З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет5/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы
ÒÅÑÒ 2021 1 ñåìåñòð
5.5 – Шешімдерді өңдеу

Кесек толықтырғыш түйіршігінің орташа тығыздығын мына формуламен анықтайды:



m1 – құрғақ толықтырғыш үлгісінің салмағы,кг;
m2 – су сіңірілген толықтырғыш үлгісінің салмағы,кг;
m3 – судағы толықтырғыш үлгісінің салмағы,кг.
rвсудың тығыздығы, 1 г/см3-ге тең.

6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


«НАҚТЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ»


6.1 Әдістің мәні
Нақты тығыздық сыналатын материалдан қыздырғанда пикнометрден шығарылатын тазартылған судың көлемімен анықталады.
6.2 Аппаратура
Сыйымдылығы 100мл пикнометр.
ГОСТ 24104-88 бойынша техникалық таразы.
ГОСТ 25336-82 бойынша өлшеуіш стакан.
ГОСТ 19908-80 бойынша воронка.
ГОСТ 9147-80 бойынша фарфорлы келі.
ГОСТ 25336-82 бойынша эксикатор.
ГОСТ 16.0.801.397-87 бойынша кептіргіш электрошкаф.
Қыздыруға және парлауға арналған құмды монша.
Торы №1,25 және 0,08 елеуіш.
ГОСТ 6709-72 бойынша тазартылған су.
ГОСТ 4204-77 бойынша күкіртті қышқыл.
ТУ 6.09.4711-81 бойынша хлорлы кальций.


6.3 Үлгіні дайындау
Көлемі 1л құмның үлгісінен немесе кесектігі 5мм-ге дейін ұнтақталған қиыршық тастан 200г-дай кварталау арқылы өлшем алады, кесектігі1,25мм-ге дейін ұсатып, араластырады, одан соң салмағы 30г бөлігін өлшеп алады. Бөлікті торы №008 елеуіштен өтетіндей етіп фарфорлы келіде ұнтақтайды. Алынған үлгіні қалыпты массаға дейін кептіреді, концентратталған күкіртті қышқылда эксикаторда бөлме температурасына дейін суытады. Кейін үлгіні 15г-нан екі бөлікке бөледі.


6.4 Сынақты өткізу
Әр бөлікті кептірілген және алдын-ала тазартылған пикнометрге воронка арқылы салады, содан кейін пикнометрді ұнтақпен бірге өлшейді. Артынан пикнометрге өз көлемінің 1/2-сі толатындай тазартылған су құйып, құмды немесе сулы моншаға көлбеу қойып, ауа көпіршіктері жоғалғанша 15-20мин қайнатады. Ауа жоғалғаннан кейін сүртеді, бөлме температурасына суытады, белгіге дейін тазартылған су құйып араластырады. Соңында пикнометрдің ішін босатып, шайып, белгіге дейін қайта тазартылған су құйып, жұмсақ матамен сүртіп, өлшейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет