З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет11/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы
ÒÅÑÒ 2021 1 ñåìåñòð
12.3 Үлгіні дайындау
Оның үйінді тығыздығы анықталған, көлемі 6л сыналатын фракциялы толықтырғыш үлгісін кептіргіш электрошкафта қалыпты массаға дейін кептіреді.


12.4 Сынақты өткізу
Кептірілген үлгіден көлемі 2л-ге тең бөлік өлшеніп алынады және поддоны бар стальді цилиндрге 100мм биіктіктен күрекшемен салады. Салынған үйіндінің бетін металликалық сызғышпен алып, цилиндрдің бетімен тегістейді. Содан соң цилиндрге қосымшасын кигізіп, оған плунжер орнатады. Сонымен қатар плунжердің төменгі рискасы қосымшаның жоғарғы қырымен сай келуі керек.
Цилиндрге кірмеген қалдықты өлшейді және алынған бөлімнің салмағының әртүрлілігіне байланысты және осы қалдықтың салмағы арқылы цилиндрдегі толықтырғыштың салмағын анықтайды.
Егер алынған үйінді тығыздық көрсеткіштерінің сыналатын фракция үйінді тығыздығынан ауытқуы, 3 бөлімде көрсетілген , құм фракциясы 1,25-2,5 үшін минус 4-плюс 2 %, ұсақ немесе қиыршық тас үшін фракциясы 5-10 және 10-20 минус 6-плюс 1%, ұсақ және қиыршық тас фракциясы 20-40 болса, онда цилиндрде басқа толықтырғыш арқылы үйінді тығыздығын қайта анықтайды.
Цилиндрдегі толықтырғыштың үйінді тығыздығы толықтырғыштың өз үйінді тығыздығымен сәйкес келгенде, толықтырғышты беріктікке есептейді.
Ол үшін плунжер мен цилиндрді гидравликалық пресстің жастықшасына орналастырады, плунжер 20мм енгенше толықтырғышты батырады және осы сәттегі мономер бағытының мәнін белгілеп алады.
Плужерді батыру ауытқусыз 0,5-1,0мм/с жылдамдықпен жүргізілуі керек.


12.5 Шешімін өңдеу
Цилиндрде толықтырғышты қысқандағы беріктік мына формуламен анықталады:

Р – жоғарғы рискаға дейін плунжердің енуіне сәйкес, толықтырғышты батыратын күш, Н (кгс);
F – цилиндрдің көлденең қимасының ауданы, 0,0177 м2 тең(177 см2).
Цилиндрде қысқандағы бөлек фракциялы толықтырғыштың беріктілігі толықтырғыштың әр фракциясының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.

13 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


«ШАНШЫҒАНДАҒЫ САЛМАҚТЫҢ ЖОҒАЛТУЫН АНЫҚТАУ»






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет