З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет8/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы
ÒÅÑÒ 2021 1 ñåìåñòð
9.1 Әдістің мәні
Әдіс кесек толықтырғыштың немесе құмның алдын-ала кептірген үлгісін стандартты елеуіш жинағынан өткізуге негізделген.
9.2 Аппаратура

ГОСТ 23676-79 бойынша статикалық өлшеуге арналған таразы.


ГОСТ 16.0.801.397-87 бойынша кептіргіш электрошкаф.
Сыйымдылығы 1,2, 5,10 және 20л өлшеуіш цилиндр ыдыс.
Квадратты тесігі 0,16; 0,315; 0,63; 1,25 пен 2,5мм және домалақ тесікті 5,10,20,40мм стандартты елеуіштер жинағы.


9.3 Үлгіні дайындау
Берілген фракциялы кесек толықтырғыштан немесе құмнан көлемі 2-20л үлгіні алады және қалыпты массаға М1 дейін кептіреді.


9.4 Сынақты жүргізу
Берілген фракциялы кесек толықтырғыштың түйіршікті құрамын тесігінің диаметрі фракция түйіршігінің ең кіші өлшеміне байланысты екі еселенген ең үлкен 2D, үлкен D және ең кіші d бақылау елеуішінен елеу арқылы анықталады.
Кеуекті құмның түйіршікті құрамын көлемі 2л, тесігі 5,0; 2,5;1,12; 0,63; 0,315; 0,16мм болатын елеуіштен үлгіні елеу арқылы анықтайды.
Үлгіні көп емес мөлшерде механикалық немесе қол әдісімен елейді, сонымен қатар елеуіштегі толықтырғыш қалыңдығы елеуіш бүйірінің биіктігінің 1/3-нен аспау керек. Елеуді үздіксіз қолмен елегенде 1мин ішінде массаның 1%-дан көп емес мөлшері өткенше жалғастырады. Егер елеуді үздіксіз сілкігенде, одан толықтырғыш түйіршіктері түспеген жағдайда елеуді тоқтады деп санайды.
Әр елеудегі толықтырғыш қалдығын, сонымен қатар түбіндегі және елеулердегі бөліктік қалдықтарды өлшейді: mi, mi+1, mi+2, ..., тng грамм бойынша, кейін елеудегі және түбіндегі толықтырғыштың бөліктік қалдығының қосындысын есептейді:



9.5 Шешімін өңдеу
Елеудің шешімі бойынша 0,1% жуықталған процентпен алынған стандартты жинақтағы әр елеудегі қалдықты есептейді:

mi – белгіленген елеудегі қалдықтың салмағы, г;
М1 – үлгінің салмағы, г.
Әр елеудегі толық қалдықты процент бойынша мына формуламен анықтайды:

ai, ai+1, ai+2, ..., ani-ші елеудегі қалдықтар;
i, i+1, i+2, ..., n – стандартты жинақтағы елеудің реттік нөмірі.
Қажетті болған жағдайда толық және бөліктік қалдықтар көлемі бойынша да анықталады. Ол үшін салмағы бойынша бөліктік қалдықтың алынған мәнін үйінді тығыздықтың белгіленген мәніне бөледі:

Сынақтың шешімі бойынша қосынды көлемін анықтайды:

0,1% дәлдікке дейінгі көлемі бойынша бөлікті қалдықты процент бойынша мына формуламен анықтайды:

10 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


«ОПЕРАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДАҒЫ КЕРАМЗИТТІ ҚОСПАНЫҢ ТҮЙІРШІКТІ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет