметi жоғары. Мысалы: орталық қаһармандары Ажар мен Атан, Қарасай мен Райхан, Разия мен Мұрат, Сәуле мен Разия, Сәбит пен Мұхтар, Жамбыл мен Сәбит, Баттал мен Таурид т.б. араларындағы тартыс шебер сомдалған. Сонымен қатар Сәкен Жүнiсов тудырған кейiпкерлерiнiң бейнесi алдыңғы және замандас драматургтер шығармаларымен салыстыра қарағанда әлсiремей, шыңдала түскенiн байқаймыз.
С. Жүнiсов мінезді драма табиғатына лайық қатал сындарда шыңдап барып бiрақ танытады. Сәкен Жүнiсовтің драмашылық бiр ерекшелiгi – пьесаларының негiзгi мазмұны, оқиға арқауы бiрiншi көрiнiс-бөлiмiнде толық ашылуы. Бұны драматургия жанрында–экспозиция дейдi. “Экспозииция (лат. expositio-түсiндiру) - көркем шығармада оқиға дамып өрiстейтiн орынды ортаны ол оқиғаға қатысатын кейiпкерлердi сипаттап алғаш оқушыға таныстыру. Экспозиция негiзгi оқиға желiсiнiң шиеленiсiне тiкелей байланысты болмай соған кiрiспе-эпизод ретiнде өз алдына оқшаулау тұрады. Себебi ол оқиғаның тартыстың басталуы емес. Тек қана тартыс-қақтығыстың барысын неғұрлым айқын анық түсiнiп-бiлуге қажеттi дерек, суреттемелер” [9,373],-десе А.Толстой: ”Экспозиция бiрiншi актыда мүмкiндiгiнше толық ашылып болу керек” [10,130], - дейдi, ал, академик З.Қабдолов: “Драмадағы хал-күйдiң басы (экспозиция), әрине, пьесаның кiрiспесi iспеттi, алғашқы актыда жатады. Мұның мiндетi – көрермендi пьесаға қатынасатын адамдармен (персонаждармен) таныстыру. Экспозиция екi түрлi (жағдай экспозициясы, мiнез экспозициясы) болуы мүмкiн” [11, 343], -деп, Р.Рүстембекова: ”Оқиға басталмастан бұрынғы жағдаймен оқушыны таныстыру немесе кейiпкерлер жайында шығарма бойында ақпар берудi “экспозиция” десек, драматургияда мұның да орны маңызды. Егер драматург экспозицияны созып алса, оқиға баяулап, сылбыр дамиды” [12, 87], - дейдi.
Қазақ әдебиетiнiң майталман қаламгерлерi М.Әуезов, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов, Ж.Аймауытов т.б. шығармалары инсценировка талабында республика театрларының сахналарынан елеулi орын алды. Прозалық туындылардың жанрлық шарты қатал драмалық шығармаларға айналу барысы жеңiл жол емес екендiгi белгiлi. Прозалық шығармалардағы авторлық еркiн көсiлу, кейiпкерлер бейнесiн ашуда т.б. компоненттердi шектеуден сахналық туынды жасалмайды. Эпостан драмаға өту, яғни инсценировкаланған дүние бойында бiрiншi кезекте драмалық тартыс, драмалық жағдай, характер, драма тiлi болуы -жанр талабы. Р.Нұрғалиев:''…прозадағы драматизм проблемасын зерттеу–жанрлардың өзара тоғысу, бiр-бiрiн байыту құбылыстарын, өнердiң қазiргi тенденцияларын ашып беруге мүмкiндiк тудырады. Бүгiнгi таңдағы әдебиетке, оның қай жанрына болсын қойылатын биiк талаптардың бiрi–драматизм” [13, 139], - деп ой қорытса, Т.Есембеков: "Драматизм–это в большинстве случаев рассогласование, несовпадение, противосостояние, несовместимость каких-то начал, таким образом драматические ситуации по своей природе неустойчивы, обладают колебательным характером, им присущи напряженность и непредсказуемость, эмоциональная вибрация, хаотичность выбора, состояние фрустраци" [14,14],- дейдi.
С.Жүнiсов шығармашылық лабораториясындағы ерекшелiктердiң бiрi–белгiлi прозалық туындыларының драмалық шығармаға айналып жатуы. Мысалы: “Жапандағы жалғыз үй” романы негiзiнде “Қос анар” драмасы, “Аш қасқырлар қамаған қызыл керуен” атты повесi бойынша “Өлiара” деректi драмасы өмiрге келдi.
С.Жүнiсовтің “Ажар мен ажал” атты драмасы – инсценировкаланған шығарма. Қазақ халқының бiр туар ұлдары Б.Майлиннiң “Раушан коммунист”, М.Әуезовтың “Қорғансыздың күнi”, Ғ.Мүсiреповтың “Ашынған ана” атты повесь, әңгiмелерiнiң желiсiмен және өзiндiк тың пiкiр дамытушылығымен кезiнде көрерменнiң жүрегiне жол тапқан шығарма болып және пьеса авторы алғаш рет драмашылар қатарынан көрiндi.
Шығарма дүниеге келген тұста екi түрлi пiкiрдiң болғаны баспасөз беттерi мен ғылыми еңбектерде басылды. Әбу Сәрсенбаев: “Автордың бұл пьесасы - қазақ совет әдебиетiнiң негiзiн қалаушы үш iрi қаламгердiң кейбiр әңгiмелерiнiң сарынын ғана алып, сол туындылардың тұтқынында қалмай, өзiнше шешiмiн тапқан творчестволық жеке еңбек” [15] ,-десе, К.Нұрпейiсов: “Бұл драматург тұсынан қазақ совет әдебиетiнiң аға өкiлдерiне деген iлтипат, соларға деген тарту сияқты. “Ажар мен ажал” жазушының драматургия жанрындағы табысты дебютi деп қараймыз” [16],- дейдi. Б.Құндақбаев:”…Пьеса шиеленiскен тартысқа құрылып, жанр талабына лайықты композициялық құрылыс, қызғылықты драматургиялық шешiм табуының үстiне көркем тiлмен жазылған. Автордың классик жазушылардың новеллаларын орынды пайдалана отырып, олардың стилъдiк ерекшелiктерiн де сақтай бiлуi пъесаға өзiндiк сипат, драматургиялық қуат, көрiктi бояу берген” [17], ал С.Қирабаев: “М.Әуезов (“Қорғансыздың күнi”), Ғ.Мүсiрепов (“Ашынған ана”), Б.Майлин (“Раушан-коммунист”) шығармаларының кейбiр сарындары көрiнiп тұрғанымен, “Ажар мен ажал” – шын мәнiндегi драмалық тартысы күштi пьеса” [18],- деп бағасын бередi. Р. Нұрғалиев: ’’ …үш бөлiмнен тұратын пъесаға үш шығарманың материалы молынан пайдаланғанын, …текст ұқсастығына назар аударғанын, пъеса алғаш сахнаға қойылған жылдары үш қаламгердiң аты аталып, бертiн келе алып тастау ақиқатқа қиянат екенiн ескертсе; ендi С. Жүнiсовтың төл пьесасы, драма ретiнде өмiр сүруге қақысы барлығын айғақтайтын жәйттерге тоқталу қажет деп: сахналық шарттары, драматургиялық талаптары ескерiлгендiгiн, Қазақтың алғашқы драматургтерi Ж.Шанин, М.Әуезов, Ғ.Мүсiреповтар эпос сюжетiн, фольклор мотивтерiн, аңыз қа¿армандарын творчестволықпен пайдалана отырып ұлттық әдебиетiмiзде бiр алуан дәстүр жасап, оны әркезде Қ.Сатыбалдин (“Аягөз ару”), Ә.Тәжiбаев (“Халқым туралы аңыз”), Ш.Құсайынов (“Алдар көсе”) жаңа бояулармен байытты. С.Жүнiсовтiң драматургиядағы алғашқы пьесасын кемiту емес, үлкен iзденiстерге, ешкiмнiң ортағы жоқ төл туындылар жасауға автордың мол қабiлетi барлығына шәк келтiрмеймiз” [19, 165] ,– деп жас драматургке ақжолтай тiлейдi.
“Ажар мен ажал”–тарихи драма инсценировка. Ғалым Р.Нұрғали “Күретамыр” атты монографиясында текстологиялық салыстырулар жасаған болатын. Бiз кеңiрек түрде драматург С.Жүнiсов эпостан драмаға өту процесiнде, үш актiлi драмасына үш шығарманың материалын қанша пайдаланып, дамытып, өз тарапынан драмалық шығарма дәрежесiне көтеру үшiн көркемдiк шарттарды қосқанын анықтау үшiн, М.Әуезов, Б.Майлин, Ғ.Мүсiреповтердiң әңгiме, повестерiмен текстологиялық салыстырулар жасаймыз, С.Жүнiсовтiң инсценировкалау процесiндегi өзiндiк жетiстiгiн танытамыз.
М.Әуезовтiң “Қорғансыздың күнi” атты әңгiмесiнде драма жанрының элементтерiне жауап бере алатын шарттар мол. Әңгiме авторы М.Әуезов ХХ ғасыр басында тұрмысы төмен қазақ даласындағы қараша үйлерге қатыгездiкпен қарым-қатынас жасайтын, қолында билiгi бар болыстардың адам естiмейтiн зорлық жасаған “екi аяқты айуандардың” қылығын көркем шығармаға басты арқау етiп алған. Әңгiмеде драма табиғатына дайын тұрған диалогтар, монологтар бар. Тiптi кейiпкерлерi аттарының кейбiреуiлерiн көп өзгерiске ұшыратпаған. Мысалы: әңгiмеде - Ақан, пьесада - Атан, Қалтай - Қатай, Ғазиза – Ажар деп алады. Ал әңгiмеде үйдiң иесi Жақып болса, пьесада Сұлтан. Әңгiмеде қайтыс болған адамдар кемпiрдiң ұлы мен немересi болса, драмада кемпiрдiң баласы мен келiнi. Сонымен бiрге Сәкен Жүнiсов кейiпкерлердiң жастарын, қараша үй-iшiндегi жандардың құрамында, жастарында, денемүшесi кемiстiктерiнде айырмашылық жасаған.
Ә ң г i м е д е:
“Шанадан түсiп, үстерiнiң қарын сiлкiп болған соң, Ақан мырза қораның сиқын көрiп, көңiлсiзденiп:
-Қалтай, осы үйге қайдан әкелдiң? Кiсi отырарлық жерi де бар деймiсiң, басқа үйлердiң бiрiне бармай,- дедi.
Қалтай атты доғарып жатып:
-Үндеме, неге әкелгенiмдi кейiн бiлерсiң”.
[М.Әуезов “Қорғансыздың күнi”]
П ь е с а д а:
“А т а н (алға тосырқай қарап). Мынауың бiр иесiз қора секiлденген жеркепе ғой. Ұсқыны жаман екен.
Қ а т а й (жұмсара сөйлеп). Атанжан, үндеме. Дымың iшiнде болсын. Бүгiнгi билiктi маған берсеңшi”. [С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”] Драматургия талабына лайық өзгерiстер енгiзiлген.
Ә ң г i м е д е:
“Ақан құран оқыды. Артынан Ақан да, Қалтай да үй-iшiмен амандасып, кемпiрге қарап:
-Құдай iсi сыпайышылық, ақырының қайырын берсiн!-деп, жайлап көңiл айтты”. [М.Әуезов “Қорғансыздың күнi”]
П ь е с а д а:
“Қ а т а й. Ағзу биллаһи мнәшайтан разим, бисмиллә иорахман иррахи-имм…(Күбiрлеп ұзақ отырып бата қылды)
Ат а н. Тәуiр, тиышсыз ба, шешей?
Қ а т а й. Құдай iсi, ақыры қайырлы болсын! Қалғандарыңа ғұмыр берсiн !”. [С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”]
Ә ң г i м е д е:
“Кемпiр қонақтарды әуелдегi сый көрген, құрметтеген көңiлмен Ғазизаға: “Қарағым, қонақтардың атына шөп керек қой; өзiң шам алып бiрге шығып, шөп алатын жердi көрсетiп бер”,-дедi. [М.Әуезов “Қорғансыздың күнi”]
П ь е с а д а:
“С о қ ы р к е м п i р. … Ажаржан, мына ағаңа шам алып шығып, шөп алатын жердi көрсет”. [С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”]
Ә ң г i м е д е:
“Кемпiр де, келiн де тиышсыздана бастады. Қалтай бұл жұмыстан ерте бастан өз бастарын арашалап қоймақ болып, әуелдегi айта бастаған сөзiнiң жөнiн баптап ұқтырып, бұл бiр пәленiң боларын алдынала бiлгендей дайындап алған сөздерiн сенiмдi қылып айтып шықты: “-Мен шөп суырған соң, құдықтың қайда екенiн бiлмей, соны сұрадым. Балаңыз көрсетейiн деп, қорадан бiрталай жер ертiп шықты. Күн қатты боран болып, суық болған соң тоңып қалар дедiм де, құдықтың бетiн бiлiп алып, үйге қайтарып жiберiп едiм. Әлде сонда қораны таба алмай, адасып кеттi ме?” –деп, аналардан бұрын сезiктенгендей, тынышсызданғандай пiшiнге мiндi” [М.Әуезов “Қорғансыздың күнi”].
П ь е с а д а:
“Қ а т а й (күмiлжiп). Апыр-ай, мен кiнәлi болдым-ау. Бағана суатты көрсетiп жiбер деген соң… орта жолға дейiн барып, бағытын бiлiп алып… ендi тоңып қаларсың, үйге қайта бер деп ем. Күн сол екi арада мың құбылып, боран алай-түлей түтеп кетпедi ме. Қайтарда үйдi зорға таптым. (Қиналған болып). Әттеген-ай! [С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”].
Осындай мәтiн ұқсастықтары екiншi, үшiншi бөлiмдерде де кездеседi. С. Жүнiсов үш бөлiмдi пьесаға, үш шығарманың сарындарын, әрекеттерiн алып қана қоймай өзiндiк үлес те қосқанын аңғарамыз.
Пьесаның екiншi бөлiмiне Ғ.Мүсiреповтiң “Ашынған ана” әңгiмесiнiң кейбiр сарындары арқау болған. Бұл әңгiмеде де драманың элементтерi жетерлiк. Әңгiмедегi негiзгi оқиға жесiр әйел Қапия қаттынның бұғанасы қатпаған жас баласын, болыс “Патшалы Россияның солдатқа, қара жұмысқа алу туралы” деген тiзiмiне iлiктiрiп жiбередi. Жалғыз, әрi жасы толмаған баласы үшiн ашынған ана Қапия, азғын болысқа пышақты бiрнеше рет жұмсайды. Ал, С.Жүнiсовтiң драмалық шығармасында шыдамы таусылған ана Ажар босағадағы балтаны ала салып, болыстың басын шабады.
Мәтiндiк салыстырулар жасаймыз:
Ә ң г i м е д е:
“Керiлген кермиық жас қатыны бар едi.
Қара үйге бар. Бұл үйге кiсi келедi, - деп айдап шықты.
Мен кiсi емей, итпiн бе дейiн деп кеудем бiр қозып тұрды да, айта алмадым, шығып кеттiм. [Ғ.Мүсiрепов “Ашынған ана”]
П ь е с а д а:
Келiншек үнсiз ғана тосырқап, танымайтын сұлу келiншектiң басынан аяғына дейiн әлдененi қызғанғандай салқын, сүзе қарайды.
А ж а р. Болыстың үйi осы болар? Ақлима деген жамағаты сiз боларсыз?
А қ л и м а. Бiз болсақ, бiз болармыз… Оны қайдан бiлiп тұрсың. Мен сенi танымаймын…”
[С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”].
Негiзгi мағыналары бiр.
Ә ң г i м е д е:
“-Би-еке, тағы келдi ғой байғұс… Сұбабын ал… Баланы кейiн көрермiз…- деп, жап-жас бала болыс маған қарады. Мұндай арсыздықты бiрiншi рет естiген едiм.
Балам құлағын басып ата жөнелдi”. [Ғ.Мүсiрепов “Ашынған ана”]
П ь е с а д а:
“А т а н: “Әй, бала, мына шешең сен екеуiңнен ұялып жүрген көрiнедi, көзi қарайған пәле сендер кетсеңдер, еркекке бiр жарыр едi. Ха-ха-ха !
Олжатай құлағын басып ата жөнелдi”.
[С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”]
Ә ң г i м е д е:
“Өзiм көзiм қарайып, обалымды пышаққа артып, қанымды шашайын деп жүрген адам, сар кездiктi жұлып алып, жүгiрiп келiп шалқасынан жатқан болыстың жұтқыншағынан салып кеп жiбердiм”.
[Ғ.Мүсiрепов “Ашынған ана”]
П ь е с а д а:
“Атан жастыққа домалап, iшiн басып iшек-сiлесi қатып жатқанда, Ажар көз iлестiрмей босағада жатқан балтаны ала сала Атанды шабады” [С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”]
Мәтiндiк ұқсастықтар бар.
Б.Майлиннiң “Раушан – коммунист” повесiндегi басты кейiпкерлер Раушан мен Бәкен, С.Жүнiсовтiң ”Ажар мен ажал” пьесасындағы Ажар мен Бөпiш арасындағы тұрмыстық, отбасылық қарым-қатынастары ұқсас.
Повестегi мөр басу оқиғасы, хатшының (өкiлдiң) артына тығылуы, хатшымен жақындық туралы әйелдердiң өсектерi т.б. пьесағадағы әрекетке негiз болған. Дәлелдерге жүгiнейiк.
П о в е с т е:
- Әй, қатын, тұра тұр, - дедi Бәкен.
- Немене?
- Мына кiсiнiң жұмысы бар бiлем, соны бiтiрiп бер.
- Жоқ, қайнаға, өтiрiкке мөр баса алмаймын ! – дедi.
- Сенiң онда нең бар? –деп, Бәкен ежiрейе қарады”.
[Б.Майлин “Раушан – коммунист”]
П ь е с а д а:
“Б ө п i ш. … Ажар , мөрдi әкелшi.
А ж а р. Мөр?
Б ө п i ш. Иә, мөр!… Саған не үшiн керек едi ? Маған да сол үшiн керек. Менiң де елiм, жақын-жұрағаттарым бар, жұртта жалғыз ұлып қалған бұралқы ит емеспiн. Еркек болып себебiм тимесе, сенiң ауылнайлығыңнан, маған әйел болғаныңнан не пайда” [С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”]
П о в е с т е:
”- Әй, тұрсайшы, үйге барайық!
- Немене, сорлыны ендi мұнда да тыныш жатқызбайын дедiң бе!... Әбден сағынып бара жатқан шығарсың!..”
[Б.Майлин “Раушан – коммунист”]
П ь е с а д а:
“С а р ы ж о р ғ а. Көлгiрсуiн. Байсырап қалған екенсiң. Сағынған шығарсың қатты” [С. Жүнiсов “Ажар мен ажал”]
Мәтiндiк салыстырулардың қорытындысынан көрiнiп тұрғандай Сәкен Жүнiсовтың “Ажар мен ажал” драмасында “Қорғансыздың күнi”, “Ашынған ана” әңгiмелерiнiң, “Раушан – коммунист” повесiнен алынған кейбiр оқиғалар, идеялар, әрекеттер жатқандығын айғақтайды.
С. Жүнiсовтің “Ажар мен ажал” атты драмасы аталған прозалық шығармалардың көшiрмесi немесе нашар шыққан инсценировкасы ғана емес, өз алдына жеке пьеса боларлық көркемдiгi, толық құқы бар сахналық туынды екендiгiне назар аударамыз.
Белгiлi әдебиеттанушы ғалымы Л.И. Тимофеев: ”Во многих отношениях драма черезвычайно близка к эпосу. С чисто литературной точки зрения драма в сущности и есть эпическое произведение – роман, повесть, в котором есть только одна своеобразная особенность: драма лишена речи повествователя” [20,373],- деп эпос пен драма табиғаты арасындағы айырмашылығы жайында айтады.
Драмалық шығарма болуы үшiн, онда: драмалық жағдай, драмалық бейнелер, драмалық тартыс, диалог, монолог, әрекет, характерлар болуы мiндеттi. Аталған шарттардың барлығы да Сәкен Жүнiсовтың “Ажар мен ажал” пьесасы бойынан табылады.
Пьесадағы әр кейiпкердiң атқаратын жүгi әр қалай. Драмадағы тартыс - ширыққан, тартымды. Адалдық пен арамдық қатар өрбiп, психологиялық ахуалда әсер етiп, пьесаның басынан аяғына шейiн тас түйiн қалпын бұзбаған. Оқиға орталық қаһарманы – Ажардың айналасына жинақталған. Бiр Ажардың өзiне ауыртпалықтың сан түрi түссе де мойымауынан - қос ғасыр тоғысындағы қазақ әйелiне тән шыдамдылықты, қайсар мiнездi көрсетедi.
Пьесаның экспозициясы бiрiншi көрiнiсiнде толықтай ашылмай, бiраз созылыңқылық күй кешкен. Бұған себеп: жас драматургтiң тәжiрибесiнiң қайнауы кемшiн, ал тақырып жүгi ауыр, орталық кейiпкерлерiнiң ұнамды, ұнамсыз бейнелерi жан-жақты терең болуында болса керек.
Н.Ғабдуллин: ”Пьесада бүкiл iс-әрекет, бар оқиға бiздiң көз алдымызда дәл қазiр өтiп жатқандай боп көрiнуге керек. Сол оқиғалар сипатынан кейiпкерлердiң өткен өмiрiн де, келешегiн де бiлемiз. Автор драматургияның қатаң талабына оқиғаны бағындырады, бiрақ геройлардың iс-әрекетiнiң даму заңдылығын берiк ұстауға тиiс” [21, 13],-деп, пьесадағы оқиға арқауы өмiрден алшақ болмауын қатаң ескертедi.
Пьесаның бiрiншi бөлiмiндегi оқиға, яғни болыс ауылының ерiккен бай жiгiттерi Атан мен Қатай “арсыз көңiлдерiн” көтеру үшiн жолға шығып, жуыр арада баласы мен келiнiн жерлеп, қолына қарап қалған 15-16 жас шамасындағы жетiм қыз баласы бар соқыр кемпiрдiң қараша үйiне бас салып, есiктен сығылысып кiрiп келедi. Амандық-саулық бiтпей жатып, терезенi тырналап, сырттан ит ұлиды. Осы жерде драматург шағын деталъ арқылы (иттiң аянышты ұлуы) алдағы болайын деп тұрған жамандықты психологиялық меңзеп, жандандырып тұр.
Пьесадағы Ажар бейнесi – күрделi тұлға. Шығарманың бiрiншi актiсiнде Ажар әлi жас шыбықтай майысқан, жан баласына тiке қарамайтын уыздай, пәк болып көрiнсе, екi жауыздың озбыр қылығынан, қорғансыз әжесi боранда үсiп өлгеннен кейiн, өмiрдiң қилы тұрмысын басынан кешiп, ысылады. Озбыр Атанның iсiнен кейiн екi қабат болып, дүниеге әкесiз сәби әкеледi. Пьесада оқиға шиеленiсiп, драмалық тартыс күшейе түседi.
Академик З.Қабдолов: ”Драмадағы ең шешушi нәрсе – тартыс. Көлемдi эпикалық шығарманың сюжетi секiлдi, драмадағы тартыстың да кезең-кезеңдерi – басталуы мен байланысы, шиеленiсi мен шешiмi болады; драматургиялық шығармалардың классикалық үлгiлерiнде бұл кезеңдер композициялық жағынан шебер қиыстырылып, оқиғаны өрбiту тәртiбi жазылмаған заң ретiнде қатал сақталған” [22, 342],- дейдi.
Драма оқиғасының шиеленiсуi, тартыстың күшейуi - батыл ана - Ажар өзiнiң намысын қорлаған, жалғыз ұлы жас Олжатайын “солдатқа” iлiктiрген, орыс офицерiне қолжаулық қылғысы келiп, өзiне жала жаппақшы болған болыс Атанның зұлымдығына шыдай алмай, балтамен басын шабатын кезеңi. Өзi патша үкiметi құлағанша көп жыл айдауда болып келедi. Ал Олжатайы соғыста қаза табады. Осы эпизодтардың атқаратын салмағы терең. С. Жүнiсов ойының шешiмi – жалғыз ұлынан айырылса да, бүкiл ана атаулыны намыстан айырылтпау.
Р.Нұрғалиев: ”Драматургиядағы негiзгi талап – тартыс үстiнде ашылатын мiнездi белгiлеу” [23, 38],- десе, С.Жүнiсов Ажарды пьесаға жиi араластыра отырып қазақ әйелiнiң өжет, қайсар, күрес- керлiк мiнез-құлқын ашып, өнеге етедi. К.Нұрпейiсов: ”…драматургтiң басты ойы мәңгi жасайтын ананың тұлғасын көрсету ғой. Олай болса оған оқ атылуы тиiс емес. Тiптi оған кезелiп тұрған Жұматайдың қолынан оқ атардың түсуiн тегiн дей алмаймыз. Өйткенi, ана арының жеңiсi - мәңгi жеңiс” [24],- десе, Қ.Уәлиев: ”Спектаклъдегi Ажар бейнесi шын мәнiнде қазақ әйелiнiң ғасырлар бойы басынан өткерген қайғы-қасiрет, күреспен жеткен азаматтың өр тұлғасы деп түсiнгенiмiз абзал” [25, 190] , - деп ойларын бiлдiрген.
Соқыр кемпiр – психологиялық кейiпкер. Драматургтiң терең толғанысынан, сезiмiнен сомдалып, кейiпкерiнiң аузына үнемi сөздiң аянышты, жүрек тебiрентер реңiмен берiп отырады.
“С о қ ы р к е м п iр. Ит жетi қазынаның бiрi деген ып-рас. Иесi кеткелi тамақ iшуден қалды, зират пен үйдiң ортасында бұралып,ертеңнен қара кешке селең-селең сенделiп жүредi де қояды”; Балам артында қалғанда, Ажарымның көз жасын нәр етуге қалыппын ба. Үлбiреген жiбегiмдi тұқыл өгiзге қалайша бөстек етермiн. Ертең о дүниеге барғанда баламның жүзiн қалай көрмекпiн”; Құлыным-ай, жалғызым-ай, адам бөрiсiнен құтыла алмай жүрiп, дала бөрiсiне жем болдың-ау, панасыз қозым, жарығым-ай!” [“Ажар мен ажал”],-деп зар қағады. Бiр көрiнiстен екiншi бiр көрiнiс оқиғасы аянышты, салмағы ауырлай түседi. Соқыр кемпiр бейнесiнiң бiр өзi “пъеса шаңырағының” тiреуiне пара пар деуге тұрарлық.
С а р ы ж о р ғ а - қысқа эпизодтық, шағын бейнелерге жатқанымен, пъесаның тұтастығын сақтауға, оқиғалардың тартысты болуына өз үлесi бар. Шығармадағы Сары жорға, Тамыршылар Ажар мен Бөпiштiң арасына ши жүгiртушiлер, iрiткi салушылар, шырқын бұзушылар. Әсiресе Сары жорғаның айлакерлiгi сұмдық, бұзатор жан.
Ал, Б ө п i ш–табиғатынан ақкөңiл, бөтен кiсiнiң ала жiбiн аттамайтын, тек қана еңбектiң адамы. Пьесада үнемi ынжық кейпiнде суреттеле бередi. Ажарды көре алмайтындар Бөпiштiң жуастығын пайдаланып, неше түрлi айлаларын жүзеге асырмақшы да болады. Өсекшiлер Бөпiшке “Ажардың күйеуi” деп ат қойып, айдар да тағып қояды.
С а р ы ж о р ғ а. …егер бiзге туыстығың шын болса, мөр қойдырып бер, тiптi өзiң ал да қой, несiне оның байысың” ,- деп Бөпiштiң сорлы басын өкiл мен Ажар отыратын кеңсеге қарай бұрып қоя бередi.
Драматург С.Жүнiсов Бөпiштiң азғынға ерген тар өрiстiлiгiн, өзiндiк аңқаулығын бiршама шынайы бейнелей бiлген, тап басқан.
Б ө п i ш. Мөр қайда?
А ж а р. Қайдағы мөр?
Б ө п i ш (төнiп барып). Ә-ә, артына тығылайын дедiң бе, бәсе жаңа көзiм жеттi.
Ө к i л (дауысын көтерiп). Түкке де көзiңiз жеткен жоқ. Мөр сiзге ойыншық емес. Өкiметтiң мөрi.
Б ө п i ш. Ендi өкiметпен қорқытайын дедiң бе? (түтiгiп шығып кетедi) [“Ажар мен ажал”].
Осы көрiнiстерден Бөпiштiң қылығы күлкi тудырады, бiрақ күнделiктi өмiрдегi табиғаты да сол. Драматург С. Жүнiсовтiң әр кейiпкерiне жағымды, жағымсыз болсын даралық сипат дарытады. Мысалы, Атан мен Қатай бiр сипаттағы адамдар болғанымен, екеуiнiң характерлары мүлде екi басқа. Атанның атқарып жүрген жалған ролi - болыс атағы, жауыздық, екi жүздiлiк, озбырлығы. Ал, Қатай - өз қарақан басы үшiн бiрге туғанын да сатып жүре беретiн алаяқ, жымысқы қу. Қатайдың осы iшiне бүккен қулығы жаңа үкiмет орнаған кезде де оны кәмпескеден, айдаудан құтқарады. Бұрынғы iстеген қылықтарын болыс Атанға аударып, өзiн-болыстың атқосшысы болдым деп тайқып, құтылады. Зұлым Қатай әлi ойы, бұғанасы қатпаған Жұматайдың қолына мылтық ұстатып жiберiп, өз басын толық, дәлелдi арашалап, құтылмақ ойы жүзеге аспай қалады. Оған себеп, бала да болса Жұматай анасындай Ажардың терең, жүрек толғантар сөзiне тоқтап, өткен iс-оқиғаларға әкесi Атанның кiнәлi екенiн мойындап, Ажарға кезенiп тұрған қолындағы тапаншасы түсiп кетуiнiң астарында үлкен сыр бар. Әкiмқұлов Е: ”Қатай - қазақ драматургиясындағы Жантық тақылеттес үлкен кейiп. Оның сұр жыландай арбау тәсiлi әрiде жатыр. Ол Ажарды масқаралау үшiн қандай кесапаттыққа болса да әзiр” [26] , - деуi орынды.
Пьесада шағын бейнелер қатарында Ақлима да бар.
А ж а р д ы ң. Тыңда онда, Ақлимадай анадан туған шын азамат болсаң”,- деп Жұматайға қаратылып айтылатын сөзiне қарағанда, Ақлима бейнесiне сәйкес келе бермейдi. Пьесда Ақлима ұяң, болыстың әр қимылына, әрекетiне құлдықпен қарап, болыстың айтқанына бұрыс болса да бас шұлғи беруi нанымсыз, Ажардың жалынды сөзiмен үндеспей тұр.
Ал, Дүйсен, Үрләпия, Әукен бейнелерi – бүйректен сирақ шығарушылар, бүлiкшiлер тобына жатады. Үрләпия атынан айтылатын небiр ұятсыз, ыңғайсыз сөздер өздерiнiң қандай адамдар екендiктерiнен хабар бергiзедi. Ал, Әукен - сөзi мен iсi дойыр, топас, түсiнiгi таяз жандардың жиынтығы.
Драмада кейiпкерлер саны шектен тыс көбiрек. Персонаждардың барлығы да өз жүктерiн бiрдей атқарып тұрған жоқ және солай болуы да мүмкiн емес. Мысалы, шағын эпизодтық рольдер немесе аз ғана қызмет ететiн кейiпкерлердiң атқаратын жүктерiн бiрiне-бiрiне жүктеуге де болады. Персонаждар шектен тыс көп болса, характер сомдауда да ой көпке бөлiнедi. Пьесаның бiрiншi актiсiнде Ажар мен әжесiнiң бейiт басындағы әрекеттерiн автор қайталай бередi. Әукен, Үрләпия, Дүйсендердiң қараша үйдегiлердi әуре-сарсаңға салуларында әрекеттi созып алушылық та байқалып қалады.
С.Ордалиев: ”Қазақ совет драматургиясында да ұнамды кейiпкерлердiң көптеген шынайы бейнелерi жасалынды. М.Әуезовтiң Абайы, Еңлiгi, Б.Майлиннiң Жалбыры мен Аманкелдiсi, Шұғасы мен Әбiшi, С.Жүнiсовтiң Ажары,… т.б. толып жатқан кейiпкерлер қазақ драматургиясында ұнамды характерлердiң бүкiл галереясын құрап тұрғандай.” [27, 241],- деп, Ажар бейнесiнiң салмағына әдiл бағасын бередi. Бұл жерде ұнамды бейне Ажар еш қателеспедi деген ой тумауы керек.
З.Қабдолов: ”Драмадағы хал-күйдiң аяғы (развязка) – пьесаның шешiмi; шиеленiскен оқиғалардың соңынан ақырғы актыда келедi. Тартыстардың немен тынғанын көрсетедi” [28, 343], - дейдi.
“Ажар мен ажал” пьесасы турасында әр кезде жарияланған Ә.Сәрсенбаев, Қ.Нұрпейiсов, Е.Әкiмқұлов, С.Латиева, Р.Нұрғалиев, С.Ордалиев, М.Хасенов, Б.Құндақбаев, Ә.Сығаев т.б. мақала, сыни-сараптамаларында жалпы сөз болғанымен, арнайы зерттеу нысаны болған емес.
“Биыл өткiзiлген халық театрлары мен драмалық коллективтердiң республикалық байқауында 35 коллективтiң барлығы бiрдей С.Жүнiсовтiң “Ажар мен ажалын” көрсетуi - репертуар байлығын көрсетпесе керек” [29, 10],- деген Б.Құндақбаевтiң сөзiнен сол кезең шындығын, сол уақытта пьеса өмiршең, актуальдi болғанын дәлелдей түседi.
С.Жүнiсовтiң “Ажар мен ажал” пьесасының тақырыптық негiзi, авторлық концепциясы - “төңкеріске” дейiнгi қазақ әйелдерiнiң басындағы әлеуметтiк теңсiздiк, ескi-салт сананың шырмауынын аса алмай құрбан болатын әйел затының ауыр тұрмысынан ащы сыр шертетiн алғашқы қазақ драматургтерiнiң пьесалары: К.Тоғысовтың “Надандық құрбаны”, М.Әуезовтың “Еңлiк–Кебек”, Қ.Кемеңгеровтың “Алтын сақина”, т.б. алғашқы сахналық туындыларының аясында қалмай өзiндiк жол ұстанып, барша ана атаулы адамзат баласының намысын аяққа таптатпай, тың пiкiр ұстанады. Соңында ажалды жеңген ананың, күрескер ананың ескерткiшiн сомдайды.
Ф.Шиллер: ”Эпопея, роман, простой рассказ уже самой своей формой отодвигает событие вдаль, так как между читателем и действующими лицами они выдвигают расказчика…Все повествовательные формы переносят настоящее в прощедщее; все драматические делают прошедшее настоящим” [30, 58],- дейдi. А.Аникст: ”Каждая пьеса имеет свое основное настроение, которое можно уподобить звучанию или колороту. Но нельзя ограничиваться одной тональностью, одним колоритом. Сценическое воздействие усиливается благодаря в ведению в пьесу оттенков и контрастов основному настроению” [31, 134],- десе, Р.Нұрғалиев: “Тақырып таңдау – жазушы үшiн көңiл күйдiң әлдеқандай, кездейсоқ соғып кеткен желi емес, бар ықылас, бар пейiл обьектiге ауып, материалды екшеп, даралап, оған қан құйып, тiл берiп, соның үстiнен табылу. Жадырай алатын, ашулана алатын, егiле алатын, күресе алатын, күлетiн, қуанатын, зарланатын, бекiнетiн, толқитын адамды көрсету - қызық та қиын. Бұл - көркем шығарма жасаудың ащы азабы мен тылсым рақатына берiлу” [32, 277], – дейдi.
Суреткер С.Жүнiсов - тақырып таңдауда “адасып” келе жатқан қаламгерлер қатарына жатпайды. Қаламгер бiр сұхбатында: ”Көкше – мен үшiн жазында айдын көлдерiнде, таза ауасында, ал қысында қазысы мен шұжығын жеп жататын демалыс орны ғана емес, Көкше – мен үшiн шығармашылық лабораториям” [33],- деп сыр ақтарғаны бар-ды. Осы жерде сыншы-ғалым М.Серғалиевтiң “Әр қаламгер өзiнiң туған, жақын жерiнен жазады… Мысалы; … С. Жүнiсовке Атырау төңiрегiнен роман жаз десе…қалай болар едi…” ,- деп айтқаны шындық.
Тың тақырыбына қазақ әдебиетiнде аға буын өкiлдерiнiң қалам тартқаны баршамызға белгiлi. Мысалы, ұлы жазушыларымыз М.Әуезов:’’Түркiстан солай туған’’, С.Мұқанов ''Тыңдағы толқындар’’ және Жай.Молдағалиевтiң, З.Шашкиннiң т.б. қаламгерлердiң шығармалары бұрын дүниеге келдi.
Драматург С. Жүнiсов: ’’Тың - бiзге бiр тың дүние, серпiлiс әкелдi. Қалғыңқырап отырған адамды түртiп жiбергендей…’’, немесе ’’Жазушы деген халық…қоғамның жыртығын жамаушы '' [34],-дейдi.
В.Г.Белинский: ’’Шекспирдiң барлық драмаларында бiр ғана герой бар, ол – шындық’’,- деген екен [35, 347].
Ұлы суреткер М.О.Әуезов:’’…қиын жанр, ең жауапты жанр–драма жанры'',- деп атап өткенi, драматургия – кез келгенге жалынан ұстатар, жонынан сипатар жанр емес екендiгi баршаға мәлiм жайт. С.Жүнiсов осы қиын жанрға қадам жасады, онысы қаншалықты дәрежеде сәттi-сәтсiз шыққаны турасында бүгiнгi күнге шейiнгi бiрнеше пъесалары дәлел бола алады.
Ғалым Р.Нұрғалиев: ”Бiр тақырыпқа, бiр материалға әлденеше шығарманың арналуы - ең алдымен объектiнiң мәндiлiгiн көрсетпек”,- деп, немесе “Бiр семъядағы мiнез-пиғыл – арман - тiлек, бiлiм - өре, характер - сипат айырмашылықтары - ерекше шиеленiскен түйiн ретiнде, әсiресе драмалық шығармаға өмiрлiк материал” [36, 370],- деген ойы – “Қос анар” драмасына қаратылып айтып тұрғандай.
Бiр тақырыпқа, бiр материалға негiздеп әр жанрда шығарма жазу дәстүрi М.Әуезовте жиi байқалатын құбылыс. Ұлы жазушының дәстүрiн Т.Ахтанов, Ә.Нұрпейісов, З.Қабдолов, С.Жүнiсов сияқты қаламгерлер өрiстеттi.
С. Жүнiсов “Жапандағы жалғыз үй” атты проза саласындағы тұңғыш романын уақыт өте келе драмаға айналдырып, екi бөлiмдi “Қос анар” пьесасын өмiрге әкелдi. Бұл шығармаларға негiз болған жадығат бiреу. Ол – “тың” оқиғасына байланысты, қазақ жерiн, елiн сыпайы отарлау саясатының жалғасы, суреткер қиялынан өткен оқиғалардың жақсы, жаман жақтарын көркем туындылары арқылы жеткiзу болатын. Екi шығармадағы оқиға, елiмiздегi егiндi аймақтардың өңiрiнде болады.
Қос шығармада да басы артық жүрген кейiпкерлер жоқ. Райхан, Қарасай, Жәмiш, Дикәй, Жәлел, Халел, Ақбөпе, Алакөзов, Моргун – екi шығармада да бар басты кейiпкерлер.
Романдағы Қарасайдың құдасының аты Қапыш болса, пьесада Мұқат болып өзгерiске ұшыраған.
Екi шығармаға мәтiндiк салыстырулар жасайық. Романның прологындағы Қарасай мен Райханның кездесу сәттерi мен пьесаның бастамасындағы Қарасай мен Райханның алғашқы жүздесулерiнде сондай айырмашылық жоқ, тек екеуiн екi жанр талабына сәйкес келтiрген. Мысалы:
Р о м а н д а:
“Екеуi де тiл қатыспады. Тек көздер ғана сөйледi. Еркектiң көзi: ”Сен өлген жоқ па едiң”,- деп тұрса, әйелдiң көзi: ”Сен әлi тiрi екенсiң ғой”,- деп тұрды” [С. Жүнiсов “Жапандағы жалғыз үй”]
П ь е с а д а:
“Қ а р а с а й (үрейлi): “Рай-хан?!”
(Райхан таяна бере екеуiнiң көзi түйiсiп қалды)
Р а й х а н (жұртқа қарап): “Қарасаймысың, баяғы қонысыңда әлi отыр екенсiң-ау!
Қ а р а с а й (жұртқа қарап): “Апырай, сен әлi тiрi ме едiң?
[ С. Жүнiсов “Қос анар” ]
Роман жолдарында Дикәйға зорлап арақ iшкiзетiн Қосиманов (Ақбөпенiң жездесi) болса, пьесада Мұқат (Қарасайдың құдасы, Ақбөпенiң әкесi) болып кейiпкерлерiнiң аттары ғана емес, заттары да өзгертiлген. Мәтiндiк салыстырулар жасайық:
Р о м а н д а:
“Отыр. Кәне, Дикаға құйып жiберейiн, - деп Қосиманов қазақы дөңгелек столдың шетiндегi ақ мойыннан стақанға толтыра құйды.
-Ал ендi, шыныңды айтшы, осы күнге дейiн өзiң жiгiтшiлiк құрып көрдiң бе? Ха-ха-ха!...” [ “Жапандағы жалғыз үй”]
П ь е с а д а:
“М ұ қ а т. Шәу пәле! Әй тағы бiреуiн алып қойшы (қырлы стақанға арақ құяды).
А қ б ө п е. Әке жетедi ғой ендi, ауырып қалса қайтесiң!
М ұ қ а т. Туу, өгiздей жiгiт ауырушы ма едi, “Мысыққа да бiр күн той” дейдi. Мә, iш, iш! Әлгi құда мұны адам санатына қоспайды. Әттең менiң қолымда болсаң, қонақ атаулыдан қалдырмай, қасыма алып жүрер ем. … Әйел неге алмайсың?
Д и к ә й. Ағатайым әперем деген. Сiздерде басы бос әйелдер көп пе?
М ұ қ а т. … Қатран дегеннiң қырыққа келген қызы бар. Бес байға тиiп шықты. Соны әперем, егер мен барғанша бiреуге кетiп қалмаса. Әй, бәрiбiр ол кеудесiнде жаны болса қайтып келедi, қорықпа” [ С. Жүнiсов “Қос анар” ]
Драматургия заңдылығына бағындырылған.
Пьесадағы Мұқат пен Қарасай арасындағы диалог - драма заңдылығына тән, ширақ, тартысты өрбiп отырады. Бiр-бiрiмен iштей бәсеке, тұрмыстары күйлi екi құда арасындағы қарым-қатынас - қос шығармада да көтеретін салмақтары әлсiремеген, қайта тартысты сипат алған. Мысалы:
“М ұ қ а т. … Шынымен естiмегенсiң бе? Мына «тыңға» байланысты жаңа заң шығыпты.
Қ а р а с а й. Заң? Ол не заң?
М ұ қ а т. Артық мал ұсталынбасын, бәрiн заготскотқа өткiзу керек дейдi….. Оның үстiне ана Райхан да келiптi. Ойпырм-ай, ит жанды неме екен, … ендi сенi аяп қалар деймiсiң…”
Жазушы-драматург Сәкен Жүнiсов “Жапандағы жалғыз үй” романында Жәлелдiң боранда суыққа ұшып өлгенi проза заңдылығымен суреттелiп, баяндалса, пьесаға айналдыру барысында тек өткен шақтық әрекетте, яғни “аруағын сөйлету” арқылы көркемдiктiң бiр шебер үлгiсiн пайдаланғанына көз жеткiземiз.
Драматургия заңдылығына, табиғатына, сахна талабына лайықтап кейiпкерлерiнiң сөздерi ықшамдалған. Романда проза жанрының талабымен баяндалатын әрекеттер, пьесада өткiр, тартысты диалогке айналған.
Ендi көркемдiк шарты қатал жанр талабы аясында өз алдына жеке пьеса жасау жолындағы С. Жүнiсовтiң драматургтiк шеберлiгi жайынан сөз етемiз.
“Қос анар” пьесасының бiрiншi бөлiмiнде оқиға - қазақтың қаймағы бұзылмаған ен даласына алғаш табан тiреп, болашақ совхоз жерiнiң жобасын салушылардан бастап дамып, бiрiншi бөлiмнiң соңында адал маңдай терлерiмен салған егiндерiн қасақана өрт салудың салдарынан, есiл еңбектерi далаға кетулерiмен аяқталады. Пьесаның экспозициясы толық ашылған.
Сыншы Ә.Сығаев: ”Драматург шығарма мазмұнын қоюлата түсу мақсатымен пьесада бiрнеше линияларды қатар ұстанады. Қарасай драмасы, Дерягин мен Тамара тағдыры, Жәлелдi ұмыта алмай Ақбөпе аһ ұрса, жетiмдiгi қабырғасына батып Дикәй зар қағады” [37,53] ,- деп өрбiтедi.
Пьесадағы Қарасай бейнесi - сол замандағы қазақ байларының қалпы, қазiргi заман талабы бойынша – жеке кәсiпкер, адал малын бағып, өнiмiн өндiрiп, шекаралас Омбы шаһарына апарып, базарға өткiзiп, пайдасын көрушi тұлғасында.
Қарасай шектен асқан қатал, қайырымсыз болса, сондай биiкте жүрегi елжiрегiш, туған жерiне деген махаббаты мен қамқоршылық тұстарын драматург С.Жүнiсов қатар берiп отырады. Драматург талантының шешiмi – табиғат ананың жаратуы бойынша, кез-келген адамның дүниеге бiр жақты болып келмейтiндiгiн де көрсету. Мысалы:
“Қ а р а с а й. Ау, өзi жалпақ жонды жосылтып жыртып келедi ғой.
Х а л е л. Ана қара, жолды да айырып өттi.
Қ а р а с а й. Есi дұрыс емес шығар. Ай, остановисъ, постой, атаңа нәлет” [“Қос анар”].
Бұл диалогтардан Қарасайды табиғат ананы қастерлеушi кейпiнде танытса, мына: ”О, жасаған туған топырағымнан ендi бiр саржын көр де бұйырмайтын шығар” [“Қос анар”],-деген жолдардан Қарасай басының трагедиясы мен бiрге жалпы қазақ даласына келе жатқан жаман “iндеттен” [“тың” оқиғасының керi жағы] хабар бергiзiп тұр.
Драмалық ситуацияның асқынған тұсы - жапан түзде жалғыз үй отырған Қарасайдың қорасына шейiн қасиеттi қара жердi айғыздап, астын-үстiне аударып, жыртып тастауларынан көрiнедi.
С.Жүнiсов - көрiпкел суреткер. Автор пьесадағы орталық қаһарманы Қарасайдың аузына сөз салып, тiптi “коммунизмнiң” өзiн сол заманда әжуалайды. Мысалы:
“Қ а р а с а й. Қазiр он бес-жиырма жылдасын коммунизмге жетемiз деуге де беттерiң бүлк етпейдi. Бүлк етiп қайтсiн, жиырма жылдан соң бүлкiлдейтiн бет түгiлi, қалтылдайтын бастарыңның қайда болатынын жақсы бiлесiңдер… Ертең мал басын көбейту керек деген тағы бiр ұран шықса, о дүниеге кеткен қыруар малды бiр күнде қалай тiрiлтiп алмақсың” [“Қос анар”],- дегiзiп сол кездегi аудан басшыларының бiрiне айтқызған жанды сөздерi бүгiндерi ақиқатқа айналғанын уақыт дәлелдеп отыр.
Екiншi бiр орталық қаһарман - Райхан. Пьесада инженер қызметiнде болғанымен, негiзiнен осы елдiң тумасы. С.Жүнiсовтiң драмалық әрекет құрудағы шеберлiгiнiң бiр қыры - Қарасай мен Райхан арасындағы терең де сырлы, жұмбақ диалогтардан пъесаның бар болмыс, табиғатын аңғартады. С.Жүнiсовтың орталық қаһарманы Райхан атынан “Қос анар” аңызын айтқызуы - өз халқының басқа халықтарға қарағанда жер емшегiн емуге, еңбектенуге ерiнетiнiн, тек дайынға әуес, жалқаулығын аңыз-әңгiме арқылы үндеп тұрғандай әсер бередi. Автор Райханның аузына мағыналы, аталы, терең философиялы сөздер тiзбегiн салып, шешен тiлмен оқырманы мен көрерменiн баурап алады.
С. Жүнiсов кеңестiк идеология заманында айтайын деген ойларын көркем шығармалары арқылы жеткiзiп, насихаттап отырған. Әсiресе, қара жердiң қасиетiн тек қана “өнiм алу үшiн” пайдаланбақшы болған өкiметке қарсы астарлы мағынадағы “Жапандағы жалғыз үй” романы негiзiнде дүниеге келген “Қос анар” атты драмалық шығармасын арнады. Бұл пьесасында “жер тағдыры” төңiрегiндегi ойын кейiпкерлерiнiң аузына салып айтқызады. Осы жерде ғалым С.Негимовтың: ” Өлең сөздiң тақтасындай керемет сырға, ойға, ащы мұңға малынған кестелi сөз – жазушының терең толғанысынан, азаматтық асыл тұлғасынан, халқына деген перзенттiк парызынан нәр, қорек, бастау алғандығын көруге болады” [38, 136],- дегенi шындық.
Пьесада Ақбөпе - сүйген жары Жәлелiнен жастай айырылып, болашақ өмiрiн болжай алмай, үлкен шаңырақтың шаруасымен кiрiп шығып, жүре беретiн кейiпкер болғанымен iшкi толғанысы буырқанған, үлкен сезiмнiң адамы екенiн де қатар танытып отырады. Табиғаты ақкөңiл, ата-енесiнiң алдынан кесе көлденең өтпейдi. Ақбөпе бiрде қатты ашу үстiнде Дикәйдi жазықсыз ұрып жатқан атасы Қарасайдың қолынан қағып, арашалап алып қалу әрекетi – тосын шешiм, жазықсыздарды жазғырып үйренген атасының қолынан тұңғыш қағушы адам.
Пьесадағы Мұқат (романда Қапыш) - Қарасайдың құдасы. Өмiрi маңдайы терлеп ауыр қол еңбегiмен айналыспаған, тек алыпсатарлықпен күн көрушiнiң Халелден айына қанша “зряплата” аласың деп кекетiп: ”Бiр айдағы бар табысың сол ма? Жауынға малшынып, балшыққа малтығып, күнi-түнi тас тасып, тұла бойыңнан бензин иiсi мүңкiп, сасып жүрiп табатының - бiр күнгi базардың түсiмiне татымайды” [“Қос анар”] , - деп кекесiн аралас сөзiмен өзiнiң бар болмыс табиғатынан сыр берiп қалады.
С.Жүнiсов қазақ даласына арақтың “целинамен” келгенiн де осы Мұқаттың аузымен айтқызады.
Дикәй-Қарасайдың қол баласы қызметiнде, туғанынан жетiм өсiп, сол үйдiң шаруасымен айналысып, адал еңбегiмен күнiн көрушi. Сәкен Нұрмақұлы Дикәйдiң көркем образын - өмiрдегi Дикәнiң шын бейнесiнен көп ауытқытпай берген. Мысалы: отырып алып құйрығымен қозғалып өлең айтатыны, кейде ұйқассын-ұйқаспасын былдырлаған өлең шығаратыны, адамға бiр түрлi жасқана көзiнiң үстiмен (ақауы бар - Ш.Ә.) қарайтыны – барлығы өмiрдегi Дикәнiң шын табиғаты. Профессор Зоя Кедрина бастаған ғалымдар Мәскеуден шығатын “Литературная газетада” Дикә образына кезiнде оң пiкiр бiлдiргендi. Дикәйдiң жалғызсырап, туысты ендi қайдан табамын деген монологы да аянышты, шын жетiмнiң өзекжарды iшкi толғанысын драматургтiң тамыр ұстағандай тап басқанын көремiз. Мысалы:
“Д и к ә й. …Артымнан iздеп шығар кiмiм бар? Бұл өмiрден жоғалсам да орнымды жоқтар кiм бар? Мұңымды айтар, шағынар ешкiмiм жоқ, iшiмде жатқан ащы запыранды үнсiз жұтып, жүре берем. Анда-санда қайғыланып кеткенде iштегi шердi тарқатып кетер сырласым, мұңдасым осы жапандағы жетiм ағаш” [“Қос анар”].
Драматург С.Жүнiсов кейiпкерлерiнiң iшкi жан-дүниесiн ашуда монологты орнымен пайдалануы пьесаның көркемдiк қуатын арттырған.
Пьесадағы тосын көрiнiс, эпизод “Жәлелдiң үнi” арқылы автор шығармасына психологиялық күй бiтiрген, жапандағы жалғыз үйде қараңғы қапаста отырғандардың өмiрiне серпiлiс жасағысы келетiндей әсер бередi. Жәлел мен Халел ағайынды жетiмдер, тағдырдың тәлкегiмен Қарасай мен Жәмiштiң бауырына түскен. Жәләл Қарасайдың көп жылқысын Омбы қаласына базарға апарып, келе жатқан сапарында боранға ұрынып, суыққа ұшып өледi.
“Ж ә л е л. …бұл не тiршiлiк, айдалада апандағы қасқырлардай елден, жұрттан жырақ өмiр кешiп жатырмыз. Тым құрмаса қара жолдың үстiнде емеспiз. Қаладан қайтқанда үлкен жолдан бұрылысымен бұрынғы өз iзiмдi зорға табамын. Ай, сол жол бiрде болмаса, бiрде адастырарау. Жалғыздық болар менiң түбiме жететiн” [“Қос анар”],- деп көзiнiң тiрiсiнде толғанғаны келедi. Соңында “аһ ұрып” жас жұбайы Ақбөпе мен екi баласы жетiм қалады. Ал, iнiсi Халел ағасының “жолын” құшудан бас тартып, совхозға жұмысқа тұрады.
С. Жүнiсов айтпақ ойын, мақсат-мұратын, Жәлелдiң қайғылы трагедиясының қалай болғанын оқиғалап жатпай, өткен шақ түрiнде “Жәлелдiң үнi” яғни, “аруаққа тiл бiтiру” арқылы көркемдiк тәсiлдiң бiр түрiн шебер қолданған.
Драматург С. Жүнiсов ауыз әдебиетiнiң мол үлгiлерiнен, европаның классикалық дүниелерiнен еркiн сусындағанын шығармашылық мәдениетiнiң өресiнен көруге болады.
Аруаққа тiл бiтiру – классикалық драматургия мен қазақ драматургиясында бұрыннан қолданыс тауып келе жатқан көркемдiк шарттың бiр түрi. Әлем драматургиясында Шекспир, Г.Ибсен т.б. драмалық шығармаларында көрiнiс бергенi белгiлi. Ал, қазақтың ұлттық драматургиясында М.О.Әуезовтiң “Қаракөз”, Ж.Шаниннiң “Арқалық батыр” [пьеса-дилогия], Қошке Кемеңгеровтiң “Алтын сақина” [Аруақ-сорлы Халиманың анасы], Д.Исабековтiң “Әпке” драмасында және т.б. драмалық шығармаларда аруақ тiл қатады. Ғалым Р.Нұрғалиев: ”Көркемдеу шарттылықтарын аз-кем тани бiлетiн адам бұларды дiндi уағыздау деп айтпаса керек” [39, 86],-дейдi.
Н.Ғабдуллин: “Драмалық конфликтiнiң романдағы, яки повестегi конфликтiден айырмашылығы бар. Драматург пьесада, романдарда болатындай, көп салалы оқиғаны бiрден қамтып, қатар өргiзе алмайды, адам өмiрiндегi ең шиеленiскен оқиғаны алады да, қаһарманның күштi жан толқынын, оның қияға самғап ұмтылғанын, яки болмаса, құлдырап, күйреуге бет бұрғанын сол оқиға арқылы көрсетедi” [40, 148],- деп атап өткенi көңiлге қонымды.
Дерягин мен Тамара арасындағы тартыс та қызу. Сонау “қиыр” шеттен тыңды “ауыздықтасуға” қарындасым деп Тамараны алып келiп, жүре қызғаныш сезiмi оянып, қорғаштаудың шегiнен де асып кеткенiн бiлмей қалады. Тамара - жеке басы жұмыскер, адал, ақылды қыз бейнесiнде сомдалған.
Пьеса оқиғасына сирек араласып, әрi атқарар жүктерi басшылық қызмет болғандықтан Алакөзов, Моргун бейнелерi көп жерiнде ақыл айтып, жөн сiлтеушiлер қатарында қалып қояды, ширыққан тартыс тудыра алмайтын әрекеттерi бар. Драманың бойында өткiр диалогтар Қарасай мен Райхан, Қарасай мен Мұқат аралығында, терең монологтар Райхан, Ақбөпе, Дикәй, Қарасай бойларында жиi көрiнiс берсе, ал күлкi тудыратын элементтердi Мұқат пен Дикәй араларындағы қитұрқы қағытуларынан көз жеткiзуге болады. Мысалы:
“М ұ қ а т. Ана орыс шопырына Халелдiң қанын бергенi рас па?
Д и к ә й. Бiр группа екен екеуiнiң қаны.
М ұ қ а т. Ол қанды құдықтан құйып алған шығар,… атам қазақтың қаны емес пе?
Д и к ә й. Атамыздың қаны ежелден орыс қанымен бiр группада екен ғой.
М ұ қ а т. Ой, шiрiк, группашылын мұның, жаман неме!
Д и к ә й. Бұрын жаман едiм, қазiр бiр деген маман болдым, қайтесiз сондай сөздi” [“Қос анар”].
Пьеса оқиғасының соңына қарай Қарасай заман ағымын түсiнiп, баласы Халелге ақылын айтып, қазiргi атқарып жүрген қызметi дұрыс бағытта екенiне риза көңiлiн бiлдiредi. Осы арада түлкi айлалы құдасы Мұқаттың араласуы мен драмаға соңғы тартыстың лап етiп қайта өршуi – пьеса жұмбағының шешiмiне арқау, себепшi болады. Халел шат көңiлмен әкесi Қарасайға жаңа қонысқа барлығын көшiретiнiн айтып, егер жұмыс iстегiң келсе, жұмыс көп…дей берген сәтiнде…
“М ұ қ а т (кекесiнмен). Егiнге күзетшi болмаймысың, қарақшы құрлы жоқсың ба?!
Қ а р а с а й. Әй, Мұқат, тоқтай тұр. Атаның аруағын ауызға алып, құран ұстап, тiсiмiзден шығармауға ант етiп ек. Өзiң бастадың, өзiң бықсыттың ерте де қоламтасы сөнген өрттi. Бүгiнде атаның аруағында,құранның жүзiнде не қасиет қалды?! Онда көшер алдында…бұл дүниеден, бәрiн айтып ақтарылайын, сен де тыңда!…Райхан, мен ел жүзiне тура қарауға бетiм күйген жанмын…Ертеде қолхозыңның егiнiне өрт салған мен едiм…” [“Қос анар”] ,- деп, болған оқиғаны бүге-шүгесiне шейiн айтуға бел буады.
Драматург С. Жүнiсов осы арада көркем дүниедегi шындық пен тарихи шындықтың арасын орталық қаһарманы Қарасайдың аузына сөз салып, шеберлiкпен үндестiрiп тұр. Қ а р а с а й. …Әкем Талжан кәмпескеге iлiгiп, екi мыңдай жылқысын сыпырып-сиырып алған соң қайғы жұтып, бүк түсiп отырып қалды. Сол жолы құсадан өлдi…” [“Қос анар”]. Автор “ кәмпескенiң “ қазақ халқына нәубет әкелгенiн де “социализм” заманында да жасқанбай ашық мысалдар келтiруi – батыл шеберлiгi.
Жазушы-драматург Сәкен Жүнiсов бiр сұхбатында тарихи шындықты көркем шындыққа қалай айналдырғаны жөнiнде: “Жапандағы жалғыз үй” романындағы Малжан ағашы дегенiм – Телжан ағашы. Бұрмалау – көркем әдебиетте бола беретiн жай. Әйтсе де бұл жолғы бұрмалауда сақтық бар едi. Телжан – атақты болыс,…баласы Темiрболат – халық жауы. Осы күнге дейiн әкесiн ауызға алуға баласы Қанапия [белгiлi суретшi, профессор Телжанов Қанапия] қорқып келгенде, романның жарық көруiне бұл аттың мысқалдай болса залалы тие ме деп сақтанғанымызға таң қалмассыздар” [41],- дейдi. Осы атау роман негiзiнде туған пьесада - ''Талжан’’ болып суреттеледi. Оқиға соңында Қарасай заман ағымына бойын бұрып, өткен өмiрiне мүсiркеп, туған-туысқандарымен табысып, қоштасуға аттанса, Райхан демалысқа шығып, құрметке бөленедi.
Белинский В.Г: “Драманың геройы - адам, онда оқиға адамға қожа емес, адам оқиғаға қожа, адам оқиғаның түйiнiн өзiнше шешедi, оны өзiнше аяқтайды” [42, 10] ,- дегенi, ”Қос анар” драмасында авторлық концепция, авторлық шешiм драматург өресiнiң жеткен биiгiмен сомдалған.
“Қос анар“ драмасы – автордың драматургтiк талантын танытқан шығарма. Пьесадағы әрбiр көрiнiс, әрбiр деталъ драманың негiзгi идеясын тереңiрек ашуға мұрындық болады. Пьесаның көркемдiк ерекшелiгi оның тiлiнiң бейнелiлiгi, суреттiлiгi де анық көрiнедi. Кеңес заманында “Қос анар” пьесасы турасында бiрлi-жарым пiкiр болмаса, жалпы ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде емес едi. Себебi “тыңды” өтiрiк желеу етiп, басты мақсаттары - отарлау саясатының “сыпайы” жалғасы болатын. Драматург тың оқиғасының жақсы, жаман көрiнiстерiн кейiпкерлерi арқылы сөйлетiп, сомдап, көрсете бiлдi.
С.Ордалиев: “Қазақ драматургтерi көбiнесе өз шығармаларындағы партия қызметкерi ретiнде көрiнген кейiпкерлердi ұнамды образ ретiнде суреттеп, олардың iс-әрекетiн көрушiге үлгi етуге ат салысып келедi. Бұл заңды да. Өйткенi, бiздiң барлық жеңiсiмiз де, қажырлы еңбегiмiз де тек қана сүйiктi Коммунистiк партиямыздың басшылығы арқасында болып отырады” [43, 209], - дегенi - заман талабынан, сол кездегi саясаттың өтiнде айтылған пiкiр болатын. Ғалым С.Қирабаев “Жапандағы жалғыз үй” романы жайында: “Сәкен романын бүгiнгi заман түсiнiгi тұсынан қайта оқу қажет. Онда шаруаны жерден айырған, ескi дәстүрлердiң шектеле бастауының трагедиясы ашылған. Бұл идеяны жазушы характерлар тарихы арқылы әдемi байқатады” [44], - деп бүгiнгi заманның әдебиеттануы тұрғысынан қарастырып, әдiл бағалаудың жолын ұсынады.
Шындығында, кеңес саясаты кезiндегi шығармалардың барлығынан “кеңестiк идеология самалы” соғып тұратын. Бұл жерде бiз, сол кезең ағымын қаралаудан аулақпыз. Ал, жазушы-драматург С.Жүнiсов заман ағысына кереғар, астарлы дүниелерiн бере бiлдi.
Зерттеу жұмысымыздың барысымен жазушы-драматургпен сыр алысқанымызда, суреткер Сәкен Жүнiсов былай деген болатын: “Жапандағы жалғыз үй” романынына “ВЛКСМ сыйлығы” берiледi деп, алдын ала газетке шығару үшiн суретке де түсiрiп алды. Бiрақ, неге екенiн бiлмеймiн, артынан сыйлық та, түсiрiп әкеткен сурет те жоқ болып шықты. Кейiннен бiлдiм,- романдағы орталық қаһарманым - Қарасайдың “коммунистiк образын” жасай алмаған екенмiн… Бiрақ, осы романым - “Кеңес Одағы” бойынша тың тақырыбындағы тұңғыш көлемдi көркем шығарма екенiн соңынан бiлдiм” [45] ,- деп жауап берген болатын.
С. Жүнiсов роман негiзiнде “Қос анар” атты екi бөлiмдi драма тудырып, романдағы басты қаһармандарының бейнесi әлсiремей, сол мiнез, сол атқарған салмақтарында, қайта драма заңдылығына бағындыра отырып, қоғамға, “кеңес саясатының” керағар, ұшқары iстерiне астарлы-көркем шындықпен дүниесiн тағы бiр серпiнмен, яғни, елiмiздiң театрларынан қоғамды әшкерелейтiн көркем шығарманы киелi сахнадан салмақтауға кiрiстi.
Бұл жерде драматург С.Жүнiсов “Қос анар” драмасындағы партиялық бейнелерге [Моргун, Алакөзов т.б.] қарағанда Қарасайдың бейнесi - әлде-қайда жоғары, терең, салмақты шыққан. Пьеса оқиғасы - орталық қаһарманы Қарасайдың айналасына топтастырылған.
Сәкен Жүнiсов инсценировкалаған шығармалардан шығатын қорытынды: қазақтың белгiлi прозалық шығармаларына және төл шығармаларына драматургия жанрының заңдылығын, сахнаға лайық өзгерiстер енгiзген; қаһармандар қақтығысын күштi тартысқа құрған; басты бейнелерiнiң салмағын әлсiретпей, қайта әр қырынан күшейте түскен; жекелеген кейiпкерлерiне драмалық мiнез бiтiрген; актер ойынын да ойынан шығармай драма ырғағына құрған, интонация берiлген; драма монологын, диалогын қайта түзiп шыққанын байқадық. Негiзгi тақырып, өзектi желi, идея сақталғанымен, шығармалары сапалық өзгерiске ұшырайды. Тартыс дамытылып, тыңнан оқиғалық желiлер қосылады. Кейiпкерлерi прозалық шығармаларда байқалмаған жаңа қырымен көрiнедi.
С.Жүнiсовтiң “Қызым, саған айтам…” пьесасы республика театрларында қойылып, ғалым, сыншы, әдебиетшi, көрермен қауымның тарапынан бағасын алған болатын. Пьесаның көтерген басты тақырыбы – адамгершiлiк, әдеп мәселесi. Драманың құрылысы ерекше, оқиғаларын шегiнiспен бере отырып, бiрде “Сот залынан”, бiрде “Сахнадағы көрiнiс” деп алып, оқушысы мен көрерменiн жақын тартып, баурап отырады. Академик С.Қирабаев: ”Адам тағдырын оның өткендерiн әңгiмелеу емес, психологиялық ой елегiнен өткiзу арқылы танытуда Сәкеннiң “Қызым, саған айтам …” пьесасының да бiрсыпыра жаңалығы бар. Онда өмiрдi көркiмен бағындырмақ болған әйелдiң қасiретi көрiнедi” [46, 203], - деп, пьесаның басты қаһармандарының бiрi – Разияның табиғатын тап басады.
Пьесаның бiрiншi көрiнiстегi оқиғасына қатынасушылар үш адам ғана. Бiрақ диалогқа құрылған ширыққан тартыс-әңгiме Мұрат пен Сәуле аралығында сыртынан қарағанда бiр ырғақпен баяу, ал iшкi жан дүниелерi сезiмге толы қалыпта өрбидi. Мұрат қайнаған соғыс өртiн адамның көз алдында болып жатқандай жанды суреттермен елестетiп сөйлеп отыруы, соғыс даласындағы бейкүнә немiс қызын құтқаруы жөнiнде ерекше бiр әкелiк мейiрiммен айтып отырғанда Сәуленiң араласуы, барлығында да бiр жұмбақ, психологиялық сыр жатқандай сезiледi. Мысалы:
“С ә у л е. Сiз соғыс даласында немiс қызы үшiн басыңызды оққа байладыңыз. Ал бейбiт өмiрде өз сәбиiн шырылдатып тастап, мәңгi қайырылмай кетер адамдарды кiм дер едiңiз?!
М ұ р а т (шошынғандай, сәл тiксiнiп). Қалай дедiң айналайын?! Иә, ондай қара жүректер бар…
С ә у л е. Мен сiзге сондай адамдар туралы да айта келiп едiм.
М ұ р а т. Сондай адамдар?!
С ә у л е. …Жақында бiлдiм…Бiрақ бәрi де кеш…Мен тiрi жетiм екем де, әкем тiрi өлiк екен. Осы күнге дейiн анамның айтпай келген пенсиясы пенсия емес, бiздi тастап кеткен әкенiң алиментi екен!…Қарыздармын. Мен Разияның ғана емес, сiздiң де қызыңыз едiм. Бiрақ бүгiннен бастап менде өлi де, тiрi де әке жоқ. Мен анамның ғана қызымын. Он сегiз жыл бойы мойныма таққан жетiмдiк қарғысын тастадым өзiңiзге!” [“Қызым, саған айтам...”],- деп бiрақ тынуымен бiрiншi көрiнiс аяқталып, пьесаның экспозициясы толық ашылады.
Драматург С. Жүнiсов бiр отбасының сатылап күйреу эпизодын бүкiл отбасыларға сабақ боларлықтай тiршiлiктiң тауқыметiн әр қырынан көрсетуге тырысқан. Драманың өн бойына желi болып тартылып жатқан адамгершiлiк, қанағаттшылық идеясы. Пьесадағы басты оқиға барысы екi негiзгi кейiпкер Мұрат пен Разияның бiр кездегi отбасылық тұрмысынан өткен шым-шытырман оқиғаларды еске түсiре отырып, жандандырып, өрбiтiп отырса, екiншiден, барша отбасыларға салмақты ой тастап, қорытып отырады.
М.Әуезов: ”Драматургиядағы конфликт мәселесi - пьесаның жанрлық белгiсiн көрсететiн шешушi элементтердiң бiрi…драматургияның негiзгi компонентi. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза, поэзиядан бөлектеп тұратын шартты белгi жалғыз осы конфликт” [47, 361] ,- деп атап өткен болатын.
Пьесаға өткiр тартыс, психологиялық сезiм, тұтастық дарытып тұрған Разия - Мұрат, Разия - Сәуле, Разия - Құмар, Разия - Шүйкетай араларындағы әрекет. Разия бейнесi – оқиғаның өн бойына күштi тартыс сыйлаған. С.Жүнiсов Разияның табиғатына терең бойлап, бiлгiрлiкпен тоқталып, ерекше бiр тың серпiнмен, әр кейiпкерлерiнiң аралығындағы диалогын тыңнан өрбiтедi, әр түрлi пиғылдағы кейiпкерлерiнiң аузына сөз салып, образдарын ашып отырады.
Пьесада Мұрат пен Разия арасындағы қарым-қатынас әуел баста дәм-тұздары жарасып қосылған, сәттi шаңырақ төңiрегiнде сөз қозғап келедi. Мұраттың жұмыскерлiгi мен iскерлiгi арқасында астанадағы қалалық асханалар мен ресторандар бастығы дәрежесiне көтерiледi. Баршылықты көтере алмаған Разияның қылығы, пиғылы бұзыла бастайды. Драматург С.Жүнiсов Разияның адамгершiлiктен асып бара жатқанында драмалық әрекеттi, сахналық қимылды жандандыратын деталь ретiнде туған күн сәтiне сыйланған сыйлықтардан, қолпаштаулардан көрсетедi. Мысалы:
“Қ а с қ а б а с. Жолдастар, Разиядай аруға, тоғыз нарға тиеп сый әкелсең де көпшiлiк етпейдi. Мен он екi жыл ресторанның директоры болғанда, он екi түйiр нәрсе көтермеген екенмiн. Бүгiн Разия үшiн бiр нар әрең көтеретiн он екi метр түктi кiлемдi өз иығыма салып, түйедей бақырып, аруағын шақырып, он екi терiн төгiп келген пақырыңыз осы бiз боламыз... ,- деп немесе Қ о ң қ а қ м ұ р ы н. …Разияға, айын, жылын, күнiн көрсетiп, басқан адымын, жүрген қадамын есептейтiн, қақпағына айдың жүзi түсетiн алтын сағат тарту етемiн, - деген кейiпкерлерiнiң сөздерiнен Мұратқа жағыну, жағымпазданудың көз алдыңда қамытын кигiзсе, ал Б у р ы л ш а ш қ а. …мен кiшкентай ғана ойыншық зат әкелдiм. Бұл мiне, кешегi соғыс жылдары құйтымдай ғана Разия жұмыс iстеген фабрика заводының макетi. “Аяз би әлiңдi, құмырсқа жолыңды бiл” дегендей, әр уақытта Разияның көзi түсер, ой салар белгi болсын! Кешегi отты күндердiң белгiсi болсын!” [“Қызым, саған айтам...”] ,- дегiзiп, “бiр кездерi сен де қарапайым болып, жұрт қатарлы ауыр қол еңбегiмен наныңды тауып жегенсiң, астамшылық етпе!”- дегендей ишара тастатқан.
С. Жүнiсов осы үш кейiпкерiнiң (Қасқа бас, Қоңқақ мұрын, Бурыл шаш) сыйларының астында үш түрлi адамзатқа салар жүгiн салмақтаған.
Р а з и я н ы ң. …Тартылған сый, көрсеткен құрмет күн өткен сайын үдей түстi. Тұрмыс құрудың тәттiлiгi осы шығар деп ойлаушы едiм. Бақытқа мас болып шыркөбелек билегенде еденде емес, жұрттың алақанында жүргендей болатынмын. Сол алақандарға биiк өкшемнiң қалай бататынын ойламайтынмын” [“Қызым, саған айтам...”] дегендерi дәлел.
С. Жүнiсов әр кейiпкерлерiнiң iшкi психологиясына барлап, адам баласы байлыққа мас болған сәтте астамшылықтың сан түрiне баратынын қарабайыр тiлмен жеткiзбей-ақ, “жұрттың алақанында жүргендей”, “сол алақандарға биiк өкшемнiң қалай бататынын ойламайтынмын”, - деп бейнелi тiлмен шебер суреттейдi.
“Баяндау тәсiлi - драманың соры” [48, 242] , - деген қағиданы басты нысанаға айналдырған драматург С. Жүнiсов шығармасын ширыққан тартысқа, терең де мағыналы драма диалогына айналдырған. Екi жастың арасына кiрбiң - Мұраттың өз өтiнiшi бойынша жұмыстан шығу сәтiнен бастау алады. Оқиға шиеленiсiп, драмалық тартыс күшейе түседi. Отбасының керi кетiп, күйреудiң алғашқы баспалдақтарына жеңiл көңiлдi Разияның керi тартуы, қырсығу да себепшi болады.
Мұрат – қиындық болса арқасын төсейтiн нар тұлғалы, адал жiгiттiң өзi. Сонымен қатар ғылымның адамы. Соғыстың алдында бастаған ғылыми жұмысын аяқтау үшiн аспирантурасына қайтып оралғысы келсе де, әйелi Разияның көңiлiн қимай, өз табиғатына еш қатысы жоқ директорлық, яғни қол қоюшылық “қызметiн” жалғастырып жүре бередi. Кешiкпей ғылымына қайта оралады, ал отбасындағы өмiрлерi күрт өзгерiп, құлдырап сала бередi.
Драмада образ жасау мәнерiн Сәкен Жүнiсов шебер меңгерген жазушы екеніне көз жеткiзуге болады. Образдарды даралаудағы көркемдiк тәсiлдердiң бiрi – психологизм. Кейiпкерлерiнiң жан дүниесiн ашуда С.Жүнiсов детальдi сәттi қолдана бiлген. “Қызым, саған айтам…” драмасындағы Мұрат пен Разия диалогтерiнде семьядағы кикiлжiң, келiсе алмаушылық, соңында екi жаққа айырылуларынан тұрмыстық детальдiң көрiнiсiне кездесемiз. Мысалы:
“М ұ р а т. …Ойлашы өзiң, бiз семьямыз ғой. Семьяның өз қызығы, өз машахаты бар емеспе ….
Р а з и я. Семьяның қызығы осы ма, сен күн ұзын кiтапханада, үйде қағазға тесiлесiң. Мен сегiз кластық бiлiмiммен не iстеуiм керек.
М ұ р а т. …Жұмысқа мойның жар бермесе, сен де оқы, кешкi мектеп, техникум бар.
Р а з и я. Ар жағында институт, сосын аспирантура. Бiлiмнiң соңында салпақтап жүрiп тiсiм түседi, кемпiр болам, сол кезде ғылым кандидаты деген атақ аламын. Ақшам көбейедi. Дүниенiң бар қызығын дер кезiнде көрмей тапқан ондай атақ, ондай ақша к черту” [“Қызым, саған айтам...”].
Осы диалогтардан көп мәселенiң шетiн аңғару қиын емес. Мұрат үшiн өмiрде ең басты нәрсе–өз адал еңбегi арқылы көздеген мақсатына жету болса, Разия үшiн жалған атақ, абырой, сыртқы сымбатымен арзан өмiр сүру.
Пьесадағы Шүйкетай – табиғаттың жаратылысының заңы-жақсылық жүрген жерде, жамандықтың қатар жүретiнi сияқты, жас отбасының азып-тозуына өзiнше “үлес” қосушы бейне. “Ш ү й к е т а й. Тоты құстайсың-ау, Рәзияш. Не кисең де саған жарасады. Шiркiн-ай табиғат бар сұлулықты өн бойыңа қалай құя салған. Егер жiгiт болсам алақаныма салып, күнi-түнi тоймай қарап отырар ем ! [“Қызым, саған айтам...”], - деп онсыз да желiгi ендi көтерiлiп келе жатқан жеңiлтек Разияның қолтығына су бүркидi. Көлденең көк аттыларға да таныстырушы осы Шүйкетай.
Ш ү й к е т а й (Ұяң жiгiтке). Тiршiлiкте ашық ауыз болсаң - арам өлесiң. Кешегi таршылық заманда военный складттың кiлтшiсiне тидiм. Соғыс бiткен соң пшту деп жонымды бiр-ақ көрсеттiм. Ендi бiр мықтыға тигiм келедi. Әттең бiреуiнiң әйелi осындайда өле қалмайды.
Ұ я ң ж i г i т. Ниетiңiз қалай жаман едi.
Ш ү й к е т а й. Е, бiреу өлмей, бiреу күн көрмейдi. Ал, мына Құмарға неге жабысып жүрмiн? Бiрақ, тiсiңнен шығарушы болма: Құмар күз бойы ет комбинатына мың-мыңдаған қой өткiзедi. Әр әкелген жолы он бес-жиырмасы өзiнiкi. Одан үкiмет кедейленiп жатқан жоқ.
Ұ я ң ж i г i т. Халықтың еңбегi ше?
Ш ү й к е т а й. Е, ей, ботақаным-ай, әлi мұғалiмдер айтатын кiтап сөзiнен шыға алмай жүрсiң-ау, сәбиiм-ай !” [“Қызым, саған айтам...”]
Пьеса авторы С.Жүнісов Шүйкетай характерына алдау, арбау, азғыру, өтiрiк айту, қылымсу т.с.с қоғамымызға жағымсыз жүктердi артқан, онысы айтарлықтай сәттi шыққан.
Құмар бейнесi–социализм заманында совхоз малын өз қажетiне суша сапырушы, шаруашылық басына келгенде шопандарды өз алдында құрдай жорғалатушы, өрекпе, өзi сияқты зоотехниктердi “малдың пайғамбарлары” есебiнде санайды. Драматург С. Жүнiсов Қ ұ м а р д ы ң аузына. Ана қыз да, қайтсын, жасы кеп қалған, iшi күйедi ғой. Вообще, жаман қыз емес. Бiрақ, Разия, өздерiңдей бiреу болмаса, ауыл қызын қайтем! Әшейiн, ел арасында бос жүрмей, қырындау ғой бiздiкi” [“Қызым, саған айтам...”],- деген жолдардан жеңiл жүрiстi, тұрақсыздығын көрсетсе, “…Не болды соншама, атам қазақ қозы жеп көрмегендей. Орнын өзiм жабамын… Әй, шал, тым көкiме! Биыл шөбiңдi үнемдемей, рәсуалағаңның өзi жетедi, бiр түртiп жiберсем, қылмысың тiрiлiп шыға келедi” [“Қызым, саған айтам...”],- деген сөздерiнен өресiнiң төмендiгi, бар болмыс табиғаты айқын көрiнедi. С. Жүнiсов сонымен қатар Құмардың характерiне “ақындық шабыты” бар, кейде қатты “толғанған” сәттерiнде қара сөздiң өзiн қарша боратып, ақ өлең үлгiсiне салып: ”Ақ боранда қой орнында, садақ мойын ақ Аққуым, салып жүрсе ән гәккуiн, түсер едiм, кетер едiм жалғыз соның соңында …”,-дегiзiп, “Қазақ зоотехникасы мен поэзиясын” сәттi сабақтастыратын тұстары да пъесадан орын алған. Мысалы:
Ақ балтыр, қара балтыр, сары балтыр,
Жас балтыр, мосқал балтыр, кәрi балтыр.
Тоқ балтыр, дөңгеленген уыз балтыр,
Әжiмдi, ыңғыл-жыңғыл қуыс балтыр.
Көгерiп түйме көздер батқан балтыр,
Тiк аяқ, маймаң аяқ, шодыр тiзе,
Шаршадым көп аяқты тiзе-тiзе.
Жар құшсаң басты ойлама, аяқты ойла,
Бозбала, ғибрат ет бұл сөзiмдi
[“Қызым, саған айтам...”] ,- деп күлкiңдi, ерiксiз езуiңдi тартқызбай қоймайды. Драматург Сәкен Жүнiсов Шүйкетай мен Құмар араларындағы диалогтерден арсыз жандар бойларындағы жеңiл ой-шешiмдер, түсiнiктерден тұрмыстық детальдарға тап боламыз. Құмарды пьеса соңында адалдықтың, адамдықтың “киесi атып” жындыханаға түсiп, ауруға ұшырайды.
Сәуле – психологиялық персонаж. Сәуле мен анасы Разия аралығындағы диалог–адамның жүрегiн шымырлатады. Анасы Разия өткен iске өкiнiштiң жоғын, құдай алдында Мұратты кiналамайтынын, бәрiне өзi себепшi болғанын қызы Сәуленiң құлағына қайта-қайта құюмен болады.
“Монолог” (iшкi ой-толғақ), сөйлету (гр.mono-бiр, logos-сөз)-драмалық шығармадағы кейiпкердiң iшкi көңiл күйiн бiлдiретiн толғау сөзi, кейiпкердi сөйлету тәсiлi. Монологтың мағыналылығы - сол адамның iшкi-сырын, көңiл күйiн, психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейiпкердiң түйiндi ой-тұжырымдары айтылып, оның тағдырына байланысты маңызды кезеңдегi жай-күйi айқын аңғарылады” [49, 142]. Жәкуданың ішкі ой – толғағы бұған дәлел.
Ж ә к у д ә. Жер ортасы жасқа келгенде жұбайым қайтыс болды. Сый-сырына, мiнез-тұрғысына бұрыннан қанық осы Шарипаның анасымен қосылдық. Жар жаңартып, төсек жаңғыртып жасарайын деп қосылғам жоқ, тұзымыз жарасқан соң төрт кiшкентайымен бiрге алып, тату-тәттi өмiр сүрдiк. Ол да қайтыс болды. Ендi жар iздеп желiккеннен гөрi жетiмдердi жеткiзгендi абзал көрдiм. Өстiп жүрiп, өз жастығымның базары тарқағанын, Шарипаштың көктемiнiң келгенiн байқамай қаппын. Әттең не керек, Шарипа жұрт көзiне түспей дара өскен жабайы алма ағашы сияқты… Әлгi Құмарлар жемiсiн жегiсi келедi…” [“Қызым, саған айтам...”], - деген монологтан әкелi балалының қилы тағдырын ұғыну қиын емес. Драмалық әрекет пьесада Жәкудә мен Шарипа бейнелерiмен күшейе түседi.
С. Жүнiсов шағын эпизодтық кейiпкер қатарындағы Ұяң жiгiт бейнесi арқылы шығармадағы Құмардың мемлекет, халықтың ырысын шашқан арамза iсiн, Шүйкетайдың алаяқтығын беттерiне айта салып отыратын характерiмен көрiнiс берiп отырады. Бұл–драматургтiң тапқан амалы. Пьеса соңында сауыққой Құмар мен Разия екеуi тауда демалып, қалаға жете алмай тұрған сәттерiнде, солдаттың машинасын тоқтатып, отырып, жолшыбай апатқа ұшырайды. Разия ойнақтап жүрiп от басып, тағдырдың тәлкегiне ұшырап, бейнеттi көп тартады. Кезектi ауыр пышақты (операцияны) көтере алмай, өмiрмен қоштасады.
Драматург С.Жүнiсов ұрпақ мәселесiн, қазақтың санын көбейтудi Разия мен Шарипа аралығындағы диалогтардан көрсетедi:
“Ш а р и п а. Кiшкентайларыңыз бар шығар?
Р а з и я. Жо-ға, ол не керек?
Ш а р и п а. Не керегi қалай? Ұрпақ қалай өспек?
Р а з и я. Сол, керегi жоқ. Ендiгi бала кiмге ұшпақ әпередi. Масылдықтан басқа… Шынын айтқанда, мен өзiмше өмiр сүргiм келедi“ [“Қызым, саған айтам...”]
Аруаққа тiл қаттыру - классикалық драматургия мен қазақ драматургиясында бұрыннан қолданылып келе жатқан көркемдiктiң бiр түрi. Пьеса соңында Разияның үнi: ”Қызым, саған айтам, ендiгi арым да, барым да сенсiң!, - деп Сәулеге, барша құрбы-замандастарына ұран тастағандай күй кешiредi.
Пьесадағы Мұрат пен Құмар араларындағы әрекетте күнделiктегi өмiрдегi адамдар арасындағы күрмеуi қиын қарым-қатынас бейнеленедi. Драматург адалдықты бiрiншi орынға қояды. Сәкен Жүнiсов Мұратты ешкiмге арқа сүйетпей, жалтақтатпай өз еңбегiмен жемiсiн көрушi жан бейнесiнде сомдайды. Пьесадағы авторлық идеяның түйiнi де осы.
Пьесада өткiр диалогтар, терең мағыналы монологтармен қатар ақ өлең үлгiсi, тақпақтау, драма ырғағы, ұйқасы, мақал-мәтелдер, эпитет, ауыстыру, алмастыру, троптың түрлерi молынан кездесiп, сәттi қолданыс тапқан.
Ғ.Мүсiрепов: ”Мен драмалық шығарманың кең де, таяз да болғанынан гөрi, жинақы да, терең де болғанын қолдағым келедi. Қырық құрау етiп, жерiне жеткiзбей, жол бойы шашып-төгумен тауысқан көп ойлардан гөрi, түйдектетiп, түйiп айта алған, сана-сезiмге берiк құйып кеткен аз ойлар артық” [50, 249], – деген.
Профессор Р.Нұрғалиев С. Жүнiсовтiң “Қызым, саған айтам…” атты драмасы жайында: ”Бiрде Разияның ойы, бiрде Мұраттың ойы арқылы берiлетiн сценаларда драмалық кернеу, iшкi тартыс бар. Әйелi Разияның қылт-сылтына кешiрiммен қараған Мұраттың терiсiнiң кеңдiгi алғашқы сценаларда көңiлге қонғанмен, дәл әйелiнiң басқа еркекпен кетiп қалғанында, өз үйiнде бөгдемен көңiл табудың үстiнен түскенiнде селт етпеуiн, оқыс әрекетке бармауын қабылдай алмаймыз.
Қойшылардың көзiн бояп, алдаумен ақшаға кенелген Құмар, сұлу әйелдер мен мырза жiгiттердi жолығыстырып жүрiп, жеңгетайлықпен алтын сақина таққан Шүйкетай бейнелерi - қабiлеттi актерлердiң ойынына өрiс беретiн персонаждар” [51, 497], - дегенi шындық.
Сәкен Жүнiсовтiң драмалық шығармалары тақырып жағынан бiр-бiрiн қайталамайды. Әр шығармасы өмiрдiң әр қырынан сыр тартады. Мысалы: “Тұтқындар” атты екi бөлiмдi драмалық новелланың тақырыбы - халықаралық тақырып. Бiр кездегi дүние жүзiндегi жұмысшылардың, еңбеккерлердiң бас бостандығына арналған туынды.
С. Жүнiсовтiң “Тұтқындар” драмасы жайында республика театрларында сахналанған уақытында бірнеше пiкiрлердiң болғаны белгiлi. Драматургия сыншысы Қ.Уәлиев: “Халықаралық, саяси-әлеуметтiк тақырыпқа жазылған бұл пьесаның негiзiне грек патриоттары Монолис Глезос пен Микис Тодеракис қаһармандығы, күрескерлiгi алынған. Қара полковниктер билеген елде азаматтық үшiн арпалысып жүрген жау жүрек азаматтар күресi басты арқау етiлiп алынған” [52, 130] ,-десе, театр сыншы Ә.Сығаев: “Тұтқындар” арқылы автор өзiнiң парасат-бiлiгiн, өре-ауқымын байқатып бердi. Халықаралық тақырыпқа қалам сiлтеу мәселесiне екiнiң бiрi бара бермейдi. Пьесадағы композитор болып көрсетiлген кейiпкер мiнезiнен бiз грек халқының адал ұлы, прогрессивтiк бағытта халықтық өнер жасаушы Микис Теодоракистiң келбетiн танимыз. “Мыңмен жалғыз алысқан” талантты суреткердiң гуманистiк ой-арманына автор өз-тiлек талаптарын ұштастырып, қараулыққа қарсы көтерiлген iзгi ниеттi жандардың бейнесiн жасауға талаптанады” [53, 53], - дегендері салмақты пiкiрлер.
Пьеса кеңес заманында жазылғандықтан, орыс халқын басқа халықтардан жоғарылау қою, Москваны -бүкiл демократ жұмыскерлердiң отаны есебiнде айтып, суреттейдi. Бұған, әрине жазушы С.Жүнiсов кiнәлi емес, ол кезде заман ағымы солай болатын. Пьесаның оқиғасына қатысатын адамдар шектеулi. Пьеса, әсiресе, композитор мен белгiсiз тұтқын, композитор мен надзиратель аралығында тартысты дамиды. Диалогтары күштi, мағыналы. Оқиға бiрден түрме iшiнен басталып, түрме iшiнде шарықтап, сол қалыппен аяқталады. Тақтай нарда ұйықтап жатқан композитор түсiнде түрме капелланымен айтысып-тартысады. Негiзгi айтысуға арқау болып жатқан даулы мәселе – адамгершiлiк, тәубәшiлiк. Осы екi кейiпкерiнiң аузына сөз салып отырған драматург С.Жүнiсовтiң көрiпкел суреткерлiк ерекшелiгiн бiр аңғартады. Мысалы:
“К а п е л л а н . … Жер бетiнде күн мен түн қандай өзгермесе, өмiрде тапжылмайтын егiз дүниелер бар. Ол - махаббат пен зұлымдық, қайырымдылық пен қиянат, тоқтық пен аштық, еркiндiк пен тәуелсiздiк. Дүниеде болып жатқан соғыс, айқас, дүрбелең - бәрi тiршiлiк заңы. Оған араша тұру – замана доңғалағының шабағына түсу.
К о м п о з и т о р: Жоқ, оларды iстеп отырған – адам, оларды ауыздықтайтын да – адам.
К а п е л л а н. Сендердi желiктiретiн құдайсыздар елi бар. О, жасаған, кешiре гөр! Онда кiсi күлерлiк нәрселер ойлайды: олардың құдайы –адам! (ақырын күледi). Бәрi соның қолында. Сонда қалай болғаны? О, есуас жаратылыс, сен де құдай, мен де құдай. Ал, адам қайда?
К о м п о з и т о р. Иә, дұрыс айтасың. Адам қайда?. Нағыз адам қайда? Оны сен де көре алмайсың, көр соқыр. Сенiң түрме бастығың - абжылан, сен–iбiлiс, ал қазiргi үкiмет басшылары–пайғамбарлар, ең басшысы-құдай. Ал, солардың бәрiн билейтiн, жанын жаһанамға жiберетiн тағы бiреу бар. Ол –адам! Ол–мен! Ол–мына көршi камерада, одан әрi, алыста – жер бетiнде көп! Ха-ха-ха! Ха-ха-ха! [“Тұтқындар”]
Бiрiншi көрiнiсте пьесаның бар болмыс табиғатынан сыр аңғарылады. Экспозиция толық ашылады. Сәкен Жүнiсов суреткерлiк шеберлiгiнiң бiр қыры, құпиялылығы кез-келген туындысында да осы жайт. Мысалы, “Ақан серi” роман-дилогиясының кiрiспе-бөлiмiнен романның бар көтерер жүгiн, шешiмiн, жұмбағын, түйiнiн аңғартады, болжатады… Сол сияқты драмалық шығармаларында да осы үрдiстi қолданады. Әрине, прозалық туындыларға қарағанда драмалық шығарманың жанры қатал, ықшам, тартысты, көлемi де шектеулi. Композитор мен Капеллан диалогы тартысты, терең мағыналық мазмұнға ие. Драматург С.Жүнiсов Капеллан атынан. Сендердi желiктiретiн құдайсыздар елi бар. Онда кiсi күлерлiк нәрселер ойлайды: олардың құдайы – адам! - дегiзiп өткен күнiмiздегi “күйреген КСРО-ны” меңзеп тұр, яғни “құдайсыздар елi”,- дегенi сол. Рас, “Совет Одағы” кезiнде - құдайсыз ел болғанымыз, бәрiнiң жасанды құдайы – адам, адам қолымен жаратылыс-табиғатқа, адамға қиянат та жасалынғаны шындық, ащы шындық. С.Жүнiсов сол заманда шет елдегi тұрмысты суреттей отыра, өз елiндегi келеңсiздiктердiң шетiнен шетпұшпақтатады.
Пьесадағы композитордың прототипi–грек халқының адал ұлы Микис Теодоракистiң бейнесiн танимыз. Композитор үкiметке қарсы адам. Яғни, үкiмет қысымымен, ерiксiз өз мақсаттарындағы гимiннiң жолдарына ән шығармағаны үшiн қамауға алып, түрмеге қамаған.
Түрме Капелланымен диалог-айтысында оған: ” О, тойымсыз пенде, тойымсыз нәпсi. Құдай тағала саған екi қол, он саусақ бердi. Әр саусағыңның басына сайраған бұлбұл қондырды. Өзiң емес пе сол құстардан айырылып қалған”,- деп композиторды табалайды.
К о м п о з и т о р. Саусақ түгiлi басыңды еркiңнен айырса, сайраған әр бұлбұлың қанатын еркiн жаза алмай, тынысы тарылып, бұлқынып, өз жүрегiңдi тырнайды” [“Тұтқындар”],–деп жауап қайыруынан жағдайын аңғартады.
Тар қапаста төрт жыл отырған композитор есiктi ашып, тостағанмен тамақ әкелiп әкететiн надзирательмен бiр де бiр сөйлеспеуi, оның мылқау адамдарша әрекет етуi драматург тарапынан сәттi үйлестiрген шешiм. С.Жүнiсов Композитор атынан барша еңбекшiлердiң бейнесiн көрсетiп отырады. Композитор қатарынан бес күн аштық жариялап, тамақ iшуден бас тартады. Бұл жағдайдан хабардар дүние жүзiнiң газеттерi күнбе-күн жариялап отырады. Үдеп бара жатқан соң түрме бастығы көмекшiсiн шақырып алып, бүгiннен қалдырмай ауруханаға жеткiзудi, сол жерден о дүниеге аттандыруды тапсырады.
“К ө м е к ш i . Диагнозы қандай?
Н а ч а л ь н и к . Жүректен болған талма!
К ө м е к ш i . Рецепт?
Н а ч а л ь н и к . Кенеттен келген ажал” [“Тұтқындар”]
-деп, бiрақ қайыруынан барлық әдiлетсiздiк атаулының иелерi өздерi екенiн сезiнгiсi де келмейдi. Композиторды машинаға жасырын салып, алып шығу надзирательге тапсырылады.
Пьесадағы надзиратель – терең психологиялық бейне. Ә, дегеннен әдейi, амалсыздан үндемеудiң, үндемей көп пәледен құтылудың жолына түскен адам. Негiзiнен, адам болғанда - нағыз кең жүректi адам. Себебi, өзiнiң де тұрмысы ауыр, оның үстiне қайғыға ұшыраған iнiсiнiң балаларын қоса асырау бiр өзiне оңайға түспейдi. Қолы қысқа, арнайы бiлiмi де жоқ, амалсыздан қолына iлiккен жұмысы- түрменiң тас қалаушысы, кейiннен надзирательi болып табандатқан жиырма жыл үнсiз, мылқау, меңiреу кейпiнде қызмет iстеп бағады. Надзирательдiң қиын тұрмыс жағдайынан сырды қызының мына монологынан ұғыну жетерлiк. Мысалы:
“М и с с и с (ашынып). Ғұмыр бойы тартқаның азап, көргенiң қорлық, сенiң әдiлдiгiң, адамгершiлiгiң кiмге дәрi, кiмге қажет. Жалаңаш жалпы қалай тусаң, солай өлесiң. Кiмнiң оған қабырғасы қайысады. Ал мен өйтпеймiн. Жетедi туа жоқшылықта өскенiм. Мен дүниенi өзгерте алмаймын, тек оның шетiнен жұлып, қысқа өмiрiмде өз үлесiмдi ешкiмге жiбермеймiн. Оны iстеймiн де. Ол үшiн жолыма кесе-көлденең тұрған пенде болса, алдаймын, арбаймын, жалынамын, қорқытамын, бiрiгемiн. Сен сияқты түрмеде отырарым жоқ. Маған ауа, күн керек. Сенi де соған алып шығамын. Түсiнсең еттi. Сен қараңғы болғаныңмен, менiң көзiмдi аштың ғой. Неге ендi менiң қолымнан ұстамайсың, жетегiме ермейсiң. Ертең өлсең де, неге таза киiмге оранбайсың. Үстiңде бiр киер ештемең жоқ. Жұрдайсың. Тым құрығанда, табытқа түскенде киер бiр таза костюмiң болсайшы. Не өмiр бұл! … Әке, кешiр, қаттырақ кеттiм бiлем. Бәрi де қайыршылықпен ашынып өскеннiң салдары.” [Тұтқындар”]
“Тұтқындар” пьесасында сонымен қатар өнерге деген ерекше iлтипатты да суреттейдi. Мысалы, надзирательдiң қызы әкесiнiң туған күнiне арнап тамақ дайындағанда, әкесiнiң тамақ iшуге де уақыты болмай жұмысқа асығып бара жатып: ”Анаң үшiн тост көтерудi ұмытпағайсыңдар. Ол байғұс менiң туған күнiмде жаңа бiр үйренген әнiн сыйлаушы едi. Қолы қысқа адам ғой, қайтсiн. Мен үшiн де ән айтуды ұмытпағайсыңдар”. [“Тұтқындар”],- дегенiнен аңғартады.
Пьеса соңында надзиратель мен композитор қолдарына ұстаған транзистордан Москвада болып жатқан халықаралық еңбекшілер жиылысының қол шапалағын естiп, шалқып, тасып тұрғанында, сол үндi бүкiл түрмедегi тұтқындар естiп, дауыстап, қолдап, жаңғырып кете барады. Түрме начальнигiнiң “тоқтатыңдар” дегенiне ешкiм де құлақ аспай, “Интернационал” гимнiн айтып, күңiренiп кете барады.
Сәкен Жүнiсов - балалар драматургиясына үлес қосушы қаламгерлер қатарында. Елiмiздiң болашағы – жас жеткiншек балалар десек, өнердiң бұл “кiшкентай болашақтарымыздың” таным-талғамын, дүниеге көзқарас эволюциясына әсерi мол.
С.Ордалиев: ”Балалар драматургиясы үшiн өмiрiмiздiң барлық жақтары да таңдаулы тақырып бола алады. …Тақырып жөнiнен балалар әдебиетiнiң ересек адамдарға арналған шығармалардан ешбiр айырмасы болмасқа тиiс. Айырмасы, балаларға түсiнiктi, ұғымды етiп, өзгеше түрде жаза бiлуде болуы керек.
Балалар драматургиясы дегенiмiз - пьеса кейiпкерлерiнiң барлығы түгелдей балалар болуы керек деген сөз емес. Балалардан басқа ересек адамдардың да iс-әрекеттерi сөз болып, олардың типтiк образы жасалынуы мүмкiн. Тартыссыз драматургия болуы мүмкiн емес. Тартыссыз балалар драматургиясы да болмауы керек” [54, 223], – дейдi.
Қазақ драматургтерi де балаларға арналған драмалық шығармаларды әр кездерде дүниеге әкеп отырды [55].
Балалар өмiрiне арналған пьесалар 1941-1945 жылғы соғыстан кейiн ерекше көңiл қойыла бастады. Оның да тарихи себебi жоқ емес. Ауыртпашылық кезеңде үлкендер атқаратын iстердiң барлығын жас жеткiншектердiң мойнына түсiп, қайраттылық таныта бiлдi.
Пьеса авторы С. Жүнiсов: “Алғаш қалам алғанда адам өмiрiнде екiншi рет қайтып оралмайтын–балалық шақ туралы жазуды мақсат еттiм.
Балалық шақ әдетте уайым-қайғысыз, ең бiр бақытты кез сияқты ғана көрiнедi. Бiрақ терең үңiлiп, жiтi қарасақ, қилы-қилы, аумалы-төкпелi заманға қарай балалық шақтың да өз үлесi бар. Мен 1941 жылы 1 класты бiтiрiп, жазғы каникулға шығысымен соғыс дауылы басталды. Сол күндерден бастап-ақ менiң құрбыларым пионер лагерiнде демалудың орнына колхозда соқа айдады, масақ тердi, шағын, жаңа киiм орнына әскерге кеткен ағаларының киiмiн тарылтып, аудартып кидi. Ала көбеден көзiмiздi ашқанда соғыс отын хабарлаған информбюроның суық хабарын естiп түрегелсек, сол хабармен көзiмiз iлiнетiн. Талай бала әкесiз жетiм қалды, талай бала ағасынан айырылды. Соның бәрi соғыс зардабы едi. Соғыс алапатының сәби өмiрiне де қандай кеселi барын келешек ұрпаққа жазып берудi өзiме мiндет еттiм” [40,171],- деп шығармашылық бастауынан сыр берген болатын қарымды суреткер.
1960-1990 жылдар аралығындағы балалар пьесаларының кейбiреулерiн: С. Жүнiсовтің “Жаралы гүлдерi”, С.Омаровтың “Ақымақ арыстан”, Ә.Табылдиевтiң “Кербақай мен Кердеңбай”, О.Әубәкiровтiң “Қожа мен спорт”, Қ.Баянбаев “Адасқанның айыбы жоқ”, Е.Домбаевтiң “Сертке серт”, Ж.Тұрлыбаевтың “Жиһанкез бала”, К.Әмiрбековтiң “Уәде бермеуге уәде бер” т.б. бiрқатар дүниелердi атауға болады. Бұл шағын драмалық дүниелердiң кейбiрелерi қара сөзбен, екiншiлерi ақ өлең үлгiсiмен жазылған.
Академик С.Қирабаев: ”Жаралы гүлдерде” автор соғыс кезi шындығын өмiрдiң салмағы мойныны түскен ауыл балаларының характерiн бейнелеу арқылы ашады” [57, 203] ,- десе, профессор Р.Нұрғалиев: “Жаралы гүлдер” драмасының жақсы табысы – кейiпкерлер тiлiнiң дараланып берiлуiнде. Соғыс уақытындағы ауыл балаларының мiнезi, iс-әрекетi көз алдыңа келедi. …жас өспiрiмдерге берер тағылымы мол шығарма” [58, 107] ,- деп, пiкiрлер түйедi.
’’Жаралы гүлдер’’ пьесасы - 1941-1945 ж.ж. соғыс кезiнде тылдағы халықтың, әсiресе, жасөспiрiмдердiң өмiрiн, тiршiлiк-тауқыметiн шындықпен суреттейдi. Жас бола тұра әке соғысқа кетiп, бар тұрмыс ауыртпалықты бұғаналары бекiмесе де, жасымайды, өздерiн iштей қайраумен, жеңiске қол ұштарын берiп жүргендерiн ерлiк санайды. Пьесада аты аталатын Бақыт, Қасым, Аплаш, Балташ, Балшекерлердiң өмiрлерi, тұрмыс-тiршiлiгi бiр болғанмен, әр кейiпкерлердiң тек қана өзiне тән мiнез даралықтарын дұрыс тауып, аша бiлген.
’’Жаралы гүлдер’’ драмасы турасында баспасөз беттерi мен арнайы қарастырылған сыншы, өнертанушы ғалымдардың еңбектерiнде сөз болып, кезiнде жақсы пiкiр алған болатын [59]. Ә.Әбiшев пен Т.Жұртбайдың: “Ажар мен ажалды”, “Жаралы гүлдердi” дәл қазiр де, ертең де сахнаға қойсаң, оның жазылған мерзiмiне қарамай тура бүгiнгi күннiң төл туындысы деп қабылдауың сөзсiз” [60],- дегендерi, орыстың жазушысы К.Паустовскийдiң: “Кез келген тақырыпты бүгiнгi күндiк етуге болады, тек жазушының өзi өз ғасырының биiгiнде болсын”,- деп бiр кездерi айтқан сөзiмен үндесiп тұр.
Белгiлi театр сыншысы Ә.Сығаев: “Соғыс күндерiндегi тыл өмiрiнен сыр шерткен автор өзiңдi тұңғиық ойға батырады. Ескi күйсандықтан сызылған әуен сонау бiр балғын шағыңа саяхат жасатады” [61, 52] ,- деп айтқан сөзi жүрек тебiрентерлiк. Бұл пiкiрлер драматург шығармаларының өмiршеңдiгiн көрсетедi.
Пьесаның бiрiншi бөлiмiнiң бiрiншi көрiнiсi бiр топ балалардың ескi күйсандықты қалай болса солай ұрғылап жатқан көрiнiсi үстiнен басталып кетедi. Орта жастағы ақын
Б а қ ы т т ы ң. Тоқтаңдар, аясаңдаршы, бұл күй сандық емес пе.
Б а л а. Бұл тозған пианино ғой, Бақыт ағай, ешкiмге керегi жоқ. Көп тiлдерi сөйлемейдi. Биыл мұны завхоз далаға шығартып тастаған [’’Жаралы гүлдер’’].
Балалардың жауабынан кейiн ойға берiлiп, орамалымен күйсандықты сүртiп, iштей ойға шомады. Бақыттың монологы арқылы пьесаның экспозициясын ашылып тұр.
Б а қ ы т. Иә, тозған пианино. Бiрақ балалар бiлесiңдер ме, қазiр бұл-үнсiз қалған көне ескерткiш. Сөйлете бiлсең, көне дүниенiң де өз тiлi бар. Ескiнi де қадiрлей бiл. Мен ауылыма келген сайын осы пианиноны бiр көрмей кете алмаймын. Әрдайым осы күйсандық өткен өмiрдi еске салады…’’ [’’Жаралы гүлдер’’], - деп ары қарай ақ өлең түрiне көшiп, барлық өткен, кеткен, болған iстердiң барлығын осы үлгiде сыр шерте жөнеледi.
Екiншi көрiнiстегi оқиғада ''Повойенной дороге’’ атты өлеңiн айтып бiр топ ауылдың балалары кiредi, оларды соғыс комиссары, капитан Жанғожин «честь« берiп қарсы алады. Екiншi көрiнiсте драма оқиғасы ширақ дамып, персонаждар өз орындарымен, суреттелiп, тартыс күшейе түседi. Яғни, ауыл балалары: Қасым, Аплаш, Бақыт сияқты жасөспiрiмдер өздерi майдан даласына әзiр екендiктерiн, тiптi кешiктiрмей соғысқа жiберулерiн де өтiне келедi. Бұл қылықтарына военком таң қалып :’’Мылтық ата бiлесiңдер ме?,- деген сауалына:
Б ә р i . Бiлгенде қандай. Бiлемiз –деп жауап қатады
В о е н к о м. Мылтықты ата бiлу бар да, Берлинге дейiн жеткiзу бар,-деп соғыс жағдайынан суыртпақтап сыр шертедi,
әрi соғыс жасына жетпегендерiн де ескертедi. Военком балалардың бiрiнен ''әкең қайда ? ’’-дегенде:
Б а қ ы т. Соғыста. Екiншi Украина майданында. Бес ай болды хат келмегелi.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет