З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет13/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы
ÒÅÑÒ 2021 1 ñåìåñòð
14.3 Үлгіні дайындау
Көлемі 12л сыналатын фракциялы кесек толықтырғыш үлгісін кептіргіш электрошкафта қалыпты массаға дейін кептіреді және әр толықтырғыштың үйінді тығыздығы бір-бірінен 5%-дан артық ерекшеленбейтіндей екі бөлікке бөледі. Екі толықтырғыш бөліктерінің біреуін сумен 1 сағат аралығында дымқылдандырады.
14.4 Кесек толықтырғыштың жұмсарту коэффициентін анықтау
Кесек толықтырғыштың суландырған және құрғақ түрін беріктілікке №9 зертханалық жұмыста сынайды.


14.5 Шешімдерін өңдеу
Кесек толықтырғыштың жұмсарту коэффициентін мына формуламен анықтайды:

R'cd.з – сулы күйдегі толықтырғыштың беріктігі, МПа (10 кгс/см2);
Rcd.з – құрғақ күйдегі толықтырғыш беріктігі, МПа (10 кгс/см2).

15 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


«ҚҰМНЫҢ СУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ»




15.1 Әдістің мәні
Құмның су қажеттілігін кеуекті құмдағы ерітінді және олардың бірдей қозғалмалылығы кезінде цементті қамыр үшін су-цементті қатынастың айырмашылығы арқылы анықтайды.


15.2 Аппаратура
ГОСТ 23676-79 бойынша статикалық өлшеуге арналған таразы.
ГОСТ 1770-74 бойынша сыйымдылығы 100-250мл өлшемді шыны цилиндр.
ГОСТ 310.3-76 бойынша цементті қамыр дайындауға арналған сферикалық ыдыс пен күрекше.
ГОСТ 310.4-81 бойынша сілкейтін үстел мен конус-форма.
ГОСТ 10178-85 бойынша портландцемент.


15.3 Үлгіні дайындау
Көлемі 1л кептірілген қалыпты массадағы үлгіден 190 Pnц.m г-ға тең бөлік бөліп алады. Цементті қамырдағы сыналатын құм түйіршігінің орташа тығыздығын №7 зертханалық жұмыста анықтайды.


15.4 Сынақты жүргізу
Алдын-ала дымқылдандырылған сферикалық ыдыста құм мен 250г-ға тең цемент бөлігімен араластырады. Құрғақ қоспаның ортасын қуыс қылып, оған қателігі 1мл өлшенген 130-150мл мөлшерде су құяды. Қоспаны 3 мин ішінде араластырады.
Сілкейтін үстелде конустың жайылуын анықтайды. Қоспаны қайтадан ыдысқа салып, үстіне 5-10мл су қйып, 1мин араластырады. Жаңа қоспаның қайтадан конусты жайылуын анықтайды.
Сынақты конустың жайылуы 170мм немесе одан көп болғанша қайталай береді. Конустың жайылуын анықтау үш реттен көп болмауы керек.
Ұқсас сынақты 700г цемент пен 150-170мл судан жасалған цементті қамырға жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет