Єлiби шапауов


Белгiсiз адам (басын шайқап): А-ай, жағдайыңыз, шынында да, қиын екен!…



бет6/13
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#33248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Белгiсiз адам (басын шайқап):

А-ай, жағдайыңыз, шынында да, қиын екен!…


Директор: Онда, қабiлетсiз атанып, орындықты бiржолата тастайтын шығармыз…(кетедi)

Б.Майлиннiң “Ыбыраймыз, Ыбыраймын” (1928) атты диалогке құрылған шағын өлеңiнде Ыбырай байдың заманындағы өктем дауысы, iсi мен, совет заманы, конфискация тұсындағы өшiп бара жатқан, ұяң, басылған кезеңнiң, әрi қарапайым, әрi орынды сөздермен суреттейдi. Жалған әспеттеу, немесе керiсiнше құлдыратып жiберуге жол бермейдi.
“Қысылғаннан қыз болдық” екi актiлi комедиясы жанры жағынан комедияға жататын болғандықтан да драматург ұстанымы бойынша ондағы көтерiлетiн мәселе екеу болуы шарт. 1) Бiрыңғай күлкiге арналуы қажет болса, 2) Күлкi астарында әлеуметтiк, адами мәселе, адамзат трагедиясын мысқылға, сатиралық образдарға телiп, сынауы шарт.
“Қысылғаннан қыз болдық” комедиясының көтеретiн мәселесi – совхоздағы мәдениет, көркем өнерпаздар үйiрмесiнiң хал-жағдайы арқау болған. Авансценасындағы директор мен белгiсiз адам арасындағы диалогында д и р е к т о р д ы ң. ”Тұрмысымыз ежелден дұрыс-ау, әттең, мәдениетiмiз нашар аталып бюрода бұйраланып тұрмыз-ау !” - дегенiмен бар сырды аңғаруға болады. Комедиядағы оқиғаға қатынасушылар құрамы, яғни көркем өнерпаздар үйiрмесiнiң штаттық құрамы да қызық құрастырылған. Iшiнде бiрде-бiр кейiпкерлерiнiң өнерге деген бейiмi, ыңғайы жоқ. Тiптi көркемдiк жетекшiсi – Жұматтың негiзгi мамандығы - мал дәрiгерi. Осыдан-ақ өнер үйiрмесiнiң “шеберлiк-деңгейiн” байыптауға болады, күлкi тудырудың амалы.
Бiрiншi көрiнiстегi оқиға бастамасы да күлкi тудыруға бейiм тұр. Мысалы: ”перде сырғып ашыла бере совхоз өнерпаздарының шағын ән-күй ансамблiнiң құрамындағылар ән салып жатыр. Өнерлiлер құрамы: Алтынбек – милиционер; Айгүл - оқытушы; Майра - басбух, декреттегi әйел; Сәния - аспазшы, декреттегi әйел. Ансамбльдiң қос жағында екi коляскада - сәбилер ұйықтап жатыр. Әнге қосылып сәбилердiң шыр -шыр еткен жыласы, оған ашуланған “с о в х о з директоры (ашулы). Осындай жерге балаларыңды шулатып әкелудi қашан қоясыңдар! Ертең астанада сендердi тыңдай ма, балаларыңды тыңдай ма?- дегенiне д е к р е т т е г i әйелдер. Ендi қайда тастаймыз бұларды? Декретiмiздi де дұрыс пайдаланған жоқпыз’’ дегендерiнен, комедиялық негiзгi тартыс - директор мен совхоз жұмысшыларының арасында. Совхоз милиционерi Алтынбек пен мал дәрiгерi Жұматтың арасындағы диалогтерi де күлкiлi жағдай жасай алады. Мысалы:
Ж ұ м а т. Балаларды жаман үйрететiн аналары. Қыңқ етсе болды, қолақпандай шыныны көмекейлете бастайды, - десе,
А л т ы н б е к. Ер жеткен соң бөтелкелерге бұлар үйiр болмағанда, кiм үйiр болсын ! [“Қысылғаннан қыз болдық”]
Драматург кейiпкер тiлiне де зор мән берген. Өз тiлiнде
С ә н и я н ы татаршалатып: ’’Ғадетләнбәсiн дисәгiз, балалар бахшасын нигә ашмисыздар. Бахша ашылми деп, пәрзәнт кутәрмәймiз ба? Иари онда…’’ [“Қысылғаннан қыз болдық”] дегенiн ұлттық өрнек жасайды, кейiпкер тiлiне қиянат жасамайды.
Ауылдың әйелдерiне жауапты дер кезiнде, құрғатпай директор да әйелдерден қалыспай берiп, жағаласып отырады. «Бала көтеру үшiн менен рұқсат сұрайтын шығарсыңдар, жаман қатты. Бұлардың бала тапқышына не берерсiң…’’,- деп, қалтасынан соска кигiзген екi кiшкентай шөлмек шығарып,- мә, аудандағы аптекадан зорға сұрап алдым,- деуi де ерiксiз езу тартқызады.
Драматург С. Жүнiсов совхоз директорының бейнесiне терең комедиялық қараспен терең бойлап ''ең арты балалардың емiздiгiне’’- дейiн ойлайтынын (үйiрмеден бөлек) тiлге тиек етiп, күлкi тудыртып тұр.
Ғалым Р.Нұрғали: ”Комедиограф құралы сан алуан: мiнезден туған күлкi, жағдайлар тоғысуынан шыққан күлкi, әлеуметтiк күштердiң шарпысуынан тұтанған күлкi, тарих аренасынан кетiп бара жатқандардың тұяқ серпер әрекетi әкелген күлкi. Шығармалардың атына күлесiң, кейiпкерлердiң есiмiне күлесiң, сөйлеу мақамына күлесiң, характерлерге күлесiң. Жайма шуақ күлкi, ащы күлкi, кектi күлкi” [87, 208],– деп күлкiнiң комедиялық шығармаларда кездесiп отыратын сан алуан табиғатына, түрiне классификация жасайды. Бұл күлкiлердiң барлық табиғаты С.Жүнiсов комедияларында көрiнiс табады.
Совхоз үйiрмесiнiң көркемдiк жетекшiсi Жұматтың ’’идеясы’’ таусылмайды. Бұл идеядан директор мен басбух ерiксiз қысылады, қымтырылады. Себебi барлығы да ақшаға келiп тiрелерi анық. Жұматтың кезектi идеясы – астанадан iрi музыкант-композитор жалдау, үйiрменiң толық құрамын астанаға уақытынан бұрын ертерек жеткiзу. Екiншi бiр ''жаңа’’ идеясы - құрамы кiлең қыздардан тұруы шарт!-деп совхоз директорының төбесiнен «осындай жаңа идеяларымен« қойып қалуының өзiн драматург С.Жүнiсов күлкiлi жоспарда келтiрген.
Д и р е к т о р. Әй, шырағым, былайша айтқанда, жарығым, осы ансамбльдiң өзiн құрап-сұрап, қолтығынан көтерiп, көтерем малдай аяғынан зорға тұрғыздық. Мына глав.бух. Майра Джундубаевна мен Сания Джапаровна сәтi түсiп, декретке шықты. Мына милиционерге дайын тұрған совхозда қылмыс жоқ. Басқа адамдарды жұмысынан ала алмаймын. Күрiш, қызылша, қой, құс, сиыр, ертең егiн… Мiне бес жыл болды өзiм де демалыс алғам жоқ. Ендi менiң басымды қатырма’’ [“Қысылғаннан қыз болдық”],- дегенiнде екi түрлi ой туындайды. Бiрiншiден, күлкiлi сөздер, ойлардың тiзбегi келтiрiлсе, екiншiден, осыдан 15-20 жыл бұрынғы қайнап жатқан ауыл өмiрi, қоғам тұрмысынан драматург сыр берiп тұр. Директордың бұлқан-талқан болып ашулануынан кейiн драмалық тартыс күшейiп, ширап, әр персонаждарына бұрыннан да артық жан бiте бастағандай болады. Оқиға шиеленiсе түседi.
«Ж ұ м а т. Осы мен дипломды консерваториядан алдым ба, зоовет институттан алдым ба? Келгелi малдың денсаулығын бақылау орнына…’’, - деп шын ниетiмен кейiстiк бiлдiрсе, қиялға берiле түсiп, iшкi ой-толғағын (монолог) сыртқа шығарады: ’’Eртең…ертең..ақ, қызыл көбелектердей қыз-келiншек, …бар газетте, бар аңызда бiздiң совхоз өнерi… Күнде совхозға түскен хат, күнде директорға жалынған, аяғына жылап жалбарынған жастар, оқу бiтiрген мамандар… жұмыс тiлеген адамдар өтiнiш етiп :’’Сiздiң жерге, мәдениетi өскен, қыз-қырқыны, жастары көп дескен, сiздiң елге қызметке барсақ’’, - деп бiраз жерге қиялымен шауып, директорды, т.б. жұмыскерлердi серпiлтiп, көңiлдерiн көтередi. Бұл - болар iстiң дайындығы ғана едi. Шын комедиялық, шын күлкiлi кезең ендi келедi. Яғни совхоз директорының ’’бұйрығымен’’ кемпiрлер мен еркектердiң бiразы ''қыз’’ болып қатарға қосылуларының өзi бiр қызық, комедиялық оқиға. Драматург С. Жүнiсов суреткерлiк ойының ұтқырлығы осыны қаласа керек. Совхоздағы Сәбира сауыншы кемпiрдi қыз қылуларынан үзiндi келтiрсек те ұғынуға жеткiлiктi.
Ж ұ м а т. Шашыңызға прическа жасатамыз.
Д и р е к т о р. Ернiңдi, тырнағыңды бояйсың.
Ж ұ м а т. Аяққа платформалы туфли киесiз…
Д и р е к т о р. Сәндi шалбар, әдемi көйлек…
Ж ұ м а т.Жүрiс-тұрысыңызды да жастарша өзгертесiз…
Д и р е к т о р. Ара-тұра темекi тартып қоюға да болады
Ж ұ м а т.Бiр сөзбен, мәдениеттi әйел болып шыға келесiз. [“Қысылғаннан қыз болдық”]
Драматург С. Жүнiсов бұл комедия да тек қана осы тақырып аясында ғана, күлкiлi ситуацияларды ғана сөз етiп қана қоймай, қоғам, заман шындығын да қоса қабат берiп отырады. Мысалы: Сол кездегi елдi жерде жұмыс жетпеушiлiк, кiлең қартайған адамдар қалуы, туған ауылына жаны ашымайтын шенеунiктер т.б. қоғамдық, әлеуметтiк мәселелердi де тiлге тиек етiп отырады.
Д и р е к т о р. Қай жасың бар? Қазiр жоғарғы оқу орнына түссе-ақ жастардың бiрi орала ма елге? Елде де шаруа, жұмыс, былайша айтқанда, ел тағдыры күтiп тұр-ау, ауыл азаматы емеспiз бе дейтiн қайсың бар? Бес жылғы оқу аздай, аспирантура, одан соң докторантура. Одан соң елге несiне келедi?… Жалпақов деген агрономның баласын бес жыл совхоз күшiмен оқыттық. Оқуын бiтiрген соң ''климат жарамайды’’ деген справка алып, астанада қалыпты'' [“Қысылғаннан қыз болдық”]
С. Жүнiсов бiр кездегi совхоз мүлкiн, байлығын бас мамандардың бас пайдасына пайдаланушылық әрекеттердiң бетпердесiн де ашып бередi.
Бүгiнгi нарық заманында жаппай елдiң тығырыққа тiрелiп, күйзелiске ұшырап, тоз-тоз болғанын көргенде, мына бiр пьеса жолдарындағы директордың монологнан заманның шындығына қызыға да, қызғана да қарайсың.
Д и р е к т о р. Бюрода шаруашылығың жақсы, мәдениетiң жаман, жүн-жұмыртқадан алдасың, ән-биден арттасың деп, жиналыс сайын құлағымды бұрайды, жеттi’’ [“Қысылғаннан қыз болдық”],–дегендерi анық мысал болады.
Жұмат аузымен айтылатын мына бiр сөз-комедияның атқарар жүгiн салмақтандырып, атына заты сай қалыпта қылады.
Ж ұ м а т. Жiгiттен әйел, кемпiрден қыз жасау - өнердiң нағыз шыңы емес пе?
Алтынбектен (совхоз милиционерi) Алтын атты қыз жасап, мезi қылған Жұмат пен совхоз директоры әбден жынына тигенi сонша ''Алтынкаға да’’ тiл бiтiп, екеуiнiң басына әңгiртаяқ ойнатып шығады. Мысалы:
А л т ы н б е к (Жұматқа). Осыншама қымбат киiмдердi Алматыдан қалай алдың, қай ақшаңа?.»
Ж ұ м а т. Совхоздың ақшасына.
А л т ы н б е к. Қай сметадан, қай қаржыдан?
Ж ұ м а т. Смета, мсметада шаруам жоқ, оны директор бiледi.
Д и р е к т о р. Әй, түгелдей маған жаба берме, бәрiнiң ретiн келтiрiп жүрген сен емессiң бе..
А л т ы н б е к. Қаншама қыруар ақшаға оркестр сатып алдыңыз! (директорға төнiп) Қандай есеппен, чекпен, банк арқылы ма, қандай жолмен?! Алматыдағы композиторды қалай жалдамақшысың?. Оған ақшаны кiм төлейдi? Қай сметада..» [“Қысылғаннан қыз болдық”]
Жұматтың қалаға барып, музыкант-композиторды жалдауы, оның басында көнбеуi барлығы пьесаға комедиялық табиғатын арттұрып тұр. Совхоздың “жұмысымен” әбден әккiленген Жұмат музыкант жiгiтпен бiр күлкiлi оқиғаға тап болады. Қаладағы композитор Эдик осы уақытқа дейiн үйлене алмай жүрген сүр бойдақ. Жұматтың аузынан ансамбльдiң құрамы кiлең қыздар деген сөз шығысымен жабыса кетедi. Бiрде үйiрме мүшелерiмен танысу барысында Алтынкаға (Алтынбек-милиционер) қатты ғашық болып қалғанын жасыра алмайды.
Осы жерден бастап пьесада комедиялық қақтығыстар жиiлеп, шарықтап, езуiңдi жиғызбайды. Жұмат – екi оттың ортасында қалғандай күй кешедi. Комедиядағы Эдиктiң анасының бейнесiн драматург С.Жүнiсов шебер суреттейдi. Жұмат совхоздың өнердегi абыройын ойлап Эдиктiң айтқанына келiсiп, таныстыруға амалсыздан бел буады. Келесi көрiнiстегi оқиға «Алтынкаға» ғашық болған Эдиктiң тарапынан болған әрекеттер жиi. Комедиядағы Эдиктiң бейнесi – шығарманың шаңырағын тiк ұстап тұрғандай. С. Жүнiсов тарапынан сәтте қатыстырылатын кейiпкер.
Мазаққа тап болған Алтынбек Жұматпен, совхоз директорымен жиi күлкiлi қақтығысқа келiп отырады. Өнер ұжымындағы адамдардың барлығында бiр ұран - совхоздағы мәдениет мәселесi. Комедия соңында бар қиындыққа шыдаған совхоз коллективi мәдениетте iрi табысқа қолдары жетедi. С.Жүнiсов комедияның эпилогын Бейiмбет Майлин өлеңiнiң үлгiсiмен, дамыта отырып аяқтайды.
Драматург Сәкен Жүнiсовтің “Кроссворд немесе әзiл маскарад” атты екi бөлiмдi сатиралық комедиясы алғаш рет республика бойынша 1983 жылы Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы драма театрында режиссер Е.Обаевтың шеберлiгiмен жүзеге асты. Қарағанды драма театрында 1989 жылы, Павлодар қаласындағы Ж.Аймауытов атындағы музыкалы драма театрында 1994 жылы белгiлi өнер қайраткерi Е.Тәпеновтың режиссерлығымен сәттi жалғасын тапты. Ал Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылып, ертеңiнде “Орталық Комитеттiң” тарапынан нұсқау берiлiп театр репертуарынан алынып тасталады. Ол жөнiнде белгiлi театр, драматургия сыншы Ә.Сығаев: “Әуезов театры сахнасында небәрi бiрақ рет көрсетiлген “Кроссворд…” Орталық Комитеттiң нұсқауымен суырмаға қалай сып бергенiн бiлмей де қалды. Хайуандардан да бетер, мақұлықтан ары тұрған адам-азғындардың сұрқия сүлдесiн Маймыл, Түлкi, Қасқырдың кейпiнде маска арқылы күлкiлi көрсететiн драмашының асқан шеберлiгi әлдекiмдердiң шамына тидi. Қайсыбiреулер сахнадан өздерiн танып жатты. Кейбiреулер бiр-бiрiне күдiкпен қарай бастады” [88, 78] ,- деп әдiл бағасын берген.
“Кроссворд…” пьесасы турасында баспасөз беттерiнде ғалым, сыншылар қауымынан әртүрлi пiкiрлер болды [89].
Пьесаның бiрiншi көрiнiсiндегi оқиға бiр қалалық мекеме бөлiмнiң бастығы Орынбасар Амировичтiң есiгiне кiру үшiн телмiрiп отырған қарапайым адамдар өкiлiдерi. Бастықтың қоңырауы шылдыр еткенде секретарь әйел Зоя iшке енiп, жылдам қайта шығып сырттағыларға:” Махаббаттың алғашқы белгiсi не?’’ деп кiруге зарығып отырғандарға сауал тастайды. Iле-шала Зоя. ”Ал, кiм тез табады (күлiп), соны Орынбасар Амирович қабылдайды”,- дегенiнен-ақ iштегi бастықтың жұмыс уақытында ерiгiп, кросвордты ермек қылып, қарапайым халықты елемей отырғанынан қандай адам екенiн сездiртедi. Бастықтың бұл қылығына шыдай алмаған жасы егде тарта бастаған Б а қ а й. Бұны бiзден неге сұрайды? Сонда моральдық жағымызды тексеру ме?« –дегенiне музыкант-педагог М ұ р а т. Жоқ аға. Бұл - кроссворд, сөз жұмбақ, кейбiр адамдардың осындай хоббиi болады. Қайтесiз, бiлгендерiмiздi айта берейiк’’, – деп кейiстiк бiлдiрiп отыра бередi [“Кроссворд немесе әзiл маскарад”].
Екiншi көрiнiстегi оқиға - Орынбасар Амировичке масхана бастығы Хайдаров мұңын шағып отырумен басталады. Өзi 34 жыл адал еңбек етiп келе жатса да шенi әлi күнге дейiн ''капитан’’, ал өз тұстастарының алды ''генерал’’, ''полковник’’ болып жатқанын арасында тiлге тиек етiп қояды. Пьесадағы қақтығыс, тартыс өрбiп кете барады. Бұл – шығармадағы алғашқы тартыс, қақтығыстардың басы. Бастық Орынбасар Амирович өзiнiң бiрге өскен тел құрбысы Хайдаровты бiрiншiден, мәдениетсiзсiң, есiктi қағып кiрмедiң, екiншiден, өзiнiң биiк қызметiн бетiне басып, айқайламай сөйле, жұмысың болса тез айттың,- астына ала бередi.
«О р ы н б а с а р. Ал, естiсең сол, сенi майорлыққа қалалық милиция бөлiмi биыл да ұсынған екен, мен биыл да сызып тастадым. Қарсымын!
Х а й д а р о в. Қарсымын, неге?
О р ы н б а с а р. Званияңды көтеретiндей соңғы 15 жылда ерекше еңбегiң жоқ.
Х а й д а р о в. Оу, вытрезвительдiң начальнигiнде не еңбек болуы керек көзге түсерлiк.? Немене мен гектарына 15 центнердiң орнына 20 центнер астық оратын диқанмын ба немесе бiр сиырдан пәлен литр сүт сауып жоспарды асыра орындайтын сауыншымын ба? ,- деп екеуара талас-тартыс диалогы әр әңгiменiң басын қозғап айтысып отырады. Яғни, О р ы н б а с а р: ’’Медвытрезвитель жоспар орындамайтынын, сендер сол алқаштармен ауыз жаласып, тiптi пара аласыңдар’’ , –деп жапқан жаласына шыдай алмаған Х а й д а р о в (жүрегiн басып, қиналып). Сонда бiз маскүнемдерден, бичтерден пара алмақпыз ба? О-оһ! Қисын жоқ қой, қисын… Сонда… менiң… парақор …ұры…болғаным ба?…Дәлел…[“Кроссворд немесе әзiл маскарад”].
Капитан Хайдаров ашуын «iшiне« бүге қойып, өзiнiң басты шаруасы - жаңа жылға құрдастарын қонаққа шақырып жатқанын, телефон арқылы өзiңдей үлкен адамды шақыруға ұят санап, ауызба-ауыз айтуды жөн деп тапқанын айтып Орынбасарды көндiредi. Креслоға бiржола үйренiп, әккiленiп алған Орынбасар өзiне-өзi Хайдаров шығысымен. ''Ұсталмаған ұры’’. Көрейiк бүгiн тұрмысыңды да, қызметтегi қылмысыңды да. Шынында да осыларды тым еркiнсiтiп жiбердiк. Бүгiн бiр тексерiп көрейiншi’’- деп күптi көңiлiне медеу тапқандай болып масайрайды.
Қабылдау бөлмесiнен шығып келе жатып өзiне-өзi ''жетi адам… жетi адам’’ деп кабинет алдындағы клиенттерге бұрылған Х а й д а р о в. Өй, Бақай, құрдас-ау, сен бе едiң ?’’ деп оны бағана көзге iлмегенiне кешiрiм өтiнiп, жаңа жылға үйiне шақырып, қасында отырған музыкант-педагогтi де ертiп ала кетедi.
Төртiншi көрiнiстегi оқиға бiр шашлықхананың iшiнде жалғасады. Шашлықхана меңгерушiсi-Ашот, комхоз Бөрiбай Балтабаев, курорторг қойма меңгерушiсi-Симулянский үшеуi әңгiме соғып, сыра iшiп, шашлық жеп отырған көңiлдi отырыстарына есiктi қағып Хайдарып кiрiп келедi. Барлығы оны сыйлап, Хайдаров Ашотқа өз есебiнен столды қайта жасауды өтiнедi. Жақсы отырыстың үстiнде ''жолдастарын’’ тегiс туған күнi мен жаңа жыл кешiне шақырады.
Бесiншi көрiнiсте Хайдаров үйiндегi ''өтiрiк туған күн мен жаңа жыл, өтiрiк майор званиясын жуу кешi’’ думанды өтiп жатады. Бастықтарының ''жетiстiктерi мен құрметiне’’ дән риза болысқандары сонша кейбiреулерi ''жаңа жылда масханаға түсушiлер көбейсiн’’ деп те сiлтеп қалысады.
Kелесi көрiнiстегi оқиғада - айықтырғыштағы тiршiлiк әрекетi жүрiп жатады. Масхана медбибiсi мен шомбал қара милиция қызметкерi күнделiктi, жаттанды рәсiмдерiн жасап, қабылдап жатыр. Хайдаров үйiнен ''тойып’’ шыққан жаңа жылды ерте қарсы алушылар «түнгi көбелектей« айықтырғышқа топырлап кезек-кезегiмен түсе бастайды. Алғашқы болып Бақай-почтальон түседi.
С.Жүнiсов ойының әдеттегiден тың шешiмi–айықтырғышқа түсушiлерге өмiрдегi табиғатына сәйкес бiр-бiр «аңдық маска» кигiзiп, арнайы салқын бөлмелерге қаматады. Драматург мақсаты - өмiрдiң бұралаң жолын, iшiп-жеу, халық үстiнен күн көру, жағыну, өтiрiк қылымсу, арандату, басыну т.б. қаракеттердiң бетiн ашу, алдын алу. Пьесаның өмiршеңдiк негiзгi мәнi де осы.
Айықтырғышқа келiп түскен ’’клиенттерге’’ табиғатына сәйкес бiр-бiр маска кигiзедi: Бақай - «қоян», Симулянский-«түлкi», Ашот-«борсық», Бөрiбай-«қасқыр», Фарид-«есек», Олег Hиколаевич-«мысық», Мұрат-«маймыл».
Жаңа жыл алдында ''қызу жұмысты’’ бiр тексерiп шықпақшы болған бастық Орынбасар Амировичтiң де масханаға тап болуы-тосын, ерекше жағдай. Үстiнде қызмет киiмi болғанымен қалтасында еш құжаты жоқ, шомбал қара милиционерге өзiн мойындата алмай (себебi, ешқашанда қызмет бабымен жұмыс орнын араламайтын, кабинетiне ешкiмдi қабылдамайтын тоң мойын) алдыңғылардың соңын алып, «арыстан« маскасына ие болып қатарға қосылады.
Драматург С.Жүнiсов комедиялық шығармасының оқиғасын күлкiлi, ащы мысқыл тартысқа құрып, жаңа жыл қарсаңында ''маскарад’’ ұйымдастырып, көрерменiнiң, қалың қауымның жүрегiне жылы жол тауып, оқиға тартысын, персонаждар әрекеттерiн қоюлатып, бүкпесiз шындықты, өмiрдегi шын келбеттерiн, сиықтарынан хабар бергiзу үшiн, ''бет перделерiн’’ жауып бiр-бiрiне өз аттарынан сырларын айтқызатын тың амал ойлап тапқан.
С. Жүнiсов кеңес заманында халық атынан iшiп-жеушiлердiң, әлеуметтiк теңсiздiк, қызметiн жеке басына пайдаланушылардың шын портретiн сескенбей сахналаған. Пьесаның бiрiншi бөлiмi – кейiпкерлердiң кезек-кезегiмен маска киюлерiмен аяқталады. Шығарманың экспозициясы да толық ашылады.
Екiншi бөлiмдегi оқиға айықтырғыш iшiнде жалғасады. Оқиға тартысы да қыза түседi. Ақ төсектiң үстiнде жатқан «мастар«. Аңдар арасындағы басты әңгiме - ''қоғамда кiм жегiш’’, - деп даурығысып, бәрi ’’Орынбасар Амирович’’ деп бас салысады. Аңдардың бiреулерi қорғаса, бiреулерi керiсiнше жегiштiгiн дәлелдегенсiп, өздерiнше айыптайды. Аңдар айтысы басталады да кетедi. Пьеса шындығы көзiмен қарағанда, аңдар өмiрдегi өздерiн танымай, тiршiлiктегi келеңсiздiк атаулыны ортаға салады. Араларында тек қана қу түлкi Арыстан (Орынбасар) кiрiп келгенде де жазбай танып, асты-үстiне түсiп ''үлкен адам’’, байқап сөйлеңдер деп жылмаңдай отырысады. Ендi «аңдар« өмiрiнен мысалдар келтiрейiк:
«М а й м ы л. Пой-пой! Пой-пой! Бүгiн бүкiл зоопарк көшiп келген бе? Ой, сабаз-ай, айуандардың жатысын-ай!«
А р ы с т а н. Айуаның не, ей?
М а й м ы л. Айуан деген мына сен - Арыстан, сен - Қасқыр, сен - Түлкi, сен - Борсық. Ал, өттерiң жарылып кетсе де! …
А р ы с т а н. Iшкен екенсiң, жұртқа ұрынбай жайыңа тұр, көргенсiз! [“Кроссворд немесе әзiл маскарад”],– деп қай жерде де Арыстанның кеуде көтермек пиғылы қалмайды.
Драматург С. Жүнiсов әр айуанның iшкi жан дүниесiнен де сыр оқытады. Мысалы, «Қоян» (Бақай) - қалалы жерде көп уақыттан берi адал еңбегiмен почтальон., 14 баласымен 4 бөлмелi үйде тұратын iшкiш. Бiр ғажабы қалалық үлкен мекеменiң меңгерушiсi Орынбасар Амировичпен көршi. Өзiнiң көп балалы семья екенiн қалалық әкiмшiлiкке жаза бергесiн, көп қабатты үйдiң үстiңгi этажынан 4 бөлмелi пәтер берген. Әкiмшiлiк жақсылық iстедiк деп, керiсiнше ыңғайсыз жағдайға душар қылады. «Туғалы жеке үйге үйренiп қалған 14 бала, жаңа пәтерге барысымен күнiне 14 рет то далаға, то үйге кiрiп-шығып, топырлайды. Сол, сол-ақ екен, күнiне 14 рет бiр смен, 14 рет екiншi смен ұрыс, айғай-шу басталды да кеттi. ''Балаларың көргенсiз, үйде ұстай алмайды екенсiңдер, несiне табасыңдар жүгенсiздердi»’,–деп Орынбасар Амировичтiң айпара әйелi 28 рет шаңымызды қағады [“Кроссворд немесе әзiл маскарад”].
Айлакер, екi жүздi түлкi: ’’Әрине, күнiне 28 рет қасыңнан дүрлiгiп өтiп жатса, мен жынданып кетер едiм. Қайта Александра Басовна өте көнтерлi, мәдениеттi адам ғой’’,- деп жағынады. Түлкi (Симулянский) - өзiнiң түлкi сипатын айықтырғышта да байқатады. Өмiрдегi қызметi-курорторгтiң қойма меңгерушiсi, бас пайдасына ғана аяқ басатын, қылығы, сөзi, iсi жылтыр, алысты болжағыш, бастық атаулының бетiне қарсы келмейтiн жылмаң. Арыстан (Орынбасар) алғаш масханаға кiрiп келгенде де бәрiнен бұрын жылмаңдап, танып, ''үлкен адам’’ деп отырған айналасына ишара тастауында да үлкен есеп бар. Тiптi '' Ғафу етiңiз, суық тиiп тымауратып қала ма дегенiм ғой, қазiр қалада вирус ’’
Түнгi қонақ -Мысық (Олег Николаевич) -өмiрдегi негiзгi қызметi- студент, болашақ журналист. Айықтырғыштағы әрекетiне кiсi күлерлiк. Маскадағы аңдар өмiрдегi келеңсiздiктердi айтып отырғандаол барлыын қағазға түсiрiп отырады, болашақ шын маман. Айықтырғышқа да тап болуы аяқ астынан. Қаладағы қонақ үйлерде орын болмай (шынында олардың тiлiн таба алмай), түнеп шығар жер iздеп жүрiп, ақыры амалы таусылып «масханаға« келедi. Басында шомбал қара милиционер өз аяғымен келген бейбаққа таң қалып ''аузыңнан арақ исi шықпайды деп’’, оның ''далада үсiп өлемiн ғой, қонып шығайын’’,- дегенiне құлақ аспай қуып шығады. Түнгi қонақ көп ойланбай iшiп келiп ''заңды қонақ’’ болып рәсiмiмен қабылданады. Айықтырғыштың iшiндегi өзара айтыс, ой-толғақтарына куә болып, қанағаттанарлық сезiммен ''аңдардың’’ ой, пиғыл әрекеттерiн қойын дәптерiне түсiре бередi, түсiре бередi.
Маймыл (Мұрат) – музыкант-педагог, үйленбеген, үйсiз-күйсiз, тұрмыстың ауыртпашылығы әбден езiп жiберген бейбақ жан. Айықтырғыш өзiнiң айтуынша тұрақты мекенi, демалыс орны. Алғаш кiрiп келгенде м а й м ы л (Мұрат). ''Пой-пой! Бүгiн бүкiл зоопарк көшiп келген бе? Ой, сабаз-ай, айуандардың жатысын-ай!’’– деп барлығына бiр-бiр тиiсiп өтуiнде үлкен сыр бар. Тiптi мына эпизод езу жиғызбайды. “Айуандар”-деген сөзге намыстанып қалған Арыстанды (Орынбасар), Түлкiнi (Симулянский) былай деп жақсы қатырады.
М а й м ы л (Мұрат). “Биыл жазда курортқа келген бiр профессор осында түсiп қалды. Сол айтады:”Адамдарды өлiм ғана теңейдi”,- деушi едi бұрынғылар, ал бұл кезде “Адамдарды вытрезвитель теңейдi”,- дейдi. Так што, айғайлама, жолдас арыстан! Сен түгiлi профессордың өзi де мына бiзбен тең сөйлескен, әттең ондай кiсiлiгi бар адамдар ендi түсер деймiсiң!”- дегенiнде ащы сыр, ұлт, ұрпақ атына бататын сөз бар.
Маймыл (Мұрат) айықтырғышта күнде жататын үйi болғандықтан да оның үйреншiктi орны, төсегi, аяғына киетiн тәпiшкесiне дейiн бар, сол үшiн қасындағылармен сөзге келуiнде де ащы мысқыл, ауыр ой, салмақ бар. Драматург С.Жүнiсов Мұрат бейнесi арқылы өмiрдегi музыкант-педагогтардың көпшiлiгiнiң үйсiз-күйсiз, айлығы тамағына әрең жететiн халдерiн комедиялық шығармасына арқау етiп, кеңес үкiметi заманында құпия, бәрi жақсы делiнiп келген тұсында да ашық айтып, шындығын әшкерелеп бередi.
Арыстан (Орынбасар) – айықтырғышқа ойламаған жерден келiп түседi. Орынбасар Амирович өмiр тұрмысынан кабинетiнде төрт қабырғаға қарап артта қалғанын бiр түннiң iшiнде сезiнедi, күйiнедi, ерiксiз қатты ойға шомады. Пьесаның әлеуметтiк мәнi де осында. Бастықтың тоң мойыны әбден сiресiп қалғаны сонша, жар бере қоймайды. “Ә” дегенде аңдар айтыс-тартыс диалогтарындағы негiзгi әңгiме арқауы “қоғамда, өмiрде, осы кiм жегiш, iшкiш, пайдакүнем” дегенде, барлық аңдар бiр ауыздан шу етiп “Орынбасар Амирович” деп даурығысады. Оған арыстан кейпiндегi Орынбасар өзiнiң табиғи қалпына түсiп кеткенiн бiлмей шыр-пыр болады да қалады.
“М ы с ы қ (жазып). Тағы бiр тақырып табылды: “Бiзде кiм жақсы тұрады?
Е с е к (ұшып тұрып). Мен таптым. Ол-жаңағы Орынбасар Амирович.
А р ы с т а н. Ай, Есек, саған деген сөз жоқ. Жатпаймысың тыныш қана жайыңа.
Т ү л к i. … Орекеңнiң қандай қатысы бар бұл арада?!
Е с е к. Әй, өздерiң емес пе, жаңа пара алатын адам деген. Пара да ұрлық емес пе?
М ы с ы қ (жазып). Пара алғанын көрдiңiз бе?
Е с е к. Жаңа ғана қоян айтпады ма . Басқа үйлерге ремонт жасамай, оның үйiне жылда жасайды. Тегiн бояу, тегiн сыр, тегiн ремонт…Осындай заңсыз ремонт пара емес пе?” [“Кроссворд немесе әзiл маскарад”].
Орынбасар Амирович бұрын ұрыны сырттан iздеп жүрсе, сол ұрылардың бiрi өзi екен. Яғни, жыл сайын тұрғын үйiне тегiн ремонт жасатып, мемлекет қаржысын шашып келген комхоз бастығының өзiне берген парасы екенiн бiлмей келген. “Айлығынан шайлығы көп, шайлығынан байлығы мол, ұсталмаған ұрылар” деп жазықсыз Хайдаровты күйдiрiп жүрсе, көпшiлiк заттарға зәрулiктi туғызатын да, ұсалмаған ұрыларға жол беретiн де өзi екен. Оған жауапты қасындағы “маскалы-аңдардан”естiп, сезiнiп, ойға шомады. Аңдар өмiрде кiм жегiш, кiм парақор деп айта келiп,
Қ а с қ ы р (табиғатына сәйкес). Әй, Қоян, осының бәрi сенiң кроссвордыңнан шыққан сөздер. Өзi неше әрiптен тұрушы едi?
Қ о я н (Маймылға қарап). Неше әрiп едi?
А р ы с т а н (байқамай). Тоғыз әрiп…
Қ а с қ ы р. То-о-ғыз! Ха-ха-ха!…шаш-лыч-ник!
Б о р с ы қ. Ашуланып, түтiгiп, тапқан екенсiңдер жемқорды…-деп айтыс-талас-тартыс Борсыққа ауа бередi…» [“Кроссворд немесе әзiл маскарад”].
Пьеса шарықтау шегiне жетiп, ''маскалы аңдар’’ сырласуынан шындықтың бетi тырналып, осы болып жатқан, кеткен ақауларға «кiм кiнәлi» деген заңды сауалға тұспалмен, жобамен жауап алғандай болған сәтте айықтырғыш бастығы, капитан Хайдаров үйiнде ұйықтап жатып, небiр ауыр түс көрiп, сандырақтап оянады. Күйеуiнiң жанайқайына ас үйден жүгiре басып келген әйелiн көргенде одан бетер ыршып кетедi. Сөйтсе ұйқылы-ояу күйiнде әйелi қолындағы нан жаятын оқтау – дубинка ұстаған милиционер болып көзiне елестейдi. Жөнiне ендi келген капитан өз қонақтарының түгелдей айықтырғышқа түскенi–тәттi түсiндегi қиялы екенiне қатты қуанып кетедi.
“Кроссворд немесе әзiл маскарад” атты екi бөлiмдi сатиралық комедияның көтерген мәселесi – бүгiнгi өмiрдегi шындық. Қазiргi заманда да айықтырғыштағы оқиға барысы осы сатиралық туындының айналасында. Драматург С. Жүнiсов елiмiздегi iндет – маскүнемдiктiң, халық басындағы трагедиялық халдiң бетпердесiн ашып, көрсетедi. Пьеса авторы көптеген жағдайлардан шетпұшпақтап, ишара тастап, “ойлан, ұрпақ” ұранын да қатар көтерiп отырады. Осы жерде З.Қабдоловтың:”… өмiрдегi келеңсiз, керексiз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсiздiктi, оспадарлықты, мiнездегi мiндi сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдiргi пьеса… күшi - күлкiде, күлкiнiң күшi - шыншылдық пен табиғилықта” [90, 346],- деп айтқаны дәлел.
ҮШІНШІ ТАРАУ



ШЕБЕРЛІК СЫРЫ

Тiл - драмалыќ шыѓарманыњ басты ќасиетiн танытантын ќ±рал. Драма тiлi – характер табиѓаты, кµркем шыѓарма тiлiнiњ жоѓарѓы кµркемдiк сатысы.


Драматургтердiњ жеке шыѓармашылыѓы болсын немесе жалпы ќазаќтыњ драмалыќ туындыларыныњ осы уаќытќа дейiн тiлдiк т±рѓыдан ќарастырылѓан зерттеу ењбектер саны санаулы. 1969 жылы Х.Н±рм±ќановтыњ “М.О.Єуезов драмалыќ шыѓармаларыныњ эмоциональдi-экспрессивтi лексикасы” мен 1992 жылы А.Зекенованыњ “М.О.Єуезовтiњ драмалыќ шыѓармалары тiлi лексикасыныњ квантитативтiк-стильдiк сипаты” атты екi-аќ ќорѓалѓан кандидаттыќ диссертация бар. Осыныњ µзi б‰гiнгi ѓылымныњ ќарыштап даму заманында “олќы” соѓары шындыќ. Б±л жерде жеке драматургтердiњ шыѓармашылыѓына байланысты ќорѓалѓан ѓылыми ењбектерде тек єдеби т±рѓыда талданѓаны белгiлi.
Ғұлама М.О.Әуезов: ” Не халықтық, не көркем әдебиеттiк тiл қазынасының шеберлiк, шешендiк үлгiсiн пьеса танытпаса, ол шығарма көркем шығарма емес, пьесалық материал ғана. Ол-драманың өзiн емес, қаңқасын ғана, схемасын ғана берген еңбек болады” [91] ,- деп, пьеса тiлi - өнер атаулының, оның iшiнде көркем шығарма тiлiнiң төресi деп есептеп, жоғары қойған. З.Қабдолов: “…драмадағы ең басты, ең шешушi, ең негiзгi нәрсе – тiл. Пьесаның күшi де, әлсiздiгi де тiлде; пьесадағы әр сөз мiрдiң оғындай өткiр, көздеген жерге дiр етiп тиердей дәл, көкейге саулап құйылардай таза, мөлдiр, сахнаға мықтап дарығандай мағыналы, түйiндi болады. … әр сөз, әр сөйлем шындықты ғана емес, сол мәндi болып келуге тиiс. Драма тiлi тұжырымды, қысқа сөздi айтқан кейiпкердiң мiнезiн аңғартуы керек; әр адамның сөзi өзiн танытуы керек” [92, 340], - деп, профессор Р.Нұрғалиев: ''Классика тәжiрибесiне үңiлгенде, драма тiлi дегенiмiз негiзiнен ауыз екi сөйлеу тiлiнiң интонациясына, ырғағына бағынады ғой. Драма тiлi – кейiпкердiң жұрт алдында ойлануы, қателесуi, жеңуi, жеңiлуi ғой. Ендеше, жып-жылмағай, жылтыраған, жұтынып тұрған судыр сөз ешқашан пьеса тiлi бола алмайды” [93, 498] ,- десе, ал ғалым Қ.Мәшһүр-Жүсiп: ”…қаламгердiң тiл ерекшелiгi дегенде, оның белгiлi бiр жүйенiң элементi екенiне назар аудару керек. Жеке сөз шикiзат қана, қаламгер оны қалай жұмсайды: мәселе осының төңiрегiнде өрбуге тиiс” [94, 354 ] ,- деген пiкiрлерi шығарма тiлiнiң табиғатын танытады
Мысалы, орыс филологиясы ғылымында драмалық шығарма тiлiне, көркемдiгiне байланысты жалпы және белгiлi бiр қаламгердiң шығармашылығы мен еңбектерiнiң тiлi зерттеу нысаны болып, қорғалған диссертациялар мен арнайы монографиялық жұмыстар бiр шама [95].
Орыстың ұлы жазушысы М.Горький драмалық шығармаларын монографиялық жоспарда зерттеушi ғалым Ю.Юзовский былай дейдi: “Что касается драматургии, где что язык –то характер, что характер – то язык, нет почти ни одной пьесы, в которой Горький не затрагивал бы принципиально темы языка героев, типичности языка целых общественных групп, роли слова в образовании характера” [96, 663].
Р.Нұрғалиев: “Тегi тiлi нашар шығарма өрге баспаса, тiлi нашар пьесаға күн жоқ…” [97, 87] десе, М.Серғалиев:” …поэзия тiлi ұйқас, ырғақ заңдылығына бағындырылса, драматургиялық шығармаларда ауыз екi сөйлеу, сахнада сөйлеу тiлi баса ескерiлетiнi түсiнiктi” [98, 10], -деп пiкiрлер бiлдiредi.
Драмалық туындыларда кейiпкерлердiң iшкi-сыртқы қарым-қатынасын, мiнезiн дәл басып, айқындайтын элемент – кейiпкер сөзi.
Кейiпкер сөзi – драмалық шығармаларда бейне жасау амалын, қаһарманның сөз саптау салмағын, табиғатын танытады. Қазақ филология ғылымында прозалық шығармалардағы кейiпкер сөзiне байланысты әдеби және тiлдiк тұрғыдан қарастырылған зерттеу еңбектерi бар. Көркем шығарманың табиғатын талдау барысында тiлшi немесе әдебиетшi деп бөлiнiп келе жатқандығымыздан өрге баса алмай тұрғанымыз да шындық.
Ал, драмалық шығармалардағы кейiпкер сөзi арнайы зерттеу нысаны болмағанмен, драматургия жанрын жан-жақты зерттеушi әдебиетшi-ғалымдардың, атап айтқанда: М.Әуезов, С.Ордалиев, Ә.Тәжiбаев, Н.Ғабдуллин, Р.Нұрғалиев, театр, драматургия сыншылары Қ.Қуандықов, К.Уәлиев, Ә.Сығаев еңбектерiнде сөз болды.
Ғалым М.Дүйсенов: ''Драматургия шеберлерi кейiпкерлердiң әрбiр сөзiне ой салмағын салған, оның астарлы мағынасына, тұспалдай айтып, нысанаға дөп тигiзетiн өткiрлiгiне айрықша мән берiп отырған. Мұны М.Әуезов, Ғ.Мүсiрепов, олардың өкшесiн басып келе жатқан орта, iнi буындар Т.Ахтанов, С.Жүнiсов, О.Бөкеев т.б. пьесаларының тiлiнен айқын көруге болады’’ немесе ” драмалық шығармалардағы әр кейiпкерлердiң өзiне лайықты тiлi болады. Мұны кейде характер тiлi деп те атайды” [99, 148],- дейдi.
Х.Кәрiмов: ’’Драмалық шығармалардағы бiрден-бiр басым сөз кестесi – кейiпкерлер сөзi де, ара-тұра (бiр шығармада аздау, екiншiсiнде көбiрек) автор сөзi (ремарка) де қолданылады. Бiрақ ол – екiншi дәрежедегi тәуелдi тәсiл (пьесадағы ремарка арқылы ешкiм ешқашан образ жасап, кейiпкерлердiң iшкi жан дүниесiн ашпаса керек). Кез-келген шығармадағы кез-келген кейiпкер тiлiне қойылатын басты талап – кейiпкер сөзiнiң мазмұны мен түрi жағынан кейiпкердiң мiнезiне, психологиясына лайық мәдени дәрежесiне сыйымды, өмiр тәжiрибесiне, өскен ортасына, кәсiбiне, оқиға болып жатқан жағдайға т.б. сайма-сай етiп берiледi, … кейiпкердiң сөзiнен оның мiнезiн тануға мүмкiндiк туады” [100, 11-14],- дейдi.
Сәкен Жүнiсов драмалық шығармалары тiлiнiң бейнелiлiгi, көркемдiк, стильдiк ерекшелiгi турасында айтылған пiкiрлер аз. Мысалы: “Ажар мен ажал” драмасындағы орталық қаһарман “А ж а р д ы ң (Атанға). Бұдан табаны жалпақ он алты жыл бұрын айдалада қалған кемтар жетiмдердi басынып, қорғансыз қызды масқаралап кеткендерiң естерiңде болар. Мен жала жауып, сендей еркектi даулап алуға келгем жоқ. Ұятсыз, арсыз еркектiң құлы - қара бақыр. Ал мен, сенiң қасыңа отыруға да жиренемiн. Әттең, сол күнi өлу қолымнан келмедi. Жазықсыз сәбидiң көрешегi бар шығар. Ендi тiрi жетiмдi шырылдатып, көкпарға салған лақтай созбайлауларың ғана қалды ма. Жеттi қолжаулық қылуларың” [“Ажар мен ажал”],- деген мына ашынған тiлiнен Ажардың қандай кейiпкер екенiн болжауға болады. Немесе “Қызым, саған айтам…” пьесасындағы Р а з ия. Мен сендердi еш жазғыра алмаймын, жазықты өзiм. Ойнақтап жүрiп от бастым. Мiне, мен сот алдында, бар жұртшылық алдында сен кiнәлi атанбасын деп бәрiн ақтардым. Кеш менi.” [“Қызым, саған айтам…”], сол сияқты “Жаралы гүлдер” пьесасындағы
Б а т т а л д ы ң . Мен бе бөтен адам. Сонда менiң шығып тұруым керек болды ғой. Вот тебе на! Менiң кiм екенiмдi бiлесiң бе өзiң? Ә, әлi танымайды екенсiң ғой. Мен Батталмын. Комендантпын. Iсiм сендермен болсын.” [“Жаралы гүлдер”],- дегендерiнен кейiпкер табиғатын тануға тұрады.
С. Жүнiсов драмалық шығармаларында кейiпкерлерiнiң ұлттық колоритiн сақтау үшiн ой-өресi, бiлiм-дәрежесi, ұлтына қарап (орыс, татар т.б) немесе әр кейiпкерлерiнiң ерекшелiк белгiсiн айқындау үшiн тiлiне, дiнiне, табиғатына толық ене отырып, туындыларының көркемдiгiн, бейнелiлiгiн арттырады. Драматург әр туындысын бейнелi, айшықты, оралымды, соны көркемдiк өрнектермен құлпыртып отырады.
Мысалы: ’’Қысылғаннан қыз болдық” атты музыкалық-комедиясындағы ұлты татар С ә н и я н ы өз тiлiнде татаршалатып. Ғадетләнбәсiн дисәгiз, балалар бахшасын нигә ашмисыздар. Бахша ашылми деп, пәрзәнт кутәрмәймiз ба ? Иари онда…’’, “Ажар мен ажал” драмасындағы патша офицерiнiң. Я уж несколько раз слышу из твоих уст о какой-то справедливости. Давай навсегда покончим разговор об этой ненужной вещи. Кстати, она не нужна для этой степи, для степных табунов, бичь – вот тебе справедливости! Понял?!” - дегендерi ұлттық бояуда табиғи болып шығады.
Сонымен қатар жанды-жансыз қуыршақтарға арналған “Жығылып-сүрiнiп, өлiп-өшiп” атты қалжың комедияда қала баласы, орыс тiлдi болып кеткен Моликтiң аузына бiрыңғай қазақ сөздерiн бұрмалатып, акцентпен берiп отырады. Мысалы:
М о л и к. “Өзiм таныңқырамайды, көзiм таныңқырайды”,
“Сiз мен сүйедi айтыңыз”
Мұздай болса да,
Махаббат костерiне күйедi айтыңыз” ,-
дегiзiп, қазақ жастарының басында ұлттық намыстың жоқтығын, болашақта шұбар тiлдiлер жаппай өрiс алып кетуi мүмкiн–ау деп ишарамен бередi. Жалпы, кейiпкерлерiнiң аузына бiрыңғай орысша акцентпен бергiзе берушiлiк песаның көркемдiк құнын жоятыны ақиқат.
С. Жүнiсов орыс тiлiндегi сөздердi қазақшалатып айтқызғанда көбiне комедиялық шығармаларының тiлiнде қолданады. Себебi, ондай сөздер (татар, орыс) комедияда күлкi тудыратын элементтерге көмекшi қызмет етедi. Мысалы: “милитса”, “слышаис”, “нашандiгiң”, “бұғалтыр”, “описер” т.б.
Қазақ драматургтерi пьесадағы кейiпкерлерiнiң есiмiн бұрып, басқа тiлде алулары - негiзiнен комедиялық шығармаларға тән процесс. Қазақ драматургтерiнiң кейбiреулерiнен мысал келтiретiн болсақ, Т.Ахтановтың “Күшiк күйеу” атты комедиясындағы Ботка, Тфренчик, Кубиктер және Сәкен Жүнiсовтың замандасы Д.Исабековтың “Әпке” драмасында кейiпкерлерiнiң есiмдерiн қысқартып алу кездеседi. Мысалы: Кәмила –Кама, Омар –Ом, Темiрбек –Тим, Назила –Наз т.б. соның айғағы.
С.Жүнiсов пьесаларында кейiпкерлерiнiң есiмдерiн орыс тiлiне икемдеп, қысқартып айтқызуы сирек. Атап айтсақ: Молик, Едик, Ашот, Лис.
С.Жүнiсов пьесаларының тiлдiк материалдарымен танысу барысында, автордың өзiндiк ерекшелiк белгiсiн көрсететiн сөздердi жиi ұшыраттық. Мысалы: “жапандағы жалғыз үй”, ”жапан түз”, ”жапанда зар қақсап” т.б. осындай сөздер драматургтiң шығармаларынан көрiнiс берiп, стильдiк, көркемдiк жағынан пьесалардың шоқтығын көтерiп тұр. Мысалы.“Жапандағы жалғыз үйде жалғызсырап, дәрменсiз шошайып қалғаннан өткен мазақ жоқ” [“Қос анар”], “Жиырма жылдан астам жапан түзде жалғыздық тауқыметiн тарттым” [“Қос анар”] , “Жапан түзде, жалғыз үйде тұрып едi ғарiп кемпiр, жетiм қыз” [“Ажар мен ажал”], ”…тiрiдей торға қамап қойған жетiм торғайша күн ұзақ үйде жападан-жалғыз отыратынмын” [“Қызым, саған айтам…”], ”Алла тағала жапанда зар қақсатып жалғыз қалдырды” [“Ажар мен ажал”], “…айбат шегiп, ырылдап, айдалада жападан жалғыз ұлып өтпесе…” [“Кемеңгерлер мен көлеңкелер”], т.б. бiрнеше мысалдарды келтiруге болады.
Драматург С. Жүнiсовтiң сөйлем құрау шеберлiгi де ерекше сипатта, яғни сөздiң нәрлi реңiмен берiп отырады.
Мысалы: “Д ү й с ен. Бүгiнде қорасы толған мал, тасы өрге домалап, мұрнынан құрты түсiп тұрған әлгi, и-и, Әукен ғой қолайлысы” [“Ажар мен ажал”],- десе, Соқыр кемпiр аузымен сөздiң аянышты, эмоциональдi-экспрессивтi реңiмен берiп отыратын кездерi де бар.
С о қ ы р к е м п i р. Балам артында қалғанда, Ажарымның көз жасын нәр етуге қалыппын ба. Үлбiреген жiбегiмдi тұқыл өгiзге қалайша бөстек етермiн” [“Ажар мен ажал”].
Драмалық шығармалар тiлiнiң эмоциональдi-экспрессивтi лексикасын арнайы зерттеушi Х.Нұрмұқанов: ”…драмалық шығармаларда сөздер, сөз тiркесi мен сөйлемдер эмоциональдi-экспрессивтi не экспрессивтi ыңғайда көп жұмсалады” [101,25], - дейдi.
Драмалық шығарма диалогы турасында филология ғылымында зерттеушi-ғалымдардың пiкiрлерi бiр шама.
М.Горкий: ”Сочиняя роман писатель пользуется двумя приемами: диалогом и описаниям. Драматург пользуется только диалогом. Он так сказать, работает голым словом…” [102,7],- дейдi. Ғалым Б.Майтанов:” Драмада диалог теңдесi жоқ қажеттiлiктен туса, прозада оны түрлi авторлық баяндау тәсiлдерiмен алмастыруға болар едi. Драмадағы диалог адамдар ойы мен сезiмiнiң мәңгi қозғалысы, өмiр символы iспеттi [103,244], - деп, Р.Рүстембекова: “Драматургияда негiзгi құрал – диалогтың әсерлi, орынды, ықшам болуының зор маңызы бар екенi белгiлi. Әр кейiпкер сөзiнен оның жеке өзiне тән ерекшелiгi, мiнезi пьесада көрiнiп тұруы шарт” [104,18],- дегендерiне Е.Жақыпов: ”Пьесаға қажеттi компоненттердiң iшiнде ең бастыларының бiрi ширыққан сюжет, шымыр композиция жасау. Бұл пьесаның құрылысы болса, iшi - әрекет пен диалог [105, 134],- деген пiкiрлерден драма диалогының тереңдiгiн, сан алуан қырынан танимыз.
Драмалық шығармадағы негiзгi қолданылатын құрал – диалог. Драмалық шығармадағы диалогтың басты қызметтерiнiң бiрi–адам бейнесiн жасау болып табылады.
С.Жүнiсовтiң пьесаларында диалогтың бiрнеше түрi кездеседi: диалог-айтыс, кекесiн-диалог, диалог-тартыс, астарлы диалог, ұйқасқа құрылған диалог т.б.
С. Жүнiсовтiң диалог құра бiлу өнерiнiң жоғары деңгейлiгiн аңғартады. Бiрiншiден, астарлы, қалжыңы өткiр, күлкi тудыратын элементтерге толы болса, екiншiден, терең философиялы, қаһармандар қақтығысы, персонаждар мiнез-құлқы, қарама-қарсы кейiпкерлер жауаптасуы кезiндегi диалогты көруге болады.
Жауаптасу кезiнде кейiпкерлерiнiң әр сөздерiнен адамның өмiрiн, бейнесiн, әрекет сол кезең дәуiрi толығымен елестейдi. “Қос анар” пьеса-инсценировкасында Қарасай мен оның құдасы Мұқаттың арасындағы диалогтерден кейiпкер тiлiнiң ерекшелiгiн көремiз. Қарасайды құдасы Мұқат сөзбен кемiтсе, Қарасай Мұқатты “алаяқ, қу” деп табалайды…
Мысалды, бiрiншiден, к е к е с i н д и а л о г қ а келтiремiз:
“С ы ғ а н а қ. Сәбе, Сәке, анада газетте шыққан Әуезовтың пьесасын оқыдыңыз ба?
С ә б и т. Дос – бедел досты” ма? Оқыдым. Иә?
С ы ғ а н а қ. Қалай, ұнады ма?
С ә б и т. Жақсы нәрсе. Пьеса жазуда Мұхтардың бiздерден бiр артықшылығы - сахна жүйесiн жақсы бiледi. Театрда iстегенi бар…. Иә, оны неге сұрадың.
С ы ғ а н а қ. Жәй әшейiн, пiкiрiңiздi бiлейiн дегенiм ғой.
С ә б и т. -Не, менен емтихан алайын деп пе едiң?.
С ы ғ а н а қ. -Жоға, академиктен жаман кандидат емтихан алушы ма едi? -Иә, басқаларды түсiнесiз, ал Әуезовтi әлi күнге дейiн түсiнбейсiз. Ол пьесасында сiздiң бейнеңiздi, академик Мұқановтың образын оңдырмай берiптi”
С ә б и т. Не дейдi?! Қой, ондай ештеме сезiлмеп едi ғой” [Кемеңгерлер мен көлеңкелер] немесе,
“Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. -Ә, дәрменсiздiгiңдi мойындай бастадың ба?
К е й i н г i Ж а м б ы л. – Иә, күн өткен сайын мойындамасам да сезiнетiн сияқтымын. Қандай жиын, қандай сауық-сайран, думанды кештерге болмасын – бәрiне қалай жыр арнағанымды өзiм де бiлмей қаламын.
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. - Бұйдасын сүйреткен түйеге ұқсап бара жатырмын десейшi.
К е й i н г i Ж а м б ы л. -Бұйдалы түйе де жаман емес, әйтеуiр бақырып-шақырып көш бастайды ғой, ал мен үйдiң жанына тұсап қойып, керегiнде итi де, құсы да мiне сала шабатын колхоздың жауыр атына ұқсап кетпедiм бе деп қорқам.” [’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’]
“М ұ қ а т. Егiнге күзетшi болмаймысың, қарақшы құрлы жоқсың ба?
Қ а р а с а й. Несi бар, ұлан-асыр даламның топырағына шыққан егiннiң күзетшiсi-ақ болар ем, бiрақ сонау қиырға созылған егiнге көзiм жетер ме?!
М ұ қ а т. Күзетуге көзiм жетпейдi дегенше, өртеуге қолым жетпейдi десейшi. Жарайсың, құда, жақсы ит те өлiмтiгiн көрсетпейдi. Жарайсың, алған бетiңнен қайтпа, хош бол!
Қ а р а с а й. Әй, Мұқат, тоқтай тұр. Атаның аруағын ауызға алып, құран ұстап, тiсiмiзден шығармауға ант етiп ек, Өзiң бастадың, өзiң бықсыттың ертеде қоламтасы сөнген өрттi. Бүгiнде атаның аруағында, құранның жүзiнде не қасиет қалды. Онда көшер алдында… бұл дүниеден, бәрiн айтып ақтарылайын, сен де тыңда?!,- деп жұмбақ сырдың құпиясын ашуға оңтайланады. [“Қос анар”]
Екiншiден, а с т а р л ы д и а л о г көрiнiсi:
С ә б и т. …Сiз Мұхтарға қосылғалы неше жыл? Содан берi…
В а л е н т и н а. Қонбайды, лингвистикалық қабiлетiм нашар-ау тегi.
С ә б и т. Жоқ, құлық жоқ қой. Әйтпесе, ана бiр жылдары келген немiс, шешен, ұнғыштардың кемпiр-шалдарынан балаларына дейiн, тез арада-ақ қазақшаға судай боп кетпедi ме? Солар, құдай бiледi, лингвист те, полиглот та емес. Сонда қалай? Ағамыздың өзi, бiлiмi, гонорары, Әуезовше айтқанда, бәрi-бәрi керек болғанда, солардың бәрiн-бәрiн тауып отырған жалғыз тiлi қажетсiз болғаны ма?!»
Үшiншiден, д ә р м е н с i з д и а л о г көрiнiсi:
Бұл диалог түрi-Мұхтар Әуезов пен кафедраның секретарi Дәмелi арасында өрбидi. Мысалы:
«М ұ х т а р (сағатына қарап). Сәлемет пе Дәмелi, журнал қайда, студенттердiң журналы?.
Д ә м е л i (жыламсырап). Мұха, сiз…лекцияға бармай-ақ қойыңызшы…!
М ұ х т а р. Бармай-ақ? Неге?!.
Д ә м е л i....Сiзге ендi…КазГУ-де лекция оқуға рұқсат жоқ...!
М ұ х т а р. Рұқса-ат?! Пәлi, неге? Кiм менiң азаматтық хақыма қол сұғушы? Кiм ол? Менiң арым таза. Менiң ұстаздық стажым да, ғылыми атағым да, бiлiм деңгейiм де лекция оқуға еш күмән келтiрмейдi.
Д ә м е л i. Сiз,…естiген жоқсыз ба? Кеше … Е.Ысмайыловты, Қ.Жұмалиевтi, Е.Бекмахановты қамауға алып кетiптi…»[“Кемеңгерлер мен көлеңкелер”]
Төртiншiден, ұ й қ а с қ а құрылған диалог көрiнiсi:
М о л и к. Сiз олай мазақ етпеңiз,
Сөз шетiне жетпеңiз,
Ж ұ м а ш. Оу, ол неғылған шет, неғылған мазақ?!
М о л и к. Әрине, ауыл қызын алу –
Бiзге, как говорится, азап .
Ж ұ м а ш. Қы – ыз?.
М о л и к. Иә, қыз.
Әрине, кемпiр емес, бiр қыз.
Ж ұ м а ш. Оу, мен жүз сом мен
Мың сом ақшаның арасын айтып тұрсам.
Сен жүректiң жарасын,
Махаббат шарасын айтып жүр екенсiң ғой.
М о л и к. Ақша-а?
А-а, гонорар?! Керек жоқ,
Ауыл қызы керек. [«Жығылып–сүрiнiп...өшiп»]
«С ә к е н. -Кiшi есек үстiнде үлкен кесек ақын отырғанын бiлмеген ғой.
Ж а м б ы л. -Жоқ, олар келемеждеп есек мiнген ақынды көздерiне iлмеген ғой. [“Жамбылдың даңғыл,...жолдары”]
Бесiншiден, д и а л о г - т а р т ы с көрiнiсi:
Ж ұ м а т а й. Өзiң түстiң бе қолға!
А ж а р. Жұматай!
Ж ұ м а т а й. Дәл таныдың, Жұматаймын. Өзiң өлтiрген Атанның ұлы Жұматаймын. Иманыңды айта бер!
А ж а р. Жоқ, иман айта келгем жоқ. Дәтiм бар айтар”
Ж ұ м а т а й. Айт, тез ! [“Ажар мен ажал”]
Қ а р а к ө з i л д i р i к т i. Сен әлi де қоймадың ба?
М ұ х т а р. - Ойлашы өзiң…
Қ а р а к ө з i л д i р i к т i. - Мен түк те ойламаймын. Ойлауға тиiстi емеспiн.
М ұ х т а р. -Сен де өзiндiк ақыл-ойы бар адам емеспiсiң?
Қ а р а к ө з i л д i р i к т i. Мен - қызметкермiн.
М ұ х т а р.-Егер қоғамдағы бар қызметкер осылай жұмыс атқарса, жетiскен екенбiз”. [“Кемеңгерлер мен көлеңкелер”]
Бұрынғы Жамбыл мен Кейiнгi Жамбылдың диалогы – ескi мен жаңаның айтыс-тартысына құрылған. Бұл жерде классик ақын С.Торайғыровтың ’’Айтыс: қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны” атты диалогқа құрылған дастанын еске түсiредi. Мысалы:
“Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Үстiңе жапқан шүберекке, төсiңе таққан сөлкебайға несiне мәз боласың. Бұрын шен тағып, шекпен кигендi ащы тiлiңмен түйреп сөгушi ең, бүгiнде қалай көне қалдың?
К е й i н г i Ж а м б ы л. Көнсем–еңбегiмнiң еш болмағаны, соның жемiсi шығар.
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Алданып қалған жоқсың ба?
К е й i н г i Ж а м б ы л. Алданғаны несi! Алданатын бала ма екем?
Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Алданбасаң кеңес үкiметiнiң жарқын жағы мен салқын жағын неге қатар айтпайсың. Әдiлет қайда, әдiлет?! Кешегi 30 – жылдары қалай күн көрдiң. Қырғыз ағайындарды паналап, қотыр атыңды сабалап, аштан әрең өлмей қалмап па едiң. Бүкiл қазақ ағайының аштықтан басы iсiп мәңгiп, тым-тырақай жан-жаққа қаңғып кетпеп пе едi. бар қазағыңның жартысынан көбi осы кеңес үкiметi тұсында аштан қырылып өлмеп пе едi. Бүгiнгi жеген есепсiз наныңа ендi мәз болып шалқақтайсың келiп …
К е й i н г i Ж а м б ы л (айғайлап). - Жеттi. Оны басқалар айтсын…Мен ендi тоқсанға келген шағымда сақалды басыммен жақсылықты көрмей, жамандықты айтуға дәтiм бармайды. Қалған өмiрiмде жақсылықты ғана айтып өтем !”
[’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары’’]
Алтыншыдан, д и а л о г – ю м о р:
М ұ қ а т. …“Мысыққа да бiр күн той” дейдi. Мә iш, iш! Әлгi құда мұны адам санатына қоспайды. Әттең менiң қолымда болсаң, қонақ атаулыдан қалдырмай, қасыма алып жүрер ем. … Әйел неге алмайсың?
Д и к ә й. Ағатайым әперем деген. Сiздерде басы бос әйелдер көп пе?
М ұ қ а т. … Қатран дегеннiң қырыққа келген қызы бар. Бес байға тиiп шықты. Соны әперем, егер мен барғанша бiреуге кетiп қалмаса. Әй, бәрiбiр ол кеудесiнде жаны болса қайтып келедi, қорықпа” [’’Қос анар’’]
“Диологическая речь–это взаимное общение, при котором активность и пассивность переходят от одних участников коммуникации к другим, главное же – высказывания стимулирую предшествующими, выступая в качестве реакции на них” [106, 96] ,- деп, түйiлген ойда шындық мол.
Сонымен қатар С. Жүнiсов - монолог құрудың да шеберi.
Монолог - кейiпкердiң iшкi жан дүниесiн ашуда қызметi зор көркемдiк құрал. Прозадағы монолог пен драмадағы монологтың айырмашылығы бары белгiлi. Орыс филологиясының ғалымдары Г.Винокур монологтың 3 [үш] түрiн [таза драмалық, эпикалық сипатты, лирикалық], ал, В.Виноградов 4 түрiн [сендiрмелi реңктегi, шешендiк сөздiң жұпыны формасындағы, лирикалық, драмалық, хабарлаушы сипаттағы] деп ажыратады.
Драмалық туындыдағы монолог–пьесаға қатысушы орталық қаһармандарының iшкi-сыртқы жағдайынан хабар бергiзетiн, кейiпкерлердi толғанту амалы. Сахнадағы монолог көпшiлiк алдында орындалады, бiрақ жанындағы кейiпкер естiмегендей жауап қатпайды. Кейiпкерлерi өздi-өзiмен толғанып күй кешедi. Монолог - үлкен мағына беретiн амалдардың бiрi, кейiпкердi сөйлету тәсiлi.
В.Е.Хализев: ”Монологи и диалоги – это выразительно значимые высказывания, своей структурой активно выявляющее сознание говорящего. Монологический или диалогический характер имеют не только высказывания действующих лиц (в жанрах эпических и драматических) и лирических героев, но и речь описательно-повествовательная” [107, 11],-деп түйгеді.
С. Жүнiсов “Ажар мен ажал” инсценировка-пьесасындағы басты кейiпкерлерi - дәрменсiз Соқыр кемпiрдiң, қайсар әйел Ажардың, ынжық Бөпiштiң және “Қызым, саған айтам…” драмасындағы әкелi-балалы Жәкудә мен Шарипаның iшкi-ойтолғақтарынан кейiпкерлерiнiң жан-дүниесiн, табиғатын танытады. Мысалы:
“С о қ ы р к е м п i р (зират басына келiп). О, боздақтарым, жатырсыңдар ма. Мен де келдiм сендерге, қастарыңнан орын бер. Кiнәлiмiн алдарыңда. Кешiрiңдер. Кешу сұраймын, жапан түзде қалған мүсәпiр екi жетiмек едiк. Қозымнан айырылдым. Сақтай алмадым. Кешiрiңдер. Сорлы басым өзiм едiм шыға ғой деген. Кешiрiңдер қайтейiн. Алла тағала жапанда зар қақсатып жалғыз қалдырды. Ендi сендермен мұңдасып, сендерге шағынбасам, зарымды тыңдар, қарманар ешкiмiм қалмады. Не деген ит жанды жансебiл едiм сүйегiмдi сүйретiп тiрi жүрген. Келдiм өздерiңе. Тым құрмаса бiр арада жатайық. Ал, тәңiрiм, ең соңғы тiлегiмдi бере гөр, мен де жер жастанайын, бере гөр тiлегiмдi” [“Ажар мен ажал”],-деп зарланғаны монологтың шағын шешендiк үлгiсiнде болып шыққан.
Б ө п i ш (жалғыз). Сен үшiн. Не аяйын. Әттең қолым қысқа, қайтейiн. Қырқа матап беретiн малың болмаған соң, көрген күн осы. Менiң жасымдағы байлардың екiден, үштен әйелдерi, қаншама үрiм-бұтағы бар. Шiркiн-ай, әрқайсысына ара қонып, шалжи-е-еп жатады-ау олар…(ойланып). Әй, бiрақ қойшы, шын емiренiп сүймеген соң, несi қызық. Ажаржанның бiр өзi ғой он әйелге бергiсiз. Әттең, қолыма түссе, өле-өлгенше алақаныма салып, мәпелеп өтер ем-ау” [“Ажар мен ажал”].
Ж ә к у д ә. Жер ортасы жасқа келгенде жұбайым қайтыс болды. Сый-сырына, мiнез-тұрғысына бұрыннан қанық осы Шарипаның анасымен қосылдық. Жар жаңартып, төсек жаңғыртып жасарайын деп қосылғам жоқ, тұзымыз жарасқан соң төрт кiшкентайымен бiрге алып, тату-тәттi өмiр сүрдiк. Ол да қайтыс болды. Ендi жар iздеп желiккеннен гөрi жетiмдердi жеткiзгендi абзал көрдiм. Өстiп жүрiп, өз жастығымның базары тарқағанын, Шарипаштың көктемiнiң келгенiн байқамай қаппын. Әттең не керек, Шарипа жұрт көзiне түспей дара өскен жабайы алма ағашы сияқты… Әлгi Құмарлар жемiсiн жегiсi келедi…”
[“Қызым, саған айтам...”]
Сәкен Жүнiсов Ажар монологын ақ өлең үлгiсiмен де келтiрудi мақсат еткенiн көремiз. Мысалы:
А ж а р. Қаны қара адам келiп, зұлымдықпен сәби тәнiн жаралап, арына өшпес дақ салды. Кәрi емендей күнi бiткен ғазиз ана - қарт ана жауыздыққа шыдай алмай морт сынды. Тал шыбықтай майысқан қыз қайысса да сұмдықтан, кiнәсiз жас нәрестенi перiштедей жебедi де өмiрi, жеңдi ажалды, тiрi қалып он бесiнде ана болды, қос түйiншек, қос анарға ақ бiтiп, ақ сүтiмен жетiлдiрдi перзентiн. Жетiм жүрдi, жесiр жүрдi, көлденеңге алабұртпай көңiлi талай жылдар арқаға сап асырады перзентiн” [“Ажар мен ажал”].
“Монологическая речь–не требуя чьего-либо безотлагательного ответа и протекая независимо от реакци воспринимающего, свободно реализуется в форме как устной, так и письменной” [108, 96], - делiнген пiкiрдi бiз де өз тарапымыздан қуаттаймыз.
Ақ өлең-поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалардың табиғатына тән құбылыс, түр. А.Ысмақова: “Ақ өлең - яғни, тармақтардың соңындағы сөздердiң дыбыстық тұрғыда үйлеспеуi, қабыспауы, ұйқастың белгiсiз қалыпта [“ақ” күйiнде қалуы] бұл өлең үлгiсiн “ақ өлең” атауға себеп болған. Әуелде драмалық, эпикалық жанрларда пайдаланылған ақ өлең, У.Шекспирдiң, Дж.Мильтонның туындылары, кейiннен романтикалық эллегияның, лирикалық еркiн өлеңнiң өлшемiне айналады. А.С.Пушкин “Борис Годунов”, “Кiшкентай трагедиялар” сынды драмалық шығармаларында ақ өлең формасын пайдаланды” [109, 36] ,- дейдi.
Ғалым С.Негимов: ”Қара сөздi ақ өлең үлгiсiне салып, тақпақтатып, түйдектете, шешендiкпен төгiлту - қаһарманның басына iс түскен сәтте, шын қысылған кезiнде ағытылатын табиғи қалыпты жағдай” [110, 208],- деп айтқанына қосылу орынды. Себебi бұрынғы өткен замандарда би-шешендер ел басқару, дау айту, өнеге көрсету, т.б. қоғамдық iстерiнде қара сөздi қарша боратып, төгiлтiп отырған.
Ә.Тәжiбаев: ”Драманың алдымен поэзия болуы қажет екенiн өмiр көрсетiп келедi. Антикалық классиктерден бастап Шекспир, Мольер, Гете, Шиллер, Пушкин, Грибоедев, Маяковскилерге дейiн драмалық шығармалардың өлеңмен жазылу керектiгiн әбден растаған сияқты. Европалық классик драматургтердiң ақ өлеңмен жазылған трагедиялары сияқты өзiмiздiң ұлттық-қазақ трагедияларын жазуымызға өлеңдiк әдемi түрдi тағы да халық поэзиясы бердi” [111,47],- дегенiнен де ақ өлеңнiң драмалық шығармалардағы салмағы айқындала түседi.
Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Мүсiрепов, Т.Ахтанов, С.Жүнiсов, т.б. өз бастарын ешқашан да ақынбыз деп атамағанмен прозалық шығармаларында, пьесаларында ақ өлең үлгiсi, ырғағы, әуенi, ұйқасы ерекше.
Ұлы М.Әуезовтiң “Айман-Шолпан”, “Бекет” туындылары, Ғ.Мүсiреповтiң “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, Ақан серi -Ақтоқты” трагедиялары негiзiнен ақ өлең үлгiсiмен жазылған. С.Жүнiсов пьесаларында ақ өлең формасына салу, ырғақ түзу, ұйқасқа құру, шешендiкпен төгiлту, тақпақтата жөнелту орнымен, қисынды жерiнде кездесiп отырады. Мысалы:”…түйедей бақырып//, аруағын шақырып//, он екi терiн төгiп//,..”, “қол ұстасқан,// жүрек қосқан,// бiлек қосқан..//” [“Қызым, саған айтам…”] т.б…жолдар келтiруге болады.
“Қызым, саған айтам…” драмасындағы басты бейнелердiң бiрi –сауыққой Құмардың шалқып-тасып, қыз-қырқындарға шығарған “Балтыр” атты сықақ өлеңi немесе жанды-жансыз қуыршақтарға арналған “Жығылып-сүрiнiп, өлiп-өшiп” атты екi актiлi қалжың комедиясы ақ өлең түрiнде, поэзиялық тiлге бiткен деуге толық негiз бар. Осы жерде М.Дүйсенов: ”Болмысында прозаик, драматург жазушылар драматургияларында поэзияның қажеттiгiн жақсы таныды да, лирикалық сезiмдердi шебер бере алады” [112, 25],- деп дұрыс шешiм жасайды.
Қазақ драматургиясында М.Әуезов, Ғ.Мүсiрепов, Т.Ахтанов т.б. проза жанрынан бастап шығармашылықтарын ұштаса, С.Жүнiсов те осы топтың соңын жалғастырушы.
Прозашы-драматург пен ақын-драматургтiң айырмашылығы бары белгiлi. Прозашы-драматургтiң драма жанрындағы кейбiр критерилерге ерте төселетiнi, диалог-монолог құруға, оқиғасын тартысты, шиеленiстi етiп драма жанрына сай келтiруге бiр табан жақын болады .
Сәкен Жүнiсовтың драмалық шығармаларында шешендiк өнердiң кейбiр өрнектерi орынды қолданыс тапқан. Ғалым С.Негимов:” Шешендiк өнер көркем әдебиеттiң көсегесiнiң көгеруiне қызмет ететiнi белгiлi. Ағылшынның ұлы драматургi Шекспир трагедияларындағы антик дәуiрдiң қайраткерлерi ежелгi риториканың өкiлдерi болып саналады” [113, 13-141-136],- дейдi. Филолог-ғалым М.Серғалиев: “Қайталамалардың қызметi әр түрлi болып келедi. Олар-қайталап сұрау, қарсылық бiлдiру, бiр жағдайға көңiл бөлгiзу, т.б. секiлдi қызмет атқарады. Ремаркадағы қайталама - кейiпкердiң iшкi жан дүниесiнiң ерекше бiр хабары түрiнде болып келедi” [114, 5] ,- деген пiкiрi орынды. Мысалы:
С о қ ы р к е м п i р. О, жасаған, мынау тағы зарлады, зарла, зарла. Сен түзде зарла, мен үйде зарлайын. Аңырайық екеуiмiз қосылып”,-дегенi мысал бола алады.
Теңеудiң де сирек түрлерi кездеседi. Мысалы: “Ендi, мiне, сабынның алқындысындай тозған адаммын”.
С.Жүнiсов драматургиясының көркемдiк салмағын тереңдетiп тұратын басты қасиеттерiнiң бiрi – драматург тiлiнiң поэзиялық қасиетiнде. Кейiпкерлерiнiң психологиялық хал-күйiне сәттi үйлесiм тауып, құлпыртып, өлең өлкесiнде жүздiртедi. Мысалы: Қ ұ м а р. //Ақ боранда// қой орнында,// садақ мойын ақ Аққуым,// салып жүрсе ән гәккуiн,// түсер едiм,// кетер едiм //жалғыз соның соңында. //Сонда Аққу үлбiреген ақ төсiмен аймалап,// қанатымен желбiреген құшақтап,// асылар ма ед темiр төске,// мойныма//. Ақ боранда// талмай, шiркiн//, шүберекке түйiп жанды//, о дариға//, аққуымның түсер едiм соңына// ! Өлiп кетсем//, мүрдем кетсем//, арманым жоқ ақ құсымның жолында// ! [“Қызым, саған айтам…”] , - деп шалқып, тасиды.
С.Жүнiсовтың жанды-жансыз қуыршақтарға арналған “Жығылып-сүрiнiп, өлiп-өшiп…” атты екi актiлi қалжың комедия басынан соңына дейiн ақ өлең үлгiсiмен жазылған. Бұл пьеса “Қысылғанннан қыз болдық” атты сатиралық комедияның негiзiнде туғаны белгiлi. Пьесаның басты кейiпкерлерi Ыбырай ДЖүндiбаевичтiң совхоздың көркем өнерпаздар құрамын зорға жинап алу кезiндегi Жұмашпен араларындағы диалогтары күлкi тудырады. Мысалы:
Ж ұ м а ш. Иә, астананы таң қалдыру үшiн –
Бiздiң ансамбльде тек қыздар ғана болады.
Сонда бiрiншi орын да болады,
Не керек, бәрiнiң де орны толады.

Д и р е к т о р.


”Әй, қошақаным, лағым,
Осы әнсәмбльдiң өзiн зорға құрап-сұрадым.
Декреттегi бұғалтыр Марияны да,
Аспазшы Сәнияны да,
демалыстағы қызым Тәрбиенi де,
участковой Алтынбектi де,
Жұмыссыз жүрген жалқауларды,
Пенсиядағы ауру-сырқауларды
бәрiн жинадым,
Жандарын қинадым,
Әйтеуiр, бәрiнiң басын құрадым,
Адам саған балалап
Шығатын кәртопия ма, сәбiз бе ?!
Ендi, басымды қатырма, шырағым !

Ансамбль жетекшiсi Жұматтың ойлап тапқанына совхоз директоры қанша қарсы болғанымен, айналып келiп айтқанынан шыға алмай, орындап жатады. Драматург С. Жүнiсов пьесада кейiпкерлерiнiң аузына романтикалық сарынды да салады. Мысалы:


Ертең, ертең,


Астананың төрiнде,
Алатаудың бөктерiнде,
Кiлем түстес жерiнде,
Қызыл, жасыл, ақшыл,
Сары көбелектей….
Айдын көлдiң ерке құсы-
Аққу, қаздай сыланып,
Тамсандырыпбар жұртты,
Таң қалдырса
Бiздiң совхоз қыздары.
Бар жазуда,
Бар ауызда сөз боп жатса,
Бiздiң совхоз өнерi.
Сонда аспақ, көтерiлмек,
Кiмнiң елi, кiмнiң жерi,
Кiмнiң артпақ мәдениетi, беделi?!
Сәкен Жүнiсовтің шығармашылық бiр ерекшелiгi: белгiлi бiр комедиялық шығармадан (“Қысылғаннан қыз болдық”) екiншi бiр өлең жолдарына құрылған комедиялық пьеса (“Жығылып-сүрiнiп, өлiп-өшiп”) тудыруы қазақ драматургиясындағы ерекше құбылыс, инсценировкалаудың бiр тың түрi.
С. Жүнiсов – тiл өнерiнiң майталман шеберi. Зерттеушi Б.Қайымова “Ақан серi” роман-дилогиясынан “Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiнде” шешiмiн таппай жүрген бiрнеше жаңа сөздердi қолданысқа айналдырғанын жазған болатын [115].
Суреткер тiлiнiң шеберлiгiн айтқанда драмалық және прозалық шығармаларының тiлiн ажыратып айтудың қажетi жоқ. Әсiресе, кесек прозалық туындыларында сөйлем құрау шеберлiгi басым.
Сәкен Жүнiсов драмалық шығармаларының тiлдiк бейнелiлiгiн арттыра түсуде көркемдiк құралдарының бiрнеше түрiн орнымен қолданғанына көз жеткiзуге болады. Әсiресе, метафора, метонимия, эпитет, синекдоха, теңеу т.б. троптың түрлерiн көптеп кездестiремiз.
’’Метафора, ауыстыру (грек.metaphora-ауыстырып қою) - екi нәрсенi, құбылысты салыстыру және жанастырып-жақындату негiзiнде астарлы тың мағына беретiн бейнелi сөз немесе сөз тiркесi. Көркем әдебиетте үнемi қолданылып отырады. Ол-сөздiң бейнелiлiк, суреттiлiк қасиетiн арттыратын тiл құралдарының бiрi [116, 227].
Метафора - Сәкен Жүнiсовтің драмалық шығармаларда басқа көркемдегiш құралдармен салыстырғанда көзге жиi түсетiн троптың ерекше бiр түрi. Драматург қаһармандарының аузына сөздердi мағыналы, орынды, ажарлы беруде жиi қолданған. Мысалы:
Ж а м б ы л. -Пау, деген! Мен сонда сая-бақтарыңда дамылсыз сайрайтын бұлбұлдарың болдым ғой [“Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары”].
С о қ ы р к е м п i р. Қайда жiбердiңдер жетiм қозымды, бiрге шығып едi ғой” [“Ажар мен ажал”].
Ж а м б ы л. Бүгiн көптен жоламай кеткен жолбарысым келiп, көлденең түсiп жатты [“Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары”]
С а р ы ж о р ғ а. Ойбай, ана сұр жыланның өзi келе жатыр [“Ажар мен ажал”]
Б а т т а л. … мен немiстерге көзiмдi садақаға берiп келген жоқпын. [“Жаралы гүлдер”]
К ө с е /Ажарға/. Бiз сияқты қаратабандар әлi де әлсiз [“Ажар мен ажал”].
Қ а т а й. Бiр кезде Атанның мойнына ұйыққан қаншықша өзi келiп асылып едi [“Ажар мен ажал”].
С о қ ы р к е м п i р. Иә, Сұлтанымнан қалған жалғыз көз ғой [“Ажар мен ажал”].
С о қ ы р к е м п i р. …Сайраған тiл болмаса, тiрi өлiкпiн [“Ажар мен ажал”].
С ә к е н С е й ф у л л и н. Мына жаңа үй – совет үкiметiнiң сiзге жапқан шапаны [“Кемеңгерлер мен көлеңкелер”] және т.б. мысалдардағы метафоралы сөздер мен сөз тiркестерiнiң орнына драматург баламасына лайық сөздердi алып қолданатын болса, алғашқы мағынасынан қуат, ой, бейнелiлiк қасиеттерi әлде қайда солғын тартқан болушы едi.
С.Жүнiсов пьесаларында метонимия да аз ұшыраспайды. Өйткенi, метонимияның кейiпкерлердiң бiр-бiрiмен жауаптасу, тiл қатысу, сөйлесу ыңғайында жұмсалуы басымырақ. “Метонимия (греч. metonymia, - переименование), вид тропа, в основе которого лежит принцип смежности. Как и метафора, вытекает из способности слова к своеобразному удвоению в речи номинативной функций; представляет собой наложение на переносное значение слова его прямого значения [117,219].
Мысалы:
“С ә б и т. Қайдам… Әлгi Ғабит, қазiр осы араға келмекшi едi. Сол айтады: Мұхтар сенен жасы да үлкен, әдебиетке де бұрынырақ, ширағырақ келдi” [“Кемеңгерлер мен көлеңкелер”].
Р а з и я. Баратын қойыңа өзiң бар. Мен қой емеспiн, қойшы да емеспiн [“Қызым, саған айтам…” ].
Ж а м б ы л. -Сендер жазықсыз құс емес, адамды да атып тастайтын қара жүрек екенсiңдер [“Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары”].
С ә б и т. Ә, менiң мылтығым мүмкiн қосауыз шығар [“Кемеңгерлер мен көлеңкелер”].
Б а т т а л. Өй, өгiздiң қасиетiн бiлмейтiн бұзаулар. Бiз кеше осы қазағымның өгiзiмен ту-ту майданға дейiн барғанбыз [“Жаралы гүлдер”].
М ұ х т а р. Сiздiңше, Кеңес үкiметiндегi неше миллион партияда жоқтардың бәрi қылмыскер ме сонда ? [“Кемеңгерлер мен көлеңкелер”].
Ж а м б ы л. …Әлгi көптен келмей кеткен жолбарысым келiп [“Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары ”].
Б а л т а ш. Төбеңнен тесiк шығарар едiм [“Жаралы гүлдер”].
Қ а с ы м. Не үшiн дерiңiз бар ма. Қазiр үндеместер жабам десе жаба салатын көрiнедi [“ Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары ”].
Алмастыру құбылысына көптеген, әр мағынадағы мысалдар келтiруге болады. Егер сол тура мағынада алғанда “қой”, “қара жүрек” т.б. еместiгi контекстiң көмегiнсiз-ақ ұғынуға болады. Алмастырудың драмалық шығармадағы жұмсалу салмағы – троптың басқа түрлерiмен салыстырғанда жоғары деңгейде екенiн дәлелдей түседi.
“Айқындау, эпитет (гр.epitheton-қосымша) - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суреттi сөз. Эпитетсiз тiптi айтарыңды анықтау, сүреттеп отырған нәрсеңдi нақтылау қиын» [118, 225].
С.Жүнiсов пьесалары тiлiнде айқындау кездеседi. Мысалы: Б ұ р ы н ғ ы Ж а м б ы л. Бүйте берсең, бiр қалыпқа, бiр сорапқа түсiп, даңғыл Жамбыл, даңғой Жамбылға, алып Жамбыл - қалып Жамбылға айналып кетесiң -ау деп қорқам. Әйтеуiр даңғыл жолыңнан – тарғыл жолың көбейiп кетпесiн… [«Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары «].
С ы ғ а н а қ. Тiрi болсаңыз көресiз. Сiздi қара кесек, то есть қарадүрсiн жазушы дейтiндер шыға бастады [Кемеңгерлер мен көлеңкелер].
С ә б и т. Сен кiшкентайыңнан ойының осылғыр бала едiң [Кемеңгерлер мен көлеңкелер].
А ж а р. Жапан түзде жалғыз үйде тұрып едi ғарiп кемпiр, жетiм қыз [«Ажар мен ажал«].
С о қ ы р к е м п i р. О, шұнақ құдай, өз басынғаның аздай ендi… [«Ажар мен ажал»].
Ж а м б ы л. …Құдай бұйыртса, бүгiн бiр Алатаудай заңғар, Балқаштай кең дария жыр туайын деп тұр« сияқты теңеулi эпитеттерде кездесiп отырады [«Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары»].
Қ ұ м а р. Ақ боранда қой орнында, садақ мойын ақ Аққуым…үлбiреген ақ төсiмен аймалап,…асылар ма ед темiр төске, мойныма [«Қызым, саған айтам…»].
Б а т т а л. Онысын қайдам, бiз тұра қаштық, пулеметпен атқылап немiстер де шәуiлдеп қуып келедi [«Жаралы гүлдер «].
С ә б и т. - Несiне күлесiң, Мұхтар. Сен сияқты қолы ұзын әкем болып, Москва, Ленинград, Ташкенттiң оқуын тәмәмдасам, көрер ем [Кемеңгерлер мен көлеңкелер].
”Теңеу- заттың, құбылыстың ерекше белгiлерiн көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейдi’’ [119, 227]. Мысалы:
Р а з и я. … Әлде мына алақандай екi бөлмелi үйдi, қаңқайған ағаштарды қимай жүрмiсiң. …соңғы рет көзiме құбыжықтай көрiнiп үйде отырмасаң екен… [«Қызым, саған айтам…»].
А ж а р. Торға түскен торғайдай жалғыз әйелдi өлтiрерсiң” [«Ажар мен ажал»].
С о қ ы р к е м п i р. …жалғызымның жұдырықтай жүрегiн табаққа салып көрiнгенге тартар жайым жоқ [«Ажар мен ажал»].
А қ л и м а. Дәуде болса, бiр жiгiттiң алтын асықтай әйелiсiң [«Ажар мен ажал»].
Сонымен қатар теңеудiң де сирек түрi кездеседi.
Р а з и я. Ендi, мiне, сабынның алқындысындай тозған адаммын” [«Қызым, саған айтам…»].
Драмалық шығармаларда жиi кездесетiн көркемдегiш құралдардың бiрi – эллипсис. ''Эллипсис (гр. түсiрiп тастау, аттап айту)-…түсiнiктi кейбiр сөздердi әдейi жазбай тастап кету'' [120,251].
Бұл құбылыстың Сәкен Жүнiсов пьесаларында да көрiнiс тапқанын көруге болады. Мысалы:
«Қ а т а й. Атан, қалай екен?
А т а н. Былай өңдi… көрiктi екен…
Д ү й с е н. Шеше-ау, ашынған соң айтасыз ғой. Әйтпесе…Одан да қайла жасамайсыз ба,…’’[«Ажар...ажал»].
''Меңзеу, синекдоха – алмастырудың бiр түрi, бүтiннiң орнына бөлшектi немесе керiсiнше, жалпының орнына жалқыны немесе керiсiнше қолдану'' [121, 237]. Мысалы:
Ж а м б ы л. Әй, қаракөзiлдiрiк, сен менi қорқытпа. Өлең нашар болса, сақалыма қарамай ұрсыңдар, сөгiңдер [“Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдары”].
С о қ ы р к е м п i р. Ендiгi бар сүйенерiмiз жалғыз сиырдың төрт емшегi едi. Ертең аузымыз аққа тие ме деп отырғанда оны да қағып әкеткендерi сұмдардың айласы екен [«Ажар мен ажал»].
Академик З.Ахметов: “Портрет (Portrait - бейнеленген) - әдеби кейiпкердiң сырт көрiнiсiн, кескiн-кейпiн, бой-тұлғасын суреттеу. Кейiпкердiң мiнез-бiтiмiн, характерiн неғұрлым толық ашып көрсету үшiн оның портретiн мүсiндеудiң де үлкен мәнi бар. Кейiпкердiң характерiн әр түрлi жағдайда, күрес-тартыс үстiнде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы, өзiнiң әрекет-қимылдары, iстеген iстерi арқылы айқындай отырып, жазушы портреттiк сипаттауға да көңiл бөледi” [122, 270], - десе, ғалым Гүлнар Сәрсеке: ”Портреттi мазмұны мен формасына қарай ажырату бар,- деп, ары қарай портреттiң бiрнеше түрiн ұсынады, - шағын портрет, көлемдi портрет, портрет-ситуация, портрет деталь, жұптық, топтық және мiнездеме портрет. Портрет–көркем шығарманың тұрақты құрамдас бөлiктерiнiң бiрi ретiнде кейiпкердiң кескiн-келбетiн, жүрiс-тұрысын, қимыл қозғалысын, киiм киiсiн суреттеу арқылы толыққанды көркем бейне, кейiпкер мiнездемесiн жасаушы амалдардың бiрi” [123, 16],- деп тұжырымдайды.
C.Жүнiсовтiң драмалық шығармаларында кейiпкерлердiң мiнездеме, iшкi дүниесiне сәйкес портретiн беретiн мысалдар бар. Мысалы, “Кроссворд немесе әзiл маскарад” атты сатиралық комедиясында кейiпкерлерiн өмiрдегi атқарып жүрген қылықтарына сәйкес бiр-бiр “аңдық-маска” кигiзiп, тосын көрiнiске тап қылады.
С.Жүнiсов комедиясының басты идеясы-бүгiнгi қоғамдағы әдiлетсiздiктi сынау, озбыр-жегiштердiң бет-пердесiн ашу. Мысалы: Қалалық бiр мекеменiң бөлiм меңгерушiсi Орынбасар Амировичтi–“арыстан”, курорторогтiң қойма меңгерушiсi Николай Симулянскийдi–“түлкi”, бармен әрi шашлықшы Ашотты–“борсық”, сақтық кассасының меңгерушiсi Фарид Шариповтi – “есек”, комхоз бастығы Бөрiбай Балтабаевичтi–“қасқыр”, музыкант-педагог Мұратты–“маймыл” маска-портреттерi арқылы өмiрдегi шын бейнелерiн бередi.
Прозалық шығармаларда көп жоспарлы сюжет бола бередi, ал драмалық шығармаларда шектеу бар. Кейiпкерлерiнiң саны 10-12 ден аспауы шарт. Сондықтан сюжеттi орталық қаһарманның айналасына жинақтау мiндеттi.
С.Жүнiсовтың драмалық шығармаларында психологизм басым екенiне көз жеткiздiк. 1960 жылдардан бастап қазақ драматургиясында психологиялық шығармалардың қатары көбейгенiн байқауға болады. Атап айтқанда: Ш. Құсайыновтың ’’Қилы-қилы тағдырлар’’, Т. Ахтановтың ’’Күтпеген кездесу’’, Қ. Мұқаметжановтың ''Жат елде’’, С.Жүнiсовтің ''Ажар мен ажалы’’, “Қызым, саған айтам…”, “Жаралы гүлдер” т.б. жатады.
1973 жылы ’’Современная советская психологическая драма” атты тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған Н.Т.Хаустов ойын былай тұжырымдайды: ’’Психологическая драма – такая жанровая форма, в которой социальные и нравственные конфликты изображаются в глубочайшем психологическом аспекте. В сфере частной жизни, личных переживаний, в движениях внутреннего мира человека выевляет психологическая драма обшественные противоречия, ведущие конфликты своего времени.
Обьект психологической драмы–внутренняя жизнь героев, диалектика характеров действующих лиц. В психологической драме жизненные противоречия раскрываются через тонкий анализ человеческой души, через глубокое проникновение в мысли и чувства человека, раскрытие его личных и общественных отношений с миром, с людьми. Исследование внутреннего мира человека, его психологии – один из непреложных законов психологической драмы, ее преобладающий жанровый признак” [124, 6],- деп, драмалық шығармалардағы психологизмнiң берiлу жолдарын, барлығына ұйытқы адам екенiн баса айтады.
С.Жүнiсовтың драмалық шығармаларында психологиялық хал-жағдай, әрекет, қарым-қатынас терең мағынада суреттеледi. ’’Ажар мен ажал’’ пьеса-инсценировка - тарихи-төңкерiске арналған психологиялық туынды болғандықтан С.Жүнiсов кейiпкерлерiнiң басым бөлiгiнiң характерларын психологиялық жағынан ашуды көздегенiн көремiз.
Пьесадағы басты бейнелерi Соқыр кемпiр мен Ажарды тағдырдың жазуымен және тұрмыстың ауыртпашылығын бастарына бiр төндiрсе, көрсетсе, екiншiден, айналасындағы ағайындас адамдардан көрген жауыздық қылықтарын екi есе қылып бередi. Ажардың басына тау құлағандай өмiрдiң ауыртпашылығында сынайды. Соңында өмiрдiң бар қиыншылығын басынан өткерген жалғыз, жалаң аяқ әйел заты - қайсар ана Ажардың образын жоғары алып шығады. Ажар – жиынтық бейне. Ғасыр басындағы қазақ әйелдерiнiң басынан кешкен трагедиялық тұрмысынан сыр бередi.
Пьесада Соқыр кемпiр мен Әукен, Атан, Қатайлар арасындағы диалогтар - күштi психологиялық ахуалға құрылған. Соқыр кемпiрдiң көмектi айналасындағы ағайындарынан емес, құдайдан зарлана тiлеген тiлектерi де терең психологиялық сипатта.
Сәкен Жүнiсов драматургиясындағы ерекшелiк–кез-келген кейiпкерлерiнiң шын табиғаты өткiр әрекеттер үстiнде өздерiн жан-жағынан танытып жатады. “Ажар мен ажал”, “Жаралы гүлдер” пьесаларында қазақ драматургиясындағы психологизмдi дамытуға қосқан өзiндiк үлесi бар шығарма екенiн дәлелдей түседi. Мысалы:
«Б а қ ы т. Әй, осында военком келе жатыр…
Қ а с ы м. Осы военкомды көрсем жүрегiм зу ете қалатын болыпты. Ылғи жаманат жеткiзетiндей көрiнiп тұрады.
Б а қ ы т. Ендi маған несiн айтар дейсiң « [“Жаралы гүлдер”] ,-деген диалогтарда әкесi соғыста, анасы соғыс үшiн еңбек ету соңында қаза болған қам көңiл Бақыт арқылы драматург С.Жүнiсов он мыңдаған балалардың басындағы жетiмдiктi меңзетiп тұр.
“Қос анар” пъесасындағы тосын көрiнiс, эпизод “Жәлелдiң үнi”, аруақты сйлету арқылы автор шығармасына психологиялық күй бiтiрген. Жапандағы жалғыз үйдегi қараңғы қапаста отырғандардың өмiрiне серпiлiс жасағысы келетiндей әсер бередi. Жетiмдер Жәлел мен Халел тағдырлары да сан қилы сезiмге толы.
Драмалық шығарманың тiлi, ондағы кейiпкерлер сөзi отты, салмағы терең де мағыналы болуы шарт.
Жазушы-драматург Сәкен Жүнiсовтi театр, драматургия сыншысы деп айтуымызға да негiз бар. “Ортақ iс атты” сын-мақаласында:”Егер драматург шығарма мазмұнын жалған конфликтiге бағындырса, бой-бой болып сөгiлген көнетоз киiмдей шығарма сюжетi де бойындағы жылуынан айырылады” [125],-деп драмалық шығарманың композициясы жөнiнде пiкiрiн бiлдiрген.
С.Жүнiсов драматургиясынан байқалатын композициялық ерекшелiк–пьесаларының оқиғасын шегiнiске құруынан көрiнедi. Шығарманың шегiнiске құрылуының бiр ұтымды жерi - өткен мен бүгiнгi күннiң оқиғасын сабақтастыру, байланыстыру, болашақты сақтандыру. Мысалы: “Қызым, саған айтам…” драмасындағы ерлi-зайыпты Мұрат пен Разияның отбасылық күйреу трагедиясы толық дәлел бола алады. Драматург өткен шақ үлгiсiнде “Сот залынан”, “Сахнадағы көрiнiс” деп бүгiнгi өмiрлерiмен байланыстырып отырады. С. Жүнiсов концепциясы -өткен iстi еске ала отырып, болашақты сақтандыру. Екiншi жағы, сахналанып жатқанда көрерменiн баурап, тарту.
Екiншi тарау бойынша қорытындыласақ, Сәкен Жүнiсов инсценировкалаған шығармаларға драма жанрының шарты бойынша сахнаға лайық өзгерiстер [драма ырғағына, интонациясына құру, сахнадағы актер ойынын ескеру, драма монологы мен диалогына келтiру т.б.] енгiзгенiн, кейiпкерлерiн күштi тартысқа құрғанын, образдардың салмағын жеңiлдетпей қайта шыңдай түскенiн, негiзгi прозалық шығармалардың кейбiр желiсiн сақтай отырып, тыңнан драматургия заңдылығы бойынша екiншi бiр жаңа шығарма жасай алғаны айқындалды.
Драматург Сәкен Жүнiсов көркемдеу, бейнелеу амалдарын орынды пайдаланған. Метафора, метонимия, теңеу, әсiрелеу, эпитет, эллипсис т.б. троптың түрлерi – драматург пьесаларынан сәттi көрiнiс тауып, шығармаларының салмағын тереңдетiп тұрғаны көрiндi.
Шығармаларының жанрлық шартын жүзеге асыруда кейiпкер сөзiне көп мән берген. Драмалық шығармада ұстанатын басты нысаналардiң бiрi - кейiпкер сөзi, қа¿армандар арасындағы тартысты тудыратын әрекеттердi де жадынан шығармаған. Кейiпкердiң жан-жақты табиғатын таныту үшiн – диалогтың қызметi мол екенiн пьесаларды саралау барысында көз жеткiздiк.
Драма монологы мен диалогтарының [диалог-тартыс, диалог-айтыс, кекесiн-диалог, диалог-юмор, дәрменсiз-диалог] шығармадағы түрi, қызметi, сипаты, орны айқындалды, негiзделдi.
Сәкен Жүнiсов инсценировка-пьесалары мен төл пьесаларында психологизм мәселесiн ұтымды қолданысқа айналдырған. Көркем шығармадағы психологизм – кейiпкер мiнез-құлқын, шығарманың қат-қабат көркемдiк шеберлiгi жағынан таныту амалдарының бiрi екенiн дәлелдей түскен. Ал, композициялық ерекшелiгi – оқиға арқауын шегiнiске құрып, кешегi мен бүгiнгi күннiң оқиғасымен байланыстыруынан көрiнедi. .

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет